249
Ал Қазақстандағы «WikiBilim» Қоғамдық қоры – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,
мәдениет және білім беру саласын дамыту мақсатында ерікті жастардың бастамасымен 2011
жылдың мамыр айында құрылған коммерциялық емес ұйым. Мемлекеттік тіл, білім беру,
мәдениет және инновациялық технологияларды дамыту, қазақтілді контент пен интернет
жүйесін дамыту мақсатын және т. б. көздеген ұйымның «Қазақша Википедиа», «Қазақстанның
ашық кітапханасы» және «Викимедиа» қорымен байланыс орнату т. б. жобалары бар.
«WikiBilim қоғамдық қоры» дайындаған «Қазақстанның ашық кітапханасында» жиналған
шығармалар саны 3000-нан асты. Жақын арада кітаптар мен аудиокітаптарды оқуға және
тыңдауға арналған қосымшалар дайындалып жатыр. Ал kk. wikipedia. org, http://kazakh. ru
беттерінде өзіңізге қажетті мәселелермен бөлісуге болады.
Тіл үйренушілерді оқыту мақсатында басқа вики-серверлерді тегін пайдалануға болады.
Мысалы, Pbworks (www. pbworks. com), MediaWiki (www. mediawiki. com), Wikihost (www.
wikihost. org).
Вики-технологиялар арқылы қалыптасатын сөйлеу әрекеттеріне назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: