Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет31/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
258 
былай  әңгімелейді:  «1942  жылдың  қарашасынан  бастап  1943  жылдың 
қаңтарына дейін үш ай бойы жауынгерлерге майдан шебінде концерт бердік. 
Халық Комиссарлар советіне Панфилов дивизиясынан арнайы хат келіпті. Ол 
хатта артистерді майданға концерт қоюға жіберуді өтінген екен. Сонымен, біз 
1942 жылы он кісі майдан шебіне жүріп кеттік. Бізді Бауыржан Момышұлы 
бастаған көлік штабына әкелді. Бірнеше әнді айтып, сахнадан түсе бергенімде 
арт  жағымнан  біреу  жүгіріп  келіп  құшақтай  алды.  Бұл  «Жас  қазақ»  әнінің 
(авторы) композиторы Рамазан Елебаев екен. Рамазанның Төлеген Тоқтаровқа 
шығарған әні бар екен. 1942 жылы ақпан айының ішінде Бародина қыстағында 
кескілескен ұрыс жүріп жатты. Осы ұрыста Төлеген Тоқтаров айрықша көзге 
түсті.  Оқтары біткен  солдаттар жаумен  бетпе  –  бет  келген.  Міне,  осы кезде 
жанынан жарылған снарядтың жарықшағы Төлегеннің ішін жарып кеткен еді. 
Дәл  осы  кезде  немістің  жаралы  офицері  біреуді  атқалы  жатқанын  көрді. 
Төлеген ақтық демін жинап, немісті жоюға жолбарысша атылды. Мылтықың 
дүмімен  басынан  ұрып,  немісті  өлтірді  де,  өзі  сол  жерде  көз  жұмды.»  Ұлы 
Отан  соғысы  жылдарындағы  шыққан  әндер  халықты  ерлікке,  патриотизмге 
жетеледі.  Белгілі орыс  композиторы  Матвей  Блантердің  әйгілі  «Катюшасы» 
соғыс  кезінде  жауынгерлердің  сүйікті  әндерінің  бірі  болды.  «Катюшаға» 
солдат араларында пародиялар да шығарылды. Сондай пародияларға еліктеп 
аты  –  жөні белгісіз  қазақ  жауынгері  де  өлең  жазыпты.  «Катюшаны»  өзінше 
«Қадиша» деп алыпты да, жақшаның ішіне «Катюша туралы солдат өзеңі» деп 
ескерту  беріпті.  Бұл  өлең  орыс  әнімен  емес,  қазақтың  «Сұрша  қыз»  әнімен 
айтуға лайықталған. Осы өлеңнен бір үзінді келтірейік.  
Әндір - әндір, әндір – ай, 
Лебің жауды жандырды – ай, 
Сүйікті біздің «Қадиша», 
Фашисті естен тандырды – ай. 
Майданда  кең  тараған  орыс  әндерінің  тексін  қазақшалап  немесе  оған 
өздері жаңа текст жазып айту солдаттардың арасында жиі кездесетін құбылыс. 
Мысалы,  «Огонек»,  «В  землянке»,  «Жди  меня»,  «Темная  ночь»,  «Синий 
платочек»  әндерінің  текстері  қазақшаға  аударылып,  майдан  газеттерінде 
жарияланды. Бұл әсіресе орыс тілін жақсы біле бермейтін қазақ солдаттары 
үшін аса қажет болды.  
Соғыс  құйыны  әр  жанұяның  шаңырағын  шайқалтып,  отын  өшірді. 
Сәбилер  жүрегіне  жазылмайтын  жара  салды.  Олар  соғыс  кезінде  әкелерінің 
ыстық алақанын, жылы сөздерін сағынды.  
Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұстас келген Мұқағали Мақатаев 
соғыс  басталғанда  он  жаста  еді.  1941  жылдың  күзінде  әкесі  Сүлейменді 
әскерге алады. Әкесінен 7-8 ай бойы хат келіп тұрған екен. Содан кейін мүлде 
хабарсыз кетіпті. Бұл соғыс кезіндегі әрбір баланың басындағы жағдай еді.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
259 
М.  Мақатаевтың  сөзіне  жазылған  халық  әні  «40  жылдардағы  бесік 
жыры» әнінен үзінді келтірсек. 
Кебін киген өледі, 
Кебенек киген келеді. 
Майданға көкең кеткенде, 
Осылай бәрі деп еді 
 деген  тәрізді  жолдармен  айтылатын  ән  өн  бойыңызды  жалындай 
өртейді.  
Ұлы  Отан  соғысы  басталғаннан  кейін  М.  Төлебаев  москва  халық 
жасақшыларына қосылады. Көп ұзамай 1941 жылдың күзінде денсаулығына 
байланысты  Алматыға  оралды.  Мұқанның  ән  –  романс  шығармашылығын 
әңгімелегенде  сол  бір  күндерді  еске  алған  жауынгер  ақынның  мына  бір 
естелігі назар аударарлықтай: «1943 жылдың қысы. Мұқаннан хат алдым. Ол: 
«Досым,  сенің  үйге  жазған  хатыңның  ішіндегі  екі  шумақ  өлең  маған  қан 
майдандағы солдат жүрегінің сүйген жарына деген ыстық сезімін алып келді. 
Аса толғантты. Сол түнде отырып оған арнайы ән жаздым. Қайырмасын алып 
тастадым, оған қапаланба. Осы қалпында солдаттардың қалай қабылдағанын 
айтып жазар деп күтемін... Мұқан», - деп қолын қойыпты. Хатты алып, жүгіріп 
Рубинге  келдім.  Ол  екінші  бөлмеден  аккордеонды  әкеліп,  «Кестелі 
орамалдың»  әнін  тартты.  «Кестелі  орамалдың»  әуені  бүкіл  Қазақстанды 
арқалап келгендей болды. Майдандас қазақ жолдастарымды жинап, «Кестелі 
орамалды» Мұқанның әнімен шырқай бастадық. Бұл ән бізбен бірген батысқа 
– Берлинге  барды,  Хинган  асып,  Қытайға  да  барды»,  -деп  жазды  Асқар
Лекеров  1960  жылы  тамыздың  12  күнгі  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде 
жарияланған «Бір әннің тарихы» атты мақаласында.  
Жерлесіміз  майдангер  Нұрмағанбет  Жаңаев  ұрыс  даласында 
батырлығымен  жауды  жеңумен  ғана  емес,  өзінің  дауылпаз  жырларымен  де 
үлес қосқан. Нұрмағанбет ақынның қаламынан туған «Сүйген сұлуға» деген 
өлеңі алыс ауылда қалған таныс қызы сұлу да Бәтіш аруға арналған. Бұл өлеңді 
Мұзарап Жүсіповтың «Балымша» әніне лайықтаған.  
Әлі-ақ бір күн аман-сау қауышармыз, 
Дұшпан түсіп жүрмесін соңымызға. 
Асылым, 
Жалғанда жалғыз ғашығым, 
Қайтейін жердің қашығын. 
Бұл арада Ұлы Отан соғысы кезінде шыққан әндердің бірнешеуі туралы 
ғана  айтылған.  Соғыс  тақырыбы  уақыт  алыстаған  сайын  терең  зерттеп  – 
зерделеуді  қажет  ететін  күрделі  тақырып.  әрбір  жас  азамат,  жас  ғалым  осы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
260 
тақырыпты терең зерттесе нұр үстіне нұр болып, ержүрек бабалар рухы болар 
еді.  Ешкім  де,  еш  нәрсе  де  ұмытылмайды.  Отан  үшін  ерлікпен  қаза 
тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды 
қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен 
қаһармандықтың  даңқы.  Біз  оның  жүріп  өткен  ерлікке  толы  жолдарын, 
азаттық  үшін  күрескен  ерлері  мен  батырларын  ешқашан  ұмытпаймыз. 
Қарттарды,  майдангерлерді  қадірлейік!  Олардың  есімі  ел  есінде  мәңгі 
сақталады.  Ұмытылмас  тұлғалардың  бейнесі  біздің  көкейімізді  ұялап,  мәңгі 
қала бермек.  
Елдік  пен  ерлік  дәстүрлері  ғасырлар  бойы  қалаптасқан қасиетті  Алаш 
мекені, Қазақ елі енді қуғын-сүргіннен және соғыс апаттарынан лайым аман 
болғай! 
  Ыбырай  Аружан 
8 сынып, №54орта мектебі 
Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Есенбекова А. К. 
     
Отты жылдар шежіресі      
Отан үшін отқа түс, күймейсің. 
Б.Момышұлы 
1941  жылғы  22-маусымда  таңғы  сағат  400-де  бейбіт,  шырт  ұйқыда 
жатқан  Кеңес  Одағына  фашистік    Германия  тұтқиылдан  шабуыл  жасады. 
Шекарашылар  қасық  қандары  қалғанша  ұрыс  жүргізді.  Бірақ    күшті  жау 
ішкерілеп  ене  берді.  Фашистік  Германияның  мақсаты  бүкіл  кеңес  халқын 
құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Фашистік Германия фюрері  Адольф 
Гитлердің  қанқұйлы  саясаты  кеңес  халқын  дүр  сілкіндірді.  Кеңес 
адамдарының  өз  өмірін  аямастан  Отанның  бостандығы  үшін  арпалысуға 
дайын  екені  соғыстың  басынан-ақ  көрінді.  Кеңес  шекараларының  –  Брест 
қамалын қорғаушылардың 1941 жылғы 22-маусымнан бір айдан астам уақыт 
бойы кескілескен ұрыста өздерін құрбан еткен ерлігі халықтың мәңгі есінде 
қалды.  Орталық  бағытта  жау  әскерлері  елеулі  табыстарға  жетті.  Олардың 
екпінді  шабуылы  нәтижесінде  кеңес  әскерлерінің  300  мыңдайы  тұтқынға 
түсті. Жау біртіндеп, Мәскеуге қарай ене берді. Әйткенмен де соғыстың ұзаққа 
созылатыны  күмәнсіз  еді.  Неміс  әскерлері  осы  бағыттарда  жеңіске  жете 
отырып, Мәскеу мен Ленинградқа соққы беруге шешім қабылдады. 1942 жылы 
шілдеде Сталинингард үшін жойқын соғыстар жүрді. Немістер қалаға табанды 
түрде ұмтылды, қаланы 62 және 64 армиялардың бөлімдері қорғады. Бұл ұрыс 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
261 
1943  жылдың  наурызының  аяғына  дейін  созылды.  Бірақ    Кеңес  әскерлері 
дұшпанға осы жерде ойсырата соққы берді.      
Қазақстандардықтырдың соғыста көрсеткен ерліктері тарихта мәңгілік 
сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар:   Талғат Бигелдинов, 
Нұркен  Әбдіров,  Әлия  Молдағұлова,  тағы  да  басқалар.  Қаншама  адам 
жауынгерлік  ерліктері  үшін  медальдармен,ордендермен  марапатталды. 
Медальдармен марапатталып қоймай, ел есінде  мәңгі қалды. Бұл батырлар елі 
үшін, жері үшін, қасық қаны тамғанша күресті. Мәскеу үшін шайқасты еске 
алып  келіп  Бауыржан  Момышұлы  былай  деп  жазды:  Біздің  жүрегіміз  темір 
емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере 
алады  ...  біздің  үрейді  жеңетін  ең  күшті  қаруымыз  бар,  ол  –  Отанға  деген 
сүйіспеншілік.  Бұл  киелі  сөз  батырлардың  Отанға  деген  сүйіспеншілігін 
білдіреді. 
Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы 
жылы болатыны белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге 
шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін соңғы ұрыстар болды. Гитлер Берлин 
үшін күресті өзі басқаруға шешім қабылдады. 2 мамырда Берлиннің қорғаныс 
штабы соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берді. Өйткені 30-сәуірде 
Гитлер  өзін-өзі  өлтіргені  туралы  мәлімет  келді.  9-мамырда  Германияның 
сөзсіз  тізе  бүккендігі  жөніндегі  шартқа  қол  қойылды.  Бұл  жеңіс  еді.  Жеңіс! 
Жеңіс! Жеңіс! 
Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамның өз табалдырығынан, 
өз  ауылынан,  өз  өлкесінен  басталады.  Егемен  еліміздің  ертеңін  нұрлы  етер 
барыс текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл-ойы мен 
жүрегінде  туған  жерімен  еліне  деген  сүйіспеншілік  орын  тепсе,  бұл 
қоғамымыздың қалыпты дамуы жолындағы нәтижелі көрініс болып саналады. 
Тәуелсіздік оңай бізге келмеді, 
Жұртым менің не қиындық көрмеді. 
Жылап тұрып аналарым бұл жолда, 
Сан перзентін қара жерге жерледі. 
Біздің батыр ағаларымыз жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, 
тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, 
бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлайды. Сол 
үшін ардагерлерімізге рақмет айтамыз. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын 
лайламауға біз сөз береміз.   
Ықыласова Аружан 
10 сынып, №109 орта мектебі Ақтөбе ауылы, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Ұмытпайық, ел қорғаған ерлерді, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
262 
Жырлайтын міне, бүгін күн  келді 
Иә, осыдан 70 жыл бұрын, таң қылаң бере фашистік Германия  Кеңестік 
Социалистік Республикалар  Одағына шабуыл   жасады.  
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының 
батыс  шебін  күзеткен        ондаған  мың    қазақстандық  шекарашылар  болды. 
Атақты Брест гарнизонының  өзінде  1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай 
жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі     әскерден елге 
қайтулары керек  болған.  Бірақ жаудың  шабуылы  олардың   бұл жоспарларын 
күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі  қалған  
қорғаушылары партизандар қозғалысына  қосылды.    Олардың  қатарында 190 
қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. 
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты, 
алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-
түкпірінде  әскери  комиссариаттарға   еріктілер  ағылды.   Кеше  ғана мектеп  
партасында  отырған  бозбалалар    мен  бойжеткендер  де,  қала  мен  ауыл 
тұрғындары да соғысқа сұранды.   
Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға    созылды.  Майдан  даласында  600  мыңнан  
астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы 
мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді. 
Жауыздар жасағанда қастандығын, 
Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн. 
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой, 
Қырық бірде соғысты ашқандығын. 
Және біздер білеміз қырық бесте 
Бас сауғалап олардың қашқандығын. 
Жаулап алам деп келіп, 
Бабамыздың 
Жеңе алмаған рухының асқарлығын. 
Отан үшін от кешкен батырлардың, 
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін. 
Даңқтарын олардың тілеймін мен, 
Ғасырлардан ғасырға асқандығын. 
I.
 
Ару қыздар – алаулап от кешкендер 
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен 
Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде 
Ару қыздар – алаулап от кешкендер. 
Әлия мен Мәншүктей батыр болар, 
Қажет болса қару алып елді қорғар. 
Еліміздің  ертеңі  жұлдызы – біз 
Көгінде жарқырайтын жанып тұрар..! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
263 
-дей  отыра  Әлия  мен  Мәншүк  апамызды  еске  алмау  ол  үлкен  әбестік 
болар. 
Орал  қаласындағы  Мәншүк  Мәметованың  ескерткішіне  қарап,  сол 
кісімен бір уақ сырласқан сәтімнен үзінді: 
Менің  дәл  алдымда  үстінде  әскери  киім,  аяғында  керзі  етік  қолында 
жартылай атылмаған оқ таспасы аяқ жағында сүйеулі пулеметі бар тас мүсін 
мелшиіп алысқа қарап тұр. Көздерінде сағыныш сазы ма, әлде нәзік сезімі ме, 
әлде от шашқан қайсарлық па, әйтеуір тұңғиық сыр жатқандай. 
Тас  мүсін!Сенің  алдыңда  рухыңа  табынып,  ерлігіңе  тәнті  болып  мен 
үнсіз тұрмын. Тас мүсін, саған егер тіл бітсе, сен өз қолыңмен, өз жаныңмен, 
өз қаныңмен қорғап қалған өмірде нендей күй кешіліп, қандай тарих керуені 
көшкенін  білер  едің.  Білер  едің  де  алдыңдағы  өзіңе  телміре  қараған  мына 
маған: 
 «Ботам, мен де сендей жауқазын болғанмын. Нарынның жұмсақ ыстық 
құмында  жалаң  аяғымның  ізі,  жал-жал  толқындары  ерке  Ақжайығымда 
сыңғыр  қаққан  балауса  күміс  күлкім,  айбарлы  да  тәкаппар  Алатауымда 
өрлігім, әсем де сұлу Алматымда алау жастығым сағымдай боп елес беріп, қол 
жетпес арманым қалған» дер ме едің?!. 
Мен тас мүсінге үнсіз ұзақ қарадым. Қарадым да жүрегім дір ете түсті. 
Мүсін  жылап  тұр.  «Тас  мүсін,сен  жылап  тұрсың  ба?  Батыр  да  жылай  ма 
екен?!» деп ойланып тұр едім. «Мен де адам боп дүниеге келдім ғой!»-деген 
саңқ  еткен  дауыс  құлағыма  келгендей  болды.  «Адам  боп,  ет  пен  сүйектен 
жаралған  соң  қуана  да,  мұңая  да  білдім.  Сен  сияқты  білімнің  нәрімен 
сусындап,  мектепте  де  оқыдым.  Институтқа  түсіп,  дәрігер  болсам  ба  деген 
арманым  орындалмады.  Ел  басына  ауыр  күн  туғанда  толарсақтан  саз 
кешіп,Отанымды жаудан қорғадым». Содан соң мүсінге ұзақ қарадым, ерлігін 
ұққым  келді.  Ал,  мүсін  болса,  жаңа  ғана  менімен  қосылып  мұңдасқанын 
қмытқандай  қабағын  тас  түйіп,  алау  жастығын  қыршынынан  қиған  сұм 
соғысқа  лағнет  айтқандай,  үстінде  әскери  киімі,  аяғында  ауыр  етік,қан 
майданда серігі,  мұңдасы болған  «Максимкасын»сүйеп  қойып,  алыс  қиырға 
салмақпен көз тастап тұр. 
Әлия  Молдағұлова  1925  ж.  25  қазанда  Ақтөбе  облысы,  Қобда 
ауданының  Бұлақ  ауылында  Сарқұлов  Нұрмұхаммед  және  Молдағұлова 
Маржанның  отбасында  дүниеге  келген.  Бала  кезінде  анасынан  айырылып 
(1933  ж.),  кейіннен  Алматыда  ағасының  қолында  тұрған,  ал  1935  ж.  бастап 
Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар 
үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы 
озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер 
лагері  –  Артекке  жіберіледі.  Артекте  батырлар  тақтасына  Рубен  Ибаррури, 
Тимур  Фрунзе  сияқты  батырлармен  қатар  Әлия  Молдағұлованың  да  суреті 
енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
264 
Вятское  селосына  эвакуацияланған.  Вятское  орта  мектебінен  7-сыныпты 
бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) 
ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш 
жібереді. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес 
Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.Новосокольники 
ауданының Монакова ауылында жерленген.  
II.
Ұмытпайық,ел қорғаған ерлерді,
Жырлайты міне,бүгін күн  келді.
Жан  толқытар  мейрам  –  Ұлы  жеңіс  күні  қарсаңында,7-мамырда  Отан 
қорғауышлар  күні  аталып  өтіледі.  Әрине,  мамыражай  мамыр  мерекелік 
шараларға  толы.  Қарт  майдангерлер  омырауларына  сылдырлатып  төс 
белгілерін  тағып  ел  қорғаны,  айбары  бола  білгендіктерін  мақтан  етеді.  Жас 
ұрпақ болса оларға қызыға қарайды. Жақсы істерін өнеге тұтады. Жеңіс күні 
келгенде  кім-кімнің  де  қатты  толқитыны  анық.  Қазақ  даласы  үшін 
бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгілген жоқ. Елін сүйген 
ерлердің ерлігі халық жадынан ешқашан өшпейді. Аға ұрпақ бізге: «Осынау 
кең байтақ жерді сендерге мұраға қалдырдық. Халқыңды жаудың қолына беріп 
қоймай, қорғауға тырысып бақ»,-дегенді айтады. Осыны түсінгендіктен менің 
жүрегімнен шыққан жыр шумақтары мынадай: 
Жерімді мәңгілікке сүйіп өтем, 
Өзіңе сүйенгенім қызық екен. 
Отаным,қазыналы,қуаты мол, 
Өзіңсің мақсатыма жетелеген. 
Ұлы Отан соғысы кезінде 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының 
батыры атанды. 
Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл жоғарғы атақ берілмейтін болды. Қазір 
еліміздің ең жоғарғы атағы – «Халық қаһарманы». 
«Ер есімі – ел есінде», демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр 
сыйлаған аталар, апалар ерлігін ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті  
рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! Елі, Жері, 
Отаны  үшін  аямай  тер  төкккен  әрбәр  батырларымызды  құрметтеу,  құран 
бағыштау  әрбәр  Қазақстан  Республикасының  азаматы  мен  азаматшасына 
парыз деп білшеміз! Міне, бүгінде біз дербек, тәуелсіз, егеменді мемлекетте 
тұрып  жатырмыз!  Біз  осындай  елде  тұрып  жатқанымызға  бірінші  –  Аллага. 
Екінші – жан аямай, кеудесін отқа төсеп, ерен еңбек еткен батырларымызға, 
елбасымыға мыңда бір, шексіз алғыс білдіреміз.  
Күндер өткен күңіреніп жылдар күткен 
Ана күткен, жетімек бала күткен 
Келді, Жеңіс арқалап ақ арманды 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
265 
Жиырма миллион  құрбандықпен. 
Ер азат, еңбек, ерлік, ер ерлікті, 
Еңбектің өрнегімен жер көріпті 
Мыңдаған Қазақстан күрескері 
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері. 
Ұмытпайық батырларды мыңдаған, 
Елдің мұңын халқыменен мұңдаған. 
Батырларды    еске  ала    отырып, 
Мына балаң өлеңменен жырлаған. 
-дей отыра тағы да ерен еңбек, иелеріне тағы да шексіз алғыс! 
Елбасымыз, Назарбаев тұңғыш елді басқарған, 
Болашақтың қамы үшін сүбелі істер атқарған. 
«Қазақстан -2050» стратегия жобасын, 
Басшылыққа ала отырып, үміт күтер жастардан. 
Жеңіп алдық ЭКСПО-ны, халықаралық көрмені, 
Сол арқылы қазақ елін бүкіл әлем біледі. 
«Алашымның» мәртебесін биік етіп көтерген, 
Тәуелсіздік – егемендік, жаңа қоғам белгісі. 
50 елдің қатарына қосылдық біздер бүгінде, 
Жайнай бер, Қазақстан, айналшы бір ғажап елге. 
Қайсар рухы кемімес, еңбексүйгіш халықпыз, 
Шарықтасын есімің мынау дархан әлемге. 
Ізкенова Айзере 
9 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Жақанова М. 
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте, 
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте, 
Отанының бақыты үшін мерт болған, 
Батырларды есіңде ұста,құрметте, 
-деп  ақындарымыз  жырлағандай  бізге  бейбіт  өмір  сыйлаған 
батырларымызды құрметтеп, әрдайым есімізден шығармай,мәңгі жүрегімізде 
сақтау-біздің  перзенттік  борышымыз.  Міне,  Ұлы  Жеңіс  күнінің  70  жылдық 
мерекесін тойлау уақыты да жақындап қалды. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз 
нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен 
жеңілісті,  қызық  пен  қиындықты  өткерді  емес  пе?  Ата-бабаларымыздың 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
266 
осындай  ерлігінің  бірі  –  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңісі.  Сонау  1941  жылы 
бейбіт  жатқан  елге  Германия  фашизмдері  ашқан  соғыс  қазақ  ұлдарын  да 
жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. 
Жеңіс  күнін  бүкіл  халық  бірге  тойлайды.  Ардагерлерді  құрметтеу  – 
біздің  міндетіміз.  Жеңіс  үшін  аштыққа  да,  тіпті  өлімге  де  қарсы  тұра  білді. 
Қаншама  азапқа  толы  күндерді  басынан  кешіріп,  бүгінгі  көк  аспанда  ақ 
көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. 
Әлемді  дүр  сілкіндірген  2-дүниежүзілік  соғыстың  қасіретін  ешкім 
ешқашан да ұмытпақ емес! Бұл оқиға бейбіт.тыныш жатқан елді 1941 жылы 
жаздың жайма шуақ күні маусымның 22-інде дүр сілкіндірген. Бұл күн – бүкіл 
посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. 
Соғысты  алғашқы  болып  қарсы  алғандардың  қатарында  Кеңес 
Одағының  батыс  шебін  күзеткен  ондаған  мың  қазақстандық-шекарашылар 
болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 
мыңдай  жерлесіміз  қызмет  еткен,  олардың  көпшілігі  шілде  айында  елге 
оралуы керек болған. Бірақ жаудың жасаған шабуылдары бұл жоспарды күл-
талқан  етті.  Соғыс  өрті  ішке  қарай  тез  еніп,  Брест  қамалының  тірі  қалған 
қорғаушылары партизандар  қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 
қазақстан  азаматтары  болған  және  олардың  көбісінің  сүйегі  сол  беларусь 
жерінде қалған. 
Соғыс  кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан  және  бүкіл  Кеңес  Одағы 
алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-
түкпіріндегі  әскери  комиссариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана  мектеп 
партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер, қала, ауыл тұрғындары да 
соғысқа аттанды. 
Соғысқа біздің Алдашбай Ахун ауылынан да көптеген жастар аттанды. 
Соның  ішінде  менің  атам  –  Ізкен  де  болды.  Болашақ  немерелері  мен 
шөберелеріне  бақытты  күн  сыйлаған  атамызды  ерекше  құрметтейміз.  Бұл 
күнде  атамыз  о  дүниелік  болып  кетті.  Қанды  майданда  қолына  қару  алып 
елінің тыныштығын қорғаған атамызға мәңгі басымызды иеміз. 
1939  жылдың  дерегі  бойынша,біздің  республикамызда  6,2  млн  адам 
тұрып жатқан. Соғыс кездерінде Кеңес армиясының қатарына 1млн 200 мың 
қазақстандық  шақырылды,  20-дан  астам  атқыштар  дивизиясы  мен  басқа  да 
құрылымдар жасақталды. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 
312-ші,  316-шы,  387-ші,  391-ші,  8-ші,  29-шы,  102-ші,  405-ші  атқыштар 
дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық 
дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-
шы  минометтік,  85-ші  зениттік,  662-ші,  991-ші  және  592-ші  авиациялық 
полктер ерекше көзге түсті. 
Сол сұрапыл соғыс жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  намысын  дәлелдеді.  500-ден  аса  жерлестеріміз, 
оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының батыры» атағын алды. Қазақстандық 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
267 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Яғни, Жеңіске 
жету жолында қазақ халқы да лайықты үлесін қосты. 
Тарих  жылнамасында  екінші  дүние  жүзілік  соғыс  деген  атпен  қалған 
Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 70 жыл толғалы тұр. Миллиондаған жазықсыз 
жандардың жанын қиып кеткен сол сұрапылда барша қазақстандықтар жауға 
қарсы «Ел үшін,жер үшін!» деген ұранмен қасық қандары қалғанша соғысты. 
Небір  боздақтар  хабар-ошарсыз  кетті.  Жыл  өткен  сайын,  сол  бұрын-соңды 
болмаған  алапат  соғысты  көзімен  көріп,  белуардан  қан  кешкен  ержүрек 
жауынгерлер  де  азайып  барады.  Қалай  болғанда  да  Жеңіс  күнін 
жақындатқандар солар екенінде дау жоқ.  
Соғыстың  алғашқы    күндерінен  бастап  Кеңес  халқы  жан-тәнімен 
Отанды  қорғады.  Біздің  республикамыздан  1млн  700  мыңдай  адам  қару 
асынып майданға аттанды. Қаншама адам еңбек  армиясында, тылда еңбек етті 
десеңізші?!  Әрбір  ауыл,  әрбір  қала  үшін  кескілескен  ұрыс  болды.  Қанышер 
неміс басқыншаларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. 
Жеңіс...Оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап 
сарыла күтті емес пе? Сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан 
үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Осы қан майданда 
мерт  болған  ерлердің  рухына,  бүгінгі  арамызда  асқар  таудай  болып  жүрген 
аталарымызға, апаларымызға басымызды иіп тағзым етеміз.  
Біз  үшін  Жеңіс  күнінен  асқан  қымбат    мереке  жоқ.  Халқымыздың 
зердесінде  бұл  дата-1945  жылдың  9  мамыры  мәңгілік  сақталады,  ғасырлар 
бойы ұмытылмайды. Бұл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні, әлем 
фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. Бұл – Жеңіс күні. 
Ерліктің үлгісін көрсетіп кеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлік 
есімі ұмытылған  емес. Соғыстың адам баласына әкелер қасіреті мен зардабы 
шексіз екені баршаға аян. 
Ер есімі – ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп 
өсірген ел үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар ерлігі ешқашан 
ұмытылмайды. 
1945 жылы бұл әлем үшін қуанышты да, естен кетпес күн, яғни бұл күні 
біздің  ержүрек  ата-бабаларымыз,  аға-әпкелеріміз,  барлықтары  да  өздерінің 
туған  жерлерінің  Тәуелсіздігі    үшін    қандарын  төкті,  қаншама  қиналды, 
қыстың  анау  ызғарына  шыдап  бағып,  төске  өрледі,  жүректерінде  «Біз 
қазақпыз»  деген  от  өрледі.  Сонау  ғасырлардағы  аталарымыз  жете  алмаған 
арманға міне,  жеттік. Қандай тамаша! Дербес мемлекетіміз бар, туған тіліміз, 
отбасымыз  қасымызда,  қандай  бақыттымыз!  Осылардың  бәрі  ата-
бабаларымыз  арқасында  деп  білемін.  Сол  үшін  ардагерлерімізге  рахмет 
айтамыз. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға сөз береміз. 
Тыныштық! Жаса тыныштық, 
Осы сөз бізге тым ыстық. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
268 
Көркейе берсін еліміз, 
Көркейе берсін ырыс-құт 
Бақытты болсын балалар, 
Соғысты сүймес адамдар 
Өркендей берсін қалалар, 
Гүлдене берсін далалар. 
Жер  бетінде  тыныштық  болсын!  Түнде  ұйқымыз,  күндіз  күлкіміз 
арылмасын! Бейбіт таңдағы әрбір арайлап атқан күніміз нұрға толып, елімізде 
тек бейбітшілік болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет