«Білім айнасы» 2023 ж.
15
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі
дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді
жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды
пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Сондықтан ұлттық
мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да
мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір
мектебі.
Қазақстан Республикасы Ата заңының 9 тарауы «Отбасы» деп аталып, оның 51
бабында «Ата-аналардың және олардың орындарындағы адамдардың міндеті-балаларды
асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты көрсетілген. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы
және тәрбиешісі. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің
үлес салмағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты болады.
Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршысы азаматы етіп
тәрбиелеуге міндетті . Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан
басталып, белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып,
мектеп жасына дейінгі
балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселесін жоспарлап, отбасына педагогикалық көмек
беруді мақсат етті. Ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуын
олардың қоғам алдындағы өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін
арттырады.
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:«Әрбір адам ең
алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық
болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай
тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы
ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының
мәдени игілігін басқа
халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің
тағдыры мен талаптарын обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты
өмірге даярлап, оларды жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-
аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп айтылған.
Қазақ халқының тарихы дәстүрге өтебай. Отбасы үшін ежелден тән қасиеті
балажандылық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық
кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық,
ізгілік қатынастар-
осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-
келіншектері мен ер-азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін
даралық қазақы болмысының жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен
әдептілік үйлесімділік тапқан. Мәселен,ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп
құдалы болу қазақ некелерінің ерекшеліктері қалың мал мәселесі бата бұзу, ажырасу,
бала асырау, әмеңгерлік мирас пен мұра ежелгі отбасы дәстүрлерімен соған қатысты
қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән
бергенін шаңырақ шайқалып босаға босамауына назар салғанын көреміз.
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән ана сүтімен сүйекке сіңген ізгіәдет
ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай
қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау үлкенге құрмет
көрсету, кішіге ізет білдіру әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-
ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру жастарды еңбексүйгіштікке,
әсемдікке
бағыттап халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет ғұрыптарын
жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып кейінде жалғасын
тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ ата-баба тәрбиесіне жат өзін
«Білім айнасы» 2023 ж.
16
жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне
өткізген, нашақорлықпен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді.
«Алтын кездік қап түбінде жатпайды»-дейді халық даналығы Бұл ой мен сөздің
түпкі сырына ден қойсақ, шын асыл қымбат қазына қилы кезең, шытырман уақытта да
сыны мен сипатын өзгертпейді. Бала жүрегін жолды сөзбенде, айла тәсілмен де балаға
деген жүрек сезімін махабатпен де табуға болады. Жылы-жылы
сөйлесең жібімейтін
жүрек жоқ тек соған апаратын жолды таба білуіміз керек. Сондықтан мен оның
мынадай жолдарын ұсынғым келеді:
1. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстары, сайыстар, кештер, апталықтар
өткізілсе;
2. Имандылық сабақтарын өткзіп отыру;
3. Ұстаз, ата-ана, отбасының әдістемелік жұмыстары жайлы басқа мектеп,
аудандармен пікір алмастырып отырса;
Еңбек пен оқуды ұштастыра отырып, оларды тәрбиелеу жолдары кеңейтілсе дер едім;
Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-
аймақ, көпшілік, қоғам болып тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған.
Салт-санасы , әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген.
Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының
алдында өздерінің тіршілік
әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі
«ұлдың ұяты әкеде,қыздың ұяты шешеде» деп бағалағандықтан. Сондықтан ата-ана
балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шешеден көріп тон пішуге, әкеден көріп оқ
жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен
түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де
қызы анадан, ұлы әкеден үлгі - өнеге алған.
Даналық сөздермен оза білген қазақ халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйініне келсек, біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-
өнген,даналар
өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесінен тағзым еткен дана халықтың
ұрпағымыз.
Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін
ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-
ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың
санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Жас ұрпақты Отанын, туған жерін
сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік
сананы қалыптастыру-егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті.
Елдің ертеңгі ұрпағы, киелі жердің иесі-жастар тәрбиесі біз бен сіздің басты
мақсатымыз. Тәрбиенің көзі-ата бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол
насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: