Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ХХ ғасыр басындағы оқу-білім істері



Pdf көрінісі
бет54/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

ХХ ғасыр басындағы оқу-білім істерінің күй-жайына тоқталу үшін, одан бұрынғы 
жүзжылдықтың кемінде жарты ғасырындағы ағартушылықтың жағдайына назар аударуымыз 
керек. Себебі, қандайда бір елде білім беру саласының дамуы аяқ астынан аспаннан түскендей 
керемет бола қалмасы анық. Мәлім елдің қоғамдық өмірінің қандайда бір саласы алға озып 
дамыса, оның арғы жағында жатқан тарихи сабақтастық болады. Яғни бір халықтың өнер-
білімі бір-ақ күнде даму жолына түсе салмасы анық. Қазақ халқының да өткен ғасыр басында 
оқу-білім саласы біршама тез, орнықты дами бастауының аржағында тарихи себептер, ата-
баба жолымен тығыз сабақтастықтар болғанын көруге болады. «Ескіше оқу» аталып кеткен 
медреселік білім беру жүйесінің біршама сұранысқа ие болып, қазақ топырағында діни 
ағартудың тым ертеден өркен жайғанын тарихи фактілер одан сайын дәлелдей түседі. Әсіресе 
қазақтың үш биігі – Абай, Ыбырай, Шоқаннан тартып, олармен дәуірлес немесе олардан 
бұрын ғұмыр кешкен кез-келген көшбасшы тұлғалардың, дуалы ауыз шешендердің, ақын, 
жыршылардың, сұлтан, би, бай-бағландардың ескіше сауат ашқанын білеміз. Бұл айтылымды 
растайтын деректерге көз жүгіртейік:
Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте 
кезеңінде-ақ (7-8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, 
діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, 
Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т. б. қалалардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 
мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде 
орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т. б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы 
халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 
4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7-9 жастағы балалар 
бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені 
үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін 
жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті.
Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің 
молдаларын, қазиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары 
лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны 
ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-
демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. 
Мысалы, орта ғасырдағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, 
екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы «Ғалия» 
медресесінде Т. Жомартбаев, М. Сералин, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза 
медресесінде Абай Құнанбайұлы оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пән-
дерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астроно-
мия, медицина, т. б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. 
Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды 
тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман 


95 
мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына 
салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, 
бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ [2].
Аталған мәліметке сүйенсек, қазақ даласындағы оқу мен білім берудің тамыры тереңде 
жатқанын, мақаламыздың арқауы болған ХХ ғасыр басына дейін де күллі алаш баласына ұстаз 
болған, қазақтан шыққан ғұламалардың бәрінің де арнайы білім алғанына көз жеткіземіз. Енді 
біз қазақ топырағыныда ХІХ ғасырда ашылған мектептерді тізбелеп, зер салып көрейік. Осы 
арқылы өзгеріске толы өткен ғасырдың басында қазақ халқы жаңа өмірге қаншалықты дайын 
екенін тұспалдауға болады:
Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орталық аудандарындағыдай әкімшілік 
жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер 
мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы 
мақсатта Омбыда 1789 ж. «Азиялық училище» ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да 
қабылданды.
1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты.
1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет училищесі (ол 1844 ж. кадет 
корпусы болып аталды).
1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери училищесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл 
оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла 
Өскенбаев, т. б. оқып бітірді.
1850 ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін жеті жылдық 
мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы педагогі Ы. 
Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның 
жанынан интернат ашылды. Ол педагогика классиктерінің (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, 
Л. Н. Толстой, т. б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, өзі ашқан мектептердің оқу 
жүйесіне енгізді. Оның «Қазақ хрестоматиясы» (1879) мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің 
бастауыш құралы» (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демократиялық 
бағыттағы еңбектер еді. Ы. Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі 
ашқан қазақ-орыс мектептерінде басқа ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, 
«Мұсылмандық шарттары» атты оқулығын жазды. Онда діннің имандылыққа, адамгершілікке 
тәрбиелеу шарттарын оқушыларға түсіндіру мақсатын көздеді. 1879 – 89 ж. Торғай облысы 
халық ағарту училищелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз 
уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. 
Ол «балаларды жазалап оқыту» әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тілімен қоса орыс тілін, 
арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп 
келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты 
миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн 
тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда 
болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, 
бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н. И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, 
екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін 
өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. 
Құнанбайұлы сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай «дүниенің кілті өнер-білімде», «дүние 
де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз», – деп жастарға жар салды[2].
ХХ ғасырдың есігі ашылғанға дейін қазақ жұртының жалпыбеттік болмаса да, ағарту ісінде 
алдыңғы лекте болғанын осы деректерден аңғаруға болады. Әрине, тарихтың бұл белесінде ел 
билігінің тізгіні Ресей империясына әлдеқашан өткендіктен, көптеген білім ошақтарында 
орыстың ықпалы айырықша басым болғаны, алағай да бұлағай замана дауылында ұлттың ұлы 
тұлғалары қазақ қауымының оянып, өнер-білімге бет алуына бағдаршам болғаны белгілі. Абай:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.


96 
Өздеріңді оңалар дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң, енді өз ырқың, – деп, тәуелсіздігінен айырылған халықтың 
қасіретін обьективті түрде мойындай отырып, жұртты оянуға шақыруында осындай тарихи 
себептер бар болатын. Қазақ қауымы жөнінен алғанда, өткен ғасырдың басы қаншама ұзақ әрі 
ауыр күрестерге толы болса, оған дейін де қазақтың көшін бастаған зиялылар замана жағдайын 
тура бағдарлап, нақты жағдайды дұрыс бағалап, бәсекеге толы жаңа бір жүзжылдық келе 
жатқанын ескерте дабыл қаққаны байқалады. Енді біз бірегей тұлғаларды тудырған ХХ 
ғасырдағы оқу-білім ісіне зер салсақ:
А. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Оқу ана 
тілінде жүргізілсін» деген талап қойды. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде тұңғыш әліппе құра-
лын жазды (1912). Оның 1892 ж. Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген оқу құралы 
жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде 
пайдаланылып келген.
1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А. Байтұрсынұлы халық комиссары 
болды.
1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. 
Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси 
тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т. б. мәселелер қаралды.
1922-23 жж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз 
шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде «Физика», 
«Грамматика», «Педагогика», «Алгебра», «Мектеп гигиенасы», т. б. бар. Бұл оқулықтарды 
жазуға А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, С. Аспандияров, 
Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т. Жолдыбаев, т. б. қатысты.
Бір дәуірдегі оқу-білімнің жайына нақты талдау жасау үшін, оқу-білім барысындағы оқу 
құралдарының маңызы аса зор. Себебі, мектептер саны мол, оқушылары көп болумен бірге, 
онда сабақ (пән) ретінде оқытылатын оқулықтардың саны мен сапасы басты мәселе саналады. 
ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов бастаған 
ұлт зиялылары оқулықтар аудару, жазу, баспадан шығару ісінде үлкен белестерді бағындырды. 
Мыңдаған таралыммен басылған оқулықтар саны ғана емес, сапасы жағынан да өте жоғары 
деңгейде болып, ғылымға шөліркеген жұртқа сусын болды. Қазақ елі дербестік алып, Қазақ 
Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы болып құрылған соң, қазақ халқының 
рухани дамуына біршама жол ашылды. 1923 жылы 22 қарашада тіл туралы декрет қабылданып, 
онда қазақ тілі орыс тілімен қатар мемлекеттік дәрежеге ие болды [6, 7]. ХХ ғасырдың 
басындағы ұлт қайраткерлерінің мұраларынан қарағанда да, осы кезең олардың арындап 
жұмыс істеген уақыты болды. Әсіресе, А. Байтұрсынұлы 1912 жылдан бері жыл сайын 
кемелдендіріп, дамытып отырған ұлттық жазудың проблемалары да осы кезеңде негізінен 
шешіліп болды. Мемлекеттік және қоғамдық орындарда қазақ тілінде де іс қағаздарын жүргізу 
қолға алына бастады. Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі артты. Соған байланысты: 
- қазақ тілінде оқулықтар шығару; 
-мектептерді қазақ тілінде жазылған оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету; 
- қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындау; 
- орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту сияқты шаралар жүзеге 
асырыла бастады [6, 8]. Әлихан Бөкейханның «Жағырапиясы», А. Байтұрсынұлының «Тіл – 
құралы» мен «Әдебиет танытқышы», М. Жұмабаевтің «Педагогикасы», Ж. Аймауытовтың 
«Психологиясы», Елдес Омарұлының «Пішіндемесі (Геометрия)» мен «Физикасы», Тілеу ұлы 
Жұмағалидың «Гигениесі (саулық сақтығы)», т. б. жүздеген оқулықтар сол кезеңдегі ұлт 
жанашырларының ұшан-теңіз еңбектері еді. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кеткен жөн, сол 
кезде тек жоғарыдағыдай арнайы пәндер төңірегінде оқулықтар ғана жазылған жоқ, ауыл 
шаруашылығы мен мал шаруашылығы, отырықты өндіріс пен қалаласқан өнер-кәсіп, 
денсаулық сақтау ілімдері, бала бағу, бала оқыту, т. с. с. ел тағдыры жөнінен аса маңызды 
болып саналатын, кішігірім салаларға дейін тақырып етілген кітаптар жазылды, аударылды. 
Бір ғана Абайұлы Тұрағұлдың «Балалы әйел нені білуі керек», «Қолдағы малдардың, 


97 
құстардың құрт ауыру болмағының жайы» (Семейдің гүбірнелік баспасы, 1925 жыл) атты 
аудармалары, Н. Құлжанова «Мектептен бұрынғы тәрбие», Оренбуруг 1923 г.), Кемел ұлы 
Ғали М. Грематскейден аударған «Жер үстіндегі тіршілік қалай басталып жаралды һәм өсіп-
өнді» (Мәскеу, 1924 жыл), Абдолла Байтасұлы «Жануарлар туралы әңгімелер (Тәшкент, 1924 
жыл)», Ахмет Мамытұлы «Өсімдіктер һам олардың өмірлері» және «Адам баласы қайдан 
келеді» т. б. көптеген еңбектер осы сөзімізге дәлел [7, 43].
1920-30 жж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан 
мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы 
жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ 
мектебі), оқушылар саны 215, 1 мыңнан 320, 1 мыңға жетті (оның 124, 9 мыңы қазақ). Алайда 
қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 
11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, 
қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта 
мектептерінің саны аз еді. 1927-28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, 
Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-
ларға кетіп жатты.
1929 ж. Республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб 
әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб 
әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, 
орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті.
Қарап отырсақ, бастау көзін тым тереңнен алып жатқан қазақ оқу-ағарту ісінің ХХ ғасырға 
келгенде өте тез қарқынмен дамығанын, ұлт көшбасшыларының осы салаға барынша мән 
беруінің арқасында, іргелі жұмыстар істеліп, жемісін жалпыжұртшылық көргенін байқаймыз. 
Бастауыш-орта мектептердің өткен ғасыр басындағы жай-күйі осындай болғанда, қазақ 
еліндегі жоғары білім берудің алғашқы беталысына да соқпай кетуге болмайды. Себебі, өткен 
ғасырдың басында ұлт еңсе көтеруінің ұйтқысы болған тұлғалар дерліктей Орыс 
қалаларындағы білім ордаларында білім алған жоқ. Сол кезде білім мен өнер көкжиегіне 
үңілген қазақ қауымының ішкі сұранысына орай, ірі-ірі оқу орындары бірінен соң бірі ашыла 
бастады. Бүгінгі таңда Қазақстанның маңызды жоғары оқу орындарының негізі де өткен 
ғасырдың алдыңғы ширегінде қаланды. Атап айтар болсақ:
1919-20 жж. Орынборда, Ордада, Семейде ағарту инситутттары, 1920 ж. қарашада 
Түркістан мемллекеттік университі (кейіннен Орта Азия университеті) ашылды. Бұл 
университетті Орта Азия мен Қазақстан үшін кадр даярлаудың негізгі орталығына айналды. 
Оның жанында қазақ жастарын оқытатын арнаулы бөлімдер болды.
1920 ж. Ордада, Бөкей халық ағарту ісі бөлімшесінде Бөкей ағарту институты ашылды. 
1921 ж. Орынборда (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда Қазақ халық ағарту 
институттары ашылды. Бұл жылдары Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы 
қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп отырды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі Қазақ 
ағарту институты педагогикалық институт деп аталды.
Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты 1928 ж. 
Алматы қаласында ашылды.
1929 ж. Алматы малдәрігерлік институты, 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институты, 
1931 ж. Қазақ медициналық институты, 1932 ж. Орал педагогикалық институты ашылды.
1932 ж. республиканың 6 жоғары оқу орынында 2 мың студент оқыды, олардың 40, 5%-ы 
қазақ жастары еді.
1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті және Тау-кен-металлургия институты ашылды [2].
Осы деректер өткен ғасырдың басындағы ұлт қайраткерлерінің өздері айтып кеткеніндей, 
қазақ елі ширек ғасыр уақыт ішінде «өнер-білім бар жұрттар» қатарына өткенін айғақтайды. 
Демек, оқу-білім қайнар көзінің тарихын арғы ғасырлардан алатын қазақ қауымынан өткен 
ғасыр басында әрбір қуаттамасымен күллі қазақ, орыс, және өзге де ұлттардың зиялы қауымы, 


98 
тіптен жалпы ғылым саласы санаса білетін интелегенттердің, көшбасшылардың тууы заңды 
құбылыс.
Біз жоғарыда ХХ ғасыр басындағы оқу-білім істерінің жағдайын тереңірек білу үшін, сол 
кездегі жазу мәселесіне, мектептер мен жоғары білім ошақтары жөнінде тоқталып өттік. 
Дегенмен, оқу-білім істері, оқу құралдарының дайындалуы сол тұстағы ақпарат-
баспасөздерден еш уақытта бөліп қарауға келмейтіні белгілі. Сондықтан да, ХХ ғасыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет