РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата26.12.2016
өлшемі2,03 Mb.
#488
1   2   3   4   5   6   7   8

2.«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 

жастар  саясаты  туралы».  Қазақстан  Республикасы 

Заңының  жобасы  туралы  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2013  жылғы  25  желтоқсандағы  №  1393 

қаулысы.

3.«Қазақстан  2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  жастар  саясатының  2020 

жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы Қазақстан Ре-

спубликасы  Үкіметінің  2013  жылғы  27  ақпандағы  № 

191 қаулысы.

4.«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан 

Республикасының  2015  жылғы  9  ақпандағы  №  286-V 

Заңы // Егемен Қазақстан.-2015.-10 б.

алматы қаласы.


5

Оқытудың озық тәсілдері

«Қазақстан  Республикасының  педагог  қызмет-

керлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының  үшінші 

(негізгі) деңгей бағдарламасынан  күтілетін нәтижелер 

оқушылардың    қалай  оқыту  керектігін  үйреніп, 

соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік    дәлел-уәждерін 

нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни-

пікір  көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  техно-

логияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  ретінде 

қалыптасуын қамтиды»,-деп жазылған «Мұғалім  тура-

лы нұсқаулықта».  

орта мерзімді жоспарлаудағы негізгі мақсатым: 

тізбектелген сабақтарға  жеті модульді ықпалдастыру, 

оқыту  және  оқу  нәтижелерін  өлшеу  әдістемесін 

анықтау,  алға  ілгерілеудің  болуын  қамтамасыз 

ету,  оқушылардың  ынтымақтасып,  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  қолдана  отырып 

білім  сапасын  дамыту,  теориялық  білімін  практика 

жүзінде  қолдануды  меңгерту,  өзін-өзі  бағалай  білетін 

тұлғаны дайындау.

Орташа  жедел  жоспарлауға  жауапкершілікті 

мұғалімдер алатындықтан, мен оқыту бағдарламасына 

сүйенедім.  Орташа  жедел  жоспарлау  бір  жағынан 

тоқсанның  жартысына  немесе  тоқсанға  жұмыс 

бағдарламасын  анықтайды.  Орташа  жедел  жоспарлау 

құрғанда:  пәндер  саласының  әрқайсысына  арналған 

жұмыс  бөлімдері,олармен  келесі  жұмысқа  арналған 

міндеттерді  білу,  жұмыс  жүйелілігін  орындау  бары-

сында  балаларды  бағалауға  қатыстыратын  тапсырма-

ларды дайындауды жоспарладым. Демек, бұл жоспар-

лау қысқа мерзімді жоспарлауға әсер етеді.  

Қысқа мерзімді жоспарлау. Қысқа мерзімді жоспар-

лау  мұғалімнің  күнделікті  сабақтан  сабаққа  оқытуын 

жоспарлауды қосады (яғни, сабақ жоспары). Сабақ жо-

спары  бұл  қалай  жүргізілетінін  және  оқушылар  нені 

білетініне  шоғырланады.  Сабақ  жоспары  мыналарды 

анықтайды.  Орта мерзімдік сабақ жоспарды Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің  09. 07. 

2010  жылғы  №367  бұйрығымен  бекітілген,  информа-

тика пәнінен  жалпы білім беретін мектептің сегізінші 

сыныптарына арналған 2010 жылғы бағдарламасы бой-

ынша жас ерекшеліктеріне сәйкес жасадым. Информа-

тика пәні бойынша  мультимедия кабинеті талапқа сай 

жабдықталған. Күнтізбелік жоспарға  сәйкес 8-сынып-

та қазан айының 8-і күні информатика сабағы болады. 

Сыныпқа  мінездеме:  Жоғарда  айтылғандай 

біліктілікті арттыру курсының І «Бетпе-бет» кезеңінде 

үйренген  әдіс-тәсілдерді  қолдану  мақсатында,  оны 

іс-тәжірибеде  байқап  көру  үшін  8-сыныпты  зерттеу 

жұмысына алдым. 8-сыныпта 12 оқушы бар. Төрт қыз 

бала,    сегіз  ұл  бала.  Жас  айырмашылықтары  бойын-

ша  он төрт және он бес жаста. Сынып сабақ үлгерімі 

жағынан  мектептегі  жақсы  сыныптар  қатарында. 

Мен  бұл  сыныпқа  бастауыштан  сабақ  беріп  келе 

жатқандықтан  жақсы  білемін.  Информатика  пәніне 

деген  қызығушылықтары  жоғары.  Психологпен  бірге 

жұмыс  істеп  бұл  балалардың  мінез-құлықтарын 

анықтадым.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасын 

жоспарлаудың дәстүрлі сабақтағы күнтізбелік жоспар-

дан  көп  айырмашылығы  бар.  Информатикадан    орта 

мерзімдік  жоспарды  8-сыныпқа  «Дербес  компьютер 

архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденцияла-

ры»,  «Операциялық  жүйелер.  Операциялық  жүйелер 

топтамасы»,  «Операциялық  жүйелерді  баптау», 

«Компьютерлік вирустардан қорғау» тақырыптарында 

жасадым.  Дәстүрлі  сабақта  мұғалім  көп  сөйлеп, 

оқушыларға  бәрін  түсіндіріп,  оқушылардың  бәрінен 

сабақ  сұрауға  аз  уақыт  қалатын.  Сабақ  бірсарында 

яғни,  жаңа  тақырып,  үй  тапсырмасын  сұрау,  сабақты 

бекітумен  аяқталатын.  Оқушылар  өздерін-өздері,  до-

старын  бағаламайтын.    Мерсер  (2005)  құрдастар 

тобындағы  қарым-қатынас  оқуда  маңызды  роль 

атқаратынын  көрсетті.  Дәстүрлі  сабақта  біз  әдіс-

тәсілдерді,  тосқауылды  жеңу,  үйрену  мақсатындағы 

бағалауды,  дарынды  және  талантты  оқушыны  ашуды 

жазбайтынбыз.  Сонымен  жаңа-әдіс  тәсілде  оқушыға 

көп  уақыт  беруге,  пәнді  терең  түсіну  қабілетін 

дамытуға,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде  де 

пайдалануға негізделген.



орта  мерзімдік  жоспардағы  сабақтар  бойын-

ша  қиыншылықтар  уақыттың  тығыздығы,  сабақ 

кестесі  бойынша  алтыншы    сабақта  болуы,  бөлменің 

талапқа  сай  болмауы  яғни,  топтық  жұмысқа  муль-

тимедия  кабинетінің  лайықты  жасалмауы  сияқты 

қиыншылықтар  кездесті.  Қазіргі  заман  талабы 

күнделікті  өтетін  сабағымыз  АКТ-мен  жұмыс  істеу 

болғандықтан,    төрт  сабағымда  да  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияны    қолдануды  жоспар-

ладым. Дарынды және талантты балаларды ашу үшін, 

тапсырманы  компьютерде  тез  орындаған  оқушыларға 

қосымша  тапсырмалар  әзірлеуді  жоспарладым. 

Үндемейтін  оқушыларды  да  сабаққа  тарту,  кезекпен 

көшбасшы болу үшін кесте жасадым.

Шығу  жолы:  уақытты  белгіледім,  бөлмеге  басқа 

парталар кіргіздім. 



күтілетін  нәтиже:  оқушылар  ынтымақтасып 

жұмыс  істеу,  ақпараттық-технологиямен  өз  бетінше 

жұмыс  жасай  білу,  барлық  оқушыны,  сонымен  қатар 

үндемейтін оқушыларды да көшбасшылыққа тарту, да-

рынды және талантты оқушыларды ашу, сыни тұрғыдан 

ойлау  қабілеттерін  дамыту  болып  табылады.  Сыни 

тұрғыдан  ойлай  отырып,    идеяларға  күмәнмен  қарай 

отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне көз 



оқыту және оқу тәжірибесіне бағдарламаның жеті модулі 

Р.тҰРсынбаева, 

с. сейфуллин орта мектебінің  информатика пәнінің мұғалімі

6

жеткізеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың 

ойларын  тыңдай  бермейміз.  Олардың  қалай  ойлайты-

ны  бізді  ойлантқан  емес,  үйге  берілген  тапсырманы 

сұрайтынбыз. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға 

тапсырмалар  жоспарладым,  біз  олардың  пікірлерін 

тыңдап, формативті бағалап, ынталандырамыз.

«Әлеуметтік  мәдени  теориялар  мағыналы  ұғымды 

қалыптастыру  үдерісінде  сұхбаттың  маңыздылығын 

айтады,  сол  себепті  білім  беру  процесінде  оның 

маңыздылығын  мойындайды.  Атап  айтқанда,  дио-

лог  интерактивті емес тәжірибеде мүмкін болмайтын 

ойлауды  дамытады  (Мерсер,    2000)»,-деп    жазылған 

«Мұғалім туралы нұсқаулықта». 

Диалогтік  оқытуда  «Оңай  және  қиын  сұрақтар» 

кестесін  қолдану  арқылы  сұрақтар  қоюды,  оқушы 

мен  мұғалім  арасында  жақсы  қарым-қатынас  орна-

ту  мақсатында  диалогтік  әдісті  оқушы  мен  оқушы, 

топ  пен  топтың  арасында  да  қолдану  үшін  кіргіздім.  

Сабақ  соңындағы  кері  байланыстың  өзін  де  диалогқа 

жатқызуға болады. 

Нәтижесінде оқушы білімді өзіне қатысты дәрежеде 

меңгеруге, өз жұмысын бағалау мен шешім қабылдауға, 

бір-бірімен  ынтымақтастықта  болуы  қажет.  Болжам-

дарды  өлшеу,  шешу  және  тексеру,  сабақтың  мақсаты 

мен ниеті жеткізу, жеке жұмыс, топтағы жұмыс, шағын 

топтардағы  жұмыс  ұсыну,  сабақты  алдағы  жоспарлау 

мақсатында оқушылардың әрекетіне формативті және 

жиынтық бағалау жүргізуім керек деп жоспарладым.

Ы.  Алтынсарин:  «Балаға  айтып  түсіндіргеннен 

гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп 

түсіндірген сабақ ұғымды» деген екен. Қорыта келгенде, 

бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс-тәжірибемізге 

ендірсек,  жоғарыда  айтылғандай  кедергілерден  ары-

лармыз көптеген жетістіктерге жетеміз  деп ойлаймын. 

Жеке тұлғаны қалыптастыруымызды сапалы білім, са-

налы тәрбие беруіміз қажет.

пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  (2012)  Астана. 

Тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлау.  Назарбаев 

зияткерлік мектебі.

2.Жанпейісова.  М.  М.  Модульдік  оқыту  технологиясы 

оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006ж

3.«Информатика негіздері» журналдары. №3, №4.

Шығыс Қазақстан облысы,

аягөз ауданы.

Қай мемлекеттің де тірегі білімді де білікті,іскер де 

белсенді  адамдар.Сондықтан  қоғам  талабына  сай  сол 

қоғамды көркейтетін,дамытатын жастар тәрбиелеу- ең 

маңызды мәселе екені даусыз.Жас өркеннің бойындағы 

табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани 

білу,оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-

ұстаз  парызы.  Баланы  заманына  қарай  икемдеп,өз 

заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу,оларды 

шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту-бүгінгі 

күннің басты талабы.

ҚР 


Президенті 

Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан 

халқына  Жолдауында:  «Қазақстан  азаматтарының 



мемлекеттік  құқықтарының  қорғауы,  мүдделерін 

биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. біздің 

балаларымыз  дені  сау,сапалы  білімді,өресі  биік 

болып  өсуі  тиіс»,-деп  тегін  айтпаса  керек.Осы  орй-

да  мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған  басты 

міндеттерінің  бірі-оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі 

жетілдіріп отыру және педагогикалық технологиялар-

ды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе –оқыту әдісін 

дұрыс  таңдау.Қазіргі  кезде  шығармашылық  бағытта 

жұмыс  істейтін  мұғалімдердің  тынымсыз  еңбегінің 

арқасында, іздену нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының 

тиімділігін  арттырудың  жаңа  технологиялары  өмірге 

келді.Бүгінгі  заман  ағымы  болашақ  ұрпақтың  ой-

өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын 

талап етуде.Осы ретте ұлы педагог Ушинскийдің:«Бала-

балқытылған  алтын»  деген  қанатты  сөзі  еске  түседі.

Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.

ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  белгілі  шығыстанушы 

Әубәкір  Диваев  былай  деген  екен:  «Білімнің  нұры 

себілмейінше,бірде-бір озық ел бола алмайды».

Қазіргідей саннның сапаға ауысуы кезеңінде,ұстаз 

алдында мынандай талап,міндеттер туындайды:

-Ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;

-Шәкірттерінен тиянақты білімді талап етуі;

-Білімді шыңдаушы;

-Білім жолындағыларды қолдаушы;

Білім  берудің  шынайы  мақсаты  –  адамға  белгілі 

бір  білімді  жеткізу  ғана  емес,сондай-ақ  оны 

рухани,адамгершілік тұрғыдан дамыту.

Қоғам  қайраткері  Дінмұхамед  Қонаев:  «Өмірдің 

екі тірегі бар:үйренуден жалықпау және үйретуден 

аянбау» деген ұлағатты дана ойлардан кейін әр ұстаз 

дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы 

жеке тұлғаға бағытталған білім беру траекториясын үлгілеудің 

педагогикалық жолдары

                

       

п.мустафина,

   а.байтұрсынов атындағы орта мектептің информатика пәнінiң мұғалімі


7

өзі  тәрбиелеп  отырған  шәкірт  бойынан  білімді  тек 

жай  ғана  игеріп  қоймай,оны  орынды  жерде  қолдана 

білуіне  басты  назар  аудару  өмір  талабы  екендігін 

ескеруі  қажет.Әрбір  оқушының  еркін  дамып,оның 

ішкі  даралық  және  дарындылық  мүмкіндігін  ашу- 

педагогикалық  шығармашылықпен  нәтижелі  жұмыс 

істеудің  басты  шарты.Дарынды  оқушымен  жұмыс 

істейтін  әрбір  мұғалімнің  көкейінде  мына  сұрақтар 

тұрары сөзсіз: «Дарындылықтың пайда болу себептері 

неде?» «Дарындылық,қабілеттілік дегеніміз не?»,«Оны 

қалай анықтауға болады?»

Дарындылықтың  табиғаты  шексіз.Зерттеушілік, 

ізденушілік  - бала табиғатына тән құбылыс.Білуге де-

ген  құштарлық,бақылауға  тырысушылық,тәжірибеден 

өткізуге дайын тұру,әлем туралы жаңа мәлімет жинауға 

талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

«...Бізге  керегі  шын  дарындылар.Нарық  қол-

аяғымызды  қалай  қыспасын,мемлекет  өзінің  талант-

ты  ұлдары  мен  қыздарын,нағыз  әдебиет  пен  өнерін 

жасайтын  тарланбоз  жүйріктерін  қолдауға,қорғауға 

міндетті»,- деп Елбасымыз айрықша атп көрсетті.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашу-

да оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет.Биік 

танымдық  қабілет,тұрмыс-тіршіліктің  сырын  ұғуға 

талпыныс  баланың  ерте  жасынан  туындайды  екен.

Сондықтан  ізденушілікке  баулу  бастауыш  сыныптан 

бастау алуы тиіс.



ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы 

қажет:

-Баланың бойындағы құмарлығын,қызығушылығын 

жойып алмай,оның үнемі алға жылжуға деген табиғи 

талап-тілектерін,сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеру, 

шығармашылығын жетілдіру.

-Білімді  өз  бетінше  іздену  арқылы  алуға  қолайлы 

жағдай жасау.

-Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың 

болатындығын мойындауы,әрі қарай дамытуы керек.

Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы 

мен тактикасын таңдай білуі қажет.

«Дарындылық  тұжырымдамалары»  атты  психо-

логтар дайындаған құжатта: «Дарынды бала дегеніміз 

–айрықша  жетістіктерімен  ерекшеленетін  және  іс-

әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын ба-

ланы айтамыз» делінген.

Мұғалімнің  дәстүрлі  оқу  үрдісінде  негізінен 

шығармашылыққа    уақыт  жете  бермейді.Соны-

мен  бірге  дарынды  бала  өз  ісінен  ләззат  алуға  бейім 

болғандықтан ,есте сақтау және оны қайталау әдісі бой-

ынша  оны  біріншіден:тез  жалықтырады,екіншіден: 

оның  санасында  білімді  толық  игеру,яғни  сабақта 

өтілетін  дидактикалық  материалды  толық  білу  елесі 

пайда  болады,үшіншіден:ол  мұғалімге  тәуелділікке 

төзе алмайды.Нәтижесінде дарын сөнеді.

Дарындылық  сөнбеу  үшін  бала  тұрақты  түрде 

бақылауда  болуы  тиіс,тұрақты  түрде  шығармашыл 

деңгейде  іс-әрекет  жасау  қажет,мұғалімге  тәуелді 

екенін  сезінбеу  керек.Көбінесе  «Дарынды  оқушы-бұл 

жақсы  оқитын  оқушы»  деген  пікір  мұғалімдер  ара-

сында  жиі  қалыптасқан.Белгілі  ағылшын  психологы 

П.Торранстың зерттеулері бойынша қисынсыз сұрақтар 

қоятын,өз  жұмысымен  ғана  айналысатын,  тәуелсіз, 

көбінесе  түсініспеушілік  туғызатын,әр  нәрсеге 

көзқарасы  бөлек,нашар  оқитын  оқушылар  арасында 

да  шығармашыл  дарын  иесі  кездесетіні  анықталған.

Баланың қызығушылықтары мен икемділігін,ептілігін 

анықтау өте күрделі мәселе.Дарынды балаларды тұлға 

етіп  қалыптастыру  қажет.Қазіргі  заманғы  тәжірибеде 

тұлға дегеніміз- қоғам өкілі саналатын адам,бұл адами  

құндылық.

Соның 

негізінде 



қоғам 

дамуы 


жүреді.

Шығармашылық  тұлға  жас  ерекшелігіне,қызығушы-

лығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен , шұғыл 

шешімділігімен,өз  күшіне  деген  сенімділігімен,сезім 

ұшқырлығымен,табандылығымен,асқан  шабытымен 

ерекшеленеді.Оқушы  ізденіс  арқылы  жетістіктерге 

жетеді,нәтижесінде  білім-ғылымға  өте  қабілетті  жеке 

тұлға қалыптасады.Сондықтан қазіргі мектептің негізгі 

міндеті-  әрбір  оқушының  дарындылығын  айқындау 

және  дамыту.Дарынды  оқушымен  жұмыс  істейтін 

мұғалімге  қойылатын  педагогикалық-психологиялық 

талаптарды  ескере  отырып,жеке  тұлғаға  бағытталған 

білім  беруді  үлгілеудің  төмендегідей  педагогикалық 

жолдарын ұсынамын:



І.мұғалімнің  бағыт-бағдарына  қойылатын  та-

лаптар:

-Дарынды  оқушымен  жұмыстың  әлеуметтік 

қажеттілігін сезіну;

-Оқушыны жақсы көруі және қабілетті оқушылармен 

жақсы қарым-қатынаста болуы;

-Дарынды 

оқушымен 

жүмысқа 


тұрақты 

қызығушылық танытуы;

-Дарынды  оқушының  ата-анасымен  тығыз  байла-

ныста болуы;

-Оқушымен  жұмыс  кезінде  жоғары  нәтижеге 

ұмтылуы;


ІІ.мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

- Өзінің сабақ беретін пәнін жоғары деңгейде білуі;

 -Бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

 -Жеке тұлға теориясын,оны қалыптастырудың әдіс-

тәсілдерін білуі;

-Дарынды 

оқушыны 

анықтаудың 

психодиагностикалық әдіс-тәсілін білу;

-Дарынды  оқушыны  оқыту,  тәрбиелеу  үрді-

сінде  үлгерімге  ғана  көңіл  бөлмей,оның  басқа 

көрсеткіштермен байланысына назар аудару;

-Дарынды балалардың өзіндік жұмыстары:

Іздену:

-Әртүрлі мәліметтер қорын қарау;

-Ақпарат алу;

-Айналасындағылардан сұрау;

-Сарапшылардан кеңес алу;

-Құжаттармен  жұмыс  істей  білу  және  оларды 

жіктеп,топтастыра алу;

ойлану:

-Қоғамның даму аспектісіне сыни көзбен қарау;

-Сенімсіздік пен қиындыққа қарсы тұра білу;

-Пікірталастарда  өз  ұстанымдарында  тұрып,өзінің 

жеке дара пікірін қалыптастыру;

-Қоршаған  ортаның  саяси  және  экономикалық 

маңызын көре білу;                 

                         

    

   Шығыс Қазақстан облысы,

                                               тарбағатай ауданы.

                                                                              



8

дарынды оқушылармен жұмыс 

жүргізу жүйесі

Г.толыбаева,

 №177 жалпы білім беретін мектептің

 бастауыш сынып мұғалімі 

 

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз 

үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»

н.Ә.назарбаев

ХХІ  ғасыр  –    білімділер  ғасыры.  Ендеше  бізге  ой 

өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты 

ұрпақ  керек  екенін  бір  сәтте  естен  шығармағанымыз 

жөн. Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мек-

теп те сондай болмақ», - деп білім сапасын көтерудің 

негізгі  тетігі  –  ұстазға  сипаттама  береді.  Еліміздің 

бүгіні  мен  ертеңі  жас  ұрпақтың  еншісінде  десек,  сол 

жас  ұрпақты  терең  білімді  етіп  қалыптастырудың 

бірден  -  бір  жолы,  білімді    игертудің  тиімді    әдіс  - 

тәсілдерін  іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты.

Дарынды  оқушы  –  белгілі  бір  әрекетте  жарқын, 

кейде өте жоғары жетістіктерімен ерекшеленетін бала. 

Дарынды  оқушылардың  психологиялық  ерекшелігін, 

сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зерттеу 

негізі    бастауыш  сыныптан  басталуы  тиіс.  Қабілетті, 

дарынды  оқушылар  көбінесе  шапшаң,  тез  ойлана-

тын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт  

ұмытпайтын  болып  келеді.  Түсінігі  өте  жоғары, 

сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын 

қалайда  орындауға  тырысатын,  түйсігі  ерте  дамыған, 

моральдық  қасиеттерге  бай,  қиялы  ұшқыр,  батыл 

әрекеті басым болып келеді.

Дарынды  оқушыларды  іздеу,  оларды  оқыту  мен 

тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі да-

рынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір 

талантты  адам,  еңбекке  бейім,  ол  шығармашылық 

тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, 

талантты оқушы деп баланың, ата - ананың, мектептің 

үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Өз  еңбектерімен  қажырлы  күш  жұмсау  барысын-

да  ерекше  көзге  түскен  оқушыларды  —  дарынды 

оқушылар  деуге  болады.Олардың  өзге  оқушылардан 

ерекшеліктерін  сараптай  келе,  оқушылар  бойындағы 

тапқырлық, білімділік, зеректік, белсенділік, икемділік 

қасиеттерін байқап, дарынды оқушылардың қабілетіне 

көз  жеткізуге  болады.  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  де-

гендей,  оқушының  дарындылығын,  қабілеттілігін  та-

нып,  айқындап  қана  қоймай,  ол  оқушының  әрі  қарай 

жетілуіне, дамуына жол ашып, бағыт - бағдар беру ке-

рек. Сондықтан, дарынды оқушылармен дұрыс жұмыс 

жасау  үшін  мұғалім  өзіне  мынадай  талаптар  қою 

қажет.

мұғалімнің бағыт - бағдарына байланысты та-

лаптар:

1.Мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін 

қоғамдық - тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы 

оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;

2.Оқушыларға  қазіргі  жаңа  технологиялар, 

өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы 

әңгімелеу және тікелей таныстыру;

3. Оқушыларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір - 

бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;

4. Әр оқушыны оған ұнайтын ғылым мен өнер сала-

ларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;

5. Дарынды оқушының ата - анасымен тығыз бай-

ланыс орнату;

мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу;

2. Арнайы бағдарламалар жасау;

3.  Дарынды  балалармен  жүйелі  түрде  қосымша 

сабақтар өткізу;

4. Оқушыға берілген тапсырмалардың дұрыс және 

сапалы орындалғанын қадағалау;

5.Ұйымдастырылған 

шараларға 

белсенді 

қатыстыру;

6.Олимпиада  мен  сайыстарға  дайындау  және 

жетістіктерге жету;

7.  Оқушылардың  өзіндік  қабілеттерін  көрсетуіне 

жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік 

ойындар өткізу;

    

 мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: 

1.Мұғалімнің  дарынды  баланың  психологиялық 

ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен 

жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

2. Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі 

тану арқылы білім алуы;

3.Оқытудың 

инновациялық 

технологияларын 

қолдана білуі;

4.Дарынды 

оқушыны 


анықтаудың 

психодиагностикалық әдіс - тәсілін білуі;

5.Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере оты-

рып оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тап-

сырмалар дайындай білуі;

     Бала мен мұғалім арасындағы қарым - қатынастағы 

сезім  байланысын  орнатып,  үйлесімділікке  қол 

жеткізуде  Ш.  Амонашвилидің  мұғалімдерге  берген 

кеңесін басшылыққа алуға болады. Ол: «педагогикалық 

процесте  оқушымен  тіл  табыса  білу,  яғни  оған  өз 

ойын,  талғамын,  көңілдегісін  айтуға  мұрсат  беру 

мұғалімнен  көп  шеберлікті  талап  етеді.  Осынау 

қарым  -  қатынаста  шәкірт  жанының  қозғалысы  ұстаз 

жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде оқушы 

өз  бойындағы  табиғи  дарынын  ашады,  ал  мұғалім 

өзінің  шығармашылық  жігер  –  қуатының  жемісін 

көруге мүмкіндік алады», – дейді.

Жоғарыда  айтылған  міндеттер  мен  талаптар 

оқушылар  бойындағы  дарындылықты  дамытудың  бір 

жолы.  Осындай  шараларды  іске  асыру  мақсатында 

оқушы, мектеп, ата - ананың байланысын нығайту және 

ғылымның  жекелеген  салаларына  тереңдеу  арқылы 

арнайы  оқу  орындары  мен  байланыс  жасап,  жүйелі 

жұмыс жүргізуді көздейміз. 

                                                                                                            



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет