Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Сергіту сәті: Видеоролик «Аяқпенен топ-топ» 
Дидактикалық ойын: «Дәмін татта,атын ата» 
Ойын шарты: Балалардың көзі байлануы тиіс, әр балаға көкөністер беріледі, дәмін 
тату арқылы қандай көкөніс екенін табады 
Қорытынды: «Ыстық орындық» әдісі арқылы қорытындылайды


 «Білім айнасы» 2023 ж. 
11 
Шарты: Топтағы кез келген баланы «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең 
маңыздысы – бала өз еркімен шығу керек. Бала ортада тұрған үстелге отырып тапсырма 
бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған 
сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда
«күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты бала «ыстық орындыққа» отыру 
арқылы жаңа ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. 
Балаларды мадақтау. 
Әділбекова Роза Өтегенқызы
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылы
"Балдырған" бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Тәрбиеші – бала жанының бағбаны 
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, 
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. 
Өзің білмесең,білгендерден үйрен, 
Үйренгеннен ештеңең кетпейді. 
(Төле би) 
 
Ұстаз – деген менің түсінігімде киелі мамандық деп есептеймін. Оның ұлылығы басқа 
мамандық иелерінің яғни ақын да, ғалым да, дәрігерде барлығы да ұстаздың білім нәрімен 
сусындауында. Ұстаздың бақыты - шәкіртінің құрметімен бағаланады. Бұған дәлел балалық 
шағыма саяхат жасап көрейін.Бала күніміз де мектеп табалдырығын аттаған сәтімізде мені 
қабылдаған апайымның бейнесі әлі көз алдымда, сол кісілер қазір бейнеттің зейнетін көріп
құрметке ие болып зейнеткерлік демалыста. Ауылды жерде тұрғандықтан ағайын туыстыққа 
салсақ ол кісілердің бірлі жарымы жеңге де болып келетін жайы бар, бірақ неге екенін 
білмеймін ол кісілерді жеңеше деп айта алмадық,есейе келе бұл ұстаздық мамандықтың 
киелілігі деп ұқтым.
«Ұстазым менің ұстазым 
Өзіңмен өткен қыс жазым» - деп әндеткен кезде тебіренбейтін адам жоқ шығар, себебі 
ұстаз деген ұлы есім әрбір адамның жүрегінің түкпірінде орын алғандығын сеніммен айта 
аламын. 
Балалар-біздің болашағымыз,еліміздің ертеңі. Осы келешек ұрпақтың ойы озық, білімді, 
елін сүйетін патриот ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін мемлекет ерекше көңіл бөлуде. 
Барлық тәрбиенің бастауы – балабақшадан басталады деп түсінемін.
Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Педогог әрдайым ізденісте болса ғана 
шәкірт жанына нұр құя алады»-демекші педагогтың қабілеттілігі,жан-жақтылығы үнемі
ізденісте жүруі арқылы айқындалады.
Мен өз мамандығымды өте жақсы көремін және осы мамандыққа келгеніме өкінбеймін 
де. Балабақшамыз аядай ауылды жерде орналасқан,үш топ жұмыс жасайды. Таңертең 
балабақшаға кіріп келгенде топтағы барлық дамытушы заттар, ойыншықтар, ресурстар көзіңе 
ыстық көрінеді,себебі көбісі баланы дамыту барысында өзіміздің қолымыздан жасалған. 
Сондықтан балабақшадағы әрбір бала, әрбір қызметкер және балабақша ғимараты мен үшін 
ыстық, өйткені мен ол жерден көптеп тәжірибие жинадым,достар таптым, баға жетпес жақсы 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 
12 
адамдар кезіктірдім. Осындай ұжымнан алған күш-жігер мені алысқа жетелеп, мамандығыма, 
балаға деген сүйіспеншілігімді арттырды. 
Балаға тәлім тәрбие,болашаққа жарқын бағыт бағдар беретін өзінің отбасынан кейін-ол 
тәрбиеші деп білемін. Себебі бала ақ қағаздай аппақ көңілмен сенің алдыңда тұрғанда сенің 
өзің қалай бала болып кеткеніңді сезбей қаласың. Әрбір жеке тұлғаға келешекке кемел 
боларлық ақыл парасат бойына сіңіру аса жауапты іс екені баршаға аян. Сондықтан да 
жауапкершілік жүгі ауыр осы бір мамандық қашанда үлкен құрметке лайық деп білем. 
Мамандықтың жаманы жоқ, ең бастысы өзіңнің қалаған мамандығыңды сүюде,сонда ғана өз 
мамандығыңның шың басында тұрғандай сезінесің. Тәрбиешінің жұмысы өте күрделі де 
қызықты,яғни қызығы да бар,шыжығы да мол. Сондықтан да «ел есінде бір жыл қалғың 
келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз,ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» - деп 
бекерге айтпаған халық даналығы. Балабақшада он жеті жыл еңбек етудемін, осы жылдар 
аралығында бала тәрбиелеу барысында бойымдағы барлық білімімді, мейірімімді, күш 
қутымды балаға төктім десем болады,себебі әрбір баланың денсаулығы мен өмір 
қауіпсіздігіне жауаптымын. Таңертеңгілік қабылдаумен басталатын әрбір күніміз 
жауапкершілікті талап етеді. Әр бала әртүрлі біреуі жылап келсе, біреуі ата анасына еркелеп 
қиғылылықты салып келеді, осылардың бәріне мейіріміңді төгіп, алдарқатып алып қалып әр 
баланың көңілін тауып, қарбаласпен басталатын әрбір күннің өзінің кереметтілігін айтып 
жеткізу мүмкін емес. Олардың еркелегені,жылаған сәтте жұбата салғанда қоя 
қойғаны,кейбірінің көрсеткен мінезіне қалай осының бәріне үлгергеніңе, кешке үйіңе 
келгенде ойласаң өзің таң қалып қайран қалып жатасың.Осындай тынымсыз еңбектің жемісін 
көру үшін тәрбиеші жігерлі,күш қуаты мол,еңбекқор болу керек деп түсіндім. Қазір 
балабақшаның ортаңғы тобында жұмыс жасаймын, баланы дамытуда баланың жас 
ерекшелігін басты назарда ұстаймын. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен 
жауапкершілігі қатар жүретін еңбек жолымдағы негізі ұстанымым - жаңашылдыққа 
ұмтылып,алдыңғы қатардан көріну және тәрбиеленуші әрбір баланың бойынан 
шығармашылық, танымдық, физикалық, коммуникативтік, әлеуметтік дағдыларды сіңіру 
арқылы биіктерге жетелеу, сонымен қатар балаларды ана тілінде әдемі сөйлетуге,ойларын 
анық, емін-еркін көркем жеткізе алуына зор мән беремін және де қазіргі заманға сай 
халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптарын 
қымбат қазына ретінде бағалап, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруді мақсат етудемін. 
Сондай-ақ балабақшадағы өзімнің қорғаған шығармашылық жұмысым «Мектепке дейінгі 
ұйымдарда балаларды ойын түрлері арқылы дамытудың маңыздылығы» тақырыбында 
болғандықтан балаларды ойын арқылы дамытуды мақсат еттім,ойын түрлерін бала жасына 
сай етіп, көп реттік ресурстар арқылы түрлендіріп ойнату қызығушылықтарын арттырды. 
Мектеп жасына дейінгі баланың ой-өрісін дамытатын, қабілетті болуға тәрбиелейтін негізгі 
іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық 
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, бір-біріне қарым-қатынас жасау арқылы танысады. 
Режимдік сәттерде қимылды, құрылымдалған, педагог жетекшілігімен және еркін ойындар 
ойнату арқылы қызығушылығын арттыруды көздедім. Бұл ойындардың пайдасы баланың ой-
өрісінің қалыптасуын, танымдық, зияткерлік іс-әректінің дамуын қалыптастырады және ойын 
арқылы қызығушылық қабілеті оянады, сонымен қатар балабақшаға келгісі келмей жүрген 
баланың саны азаяды. Режимдік сәттің кез келгенін ойын арқылы өткізуге болады. Мысалы: 
түскі ұйқының өзін «поезд» ойыны арқылы балаларды қатарға тұрғызып, әрқайсысының 
жатын кереуітінің тұсына келгенде аялдамаға келдік деп балаларды ретімен жатқызып кетіп 
отыру арқылы да қызықтыра білуге болады. Жатқызып болып балаларға түрлі қызықты 
ертегілер айтып беру арқылы қиялын дамытуға болады және ертегі кейіпкерлері арқылы 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 
13 
жақсы жаманды ажырата білу дағдысын қалыптастыруға болады. Педагогикалық озық 
технологияларды оқу іс-әрекет барысында пайдаланып, балаларды дамытуда ақпараттық 
технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Сондықтан бала жүрегіне жылылық, 
мейірімділік ұялатып, қабілеті мен дарынын ашу әр тәрбиешінің міндеті деп түсіндім. 
Осынау шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі үрдісте дер кезінде алынған 
мектепке дейінгі білімнің әрбір бала үшін,тіпті еліміздің болашағы үшін маңыздылығы 
орасан зор деп білем. 
Кейбір шет ел мемлекетінде мысалы Жапонияда ең құрметті мамандық –ұстаз,жапон 
халқы ең құрмет тұтатын адамдар – ұстаздар екен. Оларға метрода арнаулы орын,ал 
көшелерінде арнаулы дүкен бар екен, тіпті көлік билеттерін алу үшін кезекке де тұрмайды 
екен. Біздің елде де ұстаздардың дәрежесін неге осылай көтермеске деген ойға қаласың 
кейде.
Ұстаздардың мәртебесін мемлекеттік деңгейде көтеріп жатқандығын білеміз, деңгей 
көтеру жалақыны көтерумен шектелу аздық етеді. Сондықтан бүкіл ел болып, әрбір отбасы 
болып қолдау көрсету қажет деп білем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет