Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
7
ерлеріміз ешқашан да, еш уақытта да естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер
соғыстың, оның сұмдықтарының, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған
ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ. Барлығын есте сақтауға міндеттіміз.
Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата-анамыз әрқашан
қасымызда болсын! – деп тілеймін.
Абсанов Еркебұлан
9 сынып, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Есіркепова Л.
Отан үшін от кешкен ерлерге мың тағзым!
«Соғыс» деген сөз немесе ұғым адамға суық,денеңді түршіктіретіндей
естіледі. Ал бірақ осы сөзге қарама-қарсы келетін сөз бар. Ол « Жеңіс» деген
сөз немесе ұғым. Бір істе қарсы жақты жеңіп шығу дегенді білдіреді. Әсіресе,
туған жерге қауіп төнгенде жаулармен шайқасу. Мұндай шайқастарды біздің
халқымыз басынан аз кешірген жоқ. Соның бірі – әлемді дүр сілкіндірген
екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыс 1941 жылдың 22 маусымында болған
еді. Сол күні таң шапағы арайланып атқан кезде елімізге қауіп төнді.
Халқымыз адам айтқысыз ауыр тауқыметті басынан кешірді.Фашистік
Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Соғыстың алғашқы сәттерінен
бастап Кеңес Одағы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»
ауызбіршілікпен ынтымақтаса отырып Отанын қорғады. Сол бір сұрапыл
жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін,
ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Халқымыз жанқиярлықпен соғысып, ерліктің
тамаша үлгісін көрсете білді. 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Ж.Махамбетов, Ж.Қизатов,
Сергей Луганский, Иван Павлов Шығыстың қос шынары атанған Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды көптеген майдангерлер. Осы соғыста
Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің қазақ елі де жан
аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының
құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста
ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр
апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп,
қас дұшпанынан елін қорғау жолында батырлықпен қаза тапса, екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы – Бауыржан Момышұлы нағыз батырлықтың үлгісін
көрсетті. Бауыржан атамыз жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
8
уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге
шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.
Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде
қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі
әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы
ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан
миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы,
эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-
түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Шайқастар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта болып жатты.Сол
кезеңді басынан кешірген менің атам Бодыбаев Якуда: «Немістің бір
селосында болғанымызда жауды қырып,тамақ таусылып қалды. 3 күн бойы
неміс бақшасындағы тек қана ащы пиязбен күн көрдік» деп айтып отыратын.
Ал біздің сынып жетекшіміз: «Соғыстың әкелген қасіретін бертін келе біз де
байқадық. Өйткені менің кішкентай кезімде көшеде бір кемпір жүретін.
Балалар оны «жынды кемпір» деп атайтын. Әр үйге кіріп, тамақтанып, шай
ішіп алады. Бірақ ешкіммен сөйлеспейді. Апамнан сұрағанымда ешқандай да
жынды емес, балалары, күйеуі соғыстан оралмаған. Әлі де келеді деп
үміттенеді» дейтін. Міне, соғыстың әкелген қасіреті.
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала
әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді,
күте берді.
Біздің
аталарымыз
бен
әкелеріміздің
батырлықтары
мен
жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл
– бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық
қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға
деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтың ауыр тағдыры
туралы жазған өлеңі жауынгерлерге рух беріп,қайраттандырса,тылдағы еңбек
адамдары майдангерлерге азық-түлік,киім-кешек жіберді.
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын,
ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген
екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңіске қол жеткізген батыр
ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Сұм соғыс Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9
мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Дүниежүзі халқы бостандық алды. Халық
Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.
Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70
жылдығын тойламақпыз.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
9
Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай
ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл
мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын
қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті
жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін
дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза
тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін мақтан етеміз.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің
тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын
болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап
қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз
қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз,
шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр
болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай
еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Жеңіс – біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-
апаларымыз аман болып, келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық
болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кең пейіл Қазақ елі жасасын!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің
ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз –
Отанымызды сүю, еліміздің, жеріміздің адал патриоты болып,, достық пен
бірліктің туын биік ұстау.
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың
батырлығы. Бiздiң парызымыз – бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз
қазір кемде-кем қалды. Бірақ оларға деген лайықты құрмет, ыстық ілтипат
мәңгі бола бермек! Отан үшін от кешкен ерлерге мың тағзым!
Айжарық Айдана
10 сынып, №182 орта мектебі
Басықара ауылы, Қазалы ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Баймағамбетова Ж. А.
Отқа тосылған от жүрек
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
10
Жау жайрады, туы жерге тасталды,
Жеңіс маршы кернеді жер-аспанды.
Күн көзінде қызғалдақтар құлпырып,
Дүние күлді, бейбіт өмір басталды.
С.Боранбаев
Жеңіс! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс! Аяқталғанына жарты
ғасырдан астам уақыт өтсе де, «Жеңіс!» деген сөз жүрекке соншалықты ыстық,
көңілге соншалықты жақын сезіледі.
Елімізге тыныштық әкелген осынау Ұлы Жеңіс, құдайға шүкір, әлі
жалғасып келеді. Ал, Жеңіс қамалын тұрғызған, Бейбітшілік күнін туғызған
жауынгер бауырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұмытуға
хақымыз да жоқ. Арамызда жүрген көзі тірілерін әркез ардақтап, соғыста опат
болғандарын құрметпен еске алып отыру – бүгінгі ұрпақтың адамгершілік
парызы.
Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен ауыр кезеңде біздің
Қазалылық бауырларымыз да кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен
тәуелсіздігі жолында кеуделерін от пен оққа тосты. 1418 күнге созылған сол
бір сын сағатта жерлестеріміз елдік пен ерліктің, қайсарлық пен
қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Азап пен тозаққа, қайғы мен мұңға толы
соғыста қасиетті Қазалы жерінің 5 азаматы Кеңес Одағының Батыры атағына
ие болды. Қазалы жауынгерлерінің Жалаңтөс пен Жанқожа, Ақтан мен
Бекарыстан секілді батыр бабаларының өшпес ерлігін жалғастырғанын
осыдан байқаймыз.
Қан майданда қыршын кеткен әр үйдің асыл азаматтарының рухына
тағзым етіп, жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангер
ақсақалдарымыздың алдында өзіміздің борыштар екенімізді сезініп, бас иеміз!
Осындай майдангер атамыздың бірі – Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Басықара ауылының тұрғыны Мырзатаев Пірназар Құлсарыұлы.
Пірназар ата 1920 жылы 18 мамырда Қазалы ауданына қарасты Аранды
ауыл советінде туылған. Балалық, бозбалалық, жастық шағы да қиындыққа
толы болады. Есін жиып, ес білген шағы, 10 жасқа толғаннан кейін 1933-1937
жылдар аралығындағы зұлмат, қайғылы кезең – аштықты да басынан өткереді.
Жас бала болса да аштық жылдарының адам айтқысыз
қиыншылықтарын басынан өткеріп, сол нәубеттен тірі қалып, ел қатарлы күн
кешкен.
Ел еңсесін енді тіктеп, есін жия бастаған кезде, Фашистік Германия
Кеңес Одағының жеріне опасыздықпен тұтқиылдан шабуыл жасап, елдің
бейбіт өмірі бұзылған болатын. Осы ауыр соғыс та Пірназар атаның өміріне
әсер етпей қоймады. 1942 жылы 15 қаңтарда әскер қатарына шақырылып,
майданға аттанды. Әуелі әскерге аттанған жауынгерлерді Орынбор қаласында
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
11
әскери жаттығудан өткізеді. Әскери амал-тәсілдің қыр-сырымен танысып,
үйренгеннен кейін қан майданға аттанып, өзінің майдангерлік қызметін
Сталинград қаласын азат етуге қатысудан бастайды.
1942 жылдың қаңтар айынан бастап 1943 жылдың тамыз айына дейін
№200-атқыштар полкінде атқыш болады.
Майдангер атамыз сонымен бірге Украинаның астанасы Киевте,
Харьков, Минск, Кишинев қалалары мен Польшаның Варшава, Венгрияның
Будапешт, Австрияның Вена қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге
бастан-аяқ қатысқан.
1943 жылдың тамыз айынан 1945 жылдың қыркүйек айына дейін №11-
атқыштар полкінде пулеметші болған.
Пірназар атаның айтуы бойынша, Днепр, Волга, Дунай өзендерінің
көпірлерінен өтерде неміс шапқыншылары бомбалап, көптеген жас
жүректердің кенеттен тоқтап қалуына себепші болған. Көпірге жасалған
шабуылдың салдарынан жауынгерлердің өлі денелері су бетінде қалқып,
қандары суша ағып, өзен беті қып-қызыл қанға боялып кетеді екен. Және де
шабуылға күніне шамамен 200 жауынгер шықса, соның 150-і аман қалып, 50-
і оққа ұшады екен.
Пірназар ата 1945 жылдың 9 мамырында немістің ірі қаласы Милькті
басып алуға қатысып, көптен күткен «Жеңіс!» сөзін сол жерде естіген. Сол
жерде қосымша полктегі бір эшелон адамды пойызға мінгізіп, ұзақ жол жүріп,
бір үлкен қалаға апарып түсіреді. Жерге түсіп сапқа тұрған жауынгерлердің
арасынан 37 жауынгерді таңдап, жазып алады. Соның бірі Пірназар ата еді.
Сол күні түнде 37 адамды пойызға мінгізіп, бір жарым күн жол жүріп,
Чехословакия мен Германияның шекарасында орналасқан Гомонд қаласына
апарады.
Әскерді бастап барған майор: «Бұл жер – Гомонд деген қала. Әскери
басқарма, яғни комендатура», - деп таныстырады.
1945 жылдың қыркүйек айынан 1946 жылдың мамыр айына дейін
Гомонд қаласында қатардағы атқыш, милиционер қызметінде болады.
Осындай Ұлы Отан соғысы жылдарында атқарған еңбегі үшін Пірназар ата
«Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен,
«Украинаны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат
еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталады.
1946 жылдың 20 наурызындағы Жоғарғы Кеңес Президиумының
бұйрығы бойынша әскерден босатылып, 1946 жылы 7 мамырда елге оралады.
Елге оралған соң, осы жылдың қараша айында Хадиша есімді қызға
үйленіп, отбасын құрады.
Бейбіт кезеңде атаның Ұлы Отан соғысындағы еңбегін ескеріп, «Ұлы
Отан соғысына 30 жыл», «Ұлы Отан соғысына 40 жыл», «КСРО қарулы
күштеріне 60 жыл», «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл» медальдары
тапсырылған.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
12
Соғыс ардагеріне 2000 жылы Ұлы Жеңістің 55 жылдық мерекесіне орай
«1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының ардагері» құрмет белгісі тапсырылды.
2005 жылы Ұлы жеңістің 60 жылдық мерекесіне орай шығарылған
Н.Шамұратовтың «Қазалының қаһармандары» кітабына енді. 2008 жылы
Астананың 10 жылдық мерейтойына байланысты аудан әкімі А.Көшербайдың
Алғыс хатымен марапатталып, «10 жыл. Астана» медалін иеленді. Және де
биыл Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Пірназар атаға Қазалы қаласынан
салынған жап-жаңа үйдің кілті тапсырылды. Бұл да – Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерейтойына орай қарт атамызға жасалған үлкен құрмет.
Пірназар ата бүгінгі күні ғасырға жуық өмір жасап, 95 жасқа толғалы
отырған жайы бар. Пірназар ата – Басықара ауылындағы Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінен қалған жалғыз көз, жалғыз шежіре.
Сөз соңында айтарым, Ұлы Отан соғысының ардагері мен майдан
даласынан оралмаған боздақтар алдында бүгінгі жас ұрпақ өздерінің
борыштар екенін сезініп, ата-бабаларымыздың ерен ерлігін, қайталанбас
батырлығын жалғастырып, оларды ұмытпайтынына кәміл сенемін. Жан
алысып, жан беріскен қан майданда ерлік жасаған аға-апаларымызға деген
сый-құрметімізде шек-шет жоқ.
Айнадин Еразамат
5 сынып, № 13 мектебі
Арал қаласы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Досаханова Л. С.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда, сағат таңғы 4.00-де
басталған. Фашистік Германия Совет Одағына, соғыс жарияламай,
тұтқиылдан басып кірген. СОғысқа барлық еразаматтар мен қатар апаларымыз
қатысса, қарттар мен әйелдер, балалар тылда еңбек еткен. Армия қатарында
бір миллион екі жүз мың аса қазақстандықтар болды. Олардың ішінде он бір
мыңнан аса Аралдық аталарым болса, олардың алты мың сегізі майдан
даласында қаза болды. Қазақстанның әрбір жанұясын соғыс өрті шарпып
өткен.
Ұлы Отан соғысында он бір мың алты жүзден аса адам ерлігі үшін Кеңес
Одағының батыры атанды. Оның төрт жүз тоқсан жетісі қазақстандық батыр
аталарымыз бен апаларымыз. Соның ішінде Кеңес Одағының батыры атағын
екі мәрте алған ұшқыш атамыз Талғат Бигелдинов, батыр апаларымыз Әлия
мен Мәншүк , Сұлтан Баймағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Қасым
Қайсенов, тағыда басқа ата апаларымыз бар. Біздің батырымыз Рақымжан
Қошқарбаев Рейхстаққа жеңіс туын тіккен.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
13
Менің аталарым Өмірәлі, Пазылбек, Оразғали, Айнадин, Жаңабай және
нағашы атам Бөкеш соғысқа қатысқан. Олар қан майданда жер бетіндегі
бейбітшілік үшін, біздің азаттығымыз бен болашағымыз үшін жан беріп, жан
алысқан. Атам Айнадин өз жасын үлкейтіп жазып, 1943 жылы майданға өз
өтінішімен аттанған. Ленинград қаласын блоккадан азат етіп, жау
миналарынан тазартқан. Бірде жауа самолеттерінің үгіт парақтарымен бірге
тастаған азық – түліктерінің уланғандығын, Ленинградтың аш – жалаңаш
тұрғындарына бермеу үшін, оларға жаудың берген азық-түліктерінің
уландығын көрсету үшін, өздері жеп көрсетіп, өздерін өлімге қиып, уланып
өлім аузынан қалған. Ленинград қаласына тасталған жау десантшыларымен
кескілескен ұрыста ауыр жараланып елге оралды. Үлкен атам Оразғали
минаметшілер бригадасының командирі болып, Украинаны азат еткен. Ал
нағашы атам Бөкеш соғыстың басынан бастап қатысып, елге жеңіспен
оралған. Бөкеш атамның еңбек жолы аудандық мұражайда, соғыс ардагерлері
кітабында жазылған. Жаңабай атам бір ұрыста ерлік жасап, жау қолынан
түскен. Одан қашып шығып елге аман-есен оралған. Бірақ «Қан майданда қаза
болды» деген қаралы хат келген. «Боздақтар кітабының» 5 томының 127
бетінде, майданда қаз болған боздақтардың қатарында ол туралы жазылған.
Ал Жаңабай атам соғыстан аман-есен елге оралып, Жақсықылышта еңбек
етіп, құрметпен зейнетке шығып, 2009 жылы қайтыс болды. Аталарымның
орден медальдары от басымызда сақтаулы.
Өмірәлі атам Великие Луки қаласының жанында қаза болып, сол маңда
бауырластар зиратында жерленсе, Пазылбек атам ұрыс даласында хабарсыз
кеткен. Олар туралы «Боздақтар кітабының» 5 томының 12,246 беттерінде
жазылған.
Украинаны азат етуге қатысқан партизан атамыз Қасым Қайсеновтың
партизан отрядында болған партизан атамыз Көшербай Өтенов атындағы
көшеде тұратынымды мақтан тұтамын.
Ұлы Отан соғысының майдан даласынан қайтпаған аталарымыздың
рухына арнап орталық алаңда үлкен ескерткіш қойылған. Әрдайым осы
ескерткіштің жанынан өткенде мен соғыстан қайтпаған аталарымның
әруағына басымды иемін. Майдангер әкелеріміз бен апаларымыздың ерлік
істері бізге өшпес үлгі өнеге және тәрбие. Оны әрдайым ұмытпауымыз керек.
Алданова Ақнұр
9 сынып, №74 орта мектебі
Арал ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Байбосынова А. Ш.
Елімнің өткені мен бүгіні
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
14
Осыдан 82 жыл бұрынғы қазақтардың жағдайына мән берейік. Халық
жеуге бір үзім нан таба алмаған кез. Саяси жер аударылғандардың бір тобы
Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің Төралқасына былай
деп хат жазған екен: Селоларда сұмдық оқиғалар мен қоса аштық кең көлемде
етек алған. Ит, мысық желініп жатыр. Халық астықтан ісініп өлуде. Ал тірі
қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы
келмеуде, өліктер шашылып жатыр. Иә, бұл сөзді оқыған әрбір қазақтың ет
жүрегі елжіреп қынжылатыны анық. Ол аз болғандай 1940-1945 жылдары
екінші дүние жүзілік соғыс болды. Оған аға-әпкелеріміздің бәрі қатысты.
Олардың жүректері тек «Қазақстан» деп соқты. Олар ерлік үшін ештеңеден
тай салмады. Тіпті жандарын да қиды. Олардың бейнелері ел есінде
болмағанымен, есімдері, көрсеткен ерлік еңбектері мәңгілік ел есінде. Сол аға
әпкелеріміз Әлия, Мәншүк, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов т.б. Әйтеуір, сол аға
әпкелеріміздің арқасында 1965 жылы 2 мамырда жеңіске қол жеткіздік. Бұл
күн жылда мейрам етіп тойланады. Бірақ біз осындай аға әпкелерімізді тек 16
желтоқсанда, 9 мамырда еске түсіреміз. Неге біз олардың елі үшін жасаған
еңбегін үнемі айтып отырмаймыз? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз
тәуелсіздігін алды. Әрине, бұл күн қазақтар үшін ең бақытты мерейлі күн және
президентіміз Н.Ә.Назарбаев болып сайланды. Содан бері міне, 23 жыл өтті,
Аллаға мыңда бір шүкір, әжептеуір еліміз гүлденді, көркейді,
қалаларымыздың саны көбейді, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. 1991
жыл мен 2014 жыл мүлдем салыстыруға келмейді. Осының бәрі елбасымыз
Нұрсұлтан атамыздың арқасы. Ол кісінің, ақылгөйлігінің, тапқырлығының,
қазақтар үшін жасаған еңбегінің арқасында біз «Қой үстінде бозторғай
жұмыртқалаған заманда тұрып жатырмыз. Қазір жаныңа не керек соның бәрі
бар. Адамдар да, заман да өзгеріп бара жатыр. Заман күннен күнге дамып бара
жатыр. Ал адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсарып жатыр. Бірақ,
пиғылдары да тарылып бара жатыр. Барлығы өз үйлерінің қамдарын ойлап
жүр. Тұрсынбек ага бір әзілінде әзілдеп айтса да, шындықты жеткізді. Ол
бірнеше отбасына бір үй салыңыздар деп еді, бірақ олар бірнеше үй салды.
Бұдан-ақ біз адамдардың өзгеріп бара жатқанын білеміз. Әрине, барлық адам
еліне еңбек етіп жатыр. Мәселен, ұстаз келешек қазақтың атын шығаратын
балларға білім беріп жатыр. Ал ақ халатты абзал жандар халықтың
денсаулығын жақсартып жатыр. Әншілер, күйшілер, әртістер мәдениетімізді
дамытып жатыр. Әрқайсысы әр түрлі еңбек етуде. Бірақ барлығы қазақ елі
үшін, Қазақстанды әлемге таныту үшін, бақытты өмір сүру үшін еңбек етіп
жатыр.
Солардың бірі:Илья Ильин, Зульфия Чинчанло, Серік Сәпиев, Әділбек
Ниязымбетов, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Сабина Алтынбекова, Мақпал
Жүнісова, Роза Рымбаева т.б аға-әпкелеріміз. Халықтың, елбасымыздың
жасаған еңбектерінің бір жемісі ол әрине – Астана қаласы. Астана қаласы –
|