«Білім айнасы» 2023 ж.
22
Сапарова Назира Нургалиевна
Іле ауданы Боралдай кенті
№ 39 гимназия МКМ
Заманауи оқыту технологияларын биология
сабағында пайдалану
Бұл мақалада заманауи оқыту технологияларын жалпы химия сабақтарында қолдану
және оның тиімділігі туралы айтылған.Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар,
экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, оның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы білім беруде қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті. Педагогикалық
үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін, сонымен қатар білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып студентке берілетін білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір
жеке тұлғаның дербес ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық
ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивті қадамының бірі – заманауи оқыту
технологиясы.
Кілт сөздер: технология, модуль, интегративті оқыту, сыни тұрғыдан ойлау,ақпараттық-
коммуникациялық технология
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне бәсекеге
қабілеттілік барысында жасалынып жатқан талпыныстар оқушылардың дербестігін,
ізденімпаздығын, өнер тапқыштығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін
дамытуға бағытталған. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін
өмірдің жаңа жағдайында қолдана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің
жүзеге
асуы
сабақ
үрдісін
шығармашылық
іс-әрекетпен
оңтайлы ұйымдастыруына тікелей байланысты болып отыр.Сондықтан білім беру
жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. XXI ғасыр — озық
технологиялар ғасыры. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып
отыр. Дәстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін
ұйымдастыру, басқару және бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы —
белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері
мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын
жүзеге асыру тәсілі. Оқытудыжаңашаұйымдастырудамынаміндеттердіқамтуытиіс:
-
оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
-
ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
-
деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере
отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-әрекет арқылы баланың жақын даму аймағында
оқытады. Дәл осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының
көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылады,
мақсатты оқу іс-әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық
ықпалдың алдын алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық және жалпы
біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады. Жаңаша
оқыту технологиялардың бірі — «сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы —
технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология .
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты: оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни
«Білім айнасы» 2023 ж.
23
тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету
үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай
ойлану деген
2
.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой
елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін
атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға
көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті
ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни
ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің
дайын күйінде оқуға, білім алушыға берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды
дамыту бағдарламасы.
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптарының бірі оқушыларға білімді жан-
жақты тереңдетіп беру. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану –
бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы
жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету – адамның негізгі
іскерлік қасиеттері. Ойын еңбекпен, біліммен қатар адамның болмысының негізгі түрлерінің
бірі,ойын бұл ынтамен өзін-өзі басқару қаланып,жетілетін қоғамдық тәжірибені
жандандыруға және меңгеруге бағытталған жағдайлар шартындағы қарекет түрі.
Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары,пәнге деген
қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.
Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының
майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойын ойнамай
бала толыққанды дамымайды» деп жазган. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді
ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше «Ойын негізінде адамның барлық
психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды.Ойын арқылы бала
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды». Психологтар ойынның мынадай тізбесін
дәлелдеген: Қажеттілік→мотив→мақсат→ойын іс-әрекеті→нәтиже.
Егер химия сабағында: ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; берілген уақытты
тиімді пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, күтілетін нәтиже:
сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете
біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-
бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Олардың
химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Химия пәні бойынша ойын типтері: жаттығу, танымдық, сюжеттік-рөлдік,
шығармашылық т.б. болып бөлінеді, қолдану мақсатына қарай: білімді қабылдау мен бекіту
кезінде, білімді белсенді меңгеруге студенттерді ынталандыру үшін, білімді үйлестіру, өз
бетінше білім алуға және оларды шығармашылықпен қолдануға ынталандыру үшін
қолдануға болады.
Педагогикалық үдерістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып, білім алушыларға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір
жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық
ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модульдік оқыту технлогиясы – болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін
дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі
«Білім айнасы» 2023 ж.
24
айтылған. Оқыту технологиялары жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне
маңызды зор, білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың
мүмкіндігі бар. Модульдік оқыту дәстүрлі оқытудың альтернативі түрінде пайда болды.
Модульдік оқыту іс-әрекеттік негізге бағытталған ақыл-ой әрекетінің этап бойынша
қалыптасу теориясының басты ұғымында базаландырылады.
Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп,
оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас
технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу,
студенттерге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жалпы
педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған
технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында
пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі
нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен
қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында студент білімді жеке-жеке тараулар бойынша
емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Модульді оқыту теориясы мына
қағидаларға негізделеді:
- модульдік;
- оқыту мазмұнынан жеке элементтерді бөлу;
- динамикалылық;
- білім мен оның жүйесінің әрекеттілігі мен жеделдігі;
- икемділік;
- саналы болашақтық;
- әдістемелік кеңесінің жан-жақтылығы;
- тепе-теңдік.
Ал, модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
- ақпарат материалының мақсаттылығы;
- жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
- модуль элементтерінің жеке - даралығы;
- ақпараттық және әдістемелік материалының оңтайлы берілуі.
Модульді оқыту технологиясы – оқытудың жоспарлаған нәтижесіне жетуге мәнді
әрекеттер мен операциялар жүйесін бөлу жолымен жүргізілетін оқу процесін жүзеге асыруды
айтады
3
.
Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін, сонымен қатар білім
беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып студентке берілетін білімнің өмірге үйлесімділігімен
қатар, әрбір жеке тұлғаның дербес ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар беру,
танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивті қадамының бірі –
интегративті оқыту технологиясы. Интегративті оқыту технологиясы – сапалы оқыту көзі
бола отырып, оқытушы мен білім алушының өзара ізгілікті қарым-қатынасы негізінде пәнді
сапалы меңгеруде игі ықпалын тигізеді. Бұл технологияның икемділігі мен өзгермелігі
студенттердің жеке мүмкіндіктерінің дамуына, танымдық белсендігі мен шығармашылық
дербестігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Химия сабағын жүргізгенде интегративті
оқыту мақсаттары:
Оқушыларға химия ғылымының негізін, маңызды деректерді, заңдылықтарды,
теорияларды ұғындыру;Табиғаттағы барлық құбылыстардағы химиялық үрдістердің
маңызды орнын түсіндіру; Практикалық дағдыларын қалыптастыру, оқушыларда табиғат
байлығын тиімді пайдалануға үйрету мен ойлауды тәрбиелеу міндеттері қойылады.
«Білім айнасы» 2023 ж.
25
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану студенттердің берілетін
білімді игерулерулеріне айтарлықтай үлес қосады, сабақ материалын балаларға жеткізуді
жақсартады, сабақты түсіндіргенде оның көңіл-күйлік, эстетикалық және ғылыми
маңыздылығын арттырады.
Компьютерді сабақта қолдану олардың сол пәнге, оқытушыға деген көзқарасын
өзгертеді, тәртіп пен үлгерімді де жақсартады.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оларға сабақ барысында
мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы
қабылданған ақпаратты есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді. Пәнді оқыту
барысында мұғалімнің оқушыға қоятын талаптардың бірі: ақпараттық мәдениетінің дамуы,
яғни: ой-өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оларға түсінікті
етіп жеткізу арқылы студенттің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Егер де, студенттің
пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оның пән бойынша білім сапасының жоғары
болуына әсер етеді.
Бұл мұғалімнің жауапкершіліктері мен міндеттері немесе өмірлік жоспарларын жүзеге
асыруда қосымша мүмкіндіктер алу, бостандықтың бір түріне қол жеткізуі, кәсіби өсуі,
оларға жақындай түсу, олардың алдында беделінің артуы, балалармен бірігіп атқаратын
шығармашылық жұмыстар, компьютер экранында тірек-конспектісінің болуы, әдістемелік
материалының электрондық түрде жүйеленіп сақталуы, басқалардың тәжірибелерін сабақ
барысында қолдануға мүмкіндіктердің пайда болуы және т.б. Осының барлығы да мұғалімнің
қажет деп тапқан жағдайында оңай қолжетімді болады. Ал, егер мұғалім ізденбесе, алдыға
жылжу болмайтыны белгілі. Сондықтан, әр бір педагог алдында осы бағытта өз
қызығушылығын тауып, барлық күдік қорқыныштарын артқа тастап, сол тақырып бойынша
балалармен бірігіп тереңірек жұмыс жасау керек.
Бүгінгідей таңда, ақпарат стратегиялық ресурс болып тұрған жағдайда, қоғамның
дамуы, қазіргі заман білімі бұл үздіксіз үрдіс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, дәл
қазіргі уақытта білім беру үрдісін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдана отырып ұйымдастыру орынды болып тұр. Бұл жерде ақпарат көзі ретінде
электрондық құралдар кеңінен қолданылады.
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын
басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп,
олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және
көшбасшылық модульдерін болашақта қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |