Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Эдвардс Ч., Браун Р. Реклама в розничной торговле США. М., 1967. С. 9.
2. Усов В. В Основы торговой рекламы. М.: Экономика. 1976. С. 69-72.
3. Феофанов О. А. США: Реклама и общество. М., Мысль, 1974. – С. 19.
4. Овечкин В. Сила успеха. М. Стр. 41
Ахметұлы Ә., Рамазанов Т.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ОҚУ-БІЛІМНІҢ ДАМУЫ
ЖӘНЕ СОЛ КЕЗДЕГІ ОҚУЛЫҚТАР
Аңдатпа: Өткен ғасырдың басында Алаш қайраткерлері қазақтың ұлттық тіл білімін қалыптастырып,
ұшан-теңіз еңбектер жазғаны белгілі. Сол дәуірде терминжасам ұстанымдары толық қалыптасып, термин
қабылдау принциптері айқын қолданысқа енді, терминдердегі бірізділік сақталып, жазба әдеби тілдің
тазалығына айырықша көңіл бөлінді. Осының барлығы сол тұста жазылған оқулықтардан да көрініс тауып
отырды.
Түйін сөздер: ХХ ғасыр, оқулық, Алаш қайраткерлері, термин, терминжасам.
Қазақ Тіл білімі тарихында ХХ ғасырдың басы айырықша орын алады. Себебі, осы кезеңде
ұлттық жазудың енді ғана толыққанды қалыптасуына қарамастан, қазақ тіл білімінің
өркендеуіне үлкен жол ашылды. Тіл білімінің барлық саласында сол кезде замана ағымымен
бірге келген өзекті, күн тәртібіндегі проблемалар қазақ зиялыларының парасаты арқасында
шешімін тауып отырды. Ұлттық тіл білімі қалыптасып, ұлттық жазу зерделеніп, кемелденді.
Ұлттық тіл білімінің барлық саласы біртіндеп өркен жайды.
Оқулық мәселесі – бір ұлттың тілі, руханияты, дамуы жөнінен алғанда, қай ғасырда
болмасын өзекті әрі ауқымды тақырып.
Өткен ғасырдың басында Алаш қайраткерлері қазақтың ұлттық тіл білімін қалыптастырып,
ұшан-теңіз еңбектер жазғаны белгілі. Сол дәуірде терминжасам ұстанымдары толық
қалыптасып, термин қабылдау принциптері айқын қолданысқа енді, терминдердегі бірізділік
сақталып, жазба әдеби тілдің тазалығына айырықша көңіл бөлінді. Осының барлығы сол тұста
жазылған оқулықтардан да көрініс тауып отырды.
ХХ ғасырдың басы тек қазақ халқы жөнінен ғана емес, күллі адамзат баласының даму
тарихы жөнінен алғанда да өзгеріске, дамуға, ауыр сын сағаттарға толы сындарлы кезең
болды. Әсіресе, көптеген халықтар ұлт ретінде замана сынағынан сүрінбей өту мен құрып
жоғалудың талқысына түсті. Сол дәуір тұрғысынан алғанда, заманауи технологиялардың
жарыққа шығуы арта бастаған кезеңде, ғылым мен білімге деген сұраныс артып, адамзат
қоғамы өзгеше форматта, жаңаша үлгіде дамудың жолына түсті. Сондай-ақ империялар
арасындағы шонжарлыққа таласу, дүниені қайтадан бөліске салу ниеттерінің асқынуына
92
байланысты, адамзат баласы жарты ғасыр ішінде ғаламның ауыр қасіретін арқалаған ілгерінді-
кейінді екі реткі «жаһандық соғысты» бастан кешірді. Осындай ауыр сынаққа толы
жүзжылдықтың басын сәтті бастаған Еуропа халықтарымен бірге, күні кешеге дейін
«көшпенді халық» атанып келген қазақ ұлты да ғылым мен білімнің бәсеке бәйгесіне түсуіне
тура келді. Басым бөлігі қыс қыстау, жаз жайлау – дәстүрлі мал шаруашылығын негіз еткен
халқымыз енді аттан түсіп, жалпыұлттық оқу-ағартудың, өнер-білімнің, ғылымның сара
жолына түсуі керек болды. Осылайша мыңжылдықтар бойы адамзат өркениетіне ұшан-теңіз
үлес қосқан, адамзаттың руханияты мен ғылымында киелі есімдері аталатын небір ұлы
тұлғаларды туған көшпенді түрік жұртшылығы, сондай-ақ қазақ даласы ендігі кезекте,
отырықшылық пен қалалық өркениеті ілгерілеген, ғылым-техника күштерінің арқасында
төңіректегі жұрттардан оқ бойы озып кеткен Еуропадан үлгі-өнеге алып, заманауи білімге
белді бекем байлап кірісе бастады. Ғасыр керуенінің, замана талабының ырқына көніп, ежелгі
ата-бабадан келе жатқан өмір салтын өзгертіп, аз-ақ жыл ішінде ағарту жолына түсіп кету –
қандай халық үшін де оңай басып өте салатын жол болмасы айдан анық. Әрине, бұл осыған
дейін қазақ жұрты арасында мүлдем оқу-білім болмады дегеннен дерек бермейді. Бұған дейін
де ескіше білім алған жоғары сауатты тұлғалардың әрбір ауылдардан тартып, мемлекеттік
деңгейге дейін елдің іргелі істерін жүргізгені белгілі. Одан сырт, ұлы даланың жер-жерінде
санамалап болса да пәни білім ошақтары, бастауыш мектептер, орыс-қазақ тілді мектептер бар
еді. Тіптен, арысы адамзатқа, берісі түгел түрікке, алты алаш баласына мағлұм болған Абай,
Ыбырай, Шоқандар бастаған ұлы тұлғалардың ілім бастауының қайнар көзі қазақтың қасиетті
топырағында болғаны талассыз ақиқат. Сондықтан ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында тұтас
ұлттың рухани ояну дәуірі болғаны белгілі.
ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлт көшбасшылары мен зиялылары Қазақ қоғамының
дамуы мен әлемдегі халықтардың дамуын өзара салыстырып, түрлі бағыт-көзқарастармен
таныса отырып‚ өзіне тән ерекшелігі, өзіндік болмысы, ұстанымы бар, дәстүрін сақтаған,
сонымен қатар өнер мен білімнен, мәдениеттен де қалыс қалмаған қазақ қоғамын құруға,
ұлттық сананы, ғылыми сананы оятып, жаңа қоғам қалыптастыруға талпынған. Ұлттың өзіндік
белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз
беттерінше білімін жетілдіре отырып‚ қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған‚ баспасөз бетінде
түрлі пікірталастар ұйымдастырып отырған. Олар бұл жолда ұлттық мәдениеттің, әсіресе
тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді. Осыған байланысты ұлт көсемдері Ә.
Бөкейхан:«Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың
сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек»,
– деп жазса, А. Байтұрсынұлы: «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу
керек. Ол үшін, ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі
мен әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз», - деп жазды [1, 22]. Ел
тарихында орны ерекше осынау егей тұлғалардың мұндай ұлы тұжырымдарға келуінің арғы
жағында тарихи себептер мен сол тұстағы қоғамдық өмірдің шынайы болмысы менмұндалап
тұр.
Тарихқа үңіліп, өткенге көз жүгіртер болсақ, ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін игі
бастамаларға, үміт артар шараларға толы болғаны көрінеді. Әсіресе, төрт төңірекке көз салған,
алысты болжай білетін, көреген дарын иелері заманауи ілімге сусап тұрған қазақ елін өнер-
білімге ынталандырғаны, сол жолда тынбай еңбек етіп, түгел халықтың болашағы үшін түн
ұйқыларын төрт бөліп, аса ауқымды жұмыстар істегеніне көз жеткіземіз. Қазақтың бас ақыны
– Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы шығармаларының сиясы кеуіп үлгірместен, қолдан-қолға
көшіріліп, Арқаны кезіп кетуі жаңалыққа жаны құштар қазақ қауымының сол кездегі бір
бейнесі болса, Абай туралы естеліктер растап тұрғанындай, Семейдегі кітап атаулыны
түгелдей оқып бітіріп, ұлы санасы әлі де шөліркеп тұрған ғұламаның Петербордан (Петербург)
әлемге әйгілі классикалық кітаптарды алдыруы ұлт тағдырын ойлаған ұлы фиолсофтың асқар
таудай арман-мұратының бір көрінісі. Ал Абайдың адамзаттың жауһарына айналып бара
жатқан «қара сөздері» мен жаңаша ойға, жұртты оятуға құрылған теңдессіз поэзиялық
шығармалары ұшы-қиырсыз парасаттың, ірі ізденістің жемісі еді. Бәрінен де маңыздысы, Абай
93
Құнанбайұлы И. А. Крыловтан, М. Ю. Лермонтовтан, А. С. Пушкиннен, т. б. ақындардан
ылғап, іріктеп отырып аудармалар жасауы өзінен кейінгі ұлт зиялыларының ұлы ұстаным
қалыптастыруына негіз болғаны анық. Ал «Кел балалар оқылық», «Мұсылманшылық
тұтқасы», «Өнер-білім бар жұрттар» қатарлы кесек шығармаларымен ел жүрегінен мықтап
орын алған, қазақтың аса көрнекті педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай
Алтынсаринның халқымыздың оянуы, алға басуы жолындағы ұлы бастама көтеруі де
кейінгілердің дара жол ашуына негіз болғаны байқалады. Қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш
өкілдерінің бірі Шоқан Уалихановтың қысқа ғана ғұмырында жазып кеткен еңбектері ХХ
ғасыр басында жауыннан кейінгі жауқазындай қаулаған ұлт зиялыларының қалыптасуына
үлкен көмегі тигенін білеміз. Мінеки, осылайша елдің ел болып қалуы мен құрып жоғалуы
сынға түскен, тартысқа толы ХХ ғасырдың басында қазақ рухани көшінің бұйдасын Әлихан
Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған зиялылар қолға алды. Аталған
көшбасшылардың ұлы бастамаларын ары қарай дамытып, қысқа уақыт ішінде (ширек ғасыр)
қазақ халқын оқыған оқымыстылар саны көп, ғылымның әр саласының жүгін еркін арқалай
білетін зиялы қауым өкілдері мол, алғабасар ұлт етіп қалыптастыруға ерекше еңбегі сіңген
бірегей тұлғалардан: Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытұлы, Қошке Кеменгер, Мұхтар
Әуезов, Халел Досмұхаммедұлы, Құдайберген Жұбанов, Нәзір Төреқұлов, Қажым Басымұлы,
Ахмет Мамытұлы, Тұрағұл Абайұлы, Смағұл Сәдуақасов, Телжан Шонанұлы, Елдес Омарұлы,
Мағжан Жұмабаев, Нәзипа Құлжанова, т. б. көптеген ғалымдар мен қайраткелерді атауға
болады.
ХХ ғасырдың басындағы тілдік жағдаятқа, оқу-білім істеріне анықтап көз жүгірту үшін,
ояну дәуірі болып саналған бұл кезеңді бірнеше тұрғыда қарастыруға тура келеді. Атап айтар
болсақ, бір халықтың белгілі тарихи кезеңіндегі жалпы жағдаятқа дұрыс баға беру үшін, сол
кезеңдегі жазу (әліпби) мәселесі, оқу-білім беру істері (оқу құралдары, оқулықтар, мектеп,
оқытушы, оқыту құрылғылары), баспасөз істері, т. б. негізгі жағдайларды айналып өтіп кетуге
болмайды. Жаһанданудың кіші тұрпаты болып саналатын Еуропаөзектілік (Европацентризм)
белең алған ХХ ғасыр басында, ірі империялар арасындағы бақталастық пен тақталастықтың
құрбаны болып кетпеу үшін, кеш оянған халықтар ірілі-ұсақты қам-қарекет жасағаны белглі.
Ал қазақ жұрты осы тұрғыдан алғанда ағартудың алдыңғы көшін бастап тұрғанын байқаймыз.
Ендеше, біз өткен ғасыр басындағы тілдік жағдаятты айқындау тұрғыснан атап өткен бірнеше
жақтардың сол кездегі жағдайына үңіліп көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: |