«Білім айнасы» 2023 ж.
30
отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы
белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға,
жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында
болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан
ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданылады:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой
қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты
ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу
стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы
элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану
оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін,
сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып
оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым
таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге,
шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең
бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап
қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Қорыта келгенде. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа
және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: