Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

сөйлесейін бүгін. Қызмет жайын дегендей, оң көзіңмен қарап дегендей, болашағыңды ойлап 
дегендей...
Шалкез. Аға, соның қажеті бола қояр ма екен.
Бірінші кейіпкер, яғни, сөйлеуші парцеллят сөйлемді қолданғанынан бәсең түрде бірақ 
ұзаққа созылатын психикалық қалыпты байқауға болады. Демек, психологиядағы көңіл күй 
реңктері бойынша саралағанда, шат, жайдары күйде деп бағаланады. Ал парцелляция 
құбылысы сөйлеушінің келесі кейіпкерге, яғни, тыңдаушының көңіл күйін ескере, ақпаратты 
біртіндеп саралауы осыны аңғартады. Осы жерде кейіп деп аталатын эмоциялық күйдің де іске 
қосылатынын атап кеткен жөн. Яғни, парцеллят құрылыммен жүзеге асырылған сөйлеу 
әрекеті барысында санамаланған парцелляттардан реттеле бастаған эмоциялық қалыпты, 
ұзаққа созылған шаттық лепті көруге болады.
Парцеллят құрылымдардың жарыққа шығу мотиві өз алдына үлкен мәселе. Ол ақпарат 
алмасудағы басқа да тілдік құралдар секілді тілдің көмегімен шынайы өмір көрінісін беруге 
бағытталады. Бірақ парцелляция қолданылған ауызша сөйлеуде ол өмір көрінісімен қоса, 
сезуші, ойлаушы, әрекет етуші адамның қоршаған ортамен байланысын да білдіреді. Жазбаша 
формадағы сөйлеу әрекетінде автор жарықққа шығарар ойын алдымен саралап алған соң 
қажеттті тілдік құралдарды таңдап алса, ауызша формада, яғни, диалогта сөйлеуші ойлап 
жатып, оның шегінен шыға алады. Бұдан оның қолданатын тілдік бірліктері мақсатсыз, алдын 
ала дайындықсыз деген қорытындыға келуге болады. Осыдан парцелляцияның сөйлеуде тууы 
нда субъективті фактор басты рөл ойнайды. «Мен «субъективті фактор» деген термин 
қолданамын, – деп жазады К. Юнг, – объектінің алған әсері барысында пайда болатын 
психологиялық реттің жаңа факторы саналатын психологиялық акция мен реакцияға қатысты 
термин». Сөйлеу әрекеті жүзеге асқан кезде тілдік таңбалар ерекшелігіне қарап, адамның тұлға 


186 
ретіндегі интеллектуалдық белсенділігі, оның жеке психикалық функциялары – қабылдау 
деңгейі, есінде сақталған ескі ақпараттар (олар аялық білімді де көретеді), ойлау дәрежесі 
анықталады. Мысалы: 
Асан. Мейліңіз. Сәл-пұл дем алалық. Мүмкін, біздің бақты көріп шығарсыз, сосын картаға 
кірісерміз. Егер рұқсат етсе...  
Хасан. Сейіліп қайталық.
Кити. Түсіңіз тым суық екен. Жан Марэге ұқсайсыз... (Ә. Тарази. «Тыныш көшедегі 
көгілдір үй»).
Бұл диалогта бірінші сөйлеуші парцеллят құрылым арқылы ортаға тастаған өз ұсыны-
сының, алдымен, мәнділігін білдіріп, «рұқсат сұрауды» кейінге қалдырады. Оның айты-
лымында да парцеллят құрылым арқылы жалпылай сөйлеуден кейін нақты ақпарат беріледі.
Парцеллят құрылыммен берілген сөйленістерді психологиялық шарттылығы тұрғысынан 
қарастырсақ: 
1. Сөйлеуге қатысушылардың қай «тақырып» айналасында сөз қозғайтыны маңызды. 
Себебі, сөйлеуші қозғалатын тақырып, мәселе, оқиғаға байланысты сөздерді, сөйлемді және 
тілдік конструкцияларды таңдайды;
2. Өз сөзінде айтылмақшы нәрсе туралы айтушының жеке пікірі; 
3. Тыңдаушының айтылымға эмоционалды көзқарасы; 
4. Сөйлеушінің өз ойын тілдік таңбалармен өрнектеуі.
5. Сөйлеуге қатысушылар арасында айтылымның мәнділігі сол сөйлеу барысында 
таңдалған тілдік бірліктерден де аңғарылады. Мысалы, диалог кезінде парцеллят құрылым 
базалық сөйлемнен кейін айтылды дейік. Тыңдаушы бірден сол оқшауланған сөйленіске назар 
аударады. Сол құрылымның мәнділігін ұққан соң ғана, екеуін бірлікте қарастырып, жалпы 
мазмұнды үғынады.
6. Әр сөйлеушінің тілі басқа да ауызша формадағы сөйлеуге қатысушылардан ерекше 
болады. Тілдің бірегейлігі оның әр түрлі ситуациялық жағдайлардың, көңіл күй мен 
эмоциясымен, алған әсерлер мен көрген-білген нәрселердің тасымалдаушысы болуымен 
тығыз байланысты. Көпмағыналы сөздерді, ауыспалы мағынаны, өзгеше құрылымдарды 
қолдану сөйлеуші тілінің аялық білімін ғана емес, айналадағы құбылыстар мен қоршаған 
ортаны қабылдау деңгейін де танытады.
7. Диалогта айтылған ақпараттың маңыздылығына назар аудартатын тілдік таңбаларды 
таңдап алуда сөйлеушінің стилі де маңызды рөл атқарады. Сөйлеуші ерекше тілдік 
конструкцияларды жиі қолданатын стильде немесе аз сөзбен ғана эмоциясын білдіретін 
стильде қарым-қатынасқа түсуі мүмкін. Оның сөйлеу стилі бірегей әрі терең жеке тұлғалық 
пікірді жеткізу тәсіліне қарай тыңдаушы жадында ес процесінде қозу қызметімен жүзеге 
асатын ерекше көзқарас немесе әсер қалыптастыруы мүмкін.
Парцелляция ұғымына біз тар мағына жүктейміз. Жалпы алғанда, біз парцелляцияны 
жазбаша әдеби тілдің экспрессивтік синтаксисінің синтаксистік жағынан байланысқан мәтінді 
нүктемен ажыратылған, интонациямен оңашаланатын (кескінді) бөліктерге бөлшектеу тәсілі 
деп түсінеміз. Алайда оның ауызша сөйлеуде ешбір дайындықсыз айтылымды жеткізу құралы 
ғана екендігі және сөйлеуші өз тарапынан аталмыш синтаксистік амалды ойды жарыққа 
шығару барысында мақсатсыз түрде қалып қойған ақпаратты тұтас сөйлемнен кейін жеткізіп, 
парцелляциялық құрылымдар сөйленіс барысында спонтанды түрде коммуникацияға 
қатысатын тілдік құрал екеніне мән беріле бермейді.
Егер тыңдаушы қолданылған атауларды түсінбейтіндей қарым-қатынаста екенін сөйлеуші 
білсе, сол атаулар туралы қосымша ақпарат беруде парцелляцияны пайдаланады. Сол кезде 
диалог мынадай болып шығады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет