94
қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін
графикалық таңбалар,
сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды» дейді[4, 23].
Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты
байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі
жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою
үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз»,
«қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс
графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс
жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді. Ал
ғасырлар керуенінде қашан да ұлы империялардың дегені болатынын ескерсек, 1930 жылдары
ресми бұйрықпен
бекітілген латын графикасы, он жылдан кейін тағы да орыс жазуы
негізіндегі кирилл әліпбиіне көшу сынды замана толқынына ешкім де тойтарыс бере алмас еді.
Ә. Жүнісбек қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ дейді. Өйткені ол
«қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі» десе
де болады деген еді [5].
Достарыңызбен бөлісу: