Түйін сөздер: Тарихи лексикология, сөзжасам, синтектикалық, аналитикалық тәсіл.
Ключевые слова: Историческая лексикология, словообразования, синтектический, аналитический
метод.
Тiл-тiлде сөз жасаушы жұрнақтардың түрлерi, олардың бiлдiретiн грамматикалық
мағыналары сан алуан. Әрбiр сөз тудырушы жұрнақ өзi жалғанатын түбiр талғай отырып, сол
түбiр сөздiң лексикалық мағынасының негiзiнде, жаңа лексикалық мағына тудырып, туынды
сөз жасайды.
Түркi тiлдерiнде сөз жасаушы жұрнақтар әрбiр жекелеген сөз таптарына тән болады.
Мұндай жүйе немесе қатар тiлiмiзде өте көне заманнан келе жатқан жалғаспалы құбылыс.
Сонымен қатар, әрбiр сөз табындағы жұрнақтардың тек бiр сөз табына ғана телiнiп қана
қоймай, басқа да сөз таптарына қатысты, оларға ортақ сөз жасау процестерiн саралап, екшеп
қолданылуы жиi кездеседi. Бiз мұндай құбылысты жұрнақтардың қалыптасуы, дамуындағы
қолдану ерекшелiгiн артып, мағыналық белгiлерiнiң көбеюiнен деп бiлемiз. Тiл жүйесiнде
жұрнақтар әр кезеңге, әр дәуiрге сай өзiндiк ерекшелiктерiмен, тiлдiк заңдылыққа ортақ
қасиеттерiмен көрiнiп, арнайы қалыптасу формасында дамып отырады. Кейбiр қосымшалар
тiлдiң дамуында өзiнiң аясының тарылуына, пассив жұрнақ болуына байланысты мағыналық
жақтан көнеленiп, тiлдiң жүйесiнен ығыстырылады. Мұндай тiлдiк құбылыстардың үнемi
орын алуы мағынасы айқын қолданылу өрiсi кең актив формалардың тiлге бiртiндеп
мағыналық реңк берiп, қызметiнiң ұлғаюынан деп қараған дұрыс. Жаңа функцияға ие болған
форма өзiнiң дамуында, өзгеше ерекшелiкпен көрiне бастайды. Граматикалық қатынасқа
көбiрек түсiп, жаңа сөз, жаңа мағына жасауда белгiлi жүйеге ие болады.
Туынды сөз жасауда сөзжасам жұрнақтарының рөлi ерекше. Бүкiл түркi тiлдерiнде
жұрнақтардың 4 түрi қолданылады: 1. Негiзгi түбiрге тiкелей жалғанған жұрнақтар; 2. Негiзгi
түбiрге тiкелей емес, арасына жұрнақ салып барып жалғанған жұрнақтар; Демек олар екiншi
кезектегi жұрнақтар. Түбiр сөздерден кейiнгi тұлғалармен бiрiгiп күрделi тұлғаға да айналуы
мүмкiн; 3. Тұлғалық жұрнақтар. Ол сөздiң тек грамматикалық тұлғасын ғана айқындап тұрады
да, түбiрге реляциялық мағына бередi; 4. Күрделi жұрнақ. Ол түбiрге жалғанатын бiр емес,
бiрнеше жұрнақтардан құралады. Демек, түркi тiлдерiндегi жалпы жұрнақ атаулылар жалаң
және күрделi болып екi үлкен топқа бөлiнедi.
Бұл топқа түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы, яғни сөзжасамның синтетикалық тәсілі
арқылы жасалған аталымдар жатады. Кәсіби, мәдени мәнді сөз жасайтын жұрнақтар аз емес.
-са, -се: жеңсе (жеңнің сыртынан киетін киімнің бөлшегі, жең) топса (есік –терезе
бөлшектерін біріктіріп, ашылып-жабылуын қамтамасыз ететін жылжымалы темір), мұрынса
(ұршықтың мұрындығы).
-сақ, -сек: жапсақ (іс, жұмыс: “Екі жапсақ, бір епсек”), терсек (тарамыс жасайтын кепкен
мал сіңірі; тарамыс ширататын сіңір; тарамыс. Кепкен сіңірді тарамыс немесе терсек дейді.
Тіліміздегі тері-терсек деп айтылатын қос сөз құрамындағы терсек сөзі осы ұғымда
қолданылған).
-сық: торсық (сусын құюға арналған тері ыдыс).
-т: жалат-(алтын яки күмістің суын жалату, жағу), жүгірт: алтын жүгірт (аздап алтын суын
жүгірту, жүргізу), су жүгірт-(табақ сияқты оюдың сыртын айналдыра нақыштау), сирексіт-
(өрмек тоқығанда ұйысқан жіп арасын тоқпақпен түйгіштеп, арасын ажырату). Осы сияқты
қарайт-, ұзарт- т. б. атаулар жасалған. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздердің бәрі де өңдеу
тәсілдерін білдіреді [1].
-та, -те, -да, -де, -ла, -ле. Бұл жұрнақ есімдерден материалдарды өңдеуге байланысты іс-
әрекет атауларын тудырады: жұмырла-, бедерле-, безеуле-, алтында-, күмісте-, қобызда-
(қобыздау-әшекейлеу), нақышта-, кепсерле-, дәнекерле-, кепте-(кептеу-қаптау), қақта-,
шимайла-, мәймөңкеле-(мәймөңке-кілемнің, алашаның жіптерін теріп отыратын қайқы басты,
жұқа ағаш қалақша), мәнерле-, була-(алтынмен булау), бағдарла-, бүршікте-(сірке салу),
кавказда-(қара ала ою жүргізу), күмбезде, күпсе-(күптеу), қылаула-(алтын ерітіндісін түтікпен
203
үріп, аздап жағу), лажыла-(сұйықтық жалату), тыныкеле-(сұйықтық жалату, “эмальдау”),
шабақта-(күміс қақтау үшін ойма сызықтар жүргізу), шекетуле-(күмістеу), шыжыбайла –
(шимайлау, өрнектеу), сақинала – (заттың сабын шығыршықпен бекіту), үзбеле-, шілтерле-,
тапта-, морла-(қозға салып жұмсарту), әдіпте-(матаның жиегіне жіңішке мата қойып тігу),
асықта-(көрпе, киім т. б. жиектеу, көмкеру) т. б.
-тай, -тей: жапатай (бас киім түрі, төмендеу елтіріден тігілген бөрік), кебентай (диал.
жұқа басылған киізден істелген, малшылар киетін сулық), көздей (кішкентай тостаған),
көзгентай (кішкентай сырлы тостаған).
-тақ, -тек, -дақ, -дек, -лақ, -лек: бауыртақ // бауырдақ (диал. төс айыл; мал жабуының
астыңғы бауы аймақтық қолданыста бауырынтақ деп аталады. Бауырдақ – сонымен бірге
жүзіктің саусақ сұғатын бөлшегінің, қамшы сабына оралған жездің, таспаның да аты).
Теміртек (көне. жай темірден соққан пышақ), көйлек (көн деген түбірден), жауырынтақ (диал.
иініш; көйлектің жауырын, иық тұсынан, ішкі жағынан қосымша тігілетін мата), доғалақ (арба
дөңгелегі), күпілдек (диал. піспектің басына бекітілген тесік-тесік тақтайша).
-тау: жақтау (жүгеннің екі жақ бойы), қаттау (сауыттың ішінен киетін киім, ол бірнеше
қабат жібектен сырылып тігілген).
-ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі: алтынды (алтынмен әшекейленген: алтынды ер, алтынды күрме
(киім түрі), алтынды камзол), күмісті (күміспен әшекейленген: күмісті ер), айшықты
(әшекейлі: айшықты ер, айшықты күмбез), шекетулі: шекетулі белбеу (күмістелген сәнді
белбеу), қоңыраулы: қоңыраулы сырға, үзбелі: үзбелі білезік (шығыршық, ілмек сияқты соғып,
оларды байланыстырып жасаған білезік), үкі аяқты: үкі аяқты шаштеңге (күміспен күптелген
үкі аяғы бар шолпы) т. б.
-тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік: алқалық (өңіржиек), шекелік (сырға түрі), түндік, желдік,
киімдік, ұлтандық, иіндік (екі иықтың екі жағынан тағатын әшекей), желкелік (жүгеннің екі
жағының ұшы), сыздық (етіктің, терінің тігісінің арасына салып тігетін жіңішке таспа),
жамбастық (сықаурынның орта тұсы), сірілік (етік өкшесінің сірі тұратын жері), аттық (ердің
адам отыратын тұғырлығы, кей жерде бұл кісілік, керсен деп аталады), омыраулық (өмілдірік),
сулық (1) шелектің тұтқасы; 2) ауыздықтың бөлшегі), терлік (терді сіңіріп тұру үшін тоқым
астына салынатын жұмсақ киіз) т. б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған атаулар заттық, өлшемдік,
мекендік ұғымдарын білдіреді, күндік (1) диал. орамал; 2) белбеу, мата белбеу).
туқ // -түк, -дуқ // -дүк жұрнақтары өзi жалғанған түбiрдiң лексикалық мағынасын өзгертiп
жiбергенмен, туынды түбiр сөздiң негiзгi түбiрмен байланысы әнтек байқалып тұрады, яғни
өзi жалғанып жасалған өздiң түбiр сөз мағынасына байланысты екендiгiн көрсетедi. Мысалы:
қол (қол) – қолтуқ (қолтық). Бурундұқ (мұрындық). Тас – бурундұқ (стерженок, тоненькая
палочка проодеваемая через хрящи под ноздрями верблюда, за которую привязывают
поводок). Түркi – қыпшақ тiлдерiнде түгел айтылады
ДТС, 126, әр түрлi аллофондары бар
[2].
-тыр, -дыр: қаңылтыр, шылдыр (қауғаның кергішіндегі арқан байлайтын темірі
шығыршық).
-уық, -уік: зырылдауық (шойын тесетін құрал), шырмауық (ілгекті оқа; салыстыр.
шырмаулы – байлаулы; иректелген ою-өрнек те шырмауық, кей жерде шырмауыт деп
аталады), тістеуік (шеге суыратын құрал), тырнауық (диал. тырма) т. б. Жұрнақ у және ық
деген екі бөлшектен тұрады.
-уыш, -уіш: жануыш, өлшеуіш, безеуіш, шайқауыш (диал. елек), түйреуіш, күлдіреуіш //
гүлдіреуіш.
-ша, -ше: қоңырауша, омырауша, өңірше, шақша (шақ-мүйіз), дүңгенше: дүңгенше арба,
күпекше (күпек, күпекше – күмбез тәрізді әшекей), бұрмаша (ұршықтың мұрындығындағы
жіпке арнап қиған жері), маңдайша (есіктің үстіңгі жағындағы екі босаға жақтауын бекітіп
тұратын көлденең ағаш), өреше (1) ас-су тұратын жерді қоршап қойған ши; 2) шананың
қанаты), қашқарша (құман, салыстыр. қашқар шәйнек), жауырынша (диал. жаңа түскен
келіншектің қайнысына тігіп беретін алғашқы кестелі көйлегі).
204
-шақ, -шек: моншақ, салпыншақ, қыпшақ (көне. қайшы, көне түркі тілінде кіфту), қауашақ
(қорытылған металды құйып суытатын ыдыс, сауыт), құмыршақ (құмыра), жұмыршақ (диал.
местің кішкене түрі).
- чақ // -чек, -чық // -чiк жұрнағы көне тұлғалы ч + ақ, ч + ық деген екi жұрнақтан
құралған. Бұл жұрнақ жалғанған түбiрге үш түрлi мағына үстейдi: а) кiшiрейту мағынасы; ә)
сөз мағынасын кiшiрейте отырып, бөтен ұғым беретiн жаңа сөз, яғни зат атауын жасау; б)
кәсiптi көрсетедi. Мысалы, бiрiншi мағынада: сығыр ( өгiз ) – сығырчық ( өгiзше ); екiншi
мағынада: iч (iш) – iччек (iшек); үшiншi мағынада: өрүм ( өрiм ) – өрүмчiк (өрмекшi).
Балчық – балшық (лай), есенлiк – есендiк (амандық, саулық, аман – есендiк, есен – саулық),
чузув және йазмақ – жазу – сызу, ашлық – астық, турумчақ – ескi жастағы тайлақ, бурундық –
мұрындық (түйенiң мұрындығы), қарындаш – туған-туысқан, үрiм- бұтақ (туған ағайындас
адамдар). Қазақ тiлiнде – қара – ата қарындаш, ата қыз қарындаш, ана қыз қарындаш, йердеш
– жерлес, ерсүк – ойнасқор (әйел), ерқұмар (әйел, жәлеп әйел).
Балчық (балшық). Қыпшақ жазба жадыхаттары мен тiлдерiнiң көбiнде кездесетiн
танымалды сөз: балчық // балчуқ // балчых // балшық (грязь, глина, тина, ил, тас);
Турумчақ (екi жасар тайлақ). Зайончковский: турумчақ (-чах // – чақ, кiшiрейту мағынасын
беретiн аффикс жалғанып тұр. Қазақша: тоқты – торым; ДТС- турум // торум (верблюжонок).
-шы, -ші: үйші, шаңырақшы, өрімші, етікші, алтыншы, күмісші, темірші, бөрікші, тоншы,
көзеші, қайысшы, қырғышы (ағашты қырып, ыдыс-аяқ жасайтын адам), өрмекші (бұл да өрім
өруші, қайыс өрудің шебері, өрімші), керегеші, уықшы, кілемші, кестеші, ерші, сандықшы,
балташы, иші (тері илеудің шебері, маман), тасшы, құрылысшы, тігінші, оюшы, бояушы,
қышшы, арбашы, бақыршы, кестеші т. б.
Сөзжасам жұрнағының бұл түрімен жасалған атаулар адамның қандай материалмен жұмыс
істейтінін, қандай өнім дайындаумен айналасатынын, қолөнер ішіндегі және оның жеке
салаларының ішіндегі еңбек бөлінісін (мәселен, үйшілер (киіз үй сүйегін жасайтын шеберлер)
өз ішінде уықшы, керегеші, шаңырақшы болып бөлінеді) білдіреді де, кәсіби, мәдени мәнді
ерекшеліктерді көрсетеді [3]. Аталған жұрнақ аймақтық лексикада дайын өнім, зат атауы
болып та жұмсалған: жамылшы (сулық, жауында киетін сырт киім).
-шық, -шік: шығыршық, түймешік, айшық (жарты ай бейнелі әшекей), айдаршық
(кебеженің, сандықтың құлып салатын жері), дүңгіршік (ашпалы-жаппалы қаңылтыр құты),
ұршық (шүйкеленген жүннен жіп иіретін құрал), белшік (диал. күрек; кей жерде белше).
-шыла: асықшыла-(диал. жас балалар киетін жадағай шетін жиектеп, көмкеріп тігу;
салыстыр. асықтау – киім т. б. заттарды көмкеру, жиектеу).
-шылық, -шілік. Бұл құранды жұрнақ (шы+лық) қолөнерінің түрін, саласын білдіретін
атаулар жасайды: ершілік, көншілік, ұсташылық, тоқымшылық, өрімшілік т. б.
-ы, -и: қазақы ер, қазақы етік, қалмақы ер, арабы: арабы кілем (Арабиядан шыққан кілем),
асфаһани қылыш, бұхары кілем, балдақы: балдақы пышақ (сақинек салынған пышақ),
қожанты (үлкен пышақ, бұл Ходжент қаласының атымен байланысты), сапы: сапы меруерт
(таза меруерт; салыстыр. сап алтын – таза алтын) т. б. Есіктің жергілікті қолданыстағы бір
атауы – қапы. Көне түркі тілінде есік, қақпа қапуғ деп аталған. Қазіргі түрік тілінде есікті қапу
дейді. Ал «есікті жабу» дегенді қапыйы қапатмак деп айтады [4].
-ық, -ік: кертік, уық, тістеуік, торсық, үзік, көрік, үскірік (үріп ойналатын музыкалық
аспап), сызық т. б.
-ым, -ім, -м: өрім, киім, сыдырым (таспаның, тарамыстың жіңішке бір талы), тоқым,
жолым: жолым үй // жөлім үй (көшіп-қонуға ыңғайлы тік уықты, керегесіз кішкене үй;
салыстыр. жол үй – жол жүргенде тігетін үй)
-ынды, -інді: ерітінді, кесінді, қосынды (қоспасы бар).
-ыншақ, -іншек: салпыншақ (құйысқанның сауыр жақтауы, боқтық, салпыншақ аталатын
үш бөлшегінің бірі; зергерлік бұйымдардың салбырап тұратын әшекейлері, бөлшегі),
жалпыншақ (диал. ат жабуы, сырттық желпіншек (диал. терезе перде)
205
-ыр, -ір: өңір (өңір әшекейі, алқа, төстік), дүмбір: дүмбір сырға (күбі, кеспек тәрізді сырға
түрі), ыңғуыр (ағаш оятын құрал), желбір (1) сән үшін көйлек етегіне, иығына тігілетін бүрме;
2) қос етек көйлектің үстіңгі, екінші бүрмесі; желбір көйлек деген атау да бар) т. б.
-ыс, -іс, -с: тігіс, өріс (өрмек жібінің ұзындығы), тарамыс (мал сіңірінен талшықтап
ширатқан, етік т. б. тігуге қолданатын жіп), түйіс: қоқан түйіс (қайыс түюдің түрі) т. б.
-ылдырық, -ілдірік, -дырық, -дірік: көзілдірік (диал. аттың басына кигізетін жамылғы),
өмілдірік (ердің бөлшегі), төбілдірік (жүгеннің төбеге келетін бөлшегі), тұмылдырық (ат
тұмсығына кигізілетін торлы қайыс), тығылдырық (ер батқан кезде қаптал астына қабаттап
қойылатын киіз), сағалдырық (аттың сағағына дәл келетін, жүгеннің астыңғы жағынан
байланған қайыс бау).
Жұмыста сөзжасамның синтетикалық тәсіліне байланысты 100-ден астам сөз тудырушы
жұрнақтар қамтылды.
Кейбір ғалымдар алтын атауының шығу төркіні қытай, корей тілдеріндегі тон сөзімен
байланысты деген жоғарыдағы пікірге қосылмайды. Тон сөзінің «металл» мағынасы – оның
кейінгі мағынасы екендігін бұлтартпас тілдік фактілермен дәлелдейді. Түркологтар Ф. Р.
Зейналов пен М. Д. Новрузовтың зерттеуінше алтын сөзінің екі атаудан (ал және тон)
біріккендігі даусыз, бірақ ол түркі мен қытай сөздерінен емес, түркі тіліндегі «қызыл»,
«солғын қызыл» мағынасындағы ал сөзі мен о баста «тері» мағынасын білдірген тон атауының
бірігуінен пайда болған. Қазіргі «сырт киім» мағынасындағы тон кейбір түркі тілдерінде
«ішік», «халат», «тұлып», «етік», «аяқ киім» мағыналарында жұмсалумен бірге «жүн», «тері»
мағыналарында қолданылған. Тонау сөзінің де ертеректегі мағынасы – «малдың, аңның
терісін сыпыру». Бірақ осы «тері» мағынасындағы тун/тон сөзінің қалайша металл атауына
ауысуы, айналуы мүмкіндігін, әуелде «мыс», кейіннен «алтын» дегенді білдіргенін
түркологтар Ф. Р. Зейналов, М. Д. Новрузов мынадай әлеуметтік-экономикалық себептерге
байланысты деп түсіндіреді. Натуральды тауар айырбасы формасының орнына белгілі бір
тауар айырбас ісінде жалпы балама ролін атқара бастаған кезде сауда қатынасының жаңа
формасы туғандығы белгілі. Түркі халықтары дамуының белгілі бір дәуірінде балама тауар
ретінде жүн және тері қолданылған. Тұрмысқа металдың (әсіресе түсті металдардың) енуіне
байланысты тері бірте-бірте тауар айырбасынан ығыстырылып шығарылған. Металл бұрынғы
терінің қызметін атқарумен бірге оның атауын да өзіне ауыстырып алған. Тон сөзінің «мыс»
мағынасы осылай пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |