Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әмір Р. С. Егемендік және қазақ тілі. «Тіл таным», 2002. – №3.
2. Капранчикова К. В. Мобильные технологии в обучении иностранному языку студентов
нелингвистических направлений подготовки //Язык и культура. 2008. – № 1 (25). – С. 85–94.
3. Сысоев П. В. Современные информационные и коммуникационные технологии: дидактические свойства
и функции //Язык и культура. 2012. – № 1 (17). – С. 120–133.
4. Сысоев П. В. Блог-технология в обучении иностранному языку //Язык и культура. 2012. – № 4 (20). – С.
115-127.
5. Сысоев П. В., Евстигнеев М. Н. Технологии Веб 2. 0: Социальный сервис блогов в обучении
иностранному языку //Иностранные языки в школе. 2009. – № 4. – С. 12–18.
6.
Сысоев П. В. Вики-технология в обучении иностранному языку //Язык и культура. 2013. – № 3 (23). – С.
140–152.
Искакова М.
2-курс магистранты
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекші: Дюсембина Г.
PhD докторы, аға оқытушы
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ПІКІРТАЛАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлай отырып,
өзіндік пікірі мен көзқарасын еркін де ашық түрде білдіруге жетелейтін әдістердің бірі ретінде
ұстаздар пікірталас әдісін жиі қолданып келеді. Пікірталас – белгілі бір қоғамдық мәні бар
мәселені немесе ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, дау [1, 533]. Демек,
пікірталасты мұғалімдер мен оқушылардың мектеп пен сыныпта жоспарланған істерді және
әртүрлі сипаттағы мәселелерді тең құқықты талқылауы деуге болады. Қазіргі таңда сабақ
барысында пікірталасты үнемі пайдаланудың маңыздылығы мен оның берер нәтижесіне
ешкім дау айта алмайды. Себебі, аталған әдіс арқылы оқушыны жан-жақты дамытуға
болатыны уақыт өте келе дәлелденіп келеді.
Білім алып, оны практикалық қызметте пайдалану үшін материалды оқып, үйрену ғана
емес, оны міндетті түрде басқа адаммен талқылау қажет. Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн
және басқа да көптеген зерттеушілер зияткерлік өсу ішкі және сыртқы, яғни әлеуметтік
процестердің өнімі болып табылатынын дәлелдеген. Олар ойлаудың жоғары деңгейі өзара
қарым-қатынастардан немесе адамдар арасындағы диалогтан туындайды деп топшылайды. Өз
ойын нақты және анық жеткізе білу, сауатты сөйлей білу, өз сөзімен назар аударта білу ғана
емес, сонымен қатар тыңдаушыларға әсер ету, сөйлеу мәдениетін білу – әртүрлі мамандық
адамдарының: дипломаттардың, заңгерлердің, саясаткерлердің, мектеп және жоғары оқу
орындарының оқытушыларының, журналистердің, менеджерлердің т. б. кәсібилігінің
деңгейін көрсетеді. Олай болса, тіл мәдениетін өз қызметі бойынша адамдармен қарым-
қатынас жасайтын, олардың жұмысын ұйымдастырып, бағыттайтын және іскерлік келіссөздер
жүргізетін, адамдарға түрлі қызметтер көрсететін кез-келген адам меңгеруі тиіс [2, 90 б].
Демек, пікірталас мәдениетін меңгермес бұрын, оқушының тіл мәдениетін, яғни сөйлеу
мәдениетін шыңдау керек. Ал, тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз
тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде
тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз
тудырушы қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан дерлік
251
кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем [3,
63 б].
Пікірталас әдісі – оқушылардың бір-бірімен пікір алмасып, өз пікірлерін дәлелдеп,
анығына жету мақсатында көп ізденуді талап ететін әдіс түрлерінің бірі. Ол өзара іс-қимыл
тек пікірлерге, сұрақтар мен жауаптарға ғана емес, қатысушылардың білім-білігі мен
дайындығына бағытталған, яғни оқушылардың идеяларды, көзқарастар мен проблемаларды
терең және жан-жақты талқылау үшін бір-біріне және мұғалімге үндеуіне негізделеді.
Пікірталас барысындағы қарым-қатынас оқушыларды өз ойын білдіру үшін әр түрлі әдістерді
іздеуге итермелейді, жаңа мәліметтерге, жаңа көзқарасқа деген ой-өрісін арттырады,
пікірталастың осы тұлғалық дамытушы нәтижелері топтарда талқыланатын оқу материалында
іске асырылады. Білім беру барысында өткізілетін пікірталас, бірдей маңызы бар екі топтағы
міндеттерді іске асыруға бағытталған:
1. Нақты-мазмұнды тапсырмалар:
а) балалардың талқыланатын проблемаға байланысты қайшылықтар мен қиындықтарды
сезінуі;
ә) бұрын алынған білімді қажетіне жарату;
2. Ұйымдастыру міндеттері:
а) топта рөлдерді бөлу;
ә) бірлескен талқылау ережелері мен рәсімдерін сақтау, қабылданған рөлді орындау;
б) ұжымдық міндетті орындау;
Сабақ барысында пікірталас әдісін қолданбас бұрын, оқушылардың пікірталас мәдениетін
қаншалықты меңгергеніне баса назар аудару керек. Әдісті ұйымдастырушы ұстаз алдымен
пікірталастың ережелерімен, өткізілу барысымен таныстырады. Белгілі бір тақырып аясында
сөз таластырушы тараптар содан кейін ғана ойларын жинақтап, деректер іздеп, айтар сөздері
мен келтірер дәлелдерін ортаға салады. Жалпы, пікірталас мәдениеті дегеніміз, пікірталас
барысындағы оқушылардың бір-біріне қатынасы, сыйластығы, ашуға бой алдырмай, ізетпен
жауап қайтарып, қарсыластың жеке тұлға екенін естен шығармай, жеке басына тіл тигізбей,
сыпайы қарым-қатынас жасауы. Жоғары сынып оқушыларының пікірталас мәдениетін
қалыптастыру үшін, алдымен олардың жеке тұлғалық һәм адами қасиеттерін анықтап, шыңдау
керек. Хәкім Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі
– надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-
ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық
болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам
баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады [4]», –
дейді.
Оқушылардың пікірталас мәдениетін қалыптастырудың келесі жолы – сөйлеу мәдениетін
арттыру, яғни оқушыларды шешен сөйлеуге, кез-келген жағдайдан шыға алатын тапқыр
болуға баулу. Пікірталас барысында айтысушының тапқырлығы жоғары бағаланады.
Пікірталасқа түсушінің амал-айласы, оның жағдайды дұрыс бағдарлай алуы, жағдаяттан шығу
үшін дұрыс сөз таба алушылығы, шапшаңдығы қиын жағдайдан шығуға көмектеседі [5, 168
б]. Ал, сөйлеу мәдениетіне баулу – оқушыны кітап оқуға қызықтырудан басталады. Кітап оқу
арқылы оқушының тек сөздік қоры артып, шебер сөйлеуге машықтанып қана қоймайды,
сонымен қатар, терең ойлауға, асығыс шешім қабылдамай, сөзінің дұрыс-бұрыстығына назар
аударып, жүйелі жауап қайтару сияқты көптеген жағымды қасиеттерге баулиды. Кітапқа
қызығушылығын арттырып, кітап арқылы сөйлеу әдебін, мәдениетін меңгерте отырып,
пікірталас кезіндегі мәдениетін қалыптастыруға болады.
Пікірталас мәдениетін қалыптастыруда – пікірталастың «Азаматтық форум», «Экспромт-
пікірталас» секілді кейбір түрлерін ұйымдастыру оң нәтиже береді. «Экспромт-пікірталасты»
өткізу барысында оның қатысушылары кемінде үш топтарға бөлінеді. Бес-жеті минут ішінде
барлық топтар мысалы, «Жауапкершілік», «Жаза», «Заң» тірек ұғымдарына сүйене отырып,
пікірталас тақырыбын және оған 2-3 сұрақ дайындайды. Сұрақтар даулы және өзекті болуы
252
тиіс. Топтың өз нұсқасы параққа жазылады. Содан кейін топтар барлық нұсқалардан
тақырыптың бір нұсқасын және оған қатысты сұрақтарды таңдайды. Бұл пікірталас кеңесі.
Пікірталас кеңесінен бір адам бөлінеді. Ол пікірталас тақырыбын және сұрақтарды оқиды. Бұл
мәселені жариялайтын және талқылауға уақыт беретін жүргізуші болады. Содан кейін әр топқа
кезегімен сөз беріледі. Олардың өкілдерінің міндеті осы аудиторияда ең өзекті мәселені
анықтай отырып, пікірталас қорытындылары туралы айту. Қатысушылардың назарын әрбір
шағын топпен сөйлеу мүмкіндігіне, яғни пікірталас мәдениетінің бір компонентіне
жаттықтыруға, осы форманы белгілейтін талқылауды ретке келтіру мүмкіндігіне, сондай-ақ
жүргізуші рөлінде сөз сөйлеу және қатысушылардың бірінің тиісті функцияларын орындау
мүмкіндігіне аударады.
Пікірталас мәдениетін қалыптастыру пікірталастық ойындар мен жаттығулар барысында
жүзеге асырылады. Ол үшін «Пікір» ойынын ұйымдастыруға болады. «Иә», «Жоқ» деген
жазуы бар екі плакатты сыныптың екі жағына, ал ортасына «Болуы мүмкін» деген жазуы бар
плакат ілінеді. Берілген сұрақтан немесе бекітуден кейін барлық қатысушылар олардың
жауаптарына немесе өз ұстанымына сәйкес келетін плакаттардың біріне ауысады. Жүргізуші:
неге дәл осы жауапты таңдадың? деп сұрайды. Пікір білдіруші қолын көтереді. Алайда, ол
біреуге шабуыл жасауға, сынауға, дауласуға құқығы жоқ. Олар өз пікірін тыныш айтады.
Ойын барысында қолданылатын сұрақтардың үлгісі:
- Ақша үшін бәрін сатып алуға бола ма?
- Әлемді тек сұлулық құтқара ала ма?
- «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абайдың осы сөзімен келісесіз бе?
Ойын келесі мәселелерді талқылаумен аяқталады:
- Көптен бері ойланып жүрген сұрақтар болды ма?
- Қандай да бір плакаттың жанында аз жиналғандар қандай сезімде болдыңыздар?
- Пікіріңізге қарсы жауап қайтарған адамдарға қандай сезімдер бар?
- Сіздің пікіріңіз қарсы пікірді естіген соң өзгерді ме?
«Пікір» ойыны оқушыны еркін сөйлеуге, өз пікірін қорғауға және басқалардың пікірін
құрметтеуге үйретеді. Өз бетімен шешім қабылдап, өз пікірінің дұрыстығына қарсыласын да
иландырып, сөз сайысында жеңіске жетуге жетелейді. Аталған ойын арқылы оқушыны
сабырлыққа, төзімділікке баулуға мүмкіндік бар. Қарсыласын тыңдау, оның сөзін бөлмей,
ашуға бой алдырмай, сабырмен қарау кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Сабырлық
пен сыйластық – пікірталас мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі. Қандай да бір
пікірталастың сәтті шығуы – оған қатысатын оқушылардың пікірталас мәдениеттерінің
деңгейіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |