Түйін сөздер: Түркі өркениеті, түркітану, әлем тілдері, контактология, классификатор, өркениет, мәдениет.
Abstraсt. The novelty and perspective of research: the absence of the Turkic civilization in typological and
classification studies emphasizes the relevance of scientific work and the need for research in this area, since there is no
doubt that the “Turkic civilization” is an ancient, original and universal civilization with its own history: origin,
development and extinction.
Key words: turkish civization, turcology, world languages, ethymology, contactology, classifier, lexicography,
civilization, culture.
Әлемдік ғылым кеңістігінде «түркілік өркениет» ұғымы толығымен қалыптасты деп айту
өте қиын. «Өркениет» ұғымының қалыптасуы өз бастауын ХVII ғ. басында Еуропалық
қоғамдық ғылымдардан алғанын ескерсек, тарих қойнауында «өркениет» туралы түсінік
Батыс Еуропамен тікелей байланысты дүниеге келді. Сол кезеңде Еуропа әлемдік мәдениет
пен өркениеттің негізін қалаушысы, жасаушысы, әлемді жаңартушысы рөлін атқарса,
керісінше, еуропалықтардан тыс басқа халықтар мен олардың мекені жабайылық пен
тұрпайылықтың, анайылық пен «мәдениетсіздіктің» көрінісі деп бағаланды. Осы тұрғыдан
алғанда, ХVII-ХХ ғғ. зерттеушілер тарапынан адамзаттың өркениеттілік дамуы туралы
ойлары, негізінен, Еуропамен, олардың тұрақты жазба мәдениетімен, яғни өркениеттің
ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын – мемлекет, жазудың дамуы, материалдық
құндылық және осымен байланысты экономикалық қатынастар бірінші орынға қойылды.
Қазіргі заман өркениеттану классификаторында «түркілік өркениет» ұғымның жоқтығы,
ғылыми концепция мен көзқарастың қалыптаспауы ғылыми жобаның өзектілігі мен оны
зерттеудің қажеттілігін туындайды. Себебі, өркениеттану классифакторына тән, барлық
алғышарттардың болуы, яғни өзіндік тарихы, қалыптасуы, дамуы және тарихи себептермен
«өшуі» бар, ежелгі және әмбебап шарттар түркілік өркениеттің болғанын дәйектейтін дәлел-
демелер болып табылатыны сөзсіз. Қазіргі әлем тілдерінде (еуропалық тілдер: орыс, болгар,
венгер; шығыс тілдері: қытай, араб, парсы, хинди; монғол) қолданылатын түркі сөздерінің
көптеп кездесуі «түркілік өркениеттің» ұзақ тарихи іздерінің дәлелі болып табылмақ.
Қазіргі «түркілік өркениет» мәселесінің методологиялық және ғылыми концепциясын
жасау және аталған ұғымды әлемдік жаңа өркенитеттану классификаторына енгізу, әлем
тілдеріндегі түркі сөздерінің қолдану ерекшеліктерін көрсететін лұғат түзу зерттеудіңі неігзі
мақсаты болмақ.
74
Өркениеттер теориясы мен мәдениеттердің жіктелуі Батыста пайда болғаны белгілі,
сондықтан болар Шығыс мәдениеті әлемі біркелкі зерттелмеген. Қытай, Египет, Жапония,
Үндістан өркениеті туралы теориялық еңбектер тұжырымдары коптеген типологиялық
еңбектерге енген болса(Н. Я. Данилевский, К. В. Леонтьев, Р. Генон, О. Шпенглер, Ж. Гобино,
А. Дж. Тойнби және т. б.), ал түркі көшпенділері мен олардың империялары кез келген
авторлардың еңбектерінде талданылған деп айта алмаймыз. Түркілер туралы жазбалар
борлған жағдайда оларды варварлық-бұзақылар ретінде көрсеткен «Шығыс» түркі
құрылымдық концептісіне осыншалық теріс қатынастың себебі неде?
Біріншіден, сонау Ғұн шапқыншылығы кезеңінен-ақ, батыста көшпенділердің жабайы-
лығы мен дөрекілігі жайлы пікір қалыптасып қалған. Сонымен қатар, теріс қарым қатынасқа
мәдениеттанушылардың еуропоцентризмдері де біршама рөл атқарады. Екіншіден, көне
көшпенді мәдениеттен материалдық ескерткіштердің бізге дейін жеткенінің көп болмауы. Л.
Н. Гумилев айтқандай, түркілік материалдық мәдениетінің өнімдері (киіз, былғары, ағаш пен
ішік) тасқа қарағанда нашар сақталады, әрі жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары руна жазула-
рының (Орхон, Енисей, Талас, Хакас жазбалары және т. б.), түркі мәдениетінің болуын
растайды.
Бұдан кейін түркі мәдениетіне еуроцентристік көзқарастың жаңылысуын және «Шығыс»
тұжырымдамасының бөлігі ретінде түркі әлемінің маңыздылығын анықтау үшін ежелгі
түріктердің өмірінен бірнеше тарихи фактілерді қарастырған жөн.
Түркілер түбегейлі этнос ретінде б. з. VI ғасырында қалыптасып, Парсы және Византия
жерінен Қытайға дейінгі кең дала аймағын басып алды [1, 143-151 б. ]. Түркілердің өзіндік
атауларының пайда болуына қатысты біржақты нақты пікір жоқ. Қазіргі уақытта «түрік» сөзі
тек лингвистикалық мағынаға ие, өйткені түріктермен көршілес өзге текті халықтар түрік тілін
тек түрік халықтарымен (мысалы, әзірбайжандықтар) сөйлесу арқылы ғана меңгерген. Қазір
түркі тілдер тобына түріктерді, әзірбайжандарды, өзбектерді, қазақтар, ұйғырлар,
түркімендер, татарлар, қырғыздар мен құмықтар және т. б. жатқызады. Бұл халықтардың
тілдерде диалектік айырмашылықтарға қарамастан, өте көп ұқсастықтары бар.
Л. Н. Гумилев өзінің көне түркілер туралы жазған зерттеуінде олардың бытыраңқылықтан
сақтайтын өзіндік мемлекеттік ұйымдастырушылық жүйесінің (ел) болғандығы және тақ мұра
(үлестірмелі-сатылы жүйе) болып қалатындығы туралы тұжырым жасайды. Үлестірмелі-
сатылы деп аталатын жүйе тек мемлекет құрылымында ғана орын алмай, сондай-ақ отбасын-
дағы қарым-қатынасқа да өтті. Сондай-ақ, түріктердің өздерінің иерархиясы, әскери тәртіп,
дипломатия, көрші елдердің идеялық жүйелеріне қарама-қарсы дамыған дүниетаным
көзқарасы болды.
Л. Н. Гумилев түркілердің тек шапқыншылықпен айналысып қана қоймай, сонымен қатар
отырықшы қоныстардың болғандығы, түркілердің қолөнерінің болып әрі саудамен айналыс-
қандарын дәлелдеді. Дала климатының қаталдығының нәтижесінде олар жүннен, киізден және
ішіктен әртүрлі бұйымдар жасауды үйреніп, арбалар мен жеңіл тасымалды үйлерді жасап,
темірді өңдеп, төрт түлік мал өсірген.
Орталық Азияда алғаш темір өңдеумен айналысқан да дәл осы түркілер болған (Алтайда
шамамен VI-IX ғасырға жататын темір рудасы, қалайы, алтын, күміс және т. б. өндіру іздері
табылған), бұл жазба дереккөздер мен археологиялық жаңалықтарға куә болатын жетістік
оларға тәуелсіздікке қол жеткізіп әскерін қаруландыруға мүмкіндік берді. Түрік темір
ұсталары қолынан тиындар, өте берік пышақтар, балта, қылыш, қазан және т. б. сияқты
бұймдар жасалған.
Көшпелі малды өсіру түркілер арасында екі жүйені құрды: «ауылдық жүйе» – әрбір отбасы
қыстайтын және жазғы мал үшін өздерінің нақты жерлерін иеленді; «көшпенді жүйе» –
бірнеше отбасы бірге жиналып, қарауыл мен арбаларды түні бойы қоршап алады. Бұл жүйелер
Орталық Азияда түркілердің көшпелі ұрпақтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталды.
Түркілердің қонысына келер болсақ, түркілердің киіз үйлері еуропалық, араб пен қытай
саяхатшыларын таңдандыратын еді. Ортағасырлық Қытайда түрік музакасы, киімдері сәнге
айналып, сонымен қатар қытайлықтарға киіз үйлер де ұнаған.
75
Н. Б. Будаев киіз үйдің пішіні икемділік теориясының тұрғысынан таңқаларлық екенін
айтады, ағаш уықтар жеңіл, бірақ кең күмбезді құрастырады, шатырдың ортасында шаңырақ
түтіндік болған, киіз үй іші-сырты арнайы кілемдермен жайылып жабылған, киізү йдің іші өте
жылы болғанын айтып кеткен болатын. Отырықшы өмірге көшу кезінде түріктер балқарлар,
қарашайлар, қазақтар, татарлар, тывалықтар және басқа да түркі халықтарынан табылған бір
бөлмелі көпбұрышты үйлерді сала бастады. Тұрғын үй, тұрмыстық өмір, әскери істер тұрғы-
сынан көшпенділердің өнертабыстары көшпенді емес отырықшы халықтардың дөңгелек,
бетон, шамдар және басқа да өнертабыстарымен бірдей деңгейде әлемдік мәдени қазынаға
қосылған үлес деп айтуға әбден лайық. Түріктен көптеген киім бұйымдарын ойлап тапты.
Л. Н. Гумилев пікірінше, түрік жауынгерлері тік жағалы, оңнан солға түймеленетін арнайы
шекпен, қазақтың малақайына ұқсас темір бөлшектері мен ішікпен әдіптелген бас киім,
сонымен қатар белбеу мен жиегі, темір бөлшектері бар сауыт, борсық терісінен шалбар, жеңіл
әрі жұмсақ қара тері етік киген [2].
Н. М. Будаев түркілерде жауынгерлік дулыға, тақия, биік үлпілдек қайырылған
бөріктерінің болғанын айтады. Түркілер түрлі ою-өрнектермен әсемделген әртүрлі шекпендер
мен шапандар киген. Орыс жазбаларында япанчи (шапан немесе бурка) сөздері жиі кездеседі.
Түркі өркениетімен жаралған киім бұйымдары көршілес халықтарға сауда-саттық қарым-
қатынастар, жаулап алу мен түркілердің қоныс аударылуы кезінде кірген.
Енді көне түркі өмірдің моральдық-өнегелілік жағын қарастырайық. Түркілерде
қарақшылық орын алмаған ( олар малға белгі қойған) және оны опасыздық пен адам өлтірумен
тең санаған. «Түркілер не жағымпаздықты, не өтірікті, не екіжүзділікті, не жасандылықты, не
жала жабуды, не жақындарына тәкәппарлықты, не серігіне жәбір көрсетуді білмеген, олар
күпірлік кеселіне ұшырамаған, заңның әртүрлі түсіндірілуі сылтауынан мүлікті иемденбеген»,
– дейді Ал Джахиз. Әйел адам түркілерде жоғары мәртебеге ие болған, аналарға деген құрмет
әрқашан орын алған. Түркілерде зорлық ең ауыр қылмыспен қатар қойылған. Бұдан шыға-
тыны, түркілердің ауыз толтырып айтарлықтай нақты моральдық-өнегелілік көзқарастары мен
принцептерге ие болғанын байқаймыз.
Түркілердің өміріндегі рухани-діни аясына келер болсақ, көне түркілік дінде Көкке,
бабаларға, анимистиік тотемдерге табыну, шаманизмдің белгілері күрделі тоғысқан.
Түркілердің жоғарғы Құдайы – Тәңір (Көктәңірі) (көптеген түркі халықтарында бұл сөз
сақталып, «Құдай» мағынасын білдіреді), көзге көрінбейтін және барлық жерде болатын, өмір
сыйлап әрі өмір алатын болған, және де Құдайды суреттеу тыйым салынған. Бұл жерде
тәңіршілдік пен исламның ұқсастықтары байқалады, түркі қалықатырның барлығы дерлік
ақырында мұсылман болулары кездейсоқ емес.
Түркілердің басты тотемы – түркілердің тегі болып саналатын бөрі (қасқыр). Түркі
халықтарының барлығында, түркі халықтарының шығу тегі ортақ екенін көрсететін ұқсастық
көрсететін, халық дастандары сақталған (қырғыздарда «Манас», қазақтарда «Қобыланды
батыр», якуттарда «Олонхо», балқарлықтарда «Нарты»).
Сондай-ақ, түркі тілдерінен орыс тілінде (және белорусс, украин, жалпы шығыс славян
тілдерінде) кірме сөздердің бар екендігін атап өтку керек, сонымен қатар батыс еуропа
тілдерінде де, атап айтқанда, орыс тіліне түркілерден өмірдің әр түрлі салаларынан,
тұрмыстық өмірден сауда мен әскери салаға дейін, көптеген сөздер кірме болып өткен: чекан,
товар, монета, боярин, богатырь, казна және т. с. с. Осылайша, Қазақстандық ғалым С. Ш.
Аязбекованың өркениеттік классификация жүйесіне түркілік өзіндік өркениетін бірқатар
белгілер (ортақ территория мен тұрмыстық шарттарының бірегейлігі, тілдік туыстық, діннің
және жазудың болуы және т. б.) негізінде қосу керек деген пікірін қолдаймыз.
Қазіргі заманда түркі халықтарының рухани мұрасын жаңғырту үшін нақты бағдарламаға
деген қажеттік туындап отырғандығын көрсетіп отыр. Яғни, ең алдымен түркілердің сана-
сезімі мен руханиятын жаңғырту, оның жоғарғы рухани-адамгершілік мүмкіндігін айқындау,
ал, бұл дегеніңіз, рухани тұрғыдан ең жоғары дәрежеге жетуі үшін біртұтас бағдарламаның
жасалуын қажет етеді. Сондықтан да түрлі себептермен түркі мәдениетінің сұранысқа ие емес
тұстары бүгінгі күні жаңғыруды талап етуде. Жалпыхалықтық өркениет тек Батыстың
76
жетістіктерін ғана көрсетіп қоймай, әлемнің өзге аймақтарындағы, әсіресе Еуразия
аймағындағы жаңғырудың уақыты жеткендігін айқындай түсуде.
Түркі әлемі – тарихтың сүрлеулі соқпағында әлемдік тарихқа, мәдениет пен өркениеттің
дамып, бағыт алуына ерекше ықпал еткен, сөйтіп, мызғымас мәдениет пен өркениеттің тууына
негіз болған бірегей әлем. Оның ықпалы мен әсерінің негізгі себебі мынада: түркі әлемі
географиялық тұрғыдан Еуразия континентінің орталық бөлігінде орналасқандықтан Шығыс
пен Батыс секілді екі ұлы мәдениетті тоғыстырған көпір қызметін атқарды. Біздің ойымызша,
көптеген зерттеушілер түркі әлемінің осы бір рөлін атап өтуде төмендегідей қағидаларды
ескере бермейді: біріншіден, өзге мәдениеттердің түркі мәдениетіне деген сөзсіз ықпалы мен
әсерін ескермейді. Ал, бұл дегеніңіз, мәдениеттерді игеру және алыс-беріске түсу дегенді
білдіреді. Екіншіден, түркілердің өздері сол кездің өзінде жоғары дәрежелі мәдениет пен
өркениетке ие болған. Олардың мәдениеті өз көршілерінің мәдениетіне ерекше ықпал еткен.
Көптеген ұлы ғалымдардың пікірінше, түркі өркениеті көршілес өркениеттердің дамуы үшін
бастапқы алғышарттарды да белгілеп отырған, бұдан, әрине, Европа мәдениеті де қалыс емес.
Өркениеттер теориясы мен мәдениеттердің жіктелуі Батыста пайда болғаны белгілі,
сондықтан болар Шығыс мәдениеті әлемі біркелкі зерттелмеген. Қытай, Египет, Жапония,
Үндістан өркениеті туралы теориялық еңбектер тұжырымдары коптеген типологиялық
еңбектерге енген болса (Н. Я. Данилевский, К. В. Леонтьев, Р. Генон, О. Шпенглер, Ж. Гобино,
А. Дж. Тойнби және т. б.), ал түркі көшпенділері мен олардың империялары кез келген
авторлардың еңбектерінде талданылған деп айта алмаймыз. Түркілер туралы жазбалар болған
жағдайда оларды варварлық-бұзақылар ретінде көрсеткен «Шығыс» түркі құрылымдық
концептісіне осыншалық теріс қатынастың себебі неде?- деген мәселелер бүгін ғылымда әлі
теориялық тұрғыдан зерттеулер мен ізденістерді талап етеді.
Осы алғышарттар ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, «түркі өркениеті» ұғымының әлемдік
классификатолар құрамында орын алуының негізгі қағидасы болмақ. Зерттеудің негізгі мақ-
саты түркі сөздерінің әлем тілдерін енуі, оның қолданыс аясының кеңейіп немесе тарылуы,
олардың қандай факторлар негізінде сол тілдің негізгі сөздік қорының элементі болып қалып-
тасты, тарихи, мәдени, әлеуметтік себептері бар ма?- деген сияқты мәселелерді шешу болмақ.
Сондықтан ғылыми зенрттеуде тілдік қарым-қатынастар теориясына, оның басты ерекше-
ліктеріне, түркі сөздерінің иран, хинди, монғол, орыс тілдеріндегі қолданыс аясына
тоқталамыз.
Тілдік өзгерістердің нақты себептері зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отыр.
Қазірге дейін тіл теориясында бұл сала ең күрделі, қарама-қайшылығы мол мәселелердің
қатарына жатады. Осы бiр қиын түйiндi шешуде тiлдiк өзгерiстерді iшкi және сыртқы себептер
деп білу маңызды қадам болды. Тiлде тiлдiк жүйе элементтерiнiң өзара әсерiнен немесе
сөйлеушiнiң санасы мен еркiнен тыс тiлдiң iшкi үдерістер нәтежиесiнде алуан түрлi өзгерiстер
болып жатады. Мұндайда тiл дамуының iшкi факторларына назар аудару қажет. Кейде тiлдiк
өзгерiстерге халықтың тiлiнен тыс себептер де, әлеуметтiк қарым-қатынастар, экономикасы
мен мәдениетiнiң дамуы т. б. түрткi болады. Мұндай факторлар сыртқы факторлар деп
аталады. Тiлдiк өзгерiстерге себеп болатын осындай факторлардың бiрi – қандай да бiр тiлдiң
өзге тiлмен қарым-қатынасқа түсуi. Тiлдердiң өзара қарым-қатынасы лингвистикалық,
психологиялық, әлеуметтiк, этнотарихи т. б. факторларымен тығыз байланысты. Бұл күрделі,
әрі көп салалы құбылыс. Халықтың белгiлi бiр дәуiрiндегi экономикалық, әлеуметтiк, саяси,
мәдени өмiр тiршiлiгi, өзге елдермен қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы ең алдымен оның тiлiнен,
сөз мағынасынан айқынырақ сезiлiп тұрады.
Қашанда өмiрдiң сан қилы салаларындағы құбылыстардың бәрi де тiлдiң сөздiк қорына
ықпал етiп, соның куәсі ретінде тілде сақталып қалады. Сондықтан да әр халықтың өз тұрмысы
мен мәдениетiнiң, оның материалдық және рухани қазынасының айнасы саналатын тiлдiң
сөздiк қорының элементтерiн, тiлдердiң өзара қарым – қатынасын, ондағы ауыс – күйiс
негiзiнде болатын өзгерiстердi жан-жақты зерттеп, анықтаудың теориялық та, практикалық та
мәнi айырықша зор.
77
Халықтың тарихындағы сан қилы факторлардың тiлге тигiзер әсерi де әр түрлi болып
келедi. Қоғам өмiрiндегi оқиғалар тiлдiң морфологиялық, синтаксистiк, фонетикалық
қабаттарында жанамалап барып ықпал етсе, тiлдiң лексикалық саласына тiкелей әсер етiп
отырады. Бұл арада «тiкелей ықпал етедi» дегендi шартты түрде ғана түсiнген жөн. Өйткенi
әрбiр сөздiң мән-мағынасы оның ұғым категориясымен дәлме-дәл сәйкес келiп, үйлесiп жатуы
мiндеттi емес. Себебi белгiлi бiр мағына қалай да белгiлi бiр сөзге ықпал ететiнi анық. Ал
мұның өзi бiрте-бiрте тiлдiк дәстүрге айналып кетедi, ең асыл мұра ретiнде ұрпақтан-ұрпаққа
қала бередi. Сол арқылы ұлттық тiл өзiнiң ұлттық сипатын сақтап қалады.
Тілдің сөздік құрамы өзінің ішкі мүмкіндіктерінің есесінен дамып қана қоймай, сонымен
қатар кірме және шетел сөздер арқылы да толығып, байып отырады. Демек, бір тілден екінші
бір тілге сөз ауысып отыруы тіл дамуының өзіндік заңды құбылысы екендігін, үнемі бір тілден
екінші бір тілге сөз алмасу үрдістері жүріп жатқандығын танытады. «Прежде всего мы имеем
в виду активное воздействие одного языка на другой, в результате чего, второй язык усваивает
новые слова, формы и обороты, расширяя и обогащая этим свою лексику и таким образом,
получая своеобразный толчек для дальнейшего внутренного развития» деп жазады П. Н.
Савицкий [3, 465 б. ].
Тіл-тілдің лексикасына кірме сөздер ауызша түрде де, жазбаша түрде де кіре берді. Ауызша
түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары, олардың ішінде
мәдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ал жазбаша енген кірме сөздер
көбінесе әдебиет пен өнер, дін т. б. арқылы енген және солардың белгілі бір саласына
бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген
сөздер болу қасиетімен сипатталады.
Түркі мәдениеті өзіндік даралыққа ие деген қорытындыға келе аламыз: тарихи мәліметтер
түркілердің мәдениетсіз жабайылар емес, керісінше жеке өркениет, тұрмыс пен заңдарын және
т. б. қалыптастырған өзіндік бір халық екенін көрсетеді. Шығыстың өкілдері ретінде түркілер
Батыс мәдениетіне, олардың өркениетіне өзіндік ықпалын тигізді. Біз түркілер Шығыс
мәдениетінің аса маңызды бөлігі деп санаймыз, осыдан, түркі өркениеті әмбебап «Шығыс»
культурологиялық концептінің ажырамас және маңызды компоненті болып табылады деген
тұжырымға келуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |