Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
125
деген ойға қаламын. Тіпті қастарына барып, өмірге босқа келіп, босқа кетіп
бара жатқандықтарын айқайлап айтып, саналарын оятқым келеді. Алайда,
менің бұл сөзімді тыңдар құлақ жоқ екенін білемін де, амалсыз алға қарай кете
беремін.
Мен – 11-сынып оқушысымын. Алдымда қаншама сынақтар мен
алынуға тиіс биік белестер тұр. Ол белестерді бағындыра алатыныма
сенімдімін. Қандай қиындықтар болса да жеңе білуге тиіспін. Өйткені мен –
қайсар да батыр Қазақ деген елдің білімді ұрпағымын. Сонда ғана бейбіт күнді
алып берген аталарымның алдындағы борышым өтелмек. Мен де өз таңдаған
мамандығым бойынша жоғары білім алып, өз елімнің нағыз азаматы болып
өскім келеді. Себебі, менің есімімнің де Жеңіс деп қойылуының өзі де тектен
– тек емес. Мен өз елімнің дұшпандарын тізе бүктіріп, жеңіске жеткен күнін
тойлайтын 9 Мамырда дүниеге келгенмін. Сондықтан да мен алға қойған бар
мақсатыма қол жеткізуге тиістімін. Өзім Жеңіс атала отырып, осындай ұлан –
асыр мерекеде үнсіз қалмай, қолыма қалам алуды міндетім деп білдім.
Бүгінгі күні Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін ел болып тойлағалы
отырмыз. Мен үшін, менің елім үшін бұл – өте үлкен қуаныш.
Жеңіс! Қандай керемет әсерлі сөз! Менің ойымша, менің тәуелсіз
елімнің Тұңғыш Президентіне де қаншама жеңістерге жету жолында дем
беріп келе жатқан осы сөз шығар. Өзінің бейбіт күндегі бейбіт түрдегі
жеңістерімен бақытқа алып баратын Нұрлы жолды да біздерге анық етіп
көрсетіп берді. Мен Елбасы салған Нұрлы жолдың нағыз жеңістерге
бастайтын жол екенін білемін. Және де сол жолмен жүруге тырысамын,- дей
отырып, өзімнің достарымды, Қазақстанның бүкіл жастарын, Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерекесімен құттықтай отырып: «Жеңіске бастар жолымыздан
адаспайық, достар!»- дегім келеді.
Қайназар Аружан
11 сынып, № 201 орта мектебі
Жалағаш ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Қанбаева Ш. К.
Отты күні кеудесін оққа тосқан Ерлерім...
Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады.
Ертеден әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған,
дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем,
даласы дарқан, аққуы ұшып қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
126
шешені бар, жаны таза, жүрегі адал, ешкімге ұқсамайтын дара болмысты
халқы бар ел бүгінге дейін әлем жұртының назарын аударып келе жатыр.
Бақыт деген құстан: «Қайда барып тұрақтайсың?» деп сұрағанда, «Ынтымағы
жарасқан елге» деп жауап берсе, ал Қабан жырау:
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат, тірлігі
Ұйымшыл елге барамын, - деп жырлапты.
Қай ұлт, қай ел болса да бейбіт күн мен ашық аспанды, бақытты елдер
қатарында болуды аңсайды. Татулық пен бейбітшілік ұғымын бірлігі жарасқан
ұлтымыз ежелден – ақ ардақтап, ынтымақты биік көріп, алауыздыққа ешқашан
жол бермеген.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
- деген, баба биіміз Қазыбек бидің аталы сөзі осыған дәлел болса керек.
Ал осы күнгі бейбіт күн бізге оңайлықпен келген жоқ, аталарымыздың
қанымен, жанқилы ерлігімен, соғыспен келді.
Соғыс... Қаншама адам қан төгіп ұрыста мерт болса, қаншама қала отқа
оранып жанып, ойран топай болды. Ал, құрсауда тұрып зар жылаған ана,
шырқыраған бала, белі бүгіліп шыбын жанын шүберекке түйген қаусаған
қарттардың төгілген қандары, өлшеусіз өлімдер мен қасіреттері...
Жұмыр Жер ана 14513 рет соғыс азабын тартса керек. Солардың ішіндегі
ең қанқұйлысы – соңғы шайқас. Қырқыншы жылдардан басталатын бұл
топалаң жер шарының Европа, Азия тіпті Африка бөлшектеріндегі 40 елді
мекенінде, екі миллиардқа жуық адамдарды қатыстырып, 61 мемлекетті түгел
қамтыған. Сөйтіп, екінші жер жүзілік атанған бұл соғыс күллі әлемде 1418
тәулік бойынша үрейлендіре сілкіндіріп, елу миллион адамды жалмапты. 50
миллион адам! Егер де балаларын жоқтаған аналар жасын, ерлерін жоқтаған
жесірлер жасын, әкелерін жоқтаған жетімдер жасын бір арнаға бұрсақ,
қасіретті тамшылар теңізі пайда болар еді де, сол қасіретті теңіз күрсіне
толқыған сайын, мынадай ойлы да, өжет талаптар қайталанар еді. «Ешкім де,
ешнәрсе де ұмытылмақ емес!» Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ
ететін, тауды жер ететін,жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап
жұтатын тажал. Біз ол тажалды көргеніміз жоқ(Құдай көрсетпесін де).Тек ол
қанды соғыс туралы естеліктер мен кинофильмдерден, аталарымыздың
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
127
естеліктерінен ғана білеміз.Әрине, ол бізге ертегі секілді көрінгенімен, ащы
шындық, тарих.
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе де
ұмытылған жоқ, ұмытылмайды да. Ол – аталарымыздың жанымен, қанымен,
терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай,
ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп
жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан Жеңіс күні.
Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн.
Сондықтан да бұл – Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының
аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған
қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз
ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына
бірігіп,күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс – он бес одақтас болған
мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград
түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған
ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.
Қазақ- ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың
қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал
айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының
батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Оның ішінде Кеңес Одағының
батыры Бауыржан Момышұлы атамызды ерекше мақтанышпен айта аламыз.
Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол,
өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен
жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі
жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі
– ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған
аталар, апалар ерлігі «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай
күшті қанатты...» қазақ елінің жастары барда ешқашан ұмытылмайды.
Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт,тәуелсіз тірлігімізге нұрындай мәңгі
шуағын шашсын!
Көрсін де мынау қасіретті теңіз көз жасын,
Адамдар енді сұмдыққа қайтып бармасын.
Білмесін әлем әкесіз өскен жетімді,
Жылаулы ана, қаралы – мұңлы жесірді...
Ұмытпаңдар, ұмытпаңдар елу миллион қазаны,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
128
Өртенген мектеп, оқ қиратқан қаланы!
Қайырбек Аружан
9 сынып, №45 мектеп-гимназиясы, Шиелі ауданы
Қызылорда облысы
Жетекшісі: Әбішбаева М.
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы
жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.
Соның бірі, бірі емес бірегейі – қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан
Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның
бейнесін елестетесің. Батыр ағамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың
қаруын қаламға айырбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз
майданында екінші ерлік көрсете білді.
Бұл сұрапыл соғыстың қазақ еліне, жеріне тигізген зардабы өте көп.
Қанша азамат еліне оралмады.
Қазіргі кезде майданға қатысқан қариялар саусақпен санарлықтай.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық бұл соғыстың болып өткеніне 70 жыл
толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай
ізін қалдырды. Осынау күн – бейбітшілік сүйгіш адамдар үшін асыға күтетін
қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында
тылда жан алмай еңбек етіп, өздерінің үлестерін қосқан аға-апаларымызға
басымызды иеміз.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев «Біз жеңімпаздар
ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың
соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі – Отанға қызмет ету ісінде
мәңгілік өнеге» деп айтқан болатын.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке –
бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған
жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
129
жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Ашу мен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азаат ел үшін арпалыста,
Әйелдер терін төкті майдан үшін.
Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен.
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала-өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды.
Кемпір-шал, әйел бала ауылдағы
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.
Міне, осы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы орындалды.
Біздің
аталарымыз
бен
әкелеріміздің
батырлықтары
мен
жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл
– бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық
қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен
даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік
қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Барлық халықтарды Ұлы Жеңістің – 70 жылдығымен шын жүректен
құттықтаймын. Мұндай соғыс болмасын, тек қана бейбітшілікте,
ауызбіршілікте, достықта, ынтымақтастықта өмір сүрейік!
Қанағатова Дильяра
4 сынып, №199 орта мектебі Төребай би ауылы,
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Шегебаева А. Б.
Ерліктің дастаны болған батырлар
«Жеңіс» сөзі – қастерлі, қасиетті ұғым. Сонау 1941-1945 жылы болған
сұрапыл соғыс әлемге ажал төндірді. Бұл бұрын болмаған апат еді. Гитлер
бастаған фашистік Германия жаздың мамыражай күндерінің бірі 22 маусымда
тұтқылдан соғыс ашты.
1940 жылы желтоқсанда қабылданған Гитлердің «Барбаросса»
жоспарының мәні – КСРО-ны талқандап, шығыста «өмір кеңістігін»
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
130
қамтамасыз ету болды. Москва - Ресей Федерациясының астанасы, сол кезде
Москва қаласы Отанымыздың жүрегі саналды. Москва – Ресейдің еуропа
бөлігінің орталығында, Москва өзенінің жағасында орналасқан.
Жау екі айдан кейін жеңіс тойын Москвада тойлаймыз деп ойлады. Бірақ
астана қорғаушыларына көмекке Сібірден, Уралдан, Қазақстаннан, Орта
Азиядан, Қиыр Шығыстан әскерлер келді. 1941 жылы 14 шілдеде Алматыда
316-атқыштар дивизиясы құрылды. Генерал Иван Васильевич Панфилов осы
дивизияның командирі болған. Төрт айдан кейін осы дивизия Мәскеуге
апаратын Волоколам тас жолы бойында жауға өліспей-беріспей қарсы тістесіп
жатты.
Дубосеково... Біздің елімізде осы жер атын естігенде селт етпейтін бірде-
бір пенде жоқ екен. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін 28 гвардия-
шылардың ерлігін әлі ұмытпай келеді. Соғыстың 115-ші күнінен бастасақ,
1941 жылғы қазанда жау жаяу әскерлерінің - 42, танктерінің - 75, зеңбірек пен
минометтерінің – 45, авиациясының - 31 пайызын Мәскеуді басып алуға
жұмсапты. 14-16 қазан аралығында панфиловшы жауынгерлер алғаш рет
шайқасқа кіреді. Панфиловшылар 28 күн бойы дамыл таппады. Осы уақыт
аралығында жау небәрі 25 шақырым ғана алға жылжи алыпты. Жаудың бұл
жүрісі тым қымбатқа түсіпті. Немістердің Мәскеуге жасаған бірінші шабуылы
жеңіліспен аяқталыпты. 15 қараша күні фашистер 13 танк, 31 жаяу әскер, 7
моторлы дивизиясымен Мәскеуге екінші рет жойқын шабуылға шықты. Енді
олар Мәскеуге қарсы жалпы саны 51 дивизиясын жұмсағанда адам баласының
жаны түршікті.
Бұл күн 1941 жылы қарашаның 16-сы еді. Неміс фашистері Волоколам
жолымен Москваға қарай беттеді. Немістің генералы Бектің, танктер құдайы
Гудерманның машиналары жылыстап келе жатты. Тіпті жау генералдары
алысты көретін дүрбімен Москва көшелерін көріп тұрды. Сол кезде
Алматыдан жасақталған генерал И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар
дивизиясы Москва түбіндегі Дубосеково темір жол разъезінің жанындағы
қорғаныс шебінде жауды күтіп жатты. Алдымен гитлершілердің жаяу
әскерлері лек-легімен парадқа шыққандай алда келе жатты. Артынан жаудың
20 танкісі келеді. Олар тұп-тура 28панфиловшылардың бекініс шебіне қарай
қаптап келе жатты. Алда алапат ауыр шайқас күтіп тұрғаны белгілі болды.
Жауынгерлер кенет: «Амансыңдар ма, батырлар!?»,-деген таныс дауысты
естіді. Бұл саяси жетекші В.Г.Клочков екен. Ол батальонның бақылау
пунктінен жау танкілерінің бет алысын байқап, шұғыл түрде жеткен еді.
Кескілескен ұрыс басталып та кетті. Ержүрек жауынгерлер жау машиналарын
танк ататын мылтықтармен, гранаттармен жайратты, жанармай қоспасы
құйылған бөтелкелермен өртеді. Алайда қорғаныс шебіндегілердің қатары
азайып қалған еді. Осы кезде саяси жетекші Василий Клочков «Россия кең-
байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва»-деп ұрандады.
Клочковтың бұл сөзі майдан даласын шарлап кетті. Тағы да будақ-будақ қара
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
131
қошқыл түтіннің арасынан екінші танктердің эшелоны көрінеді. Бұл жолы
Клочков 30 машинаны санап шықты. Жауынгерлер өлімнен тайсалмай, күші
басым жаумен тағы да шайқасқа шықты. Жаудың 50 танкісіне қарсы
қаһармандықпен күрескен 28 батырдың көбі қаза тапты. Бұл дәл сол кезде
басқа әскери күштердің келіп жетуіне қажетті баға жетпес уақыт ұтқан асқан
ерлік болды. Көп кешікпей неміс фашист әскерлері Москва түбінде
талқандалды. 28 панфиловшылардың бәріне Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді. 28 батырдың 22-сі қазақстандықтар болды. Осыдан кейін 316-
атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия деп аталды және Қызыл Ту
орденімен марапатталды. 18 қараша күні осы дивизияның командирі Иван
Васильевич Панфилов қаза тапты. Панфиловшылар дивизиясында 18 мың
адам болыпты. Бірақ, бәрінің бірдей ерлігі ел есінде қалған жоқ.
28 панфиловшы-батырлар қаһармандық көрсеткен жерге ескерткіш
орнатылды. «Біз өз өмірімізді Отан үшін пида еттік. Біздің жансыз денеміздің
жанында тұрып көз жасын төкпеңдер. Тістеніп, тас түйін табанды болыңдар.
Біз не үшін өлгенімізді білеміз, біз өзіміздің жауынгерлік борышымызды
өтедік, жаудың жолын бөгедік. Фашистерге қарсы шайқасқа шығыңдар,
өліспей беріспеу керек екенін есте ұстаңдар. Бізде таңдайтын басқа жол болған
жоқ. Біз қаза таптық, бірақ жеңіп шықтық!»,-деп тас мүсіндер бізге тіл қатып
тұрғандай.
Алматыда
28
гвардияшы-панфиловшылар
паркі
бар.
Онда
панфиловшылардың құрметіне «Даңқ мемориалы» орнатылған. 1975 жылы 7
мамыр күні Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қаза болған
қаһармандардың құрметіне салтанатты жағдайда ашылды. Алаңда қысы-жазы
«Мәңгілік алау» жанып тұрады. Орталық көшенің бірі И.В.Панфилов атымен
аталады. Көшенің бойында батыр генералға ескерткіш орнатылған.
Республикамызда панфиловшы-батырлардың есімімен аталатын мектеп,
аудан, ауылдар және көшелер бар. Олардың есімдері жазылған кемелер
мұхиттар мен теңіздерде жүзіп жүр. Олардың ерлігі тасқа қашалып,
суреттерде бейнеленіп, кітаптарда жазылып мәңгілік есте қалды. Жауға деген
шексіз өшпенділік олардың жүрегін ажалдан да тайындырмады. Тіпті өз
өмірін қиса да, жеңіп шығуға деген қайтпас қайсарлық туғызды. Олар өз қадір-
қасиетін, тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау үшін семсерін суырған ұлы
халықтың қаһармандарына айналды.
Мен Москваға ұмтылған дұшпан атаулының ойранын шығарған
жандарға әр уақытта басымды иіп тағзым етемін, топырақтарың торқа болсын
деймін. Сіздердің алып берген жеңістеріңізді біз кейінгі ұрпақ, қадірін түсініп,
тәуелсіз еліміздің бейбітшілігін сақтауға атсалысамыз. Ол үшін тәрбиелі де,
тәртіпті болып өсіп, білімді оқушы қатарында болуымыз қажет.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
132
Қараева Нұрсәуле
10 сынып, №68 орта мектебі Арал
ауданы Қызылорда облысы Жетекші:
Алданышбаев Ж. Е.
Жеңіс – ерлік жемісі
Жеңіс күні – халқымыз үшін ерекше мейрам. Бұл күн неміс фашистерін
тізе бүктіріп, өз азаттығымызға қолымыз жеткен ғажап күн. Бірақ көптеген
батыр аға-әпкелеріміз қаза тапты, дегенмен де, олардың ерліктері ешқашан
ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысына өз жерімізден миллиондаған батыр
ағаларымыз бен нәзік жанды аруларымыз қатысты. Кітаптан оқып, кинодан
көргеніміздей соғыстың әр сағаты, әр минуты, әр секунды аса ауыр, әрі
қорқынышты, әрі қасіретті болған. Осындай ауыртпалық кезеңдерде батыр
жауынгерлеріміз кірпік қақпай, шыбын жаны қалғанша жан аямай күресіп
бақты.
Соғыс деген сөздің өзі қорқынышты. Жазықсыз халықтың көрген
қиыншылығын сөзбен жеткізу одан да қиын. Бұл соғыс атаулы ешқашан
жақсылық әкелмейтін қасіреті мол, азабы да көп, өте ауыр кезең. Осыған
қарамастан, еліміздің нағыз патриот ұл-қыздары туған жерінің бейбітшілігі
үшін өз еріктерімен соғысқа аттанды. Бір қолына – қару, екінші қолына –
қалам алып, зұлмат соғыстың ауыр кезеңдерін және ерлік көрсеткен
батырларымызды жазып қалдырды. Бұның бәрі біз үшін өте құнды деректер.
Осы арқылы біз аға-әпкелеріміздің ерен еңбегіне, көзсіз ерлігіне тәнті
боламыз. Сондай-ақ рухты өлеңдерімен жастарға дем беріп отырған
ақындарымыздың да еңбегі орасан зор.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихта алар орны өте
үлкен. Осы соғыста қазақ деген ұлы халықтың даңқы жер жарды. Олай
дейтінім, біздің даңқты, ержүрек батырларымыз бар әлемді таңқалдырды.
Сөзбен айтып жеткізуге келмейтін асқан ерліктер көрсетті. Қазақ халқының
даңқты ұлы Нұркен Әбдіровтың есімі өшпейді. Ержүрек ұшқыш ұшағына оқ
тигенде, отқа оранған ұшағын жаудың шоғырланған тұсына бағыттады. Үлкен
жарылыс болды... Нұркен Әбдіров қаза тапты. Бірақ елімізге билік жүргізуді
қалаған жау да жер жастанды. Осы соғыста мыңдаған қазақтар ерлік көрсетті.
Ұшқыш Талғат Бигелдинов фашистерге қырғидай тиді. Ол «Ил-2» ұшағымен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
133
көптеген фашистермен олардың соғыс техникасын жойды. Мерген қыздар
Әлия мен Мәншүк те ерлікпен қаза тапты. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің
арасында Рақымжан Қошқарбаев та болды. Бұл да ұлы ерлік. Сонымен қатар,
Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, Қ.Қайсеновтей батырлар жазған
естеліктер, әңгімелер, бабаларымыздың батыр болғанын дәлелдей түседі.
Ақыр соңында, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы жеңіспен
аяқталып, 9 мамыр – Жеңіс күні болып жарияланды. Соғыс жылдары 500-ге
жуық қазақстандық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бұл
біздің еліміз үшін үлкен мәртебе. Міне, осындай ержүрек батырларымыздың
арқасында бейбіт заманда еш қиындықсыз өмір сүрудеміз.
Сондай батырларымызға арналып қойылған ескерткіштер біздің
рухымызды әркез биіктетіп, кімнің ұрпағы екенімізді түсіндіріп тұрғандай.
Адам өмірінің ұзақтығымен емес, оның еліне, жұртына жасаған үлгі етер игі
істерімен есте қалады. Ұлан - ғайыр даламызды ата-бабаларымыз ақ білектің
күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап өткен. Ұлы Отан соғысына қатынасқан
батырларымыз да сондай, елін сүйетін, қорғай білетін нағыз азаматтар болды.
Соғыс кезінде қыршын кеткен батыр ұл-қыздарымыздың ерліктері тарихта
алтын әріппен жазыларлық ұлы істер болды. Біз оларды әркез дәріптеп,
мақтан тұтамыз. Қай халық болмасын, бәрі өзінің батырларын қастерлеп,
аттарын асқақтатқан. Біз де сондай халықпыз. Қазақ халқы «Жақсының аты
өшпейді, ғалымның хаты өшпейді» деген нақыл сөзді бекер айтпаса керек-ті.
Өйткені, жақсы адамның игі ісі ешқашан да естен кетпейді, сондай-ақ
ғалымның қомақты еңбегі де әрқашан сақтаулы болады. Сол сияқты
батырларымыздың да елі үшін қылған ұмытылмас істері тарих бетінен
өшпейді. Олар естен кетпес ержүрек тұлғалар.
Биыл міне, Ұлы Жеңісімізге – 70 жыл! Осы мейрам сайын
боздақтарымызға әркез тағзым етіп, Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл мереке
елімізде ерекше аталып өтіледі. Ардагер батырларымызға, тыл ардагерлеріне
үлкен құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалады. Олардың құрметіне
концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қуанышқа бөлейді. Біз үшін
олардың әңгімелері өте қызық. Ардагер батырларымыздың әңгімелерін
тыңдай отырып, өз көмегімізді де тигіземіз. Күн санап ардагерлеріміз де
өмірден озып барады. Сондықтан осы аталарымызға зор құрмет көрсетіп
қалуға тиістіміз. Себебі, солардың арқасында сайран салып, бақытты өмір
сүрудеміз! Біздің тыныштығымызды қорғап, шат-шадыман өмір сыйлаған –
осы кісілер ғой. Ғажап күннің тууына себеп болған ардагер – асыл жандар
азаймаса екен...
Мен де өз елімнің нағыз шынайы Әлия мен Мәншүктей батыр болсам
деймін. Әрине, ешқандай қан-төгіссіз, соғыссыз. Мен өз біліміммен ерік-
жігерім арқылы «батыр қыз» болғым келеді. Өзім сүйген мамандық бойынша
қызмет жасап, елімнің көркеюіне, одан әрі дамуына үлесімді қосып,
«Қазақстан» деген мемлекетті әлемге танытатындай дәрежеге жетіп, нағыз
|