10
Шегеру амалы да тілде орныққан, бірақ ескерілмей келген еді. Екінші басылымда шегеру
амалына кеңінен тоқталады. Бұл амал сөйлемнің коммуникативтік
талғамына сай
қолданылатын амал екені мысалдармен түсіндіріледі.
Мұнда зат есім бастауыш – етістік баяндауыш схемасымен құрылған түпкі, негізгі сөйлемді
трансформацияланған вариант сөйлеммен салыстырып көрсету арқылы есімше – анықтауыш
бастауыштың мағынасын шегеретін жағдайын
(Бала мұны тыңдамады – мұны тыңдаған бала
жоқ.) көрсету арқылы, мұндай амалдардың пікір жеткізуде
көптеп қолданылатынын атап
көрсетеді.
Осы басылымдағы тағы бір тың тақырып –
бөгде сөз. «Сөйлеуші бір оқиға жайлы айтқанда
өз сөзін де сол қалпында сөйлемге енгізеді.
(– Сенің мамандығың не? – деп сұрадым). Бұл өте
сирек ұшырайтын болғандықтан тіл білімі бөгде сөзге анықтама бергенде бұл фактіні есепке
алмай жүр», – деп ескерте келе авторлар бөгде сөздің сөйлем құрылысындағы орнын нақты
көрсетеді. Бұрынғы оқулықтарда оқшау сөздердің сөйлемдегі орны жайлы айтылғанымен,
бөгде сөздер қатысты сөйлемдердің синтаксисі арнайы сөз болмаған еді. Сондықтан бөгде сөз
қатысты синтаксистік талдауда студенттер үнемі қателесетін. «Бөгде
сөз сөйлемнің
грамматикалық жүйесімен жалғасып жатпайды. Сондықтан ол сөз – кірісетін сөйлемінің
грамматикалық
сипатын өзгерте алмайды, бірақ құрамын кеңейтеді. Бөгде сөз,
автор сөзі
қатысқан синтаксистік тұлға
бөгде сөз қатысқан конструкция» – деп таныған тұжырымы да
сөйлемнің синтаксистік құрылымын тануға аса қажет.
Оқулық синтаксис пәнінің объектісі,
мазмұнынан басталып, пікірді хабарлау үшін
жұмсалатын сөйлемді құрайтын грамматикалық адмалдарды, оладың өзара қарым-қатынасын,
сөйлемнің грамматикалық түрлерін, пікір жеткізуде сөйлем құрылымындағы кездесетін
қосымша амалдар жайлы да толық қарастырған.
Алғашқы беттерін ашып оқығаннан-ақ бұл оқулықтың мақсаты бүгінгі студентті ғылымға
бейімдеу, тілдегі құбылыстарды өзге тілдермен салыстырып
зерттеу қажеттігін ұқтыру
екендігін байқалады.
«Синтаксис – тілдің коммуникация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тұлғаларының
құрылысы, әрі коммуникация үстінде жұмсалатын тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы» деп
тұжырым жасаған авторлардың синтаксис ғылымы туралы зерттеулері бұл саладағы бұрынғы
жасалған анықтамаларды, дәлелдер мен дәйектемелерді жаңа тұрғыда қарастырады.
Мысалы, бұрынғы оқулықтарда «синтаксис – сөйлемнің
грамматикалық құрылымын
зерттейдің деп түсіндірсе, бұл оқулықта «синтаксис өзіне қатысты грамматикалық
формаларды мағынасымен қоса, соны ескере отырып зерттейді» деп нақтылайды.
Бұрын оқулықтарда синтаксис грамматикалық ілім ретінде екі салаға бөлінетін: 1) сөз
тіркесінің синтаксисі; 2) сөйлем синтаксисі.
Ал бұл оқулықта неге осылай екіге бөлінетінін түсіндіру үшін
синтаксистік тұлға,
Достарыңызбен бөлісу: