134
сай пайғамбар есімін атау ережесі болады сол себепті азан шақырылып қойылған есіміде
белгілі себептермен қолдануға ыңғайсыз болған.
«Абай» жалқы есімінің денотатты мағынасы
Абай болды зат. Ықылас, ынта, назар.
Қаланыңкем-кетігін толтыра түсіп, жаңа келген адамның
абайын өзіне аудартқан (Р.
Райымқұлов, Бұрылыстар)
Абай болды. а) сақ болды, алды-артын байқады. Қағып-сүртіп киімін, Киінер кезде
абай
бол, Еріңнің жаға-жеңіне (Базар Жырау, шығ.).
Абай бол, ауылға тезірек жетуге тырыс. Біз де
тез қайтып қалармыз (Ә. Әлімжанов, Махамбет.). Ауру малды союшылар тазалық сақтап,
абай
болуы қажет (Т. Тілеуғалиев, Ет эксперт.). ә) Көз болды, бағып-күтті, қарады. Өзге
жылқышыларға екеуің бас-көз боп, малға жақсырақ
абай болғайсың (З. Жәкенов, Таң самалы).
Қыстауға ерте кірсек, бүрге шығады және ешкі-лақтарға
абай болайық деп бұлар түн
салқындаса да далада жататын (М. Иманбаев. Жеткіншектер). [2]
Жоғарыда көрсетілген мысалдар
абай семасының кең мағынасын айрықша бейнелейді.
Абай есімінде астарлап қойылған есім. Бала Ибраһим жас күнінен ақ сөзге зерек, ісіне жауапты
болғанын білеміз. Сондықтанда осы сөз Абай болмысына толық сыйымды. Дәл осы есім Ұлы
Абайдың зерек, сақ, алғыр болғанын көрсетеді. Келесі мәселе Ұлы Абайдың азан шақырылып
қойылған есімі Ибраһим діни негізбен ауыз-екі тілде еркін қолданыла алмайтындығы.
Біріншіден ол пайғамбар есімі, екіншіден ат-тергеу қазақ ұлттық дәстүріне сай қайын жұрттың
аты келін-жеңгелермен аталмауы шартынан жаңа онимның туу.
Діни ұғымдар, дәстүрлі наным-сенімдер, салт-сана, әдет-ғұрыптардың, моральдық-
этникалық нормалардың немесе басқа да әлеуметтік себептердің негізінде қалыптасатын
табумен эфимизмдер қай мәдениетте, қай тілде болмасын сөздік құрамның дамуына, сөз
мағынасының өзгеруіне үнемі әсерін тигізіп отырады. Мәселен, олар сөз мағынасының
кеңеюіне және соның салдарынавн кейде күтпеген жерден кез келгенсөздің басқа бір ұғымның
соны атауына айналып кетуіне тікелей себепші болады. [3]
Осы пайымдауларға сәйкес Ибраһим есімі Абай атануы бекер еместігін аңғарамыз. Абай
түбі Түркі ұлт өкілдеріне кең танылған есім. Бұл есімнің өзі тәрбиелік мағынада қолданылады.
Есім өз алды прецедентті мәтінге айналғанында ескеруіміз қажет.
Абайдың ақылын [басын] берсін... . алғыс.
Бар өнер, бар жақсылық өзіңе болсын. [4]
Күлтегіннің күлгесіңген мұң-зары,
Менікі екен бұл күні.
Бізді ылғи әзәзілдер торыды,
Есжи!
Ердің естіліп тұр зор үні.
Абайымның сөзін бірақ кім ұғып,
Абылайдың түсін қай ұл жорыды... (Таскітабы) [5].
Қорыта келгенде, Абай есімінің аксиологиялық стереотип ретінде бұл есім өзіне тек
жағымды мағына ретінде қолданылатыны, тек байыпты атау үлгісінде ұлттық санада
бекітілгендігін атай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: