Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет167/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Сөйлеу әрекетінің 
түрлері 
Сөйлеу шеберлігі 
Жазылым 
- Оқиғалар/факті/жағдайларды сипаттау; 
- мәліметтерді хабарлау
- жеке көзқарасын білдіру; 
- өз елінің және басқа елдің әлеуметтік-мәдени келбетін көрсету; 
- өз көзқарасын айту және дәлелдеу;
- оқыған/тыңдаған/көрген ақпараттардан өзіне қажеттісін белгілеп алу; 
- түсініктеме/толықтыру жасау; 
- түрлі дереккөздерден алған ақпаратты жинақтау; 
- әдеби кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларға мінездеме беру. Қорытынды жасау.
- қазіргі кезеңдегі факті/оқиғаларды бағалау;
- түрлі сауалнамаларды (вики-серверге тіркелгенде), үлгілемелерді толтыру;
- шағын/толық жоспар (вики-парақшаны жоспарлағанда) құру;
- іскери хаттар жазу;
- баяндама мен хабарлама жазу; 
- пікір жазу және шолу жасау;
- эссе (сипаттама, хабарлама, дәйектеме, салыстырма түріндегі) жазу;
- кәсіби және әлеуметтік тақырыптарға шағын мақала жазу.
Айтылым 
(вики-құжаттармен 
жұмыс істеу 
барысында) 
- Әңгімеге қатысу; 
- оқиғаларды сипаттау, фактіні айту; 
- өз елінің және басқа елдің әлеуметтік-мәдени келбетін айту; 
- өз көзқарасын айту және дәлелдеу; 
- мәлімет сұрау және алмасу,
- қызықтырған ақпаратты нақтылау үшін әңгімелесушіден сұрау; 
- әңгімелесу барысында бастама көтеру; 
- түсініктеме/толықтыру енгізу; 
- түрлі жағдайдағы көңіл-күйін білдіру;
- оқыған/тыңдаған/көрген ақпараттардан қысқаша толық айтып беру; 
- әдеби кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларға мінездеме беру; 
- шешім жасау
- қазіргі кезеңдегі факті/оқиғаларды бағалау.
Қорыта келгенде, мобильді технологиялар оқытудың түрлі деңгейдегі мүмкіндіктерін 
кеңейтеді, оқытуды әр түрлі формада ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін сабақ беретін 
аудитория заманауи құралдармен жарақталып, интернет-ресурсқа жылдам қолжетімділік 
қажет. Профессор Р. Әмір айтқандай: «Қазақ тілінің бұдан былайғы өрісі оның ақпараттық 
мазмұнының құнарлығына, сол ақпаратты жеткізу, хабарлау, мәдениетінің дәрежесіне 
бағынышты» [1, 177 б]. Сонда «республикадағы білім беру жүйесінің сапасына көңіл 
толмайтын» көзқарастар өзгеріп, «қазақ тілінің позициясына нұқсан келмес» [1, 177 б] еді.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертуде заман көшінен қалмай түрлі оқыту 
технологияларын белсенді қолдану студенттердің коммуникативтік құзыреттілік аспектілерін 


250 
қалыптастыруға септігін тигізеді. Ол үшін қазақ тілін оқыту әдістемелерін жаңғыртудың ең 
оңтайлы жолын таңдау, қазақ тілінің ашық ақпараттық кеңістікке кіруіне мүмкіндік жасау, 
қазақ тілі мамандарына қолдау көрсетіп, жағдай жасау – уақыт күттірмейтін мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет