187
Сәрсен. Екі бүйірден тепкілеп...
Бұл диалогта Нұржанның ортаншы тентегінің тыңдаушыға нақтырақ кім екенін түсіндіру
мақсатында сөйлеуші оның сырт бейнесін суреттеп, қосымша ақпаратты парцелляция арқылы
беріп тұр. Оған қоса сол тентектің әрекетін тыңдаушы зейінін аударту үшін дәл көріністерді
көз алдына келтіру үшін де парцеллят құрылымдарды қолданғанын көреміз.
Осы кезде
тыңдаушы санасындағы психологиялық процесстердің қалай жүзеге асатынын саралайтын
болсақ, ең алдымен, қиял процесі, одан соң артынша түйсік және ес процестері бірінен соң бірі
жүріп отырады. Егер тыңдаушы
Нұржанның ортаншы тентегі деген ақпараттан оның нақты
кім екенін еске түсіруге тырысып, бұрын жадында сақталған мәліметтерден оның кім екенін
жадында жаңғыртуға тырысады. Сосын сөйлеуші берген қосымша ақпараттан
қазанбас шойын
қара деген сырт келбетін, яғни, жекелеген қасиеттері арқылы түйсік механизмін іске қосып,
есту аппараты жеткізген бас ми қыртысындағы ақпаратты санасында бейнеге айналдырып,
нақты еске түсіреді.
Сөйлеу коммуникациясының бір түрі – сөйлеуші автор, тыңдаушы – оқырман болып сана-
латын – көркем әдеби шығарма. Көркем шығармаларда диалогтан немесе ауызша сөйлеуден
басқа формаларынан гөрі ерекше құрылымды тілдік бірліктер, соның ішінде парцеллляция,
жиі кездесетінін ескерсек, сол өзгеше стильді қолданысты автор-оқырман тізбегінде – мәтінді
олай жеткізудегі автор мақсаты мен оны қабылдаудағы оқырманның түсіну дәрежесі арқылы
талдауға болады. Бұл тұрғыда Н. А. Рубакин оқырманның психиолоиялық
типіне аса мән
берген: «Адамдарды психологиялық тип тұрғысынанклассификациялау – оларда қандай сезім
меен эмоция түрі жиі қайталанатынын білу». Ол «күрделі психологиялық қалып-күйлерді –
мінез, темперамент, тип, эмоция мен белсенділік және белсенді емес деңгейін танытатын ой
және ойлау жинақылығын» анықтауға мүмкіндік берді және сонысымен субъектінің мәтіндік
әрекетіндегі «тұлғаның библиологиялық анализін» көрсетті. Демек, көркем әдебиетте
оқырман білімнің тасымалдаушысы емес, өз мағыналық жүйесінің
динамикалық және
құрылымдық тізбегі бар тұлға саналады.
Мәтіннің коннативті бояулары элементтерден сөз, сөзден фраза құрастыру механизмі
бойынша парцеллят құрылымдар арқылы берілген. Н. А. Рубакин эксперименті бойынша осы
үзінділерді оқыған тыңдаушы реакциясынан автордың ондай тілдік құрылымдарды тізу себебі
мен оқырманның бірнеше психологиялық қалып-күйі мен көңіл күй компонеттерін ажыратуға
болады [4, 143]:
алдымен, оқырман базистік сөйлем тәртібінен тыс оқшау элементке – парцелляцияға
назар аударып, зейін соны ғана көрсетеді. Сосын түйсік неге дәл сол тіркес жалғыз тұрғанын
алдын-ала болжай бастайды. Соңында қабылдау ес арқылы жадыдағы ақпараттарды саралай
келіп, автор айтылымындағы парцелляцияның мақсаты ақпаратты актуалдау деп түсінеміз;
содан соң автор мәтінді бұлай құру себебін ескере келе, оқырманда пайда болатын сезім
және эмоцияларды саралаймыз: оқырманның аялық біліміне жүгінсек, бейтарап күйде,
таңдану, үрейлену, қуану, т. б.
