86
Бұлардың бәрі де негізінен қазақ тіл мамандарының көбі таныған құрмалас сөйлем
синтаксисіне байланысты мәселелер еді. 1958 – 1959 жылдары "Қазақ тілі мен әдебиеті"
журналы құрмалас сөйлем жөнінде дискуссия ұйымдастырған болатын. Құрмалас сөйлемге
байланысты әр түрлі пікірлер, қазақ тілін басқа да түрік тілдерімен салыстыру, тіліміздегі
кұрмалас сөйлем туралы талас мәселелерді шешу жағы ойдағыдай болмады. Құрмалас
сөйлемді мектепте оқыту проблемаларымен бірсыпыра ғалым-әдіскерлер айналысты.
Белгілі әдіскер-ғалым Балғаным Құлмағанбетова "Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір
мәселелері" деген монографиялық еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің мектепте оқытылу
жайына, әдіс-тәсілдеріне, әсіресе алдыңғы қатарлы Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибесін
құрмалас сөйлем синтаксисін оқытуда басшылыққа алуды ұсынады.
"Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері" атты еңбегінде Хасен Арғынов жай
сөйлем мен құрмалас сөйлемнің зерттелу жайына кең тоқтала келіп, "кез-келген жай
сөйлемдер құрмалас сөйлем компоненті бола алмайды. Құрмаластың компонент болуы үшін,
жай сөйлемдер бір-бірімен мағыналық та, грамматикалық та байланыста болуы шарт.
Құрмалас сөйлем әрқашан екі онан да көп компоненттерден жасалады. Мұның өзі құрмалас
сөйлемнің құрандылығын айқындайды [12].
Жай сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалына берсе, құрмалас сөйлем ешқашан
да бір жай сөйлемнен яки бір компоненттен жасалынбайды. Бұл да құрмалас сөйлемнің өзіндік
басты белгісі – форманың көріну жолдарының бірі. Құрмалас сөйлемнің компоненттерінің
саны сөйлеуші мен жазушының күрделі ойын білдіру қабілетіне қарап анықталып отырылады.
Соңғы кездерде көп өлшемді құрылысы мен көп қабатты мазмұнды жағынан синтаксистегі
жай және қалыпты құрмалас сөйлемдердің ерекшеленетін күрделі тілдік құрылымдыр
бірсыпыра ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан, бірен-саран диссертациялық еңбектерден
орын алып отыр.
Соның бірі Г. Садированың “Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас
сөйлемдер” деген тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясының үлкен маңызы бар деп
айтуға болады.
Автор диссертацияның авторефератында салалас сөйлемдердің тарихи зерттелуі жөніндегі
еңбектерге шолу жасау барысында мынадай пікірлер айтқан: “Қазіргі кезде көп компонентті
салалас құрмалас сөйлем деп танылып жүрген сөйлем типінің ертеден-ақ белгілі болғандығын
анықтауға мүмкіндік ала аламыз.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерде салалас құрмаластың құрамында компоненттер санының
екеуден көп болып келетіндегі айтылып, салалас сөйлем анықтамаларына көрсетіліп
жүргенімен оны қалыпты және көп компонентті деп бөлу болған жоқ, - дей келіп, мынадай
ғылыми қорытындыға келеді:” Көп компонетті салалас құрмалас сөйлем құрамында кем
дегенде салаласа байланысқан үш ПБ-нің (пред. бірлік) мағыналық, тұлғалық, интонациялық
тұтастығын сыйдыратын, көп өлшемді құрылымы мен көп қабатты мағынасы болатын
синтаксистік бірлік екендігі туралы тұжырымдар беріледі [13].
Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтай келе, тіл білімінде құрмалас сөйлем, оның ішінде
салалас сөйлемнің біршама зерттелгендігін көруге болады.
Қазір құрмалас сөйлем жасалу жағынан үлкен үш салаға бөлініп (жоғары оқу орындары
мен мектеп оқулықтарында) оқытылады : салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас
құрмалас сөйлемдер. Бұлайша жіктелу тілімізде әбден қалыптасты деп айта аламыз. Солай
болса тұрса да, салалас сөйлемдердің құрылымын зерттеу ғалымдардың назарын өзіне
аударуда.
Достарыңызбен бөлісу: