265
7. Степанова Л. Б. Формирование коллектива школьников шестилетнего возраста: Автореф. диc... канд.
пед. наук. – М., 1988. – 16 с.
8. Давлетшина А. Х. Патриотическое воcпитание учащихся шестилетнего возраста средствами искусства.
– М., 1987. – 16 с.
9. Попова Н. М. Шестилетние в школе и дома. – М.: Медицина, 1988. – 56 с.
10. Он екі жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және
ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. – Аcтана, 2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі, 2017.
Жусанбаева С.Б.
филология ғылымдарының кандидаты
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІ МӘТІН НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация. Изучение языковых единиц на основе текста осуществляется во взаимосвязях
функциональной возможности языка, лексические, синтаксические, стилистические закономерности языка.
Текст (устно или письменно)
существует в речи, поэтому учащиеся сами создают тексты или работают с
готовыми текстами. Только в тексте полностью раскрываются смысл и функции языковых единиц.
Тілдік бірліктерді мәтін негізінде оқып үйренуде тілдің функционалдық мүмкіндігінің,
тілдің синтаксисінің,
лексикасының, стилистикасының, заңдылықтары бір-бірімен
байланыста жүзеге асады. Мәтін сөйлеуде (ауызша, жазбаша) жүзеге асатындықтан, оқушылар
оқулықтағы мәтіндермен жұмыс істейді немесе өздері құрайды. Тілдік бірліктердің мәтінде
ғана толық мәні мен қызметі жан-жақты ашылады. Оқушылар өздерінің тілін, сөздік қорын
мәтінмен түрлі жұмыс арқылы дамытып байытады. Мәтін жаттығуларының негізі – қазіргі
мәтін
теориясы, сөйлеу теориясы, мәтін синтаксисі немесе күрделі синтаксистік тұтастық.
Мәтін жаттығуларының түрлері: 1) дайын мәтінмен жұмыс; 2) оқушылардың өздерінің мәтін
құрауы және т. б. Мәтін жаттығулары түрлерінің басқа жаттығулардан артықшылығы мынада
– меңгерілетін тілдік бірлік өзінің функционалдық қызметінде көрінеді, мәтін оның мәні мен
қызметін толық түсінуге көмектеседі. Оқушы өз тілінің ауызша, жазбаша дамытудың үлгісін
алады. Дайын мәтінмен жұмыстың түрлері мәтінді тілдік талдаудың түрлері, мәтінді күрделі
синтаксистік тұтастыққа ажырату және олармен жұмыс жасау; оқып үйреніп
жатқан тілдік
бірліктерді табу, олардың мәтінде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталу себептерін түсіндіру;
мәтінді өзгерту, оны мазмұндау, мәтін жоспарын құру және т. б.
Оқушының өз мәтінін құруға қатысты жұмыс түрлері: тақырып таңдау, шығарманың
идеясын анықтау, таңдаған тақырыбына
материал жинау және іріктеу, шығарма жоспарын
құру, күрделі синтаксистік тұтастықты құру және олардың араларындағы ішкі байланысты
орнату мақсатындағы әрекет, шығарма мәтінін жазу, оны өңдеу.
Мәтінмен жұмыс
бастауыш сыныптан басталады, жоғары сыныпта жалғасады. Мәтінге
ғалымдар әр түрлі анықтама береді. Мәтін дегеніміз белгілі бір тақырып пен ойға ие болатын,
аяқталған күрделі синтаксистік тұтастықтардың құрылымы. Мәтіннің ең кішкене бөлшегі –
айтылым. Кез келген айтылым – бұл сөйлем, бірақ кез келген сөйлем айтылым бола алмайды.
Айтылым мен сөйлем екеуі бірдей құрылым емес. Сөйлем – сөйлем мүшелеріне талданады, ал
айтылым тақырып пен оған қосылатын жаңа ақпараттан тұрады. Айтылымның тақырыбын
«тема» деген термин, ал жаңа іс-әрекетті «рема» термині белгілейді. Айтылым тема-ремалық
қатынастан тұрады. Мәтіндегі күрделі синтаксистік тұтастықты (фразалық бірлік) құрайды.
Күрделі синтаксистік тұтастықтар араларындағы байланыстарды (фонетикалық, лексикалық,
синтаксистік, семантикалық байланыстар) анықтау оқушының ойлау жүйесі
мен ауызша,
жазбаша сөйлеу тілін дамытады.
Күрделі синтаксистік тұтастықты тема-ремалық қатынастардың тізбегі құрайды. Күрделі
синтаксистік тұтастық – мәтін түзуші бірлік, өзара мағыналық және құрылымдық байланыста
тұрып, мәтінде композициялық-стилистикалық қызмет атқарады.