Түсіну психологияда сөйлеу дыбыстарымен қабылданатын
жалпы мағынаны ұғынумен
анықталады; бұл процесс қабылданатын сөйлеу элементтерінің мазмұндық жағынан мағынаға
барып тоғысуымен сипатталады. Мысалы, «Суық!» деген сөздің мағынасын «сөйлеу
контексінде» тұрғанына байланысты, кім айтқанына орай әр түрлі түсініп, қабылдануы
мүмкін. Егер ол ананың балаға қарап айтылғаны болса, жылы киінуге кеңес ретінде, ал егер
бөлмеде ашық терезеге қарап айтылған болса, терезені жабу өтініші ретінде түсінуге болады.
Айтылымды түсіну барысында тыңдаушы (рецепиент)
немесе оқырман айтылымның
мазмұнын беретін сөздердің арасында мағыналық байланыс орнатады. Нәтижесінде оқырман
сөйлеуді түсінуі немесе түсінбеуі ықтимал. Ал бірнеше байланысты сөйлем рецепиент үшін
бір бүтін күйінде қабылданады да, содан жалпы мағына қорытылады. Мәселен: Ал Шах-Әлиді
өз көзіммен көрдім.
Талай рет. Ат жалын тартып мінген шағымда. Парцелляциялық
құрылыммен көмкерілген бұл сөйлемді оқырманның психологиялық қабылдауын ескерсек,
қай бірлік базистік сөйлемнен кейін орналасқанына, әдеттегі
сөйлем тәртібінен өзгеше
құрылым екеніне қарамастан, ол осы ақпаратты тұтастай қабылдап алады да, бір тұтас күйінде
188
ұғынады. Сол ұғынылғаннан кейін ғана сезім мен эмоциядан психологиялық қалып-күйлер
туындай бастайды. Демек, тізбек бойынша:
оқырман бір бүтін мағына – «Шах-Әлиді өз көзімен бірнеше рет және қашан көргенін»
түсінді;
оқырман автордың «Шах-Әлиді талай рет», «оның үстіне ат жалын тартып мінген
шағында талай рет көргенін» біртіндеп актуалдағысы келетінін түсінді;
оқырман автор парцелляция арқылы жеткізген бөліктерді оқи отырып, әсер алды және
ол сезім мен эмоция тудырды.
Мәтінді түсіну процесі үнемі тілдің мағыналық және құрылымдық анализінен бөлек,
бағалау мен салыстыруды да қамтиды. Рецепиенттің психологиялық көңіл күйі, қалауы, білім
деңгейі қабылдау және есте сақтау процестерін ұйымдастырады. Мәтінді логика-мағыналық
жағынан ұйымдастыруда пайдаланылған тілдік құралдарды талдау мен оларды байланыстыра
білу маңызды рөл атқарады. Бұл тұрғыда тілдік
материалдарды қорыта отырып, рецепиент
өзіндік интерпретация жасайды, сол арқылы мәтінді толық түсінеді. Мысалы: Тек Қанаттың
жері екі есе үлкен. Мараттың жері де әжептәуір.
Он сотық. Бірақ Қанаттың жері одан да үлкен.
Жиырма сотық. Әділдік қайда? Сол әділдікті өз қолымен орнатуға кірісті.
Тікелей кірісті.
Әйтпесе, дайындық жұмыстары өткен, арғы жылдарда басталған болатын. (228. Көкбалақ)
Берілген үзіндіде парцелляциялық құрылымдар көп екенін ескере келе,
оларды негізгі
сөйлемінен бөліп алсақ, мүлдем мағынасыз болады:
Он сотық. Жиырма сотық. Тікелей
кірісті. Сол
себепті оқырманның, алдымен, тұтас мәтінді оны құрап тұрған бөлшектерін
ескерместен, мағынасын түсініп алу жүзеге асады. Осы кезде автор мен оқырман арасында
тікелей сөйлеу коммуникациясы орнайды.
Көркем мәтінді оқу адамдық қарым-қатынастың мотивациялық сферасына енуді; көркем
мәтін сөйлемдерін ғана емес, тұтас мәтін мағынасына енуді қажет етеді. Айтылым мәніне ену
үшін тілді таңбалар жүйесі ретінде жай ғана білу жеткіліксіз,
оны адамдар қарым-
қатынасының құралы мен эмоцияны жеткізудегі тәсіл ретінде меңгерген жөн. Сонымен қатар,
айтылым компоненті болып келетін құралдар жүйесін де білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: