Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Р. А. Авакова, С. Б. Бектемирова Түркі филологиясына кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2016; 
2. Гумилев Л. Н Древние тюрки. – М.:АСТ, 2004 
3. Савицкий П. Н. Степь и оседлость // На путях: Утверждение евразийцев. – Москва-Берлин, 2016.
 
Айтбаева А., Нұрлыбай А.
Қорқыт Ата университеті, Қызылорда 
 
Ә. КЕКІЛБАЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК ІЗДЕНІСТЕР 
 
 
 
Аңдатпа. Психологиялық талдау әдісінің бірі – әдеби түс көру. Жазушылар әдеби түстерді көркемдік 
тәсілдің бірі ретінде пайдалана алады. «Үркер» романының басында түс көрген Әбілқайыр, осы романның 
соңында құлан аулап жүргендігі, өзіне таныс аранға қуып бара жатқан құландары бір кезде бұны қуып келе 
жатқан болып көрінуі, араннан секіріп өткенде, баяғы аранның жермен бірдей болып тегістеліп қалғаны, 
құландардың зым-зия жоғалып кеткені жөнінде түс көреді. Бұл – өзіне қарсы ру басылардың мұның соңына 
түсіп, оны құртпақ болғанын білдіретін аян түс. Жазушы романдарындағы психологиялық талдауды әдеби 
түстер әлемін талдаумен ұштастыру мәселесі анықталады.
Түйін сөздер: Әлеуметтік орта. Әдебиет. Түс. Жору. Ауыз әдебиеті үлгілері.
Әдебиет өскен сайын сан алуан түрге, бай мазмұнға ие бoлып, тамырын терең жіберген 
сайын қанатын кеңге жайып, oқырманның рухани талап-тілегінің бір тармағына айналары 
сөзсіз. Сoл сияқты Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» рoмандары – 
кеңестік дәуір тұсындағы қазақ тарихынан сыр шерткен шығармалардың бірі. Әбілқайыр өмір 


78 
сүрген дәуірдің көркем суретін жасаған жазушы сoл дәуірдің шежіресінен сыр шертті. Көркем 
әдебиеттің тілі туралы М. Базарбаевтың: «Көркем әдебиет тілінің атқарар міндеті, ең алдымен, 
сурет, бейне жасау, адам мінезін, психикасын білдіру, жер, су, табиғат жайын адам көңіл-
күйімен көріп жеткізу» [1, 83], – деген пікіріне сүйенетін бoлсақ, аталған рoмандарда қазақ 
даласына тіл бітіп, адам жанының құпия қалтарыстары мейлінше ақтарылған.
Шығармада бейне жасаудағы көркемдік тәсілдің бірі – кейіпкер портреті. Кейіпкер пор-
треті бірде жазушы көзімен жасалса, енді бірде басқа кейіпкердің көзімен суреттеледі. Пор-
треттің бірінші түріне Нұралымен бірге елшінің алдынан шыққан Қайыпханның баласы Ба-
тырдың портретінен мысал келтіруге болады. «Ханзаданың оң жақ иығында құлағалы тұрған 
қара шоқыдай тұнжырап бір дөңгелек жүз, етжеңді қарасұр кісі тұрды. Шойыннан құйғандай 
шомбал кісі. Қас-қабағынан сәл болса да жылы шырай, ықылас табы көрінсейші, сірә. Бет-
аузына бес батпан зіл жиып алғандай. Тырысқан маңдайының әжім екеш әжімі де білем-білем. 
Түксиген жүндес қабағы, екі танауы делдиген етті мұрны, томсырайған қап-қалың еріндері өз 
салмақтарын өздері көтере алмай тұрғандай салбырап-салбырап кеткен. Сол бір шетінен 
салбырап, шетінен тұнжырап тұрған зіл-батпан бет әлпеттің бар салмағы соған түсіп, әбден 
болдыртқандай кіржиген ала көз кісіге түспей, айдалаға кілгіре қарайды» [2, 8]. Түрі жағынан 
бұл портретті психологиялық портрет деп атауға негіз бар. Батырдың тұнжыраған жүзінде 
Қайып ханның баласын танымаған, оған ерекше құрмет жасамаған елшіге деген реніш жатыр. 
Айдалаға қарап тұрған «ала көз» сен танымасаң, менің де сенде шаруам жоқ дегенді танытады.
Оның екіншісінде Бопайдың көзімен берілген Әбілқайырдың портретін келтіруге болады: 
«Бопай алдында ұзыннан сұлап жатқан бейтаныс еркектің бет-аузына үңілді. Қыр мұрынының 
жұқа танауы қусырыңқы. Қасы қалың, бірақ жіңішке. Сопақтау жүзінің шықшыт сүйегі 
шығыңқы. Бірақ қазірдің өзінде тістеніп қасарысып жатыр. Кең маңдайындағы сызық 
біткеннің бәрі қастың арасына жүгіріпті. Аузын ашып көріп еді, үстіңгі тістері маржандай – 
әрі ірі, әрі сұлу. Ал астыңғы тістері жалпиып жаттағанданып кеткен. Намысқой, ызақор, бірақ 
ашуын ішке жиятын бітеу кісінің сойы» [3, 162], – деген сипатама портреттен біріншіден, 
кейіпкердің болмыс-бітімін танысақ, екіншіден, Бопайдың адам тани білетіндігі көрінеді.
Психологиялық талдау әдісінің бірі – әдеби түс көру. Жазушы әдеби түстерді көркемдік 
тәсілдің бірі ретінде пайдаланған. «Үркер» романының басында түс көрген Әбілқайыр, осы 
романның соңында құлан аулап жүргендігі, өзіне таныс аранға қуып бара жатқан құландары 
бір кезде бұны қуып келе жатқан болып көрінуі, араннан секіріп өткенде, баяғы аранның 
жермен бірдей болып тегістеліп қалғаны, құландардың зым-зия жоғалып кеткені жөнінде түс 
көреді. Бұл – өзіне қарсы ру басылардың мұның соңына түсіп, оны құртпақ болғанын 
білдіретін аян түс.
Жазушы романдарында психологиялық талдауды әдеби түстер әлемін талдаумен 
ұштастырған. Әлеуметтік, философиялық мәселелерді көтеруде әдеби түсті талдаудың 
қызметі ерекше. Адамның ішкі жандүниесін ашу мақсатында, болашақты болжау мақсатында 
кейіпкерлеріне әдеби түс көресу –жазушының негізгі жетістіктерінің бірі. Осы жөнінде Г. 
Пірәлі: «Ә. Кекілбаев әдеби түс көруді екі мақсатта пайдаланады. Бірінде – кейіпкердің ішкі 
жан дүниесіне тереңірек үңіліп, ену үшін аналитикалық талдауға кең өріс берсе, екіншісінде – 
түс көргеннен кейінгі көңіл күйді, әсерді, әрекет үстіндегі хал-жағдайды қазбалай, қадағалай 
зерттеуге зер салынады», – дейді [4, 82]. Осы пікірге сүйенетін болсақ, романдағы Әбілқайыр 
ханның, емші қыз Бопайдың, Бопайдың Ералы туралы түсі, Ералы сұлтанның өң мен түстің 
арасында жатып көрген түстері – әдеби түстің жиынтық түрі.
Кейіпкер әлемін ашу мақсатында қолданылған түс көруді көркемдік құрал ретінде 
пайдалана отырып, әдеби түстерге талдау жасалған. Әбілқайыр түлкіге қатысты түсті бірнеше 
рет көреді. Бірақ әр түстің өзіндік атқаратын қызметі түрліше. Түс кейіпкердің өңінде өзін 
мазалап, шешімін таппай жүрген мәселелеріне қатысты өзгеріп отырады. Осыған қарап, түстің 
кейіпкердің өңіндегі оқиғалармен тікелей байланысы бары аңғарылады. Өңіндегі психология-
лық, физиологиялық сезімдер ой санасымен астасып, астарласып кетеді. Осы пікірімізге Бопай 
қыздың түсін мысалға келтіруге негіз бар: «Түс көріпті... Түсінде тап осы оңаша отауының 
табалдырығының ішінде мал сойып отыр... Мал дегені, терісін сыпырардабайқады, арлан 


79 
қасқыр... Жон арқасы көк шуланданып тұр... Өзінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып 
жатыр... Селк етіп қолын тартып ала қойды» [3, 167]. Қазақ халқы түске қасқыр мен бөрі 
кіргенін жақсы ырымға жориды. Ал, одан қан орнына сүт ақтарылуы – молшылықтың белгісі.
Бопайдың келесі түсі – аманаттағы баласы Ералы туралы. «Бүгін түнде түсіне Ералы кіріп 
жүр. Бұлар іште сары табаққа салып ап сары сазантай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз 
жеп отырғанда, ол түрулі іргенің ұсына келіп, көзін сатып, қолын жаяды. Бұлар оны аяп, 
қолдарын қанша созса да іргеге жетпейді. Үйдегілердің қайырынан күдер үзген Ералы отыра 
қалып, топырақтың астына қолын сүңгітіп, бұлқынтып саршұнақ па, борсық па, бірдеңе 
суырып алып шығады. Жаңағы олжасын бауыздамай, іремей, тыпырлатып, тырнағын қадап, 
жайратып жатады. Әлгі немесінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатады» [3, 181]. 
Бұл – кейіпкердің өңіндегі жанын күйзелткен, жүрек түкпірінен орын алған, баласына деген 
үлкен сағынышының түске араласуы. Іргедегі баласына қолы жетпей жатуы – Ор қаласына 
келген аманаттағы баласын бір көруге зар болып жүрген ананың жан жарасы. Жер астынан 
суырып алатыны – қазақтың жер асты байлығы болса, қан орнына сүт ағуы – молшылықтың 
белгісі. Бір-біріне «Ақ мол болсын» деп тілейтін қазақ ағарған, ақ мол болса, тоқшылық 
болады деп түсінеді. Олай болса – Бопайдың түс жоруы да дұрыс. Сонымен бірге қазақта 
қандай түс көрсе де оны жақсылыққа жору – қалыптасқан қағида. Егер түсті дұрыс жорымаса, 
онда сол түс иесінің қиыншылықтарға ұшырасуы әбден ықтимал.
Жазушының әдеби түстерді кең пайдаланғанын «Аңыздың ақыры»» романынан 
кездестіреміз. Романдағы Кіші ханымның түсіне жас шебердің кіруі, Әміршінің түсінен екі 
көзі мен тілінен айрылған мүскіннің шықпауы – кейіпкерлердің өңінде ойлаған, жауабын таба 
алмай мазалаған ойларының бейсаналы түрде түске араласуын көрсетеді.
«Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Сүйекпен-сүйек 
боп қалған сұп-сұр беті бүлк етпейді. Ол мұның соңындағы қара құрым қолдан да 
сескенбейтіндей. Шаршы әлемдегі әрбір тірі пенденің құлағына көк найзаның сүңгісіндей 
суық естілетін айбарлы Әмірші атағынан да тайсалатын түрі көрінбейді. Күс-күс қос шеңгел 
кеңірдегіне тақап қалыпты.
– Қорықпа, – деді әлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бәрібір жердің асты...
Әміршінің көзі шарасынан шығып барады. Қарсы алдындағы құбыжық соқырдың қан-
сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. Әмірші шегіншектеп шалқалай берді. 
Оны бір жұтпа батпақ астынан обып барады. Ол, ең болмаса, жан тәсілім алдында тұяқ 
серпетіндей дәрмен таба алмай тырбанып жатыр...» [3, 316].
Кезінде аспан тіреген көк мұнара басқа шаһарда салынбайтын болсын деп көзін ойып, тілін 
кескен мүскіннің мына сөзінен адамның тілін кескенмен, оны мылқау ете алмайтының 
байқалады. Себебі жас шебердің салған мұнарасы ол туралы аңызды сан ғасырлар бойы 
өскелең ұрпаққа жеткізе бермек.
1970-1980 жылдардағы қазақ прозасында ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану кең етек 
жайды. Қазақ жазушылары өз шығармаларына аңыз-әңгімелер мен ертегілік, мифтік 
сарындарды түрлі дәрежеде қолдана бастады. Ә. Кекілбаев та өз замандастары тәрізді 
прозалық шығармаларында осы үрдісті жалғастырды. Ауыз әдебиеті үлгілерінен қолтығының 
астында тесігі бар сиқыршы келіншек, моншаның киесі, құбыжық, ши мұрын, аждаһа, пері, 
албасты, обыр туралы аңыз-әңгімелер пайдаланылған.
Осындай қорқынышты әңгімелерді көп естіген Ералының түсіне албасты, құбыжықтың 
кіруі – оның өңі мен түсінің араласып кетуі болса, екі-үш күн ыстығы көтеріліп сандыарқтап 
ауырған баланың шимай шатпақ түстері – оның қатты сырқаттануының көрінісі. Жазушының 
романдарында ауыз әдебиеті үлгілерін мейлінше мол пайдаланылуы жөнінді қазақ тарихи 
романын зерттеуші Р. Бердібай «Үркер» романы туралы: «Өзге тарихи романдардағыдай 
«Үркерде» де ауыз әдебиетінің материалдары: аңыздар, шешендік сөздер, шежірелер көп 
пайдаланылған. Бұл әсіресе шығарманың эпикалық баяндау өрнегінде мол» [8, 392], – деген 
болатын.
Ғалымның осы пікірін негізге алатын болсақ, жазушы төбе билер мен басқа да би-
шешендерді қазақтың шешендік өнерін насихаттау үшін пайдаланғанға ұқсайды. Сонымен 


80 
бірге романдарда ауыз әдебиеті үлгілерінен көзге түсетін келесі жанр – мақал-мәтелдер. Ульям 
Фoлкнер: «Бір әңгімені бір түйреуіштің ұшына сыйғызуды арман етемін», – деген екен. Қазақ 
халқы бір әңгімені бір түйреуіштің ұшына сыйғызудың жoлын мақал-мәтелдер арқылы тапқан. 
Тoқсан ауыз сөздің тoбықтай түйіні бoлатын мақал-мәтелдерді жазушы тиімді қoлдану 
арқылы өз ұстанымын сoл ділмарлық сөздерге сыйғызған. Oлардың қатарында «Ұсынған 
басты балта кеспес», «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы», «Сенде азық жoқ, менде жазық 
жoқ», «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды», «Тoқсан сөздің тoбықтай түйіні бар», 
«Қалауын тапса қар жанады», «Бірлікке сөз бастамайды, іс бастайды», «Бір қарын майды бір 
құмалақ шірітеді», «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен», т. б. мақалдарды атасақ та жетіп 
жатыр. Рoманда келтірілген бұл мақалдар – жазушы стилінің жинақылығын, аз сөзділігін 
танытатын көркемдік құрал.
Романда көзге түсетін көркемдік тәсілдің бірі – пейзаж. Жазушы табиғат суреттерін алдағы 
оқиғаға орай түрліше құбылтып пайдаланады. Мәселен «Үркер» романының екінші кітабы, 
яғни «Арбасу» бөлімі: «Көсенің иегіндей көксұрланып жатқан жылмағай тегістік біресе күміс 
қылшықтанып тұратын боз селеулі далаға, біресе тырбиып сораң, жапақ өскен сортаңыт жа-
зықтарға кезек ұрынып, дер реңі өзгерейін деді. Көз ұшында көгеріп тұрып алып, маңына 
жуытпай, жігеріңді құм қылатын мұнар таулар енді жолдың екі бетіненкезек ұшырасып, 
зорыққан нар қоспақтай сұлай жығылып қалып жатыр. Алыстан аспанмен тайталасып айдын-
ды көрінгенмен, қасына келсең, бір-бірімен жағаласпай, әр-әр жерге сәңкиіп-сәңкиіп оқшау 
біткен кертік-кертік кемер биіктер екен» [9, 5], – деген психологиялық пейзажбен басталады. 
Ұзақ сапардан шаршап-шалдығып келе жатқан кейіпкер көзімен сурттелген табиғат суреттері 
– бейтаныс жанның көзімен суреттелген бейтаныс өлке. Осы үзіндідегі «көсенің иегіндей», 
«нар қоспақтай» деген тіркестерге қарап отырып, автордың бейнелі, образды сөйлейтінін 
тануға негіз бар.
Ал, «Қасқыр талаған жылқының қаңқасындай терістіктен түскейге құлай салған мыж-мыж 
Мұғаржардың шығыс бүйірін о жер, бұ жерден тесіп аққан жыланшық өзендерден бастап 
сонау ен Ырғыз, ту Торғайға дейінгі ұланғайыр өлкенің биыл құйқалы жылы. Алабөтен 
ақпандата кірген ызғарлы қыс күнгей мен күн шығыстың сумаңдаған қызы желіне көпке дейін 
бой бере қоймай, киіздей тұтасып тегіс түскен қар кешеге дейін көбесі сөгілмей бүтін жатты» 
[3, 123], – деген алты ай қыстан кейінгі табиғат суретіне шалғайда жүріп, елін сағынған 
ханзаданың көңіл-күй сезімдері қоса өріліп отыр. Табиғаттың жабырқау суреті кейіпкердің 
жабырқау көңілін айшықтап тұрғаны анық.
«Жас келіншектің омырауындай үлбіреп тұрған көк шүйгінді есірік күйеудің орынсыз 
қамшысындай осқылап айқыш-ұйқыш зеңбірек ізі, арба ізі айғыздай жөнелді. Әлгінде ғана түгі 
жылтырап, сауырын самалға, бауырын күн нұрына аялатып рахаттанып жатқан көк ала ту 
биедей оқшау жалдың әп-сәтте-ақ ұйпа-тұйпасы шықты. Мың жылдан бері де құлақ 
шошынардай өрескел дыбыс естімей тыныштықта маужырап жатқан жым-жырт алқаптың 
денесін дүр түршіктіргендей шақұр-шұқыр үн көбейді... Анда-санда жер ошақ азылғаннан 
басқа көбесіне зақым тимей ту жатқан құйқалы топыраққа ертелі-кеш мың-мың темір күрек, 
қайла, сүймен кірш-кірш қадалып, қайзалып бағады. опыр-топыр топырақ омырылып, тырс-
тырс шөп үзіледі» [3, 102], – деген үзінді – сан ғасырлар бойы мүлкіп жатқан қазақ даласына 
орыс басқыншылары келіп қала салып жатқанын көрсететін сурет
Кейіпкер бейнесін сoмдауда мoнoлoг пен диалoгтың атқаратын қызметі зoр. Ішкі мoнoлoг-
тың бірнеше түрін Әбілқайырдың мoнoлoгтарынан келтіруге бoлады. Ал, диалoг – көркем шы-
ғарманың идеясын ашуда, көркем бейне жасауда шешуші қызмет атқаратын көркемдік құрал. 
Диалoгта әр кейіпкердің сөз саптауы, oй-тoлғанысы, жан дүниесі айқын көрінеді. Жазушы 
рoмандарындағы кейіпкер психoлoгиясының ашылуы oлардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-
әрекеттері, ішкі мoнoлoг, психoлoгиялық диалoгтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене 
қoзғалысы, психoлoгиялық пейзаж, параллелизм, деталь, пoртрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі 
талдау, өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашы, т. б. арқылы жүзеге 
асады десек, жазушы рoмандарында oсылардың барлығы дерлік түгелдей кездесіп oтырады.


81 
Жазушы шығармаларын жан-жақты зерттеген С. Абдрахманов «Абыз Әбіш» еңбегінде: 
«Қаламгердің қазақ қоғамындағы алар орнын оның жазушылығымен де, тарихышылығымен 
де, ойшылдығымен де, саясаткерлігімен де, тарихшылығымен де, қайраткерлігімен де толық 
жеткізіп айта алмаймыз. Әбіш Кекілбаев туындылары жалпыадамзаттық мәселелерді әлемдік 
өреде қарастыратындығымен, ой тереңдігінің, көркемдік кестенің, тіл өрнегінің классикалық 
үлгісін көрсетуімен, қай жанрға салғандада өрен жүйрік шығатындығымен, әрі көп, әрі дөп 
жазуға болатындығын дәлелдеуімен тәнті етеді» [10, 7], – деген болатын. Ғалым айтқандай, 
бүкіл ғұмырын қазақ халқының болашағына арнаған қарымды қаламгер қаламынан сан алуан 
тақырыпты арқау еткен классикалық үлгідегі шығармалар туды. Олардың барлығының өзегі 
(лейтмотиві) – жалпыадамдық құндылықтар еді. Сонысымен де жазушы шығармалары құнды, 
ғұмырлы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет