255
қалыптастыруға да түрткі жасайтын құралға айналады». Келтірілген мысалдарды толық
талдаумен қатар түпкі идеаны ортаға салу арқылы да тарихи тұлғалар мен тартысты күндерді
талқыласа қызығушылықты оятуға мүмкіндік туындайды.
Жоғары аталған оқулықтар мен одан да басқа қазақ тілі оқулықтарында кездесетін тарихи
мазмұнды қысқаша мәтіндерде үлкен астарлы мәлімет келтіріліп отырады. Бұл арқылы
оқушылар бізден бұрынғы мыңжылдықтарда мекен еткен тайпалар жайында, қазақ жерінде
өмір сүргендігі жөніндегі мәліметтерді есте сақтайды. Оның үстіне берілген тапсырма мәтін
ішінен қос сөздерді іздейді. Тапсырманы толыққанды орындау үшін оқушы оны бірнеше мәрте
қайырып оқиды және ойында жақсырақ сақтауға мүмкіндік алады.
Жаңа ғасырдағы ұлттық мектебіміздің басты философиялық тұғырнамасы тарихи-ұлттық,
рухани-мәдени құндылықтарымызға негізделіп, жаңаша шығармашылық тұрғыда
қарастырылып, ұлтымыздың рухани жандануына бағдарлау болып отыр. Сол себепті, ұлт
ұлыларын тарихи тарландарымызды танытудың ешқашан артықшылығы болмайды.
Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсатарына мыналарды
жатқызады: « Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне
сүйене отырып, болашақ ұрпақты, өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын
ойлау сияқты ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу... Халық
педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық
материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, тәжірибелері т. б.»
жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне
айрықша тоқталады: «... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді
ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен
әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек
сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті [6]».
Өте ұтымды әрі нақты айтылған пікір. Ұлт болашағын қалыптастыру негізінде ұлттық
құндылықтарды бойына сіңіру басты парыз.
Қорыта келе, қазақ тілінде тарихи мұраларды таныту негізінде танымдық құзыреттілікті
қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Қазіргі балаларға еліктеуге лайықты кейіпкер, идеал керек.
Және ол идеал ұлттық ділмен, ұлттық болмыспен астасатын дәстүрлі тәрбиелік
бастауларымыздан келіп шығуы тиіс. Өз тарихымыз бен фольклорымызда балаға идеал
болатындай батырлар, ержүрек жігіттер мен тапқыр балалар, ақылына көркі сай қыздар жетіп
артылады. Солармен жете таныстырудың нақты жолы тарихи тұлғалардың ерлігіне сүйсіндіре
отырып, өз "батырын" табуға көмектесу. Ең бастысы, өз ата-анасын сыйламайтын, елі мен
жерін бағаламайтын, әке-шешесіне «Сен» деп сөйлеуді әдетке айналдырған әдепсіз ұрпақтың
санасына сәуле түсіріп, қоғамдық бетбұрыс жасау мәселесі шешілер еді. Ал бұл бүгінгі
жаһанданудың кері ықпалынан сақтанудың бір жолы болмақ. Танымдық құзыреттілігі
қалыптасқан жастардың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген сүйіспеншілік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: