18
бастағанына аз ғана уақыт болды. Бұлардың түйісер тұстары мен ажыратылатын жолдары Ф.
де Соссюр ұсынып кеткен тұжырымдардан аса алыс кеткен жоқ.
Ауызекі сөйлеу тілі, соған орай, «жанды тілді» зерттеу проблемасы қазақ тіл білімінде
өткен ғасырдың 70-жылдары күн тәртібіне ресми түрде қойылған екен. Қазақ ССР-ы Ғылым
Академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің 1973 жылғы 14 наурыздағы жалпы
жиналысында Қазақстан қоғамдық ғылымдары алдында тұрған
келелі мәселелердің бірі
ретінде қазақ ауызекі сөйлеу тілін зерттеу мәселесі қаралыпты. Баяндамашы Р. Әміров ауызекі
сөйлеу тілін зерттеудің негізгі нысандарын (оның ішінде құрылымдық, стильдік, психолинг-
вистикалық, диахрониялық, синхрониялық тұрғылар нұсқалады) шола келе: «Изучение
разговорной речи
способствует повышению культуры речи, индивидуальной и общественной.
И не только разговорно осуществляемой, но и той, которая влияет на формирование речевой
культуры индивидуумов... Воздействие на речевую жизнь общества является важной задачей
лингвистической науки. Для этого необходимо создание практических пособий, изучение и
оценка речевой практики», – деп қазақ тілтанушылары алдына жаңа міндет ұсынады /2/.
Алайда, бұл іс сол жиында қазақ ғылымының алдындағы пайдалы іс деп танылғанмен,
қазақ тілтанушылары тарапынан тиісті зейін қойылмай, зерттеу қарқыны бәсеңдеп кеткені,
тіпті, тоқырауға ұшырағаны байқалады. Шындығын айтқанда,
бұған себеп Кеңес дәуірінде
тілдің адаммен, қоғаммен байланысынан гөрі материясы, құрылымына ғана ден қойылуы
болатын. Соңғы жылдары қазақ тіл білімі тілдің коммуникативтік – функционалдық,
прагматикалық қырларына бетбұрыс жасап келе жатыр. Бұл тұрғыда Ф. Ш. Оразбаеваның,
Ш.Ы. Нұрғожинаның, З. Ш. Ерназарованың, Д. А. Әлкебаеваның, Қ. Ө. Айтмұхаметованың т.
б. іргелі еңбектері жазылды.
Р. С. Әмір тіл мен сөйлеудің айырмасын синтаксистік тұрғыдан алғаш саралады. Ауызекі
сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктерін ашу үшін зерттеуші алдымен коммуникативтік
шарттар дейтін мәселені бағамдап алады. Бұл – өткен ғасырдағы қазақ тіл білімі үшін соны
сөз болатын. Олай дейтініміз осы ғасырға дейін тіл құбылыстары құрылымдық жақтан
тексеріліп келе жатқаны белгілі. Нақтырақ айтқанда, синтаксистік құрылыс екі деңгейге – сөз
тіркесі,
сөйлем деңгейіне бөлініп, сөз тіркесінде байланысу тәсілдері, түрлері, сөйлемде
предикаттық қатынас, сөйлем құрамын кеңейтуші бірліктердің пішіні мен мағынасы туралы
мәселелер қамтылып отырды. Синтаксистік бірліктердің коммуникативтік тұрғыларына ой
жіберіле қойған жоқ. Ғалымның осы зерттеуін оқи отырып қазіргі коммуникативтік тіл білімі,
антропоцентризм, сөйлеу теориясы туралы ілгерімелі идеяларды аулауға болады. Сөзіміздің
сыңайын түсіну үшін мына бір аңдату мәніндегі бір дәйек келтірейік: «Два коммуникативных
условия являются центральными в определении функционально-стилистических характерис-
тик разговорной речи. Во-первых, это – непосредственный контакт говорящего и лица, кото-
рому адресована речь; во-вторых, это – диалогический характер протекания разговорной речи.
Следует разграничивать понятия «непосредственная адресованность» и «диалогичность»,
потому что они представляют разного рода факторы, влияющие на организацию речи» /3 /.
Қазақ тілінің бір ерекшелігі – ауызекі тіл мен жазба әдеби тіл жақындығы. Әдетте, бұл
екеуін алшақ қарайды, бұл, әсіресе, жалпы тіл білімінде кең орын алады. Ал профессор Р. Әмір
қазақ тілінің бұл жетістігін жіті байқаған. Бұл ғалымның ауызекі сөйлеу ерекшеліктерін
анықтайтын коммуникативтік шарттарды белгілеген тұстарда жазылған /3, С. 3 – 5. /
Қазақ тіл білімінде синтаксистің коммуникативтік қырларына өткен ғасырдың соңында
назар аударыла бастады. Қазір жалпы тіл білімінде синтаксистік деңгейдегі келелі мәселе деп
танылып отырған бұл құбылысқа алғаш зейін қойған ғалым Рақыш Сәтұлы Әміров болатын.
Ғалымның 1975 жылы «Актуальное членение в казахском языке» деген мақаласы жарияланды.
Мұндағы ойларының негізі кейін шыққан оқулықтарында көрініс тапты.
Мақаланы
мазмұндамай-ақ, тақырыбымыздан ауытқымау мақсатында оқшау идеяны көрсетіп өтейік.
Сөйлемнің белгілі бір мүшесінің актуалдануы құбылысын ғалым қазақ (түркі) сөйлемінің
түзілу табиғатына (сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің тұрақтылығына) сүйеніп
таразылайды. Сөйлем ішіндегі динамиканы анық байқаған ғалым былай деп жазады: «Сөйлем
мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі сөйлемнің ой екпінін түсіру (актуализация) мақсатына
19
байланысты. Актуализация сөйлеу үстінде көп ескерілетін талап болғандықтан, оны жүзеге
асырудың тұрақты тілдік амалдары қалыптасқан. Солардың бір амалы – сөйлемнің белгілі
позициясы. Актуализация тұрғысынан көзге түсетін екі позиция бар: бірі ой екпінін түсіретін
актуалды позиция, екіншісі елеусіз мүшені қоятын қалтарыс позиция. Қазақ тілінің сөйлем
жүйесінде баяндауыштың алдыңғы түбі актуалды позиция боп танылады. Ой екпінін түсіру
қажет болған мүшелер осы позицияға жылжытылады... Қалтарыс позиция ретінде
баяндауыштан кейінгі позиция танылады... қазақ тілінде, сол сияқты басқа түркі тілдерде ой
екпінін түсіретін бір ғана позиция бар. Ол – баяндауыштың ілгері түбі. Баяндауыштан басқа
мүшелердің барлығы да ой екпінін айту қажет болғанда осы позицияға қойылады. Баяндауыш
орнын өзгертпейді» /4, Б. 173/. Мұндағы «актуалды позиция» – сөйлемнің коммуникативтік
мүшесі темамен, қалтарыс позиция ремамен байланысты екені көрініп тұр.
Орыс тіл білімінде сөйлемнің актуалды мүшеленуін олардың орын тәртібімен
байланыстыра талдаған іргелі еңбектер (мысалы, Ковтунова еңбегі),
қазақ тіліндегі
сөйлемдердің актуалды мүшеленуін диссертациялық зерттеу /5/ мұнан біраз кейін шыққанын
ескерсек, бұл идея сол кезең үшін оқшау да озық идея деуге тура келеді.
Қазақ тіліндегі синтаксистік ықшамдаудың заңдылықтары туралы алғашқы пікірлердің
иесі де Р. С. Әмір болды. Синтаксистік құрылыстағы ықшамдау құбылысын талдауға
ғалымның докторлық зерттеуінің өзгешелігі, атап айтқанда, ауызекі тілдің ерекшелігі, алып
келген болатын. Қалай десек те, өткен ғасырдың 60-70 жылдарында ықшамдау мәселесі қазақ
тілтанушыларының қаламына іліге қойған жоқ болатын.
Енді бір аз сөз Р. С. Әмірдің сөйлем аясындағы тұжырымдарындағы сонылықтар туралы.
Мүшеленбейтін сөйлемдер осы ғасырда ғана зерттелді /6/. Ондай құрылым бар екенін Р. С.
Әмір 1972 жылы тілдік айғақтарды талдау арқылы көрсетіп берді. Осы тұста көрсете кету
керек, ғалым қазақ тіліндегі диалогтердің типтік құрылымдық модельдерін алғашқы болып
айқындап берді. Диалогтердегі мүшеленбейтін репликалардың заңдылықтарын жүйелеуде
ғалым бұларды сөйлем ретінде көреді, «предложение-реплика» деп атайды. Мұны ауызекі тіл
синтаксисіне тән құбылыстар деп таниды /3, С. 96 – 104/. Бір қызығы сол кезде ауызекі тілге
тән деген құбылыстар қазір әдеби тілге, жазба нормаға еніп кетті. Соның нәтижесінде болар,
қазір бұл коммуникемдер деген санатпен қарастырыла бастады. Зерттеушілердің бұл тұрғыда
сүйенетіні – құрылымы сөйлем талабына сай келмейтін мұндай құрылымдар контекст
ықпалымен сөйлем қызметін атқарып кете алатыны.
Ғалымның еңбектеріндегі номинативтік сөйлем дейтін терминді атаулы сөйлеммен бірдей
деп есептемеу керек. Ол – есімге негізделген сөйлемді осы атаумен белгілеуді жөн көреді. Бұл
тұстағы өзгешелікті біз есімді сөйлем мен атаулы сөйлем арасындағы қарым-қатынастарды
қарастыруынан көреміз. Бұл тұрғыдағы ой жетегі семантикалық
синтаксис жазықтығына
ұласатыны байқалады. Ал семантикалық синтаксис болса қазақ тілтануы зейін қоя алмай келе
жатыр.
Ғалым: «Бір негізді сөйлемдер екі негізді сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық
баламасы (параллелі) ретінде қалыптасқан» /7, Б. 55/. - деп жазады 1983 жылы шыққан
оқулығында. Үңіле ой жіберсек, бұл жерде де синтаксистік құрылыстағы семантикалық
сыңайлар көрінеді. Функционалдық-семантикалық тұрғыдан қарасақ, шындығында, бұлардың
бір семантикалық топқа біріктіріле алатыны байқалады.
Осы тұста ескере кету артықтық етпейді, ғалымның сөйлемнің баяндауыш мүшесін
талдауға, негізінен, функционалдық-семантикалық тұрғыдан келген /7, Б. 116 – 140/.
Ендігі бірер сөз ғалымның синтаксистік санаттар туралы көзқарастары жөнінде.
Қазақ тіліндегі «морфосинтаксистік санаттар» деген атау ғылыми баспасөзде осы ғасырда
ғана көрініс берді. Р. С. Әмірдің мұраларына көз жіберген адам морфосинтаксис туралы ойдың
ұшқындарын анық байқар еді. Оқиық: «Морфологиялық форма мен синтаксистік форманың
тағы бір айырмашылығы бар. Морфологиялық формалардың синтаксис үшін қызмет етпей,
тек сөздің мағынасын, түрін құбылту үшін жұмсалатындары бар. Ал бірқатар қосымшалар –
морфологиялық тұлғалар – тек синтаксистік конструкциялар құрау үшін ғана жұмсалып жүр:
Достарыңызбен бөлісу: