130
Өйткені өзіндік заңдылықпен қолданылмаған сөз сезімді де білдірмейді, тілдегі орнына сай
қызметін де атқара алмайды. Мәселен, белгілі бір тілде сөйлеу үшін, сөздіктен қаншама көп
сөзді жаттағанмен,
оны дұрыс қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін
емес.
Сонымен қатар сөздің қай жағы /қалпы, мағынасы, қызметі, т. б. / жетекші деген көзқарасқа
келетін болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы
мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келіп, тілдік қатынаста әрқайсысы өзіндік
қажеттілікпен, орнымен көрінеді.
Тіл үйренуде қажетті сөздер мен сөздік құрамды игеру лексикалық материалдарды оқыту
барысында басты орын алатын сөздік минимумды ескеруді талап етеді. Оқу кезеңінде жаңа
сөздер күн санап өсіп отырады. Алғашқы үйренген сөздер мен кейіннен жаттаған лексика бір-
бірін толықтырып, сөздік құрамда үздіксіз қолданылып жүрсе ғана, ол сөйлеу үшін тиімді
саналады.
Сөздік минимумға енетін сөздер айтушының да, оқушының да, тындаушының да тілдік
қарым-қатынасына сәйкес, қолайлы болуы керек. Лексикалық тұлға айтатын адамға да, оқи-
тын адамға да, тындайтын адамға да түсінікті болмаса, қатынас жүзеге аспайды[367]. Сондық-
тан сөздік-минимумның құрамыңдағы лексикалық тұлғалар мынадай мақсаттарды көздейді:
- айтылым әрекетіне сай барлық фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларды
сақтайды;
- оқылым әрекетіне сай жазбаша нормалардың ережесіне сәйкес болады;
- тындалым әрекетіне сай естілу нормасы ескеріп жасалады.
Тілді үйрену сол тілдің сөздік құрамындағы барлық лексиканы түгелдей білумен
өлшенбейді, бір оқу жылында тілдің сөздік қорын бүтіндей меңгеру мүмкін де емес.
Сондықтан сол сөздік қордан сөйлеу үшін қажетті лексикалық минимумды сұрыптап, тандап
ала білу керек.
Әдістемелік әдебиеттерде /Н. Рахманов, С. Әбдіғалиев/
лексикалық минимумды топтас-
тырудың өзіндік қағидалары жеке қарастырылады. Мұндай қағидалар бірнеше топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: