Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


I. Интуициялық принцип. II. Статистикалық принцип. III. Әдістемелік принцип



Pdf көрінісі
бет80/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

I. Интуициялық принцип. II. Статистикалық принцип. III. Әдістемелік принцип. 
Лингвистикалық принцип.  
Интуициялық принциптер педагог-зерттеушінің тәжірибесі мен ойына негізделеді. 
Статистикалық принциптер сөздердің қолданылу жиілігі мен таралу өрісін негізге алатын 
сандық мөлшерге қатысты болса; әдістемелік қағидалар оқыту бағдарламасы мен алынған 
тақырыптарға сүйенеді. Лингвистикалық принциптер сөздердің сөздік құрамдағы орны мен 
өзара тіркесу мүмкіндігіне қарай лексикалық минимумды сұрыптап, топтастырады.
Сөздік минимумды тандау үшін алынатын өлшемдер көбінесе И. В. Рахмановтың еңбек-
терінде айтылған. Ол сөздікті іріктеуде мынадай белгілерге сүйену қажет деп есептейді: *сөз-
дердің мағыналық жағы; * тіркеу ерекшелігі; * стильдік қолданысы; * сөзжасамдық қасиеті; * 
көп мағыналылығы; * көмекші сөз ретінде жұмсалуы; * өрісі; * ұғымға қатысы; * синонимдік 
ерекшелігі.
Жалпы лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерде лексикалық минимумды сұрыптау әр 
түрлі принциптерге негізделеді. Бірақ минимум құрамын екі топқа бөліп алу туралы пікір 
олардың бәріне ортақ. Зерттеулердегі сөздік құрам төмендегідей екі топқа жіктеледі: активті 
сөздік қор; пассивті сөздік қор.
Сөздік қорды активті және пассивті деп ажырату тілді үйрету барысыңда қаңдай сөздерге 
айырықша көңіл бөлу керектігін және сабақ үстінде алдымен қай лексикадан бастау 
қажеттігін, сөздердің қолданылу жиілігі мен тіркесу қабілетінде қайсысы негізгі екендігін т. 
б. анықтап алуға мүмкіндік береді.
Активті сөздік қорды оқыту, негізінен, сөздердің мағыналық ерекшелігін меңгеруге 
байланысты жүргізіледі. Мұңда сөздің тура мағынасы, синонимдер, антонимдер контексте 
жұмсалады. Минимумға синоним сөздердің доминанттары /синонимдік қатарға ұйытқы 
болатын сөз/ кіріп, басқа синонимдес сөздер енгізілмейді. Оқушыларға активті сөздік қорды 
меңгерту контекст, мәтін, диалог, жаттығу арқылы орыңдала келіп, оқылым, жазылым, 


131 
тыңдалым, тілдесім әрекеттерін түгел қамтиды. Мұндай жұмыстардың өзгешеліктері де, 
түрлері де көп.
Пассивті сөздік қорды оқыту тілдік қарым-қатынаста әдеби стильдің түрлерін үйрену үшін 
оқушылардың өз бетімен жұмысын дамытумен қатысты. Тіл үйренушілер сөздіктен өздеріне 
керек лексиканы іздеп, оны пайдаланады. Пассивті сөздік қор активті сөздік қорға сүйеніп 
топтастырылады және белгілі бір мақсатты жүзеге асыруды көздейді. Пассивті сөздік қормен 
жүргізілетін жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуді, лексикалық 
материалдарды оқытудың тиімді әдістемелерін меңгеруді талап етеді.
Тілдік қарым-қатынаста кездесетін лексикалық тұлғаның бірі – тұрақты сөз тіркестері. 
Тілдік қатынастың жүзеге асуы хабардың /ақпараттың/ айтылуына, жеткізілуіне, 
қабылдануына тікелей байланысты. Қандай болмасын хабардың түрі тілдік қарым-қатынас 
арқылы лексикалық тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік 
бөлшектердің де, тұрақты тіркестердің де өзіндік атқаратын қызметі бар.
Қатысымдық әрекетте басты көңіл бөлетін нәрсе – тілдік тұлғалардың жеке қолданылуы 
емес, олардың бір-бірімен өзара байланысқа түсу арқылы белгілі бір ойды, пікірді жеткізуге 
себепші болатын заңдылықтары. Тілдік бөлшектер өз алдына жеке, дербес тұрғаңда қарым-
қатынас құралы бола алмайды, сондықтан мұндай жағдайда түсінісу де болмайды. Белгілі бір 
хабарды жеткізу мақсатында әрбір сөз нақтылы мағынаны білдіру арқылы бүтіндей жүйелі 
байланысқа түседі де, адамның ойын екінші біреуге түсінікті етеді.
Сөз жеке тұрғанда зат не құбылыстың аталымы ғана болып табылады. Ол басқа тіддік 
тұлғалармен өзара мағыналық байланысқа түсіп, сөйлеушінің айтар ойын жеткізсе, онда ол 
түсінісу құралы ретінде танылады. Сондықтан сөз жеке тұрғанда лексикалық тұлға ретінде 
атаулы қызмет атқарса, басқа сөздермен байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық 
қызмет атқарады. Бірақ сөздің жеке қолданылуының екінші жағы да бар. Егер сөз белгілі бір 
ойды жеткізу мақсатында атаулы сөйлем ретінде қолданылса, ол дербес лексикалық тұлға 
есебінде емес, қатысымдық тұлға тұрғысында жұмсалады.
Қатысымдық тұлға ретінде жеке сөз бен тұрақты сөз тіркестерінің әрқайсысының өзіндік 
ерекшеліктері бар.
Сөз бен тұрақты тіркестің қызметі атау мен хабарлаудың ара жігін айқындаумен 
байланысты. Жалпы лингвистикадағы хабарлау /информативность/ мен қатысымдылық 
жөніндегі ұғымдарды ажыратып алған жөн. Егер сөз хабар беру мақсатымен қоса жауап алуды 
қамтамасыз етсе, онда бұл қатысымдық әрекеттің жүзеге асқандығын білдіреді, ал тек баяндау 
үшін айтылса, ол хабарлау /информация/ ғана болып табылады.
Тұрақты сөз тіркестерінің қатысымдық ерекшеліктері олардың құрамында бірнеше 
сөздердің тіркесіп келуі жағынан көрінбейді, керісінше сол бірнеше сөздің қатыса келіп, әрі 
атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіру арқылы, қатысымдық және ақпараттық мәнге ие 
болуына қатысты қарастырылады. Мысалы, "қой аузынан шөп алмас" деп айту арқылы адам 
мінезінің жуастығын, момындығын атап қана қоймай, сонымен қатар оған мінездеме де беріп, 
оның өзіңдік ерекшелігін сипаттаймыз. Осындай мінездеме берілген жанмен қандай қарым-
қатынас жасауға мүмкіңдік болатынын да түсініп, соған қарай өзімізді бейімдейміз. Жалпы 
тұрақты тіркестің мағыналық, экспрессивті-эмоциялық ерекшелігіне сай адамдар арасыңдағы 
қатысымдық байланыстың алғышарттары қалыптасады. Тұрақты тіркестердің бұндай 
ерекшеліктері көбінесе сын есімнен болатын фразеологиялық тіркестерге тән.
Қатысымдық қасиеттеріне қарай фразеологиялық сөз тіркестері мағыналары жағынан 
ұқсас болып келу арқылы бір-бірі мен синонимдік қарым-қатынаста жұмсалады. Мұндай 
жағдайда мағыналары сәйкес бірнеше сөздердің бірыңғай синонимдік тізбек құратыны сияқты 
фразеологиялық тіркестердің екеуі бірнешеуі бірігіп келіп, бір синонимдік қатар жасайды. Бұл 
тұрақты тіркестердің мағыналық, экспрессивтік сипаты бір-бірінен күшейе түседі де, сөйлеу 
тілінде заттың, құбылыстың сын-сипатын айқындай түсу үшін пайдаланылады. Мысалы
тайға таңба басқандай – соқырға таяқ ұстатқандай – бесенеден белгілі – айдан анық т. б. 
Мұнда бір синонимдіқ қатарға бірнеше тұрақты сөз тіркестері бірігіп келіп, ашық, белгілі, 


132 
айқын деген мағынаны біддіреді. Сонымен қатар бұл тіркестер өте айқын, тым ашық, анықтың 
анығы деген экспрессивтік мағынаға да ие болады.
Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің жеке сөзбен 
синонимдес болып келуі аркылы жасалса, бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің өзара сино-
нимдес болып келуі нәтіижесінде қалыптасады. Сондықтан ақпараттық және қатысымдық 
мәнге ие болатын сын есімге қатысты фразеологиялық сөз тіркестерін екі топқа жіктеуге бо-
лады. Бірінші – фразеологиялық сөз тіркестерінің бір-бірімен, өзара мағыналас болуы 
нәтижесінде пайдаланылатын тұрақты сөз тіркестері. Екінші – фразеологиялық сөз тіркесінің 
жеке сөздермен мағыналық жағынан ұқсас келуі нәтижесінде қолданылатын тұрақты сөз 
тіркестері. Мысалы: мұрнын көкке көтерген, кеудесіне нан піскен кеудесі зор; тонның ішкі 
бауындай – қыл өтпестей, сүттей ұйыған; бір ұрты май, бір ұрты қан – шаш ал десе, бас 
алатын т. б. Аяғының желі бар – жүйрік; әліпті таяқ деп білмейтін – сауатсыз; ағаштан 
түйін түйген – шебер т. б.
Тілдік қолданыста жеке сөздерге қарағанда тұрақты сөз тіркесінің баяндау, хабарлау, 
әсіресе сипаттау ерекшелігі басым. Сондықтан да қатысымдық қызмет атқаратын 
фразеологиялық сөз тіркестері жеке сөзбен мағынасы жағынан сәйкес болғанымен, тепе-тең 
бола алмайды. Фразеологиялық тіркестер сөздерге тек балама болады да, эмоционалды – 
экспрессивті реңкті білдіреді. Осындай қасиетіне байланысты фразеологиялық сөз тіркестері 
көбінесе стильдік мақсатта жұмсалады.
Тілдік қарым-қатынаста қолданылатын тұрақты сөз тіркестері құрамы жағынан көбінесе 
есім сөздерден жасала келіп, адам мінезінің жағымды, жағымсыз жақтарын бейнелейді. 
Мысалы: 
1. Екі зат есімнің тіркесуі арқылы жасалады: Тас бауыр – қатал, қатыгез. Су жүрек – 
қоян жүрек – қорқақ.  
2. Сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуінен жасалады: Ала-аяқ – залым. Ақ көңіл-пейілді. 
Бейпіл ауыз – дөрекі. Кәрі тарлан – әккі.  
3. Тәуелдік жалғауы зат есім мен сын есімнің тіркесінен болады. Жібі түзу – дұрыс. Аузы 
жеңіл – сөзшең. Еті тірі – пысық. Қолы ашық – жомарт. Мойны жуан – бай.  
4. Сан есім, зат есім, сын есімдердің тіркесіп келуі арқылы пайда болады. Төрт құбыласы 
сай – ырысты. Сегіз қырлы, бір сырлы – өнерпаз. Азуы алты қарыс – мықты. Қырық қалталы 
– айлакер.  
5. Есім мен етістіктің тіркесінен де осындай тұрақты сөз тіркестері жасалады: Аспанмен 
тілдескен – биік. Қыры жоқ – епсіз. Тепсе темір үзетін – күшті. Кесіп алса қан шықпас – қайсар. 
Жан ашыр – мейірімді. Сіңірі шыққан – кедей т. б.
Сонымен, тілдік қатынаста тұрақты сөз тіркестері сөйлеу кезінде түрліше мақсатта 
қолданыла келіп, мағынасы, құрамы, қызметі жағынан өзіндік ерекшелігімен танылады.
Сөздік минимум сөйлеу әрекетіне тікелей қажетті, сұрыпталған шағын лексикалық 
тұлғалардан тұрады. Жеке сөздермен синонимдес болып келген тұрақты тіркестер мағыналық 
ерекшелігі мен қолданылу өрісіне қарай лексикалық қордан /минимумнан/ орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет