Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет45/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
2) Реплика-сұрақ. Алғашқы компонент қажетті мәлімет алу үшін ары қарай не істеу 
керектігіне бағытталған сұрақтар. Олар әңгімелесушінің қызығушылығын арттыра түсуді 
мақсат тұтпайды. Керісінше оның қызығушылығының негізінде ол туралы көбірек біліп, 
өзінің келесі сөйлеу қадамдарын жоспарлайды. Сейітқұл мен Әліқұл аузына суы ағып, еміне 
түсті.
-Иә, сонсоң?...
-Сонсоң қыруар ақша табасыздар. Оны қалтаға мықтап саласыздар [36, 41].  
3) Реплика-жаңа көзқарас. Бұл түрінде коммуникантты талқылап отырған әңгіме 
тақырыбына жаңа көзқараспен қарауға итермелейтін сұрақтар жатады.
Егер былай болса ше? Егер бұл басқаша болса не істейсің? 
-Не дейді, шешей-ау?! Рас дей ме? Ол бетпақты неге ауылдан қумайды екен?! 
Қайдан қусын, қит етсе коммунисіне айтады. Коммунист естісе айдатып, қараңғы үйге 
жабады...  
Арнайы коммуникативтік мақсатына жету үшін субъект сөйлеу қадамының қайсысында 
болса да сол мақсатқа сай ықпал етуші күшті қолданады. Бұдан шығатын қорытынды, сөйлеу 
қадамының қай түрінде болмасын, оның негізгі ықпал етуші күші болады. Тілді адам әрекетіне 
қосатын сөйлесім құрамына ықпал етуші компонентпен қатар сөйлесімнің өзі, сөйлеушілердің 
пресуппозициялары енетін комуникативтік жағдаяты кіреді. Сондықтан қатысым барысында 
ықпал етуші күш ауысып отырады. Осының салдарынан сөйлеу қадамдарының бір 
прагматикалық сипаты екінші сипатына ауысып отырады. Мақсат пен сөйлесім түрлері 
арасында байланыс бір жақты тұрақтылықта көрінбейді. Әр сөйлесімнің бірнеше сөйлеу 
жағдаятына әр түрлі мақсатта жұмсалуы мүмкін.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, 
шығармашылық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің ролін көтеруде. Соның 
нәтижесінде ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, 
мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл 
білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талаптарға 
байланысты орнықты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік сипатын анықтап, 
фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін, сол грамматикалық тәсілдерді қолдану, 
пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, 
мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Ауызекі сөйлеу тілі әдеби тілімізді байытудың қайнар көзі, құнарлы арнасы. Тілдік 
бірліктерді, коммуникативтік дербестіктегі тұлғаларды ауызекі сөйлеу тілімізде қажетімізге 
қарай талғап, елеп-екшеп, өз кәдемізге жарата білсек, халық тілінің бағыты оңалары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет