Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Жақсымбетова Ұлпан 
10 сынып, №185 орта мектебі Т. Көмекбаев ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Қайырқұлов А. Ш. 
 
2015 жылдың  9  мамырында  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына      70  
жыл  толады. 
22 маусым – барлық  посткеңестік  елдердің  тарихындағы  ең  қайғылы  
күннің  бірі. 
Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды. Майдан  даласында  600  мыңнан  
астам  қазақстандық  қаза  тапты. Бұл  зұлмат  соғыс  20 миллионнан  астам 
кеңес  азаматтарының  өмірін  қиды. 
Рейхстагқа  Жеңіс  туын  тіккендердің  бірі – қазақ  жігіті  Рахымжан  
Қошқарбаев.  Жаудың    тылында    партизандардың    қатарында    да  
қазақстандықтар  шайқасқан. Солардың  бірі – Қ.Қайсенов. Соғыс  тек  майдан  
даласында  емес,тылда  жүргені  мәлім. 
Бұл  соғысты  ешкім  де ұмытпауы, ешнәрсе  де  ұмытылмауы  керек. 
1941 жыл 22 маусым.  Таңғы  сағат 4. Фашистік Германия  бейбіт жаткан  
Кеңес  еліне  опасыздықпен    шабуыл    жасады.Таңғы  ұйқыны  зұлым  жаудың 
зеңбіректері  мен  пулемёттерінің   гүрсілі оятты. 
Гитлершілер    бүкіл  елімізді      жойып    жіберуді,    миллиондаған 
адамдарымызды  құртуды,  құлға айналдыруды  көздеді. Бірақ сүйікті Отанға  
қауіп  төнген  кезде  елін, жерін, бостандығын, тәуелсіздігін   қорғау үшін бүкіл 
ел үлкен  демей, кіші демей қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік жасады. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
91 
Отан үшін майданға бүкіл Кеңес елі  жұдырықтай  жұмылып аттанды. 
Бүкіл ел мен бірге майданға қазақ халқының   ұл-қыздарыда аттанды. 
Соғысқа Қазақстаннан 1млн 200 мың адам  қатысты. Олардың 400 мыңы  
әйелдер еді. 
«Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  аларсың».  Адам  ешқашан    да  анадан 
батыр  болып  тумайды.  Айбындылық,  батырлық,  ерлік  аспаннан    түспейді. 
«Табандылықтың  атасы  татымды  тәрбиеден    бастау  алады»  деген    халық 
қаҺарманы, даңқты батыр Б.Момышұлы. 
«Жігіттер,  қазақ  қазақ  болғалы    талай-талай  қамаудан  өткен.Талай 
жортуыл-шабуылдарды  басынан  кешірген.Халық  өз  ойлаған  мақсатына 
жеткен. Сонау кездегі  Исатай, Абай мен Шоқандар  халыққа қызмет  етумен 
есімдерін мәңгі қалдырды. Олар-тарихи адамдар. Халық басына күн туғанда 
қалың  қауымды бастайтын ері болмаса, ел не болмақ? Халқымыз бізді мұнда 
қонаққа жіберген жоқ. Майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Жігіттер, 
істеріңе  адал  болыңдар.  Отан    үшін  отқа  түс,  күймейсің.  Өлсек,  шейітпіз, 
халық үшін қазамыз. Ал біріміз осалдық істесек - опасыздық   жасағанымыз. 
Қорқақтық  жасасақ    халық    алдында  абыройымыз  жоқ.  Халықтың  ар-
намысына  қара  күйе  жағушы  боламыз.  Мұндай  жағдайдан  аулақ  болайық, 
жігіттер.  Өлсекте  ел  намысы  дегенді  ұмытпайық»,-деген  болатын 
Б.Момышұлы.     
«Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер», 
«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер» деген  халықтың  данышпандық  сөзін  
естен шығармай  батыр  ағалар  мен  апалар жауға  тайсалмай  қарсы тұрды. 
Соғысқа  қатысқан азаматтар  ерліктерін көрсетіп, жеңісті жақындатуға 
үлес  қосты. Олардың арасында «Шығыстың  қос шынары» аталып  жүрген 
Мәншүк пен Әлия  бар. 
Осынау сұрапыл соғыста  майдан  даласында  жанкешті ғұмыр кешкен  
батыр    жүректі    қазақ    қызы    болды.  Небары    жиырма  жасар  қазақ  қызы  – 
Мәншүк. Еркін  далада  еркін  өскен  қазақ  қызының  ғұмыры сонау  алапат 
соғыс    жылдарында    қыршындай    үзіліп  кете  берді.  Бірақ  ұлы  даласы  үшін 
асқан ерлік көрсетті, батырлық  танытты. 
Қара  көз қазақ қызы Мәншүк  батыр, 
Орнатқан  дұшпанына заманақыр. 
Сұлатқан  сан фашисті  баудай турап, 
Өнегең  отаншылдық  сайрап  жатыр. 
Әлия    мен    Мәншүкті    ардақтау-иісі    қазақты  ардақтау.  Әлия  мен  
Мәншүк – халық  үшін  егіз  есім, бір ұғым. Мәншүк  те, Әлия  да  жас  еді. 
Тверьдің  орманы- жас,жері – кәрі, 
Ата-қоныс  санайды  жұрттың бәрі. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
92 
Сол  жерге Әлияның  қаны  сіңген, 
Соғып тұр  мерген  қыздың  жүрегі әлі. 
Шаттансаң  қыз  тудым  деп  қазақ  шаттан
Әлия  Отанына  болған  мақтан. 
Казачиха  маңында  тұлғасы  тұр 
Дегендей «Ерлікке  аттан, жеңіске  аттан!» 
Сол  жермен  сонау  заман  Пушкин  өткен, 
Желдіртіп  қоңыраулы  атын  жеккен. 
Сол  жерді  жаудан  сақтап  қаламын  деп 
Қазақтың  Әлия  қызы  қанын  төккен. 
Батырдың    ғұмыры  қысқа,  даңқы    ұзақ    деген    сөз    бар.  Қамшының  
сабындай    қысқа    ғұмырында    ел    сүйсінерлік    ерлік    жасап,  артына    аңыз  
қалдырды. Бұл аңыз міне, XXI  ғасырға  да  жетті. Тәуелсіздік  туын  көтеріп, 
күллі  әлеммен  бірге  замана  көшіне  ілескен  еліміз  ертеңіне  де  Әлия  ерлігі  
аңыз  болады. Оның  ғұмыры  жалғаса  береді. Әлия – жыр,Әлия – бейне. 
Шығыстың  қос  жұлдызы  атанған  қазақтың  қаракөз  қыздары, Кеңес  
Одағының  батыры  атағына  ие  болды. Өмірлері  қысқа  болса  да, мазмұнды  
болды. Кейінгі   ұрпағына  айтып  жүрерлік  ерлік  қалдырды. Әлияға  арнап  
ақындар  жырларын, жазушылар  кітаптарын, әншілер әнін  арнады. Есімдері  
көшелерге,мектептерге  берілді. Әлия мен  Мәншүктей  болсын  деп  қанша  
ана  қызға  Әлия  мен Мәншүк  есімін  берді. Әлия мен  Мәншүк  намысы – 
тәуелсіздік  туының  тұғыры. 
Батырлар  дәстүрі  Ұлы Отан соғысы  жылдарында одан  әрі  жалғасты. 
Неміс-фашист  басқыншыларына  қарсы  шайқастарда  ерлікпен  соғысқан  11 
мың    600-дей    жауынгерге    Кеңес    Одағының    Батыры    атағы    берілді.104  
жауынгер осы атаққа екі рет ие  болды. Олардың  арасында  Т.Бигелдинов, 
С.Луганский, Л. Беда, П.Павлов  секілді  төрт  қазақстандық  қаҺарман бар. 
Тамаша  ұшқыш-атқыштар Иван  Никитович  Кожедуб  пен  Александр  
Иванович  Покрышкин    үш    мәрте    Кеңес    Одағының      Батыры    атанды. 
Олардың  әрқайсысы  омырауларына  үш-үштен «Алтын Жұлдыз»  қадады. 
Кожедуб 120 әуе шайқасына  қатысып,фашистердің 62 ұшағын  атып  түсірді. 
Ал Покрышкин 156 әуе  ұрысында жаудың 59 ұшағын жер  қаптырды. 
Кеңес  Одағының  Маршалы  С.М.Буденный  да  үш  мәрте  Кеңес  
Одағының  Батыры  атанды,ал Кеңес  Одағының  Маршалы Г.К.Жуков  осы  
жоғары  атаққа  4  рет  ие болды. 
Кеңес Одағының Батыры атағына ие  болғандардың  арасында  көптеген  
барлаушылар,астыртын  ұйым  мүшелері, партизандар  да  бар.     
Қазақ  халқының  ержүрек  екі  қызы – Әлия  Молдағұлова  мен  Мәршүк  
Мәметова  шығыс  әйелдері  арасында  осы  жоғары  атаққа  тұңғыш  рет  ие  
болып,өздерінің  есімдерін  мәңгілік  даңққа  бөледі. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
93 
Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол әке, апаларымыздың  қанымен, 
білегінің күшімен жетті. Қаншама боздақтар хабарсыз, қаншамасы оққа  ұшты. 
Елге оралғандардың көбі мүгедек  болып, аяқ-қолдарынан  айырылды. 
Елімізді, жерімізді  қорғауға  өз  ауылымыздан  аттанған аталарымыз  да 
бар. Олар: Жүсіпов Қ, Үкішев Ж, Құлшығаев Б, Сәрсенбаев Д, Қойшыбаев Т 
және т.б. Осы кісілер соғыстан аман-есен оралып, елдің көркеюіне, гүлденуіне 
өз үлестерін  қосты. Мен де өз атамның Отан  қорғауға өз үлесін  қосқанын 
мақтан тұтамын. 
Жойылсын  жалғыз  сөз  «Соғыс»  деген, 
Оқ  даусы  мәңгіге  жойылсын 
Бомбаның  орынын  тегістеген, 
Күректер  музейге  қойылсын. 
Елімізде ешқашан соғыс өрті  болмасын. 9 мамыр Жеңіс күні  жасасын! 
Еліміз  аман,  жұртымыз    тыныш  болсын!  Еліміздің  көк  байрағы  төбемізде  
желбірей берсін деп тілеймін! 
Жалғасбекова Лаззат 
10 сынып, №269 орта мектебі Төретам кенті, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Тлеуова Г. 
 
Желбіре, жеңіс жалауы! 
Ұландарым, қағып түсер қырандай, 
Дұшпанына оқша атылып құлардай. 
Жау ордасын опат қылып ойрандап
Сонда ғана құмарынан шығардай 
Адамзат  баласына  алапат  қатер  төндірген  соғыс  отының  өшкеніне 
осынша  уақыт  өтсе  де  жері  мен  намысын  жауға  таптатпаған  жеңімпаз  аға 
ұрпақтың  ерлігі  ешқашан  ұмытылмақ  емес.  Олар  майдан  мен  тылда 
жанқиярлықтың,патриоттықтың, 
қайсарлықтың 
өнегесін 
көрсетті. 
Майдангерлердің  жеңіске  деген  ерік-жігері  адамзат  баласын  фашизмнің 
қатерінен сақтап қалды. 
Ол  қандай  сұрапыл  соғыс?    Соғыстың  басталу  себебі  неде?  деген 
сұрақтар туындайды. 
Ұлы  Отан  Соғысы,  кеңес-  герман  соғысы,  Екінші  дүниежүзілік 
соғыстағы 
шығыс 
майдан-Германия 
мен 
оның 
одақтастарының 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
94 
басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 жылы 22 маусымда 
Германия мен оның одақтастары, Италия,Венгрия,Финляндия,Румыния кеңес-
герман  шартын  бұзып,  Кеңес  Одағына      соғыс  ашады.  Германияның  негізгі 
мақсаты  Кеңес  Одағын  жою  еді.  Жоспарда  қосымша  соққы  ретінде 
Финляндия,Румыния,  Италия  мен  Венгрияның  тарапынан  да  соғыс 
қимылдарын  жүргізу  қарастырылған  болатын.  Құрлықтағы  әскерлердің 
шабуылы  әуе  және  әскери  -  теңіз  күштерімен  күшейтіліп,  Кеңес  Одағының 
шығысындағы өнеркәсіп орталықтарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орталығына 
әуеден  соққы  беру,  Балтық  теңізінде  үстемдікке  жету  көзделді.  Гитлершіл 
Германия  Кеңес  Одағының  ұлттық  мемлекеттерін  жойып,төрт  рейхстік 
комиссариатқа    бөлуді  ойластырды.  Кеңес  Одағына  соғыс    бастар  алдында 
Германия  өзінің  әскери-экономикалық  қуатын  нығайтып,  мыс,  мырыш, 
қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген 
елдердің  көптеген  қару-жарақ,  оқ-дәрі,  көлік-транспорттарын  пайдалануға 
мүмкіндігі  болды.  Германияның  қарулы  күштері  құрамында  1941  жылы 
маусым айында барлығы 7,3 миллион адам қызмет атқарады. Басқыншыларға 
алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда  қалғандарына 
қарамастан кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. 
Ұлы Отан соғысы бүкіл кеңес еліне қиындық туғызды. 
Ұлы  Отан  соғысы  бірнеше  кезеңнен  өтті.  Соғыстың  1-кезеңі  1941 
жылдың 22 маусымы 1942 жылдың қарашасы аралығы өте ауыр болды. Қызыл 
Әскер өте қолайсыз жағдайда қалды,адамдары, техника мен қару-жарақ көп 
шығынға 
ұшырайды. 
Фашистер 
кеңес 
жерінің 
соның 
ішінде 
Латвияны,Литваны,Белоруссияны,Украина  мен  Молдавия  жерлерін  басып 
алады.  Кеңес  әскері  ерлікпен  қарсыласқанымен  көп  ұзамай  аталған  қалалар 
жау қолында қалады. 
Соғыстың екінші кезеңіндегі 1942 жылдың қарашасы мен 1943 жылдың 
аяғында  Сталинград  шайқасы  жаудың  таңдаулы  әскерлерін  талқандап  қана 
қоймай,  Ұлы  Отан  соғысы  мен  2-дүниежүзілік  соғыс  барысында  түбегейлі 
бетбұрыстың басталуына жағдай жасады. 
Соғыстың  үшінші  кезеңі  1944  жылдың  қаңтары  мен  1945  жыл 
аралығында Ленинград шайқасы нәтижесінде Ленинград қаласы мен облысы 
тегіс жаудан азат етіледі. Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық-түліктер 
жібереді. Жамбыл Жабаевтың  «Ленинградтық өренім!» атты жалынды жыры 
жауынгерлерді  жігерлендірді. 9 мамыр күні  Жеңіс күні болып жарияланады. 
Берлин  операциясында  көрсеткен  асқан  ерліктері  үшін  26  қазақстандыққа 
Кеңес  одағының  Батыры  атағы  беріледі.  Фашистік  Германияны  жеңудің 
құрметіне Москвада Қызыл Алаңда 1945 жылы жеңіс шеруі өткізіледі. Сөйтіп 
жеңіс туы желбірейді. 
Жер-дүниені дүр сілкінткен сұрапыл соғыс өртінің сөнгеніне де биыл 70 
жыл толып отыр. 9-мамыр – Жеңіс күні тойланғанымен,оның салмағы ауыр. 
Соғыс  адамзат  жүрегіне  өшпес  жара  салды.  Елімізге  зор  ауыртпалықтар 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
95 
әкелген соғыстың зардабы тимеген бірде-бір шаңырақ жоқ десе де болады. Қан 
майданда  қазақ  халқы  талай  боздақтарынан  айрылды.  Әкелеріміз  бен 
ағаларымыз  толарсақтан  қан    кешіп,  жанкешті  қаһармандығымен  басқа 
ұлттардың алдында өздерінің  ерлігін көрсете білді. Ерлік ұмытылмайды. 
Біз соғысты көргеміз жоқ,көрмей-ақ, білмей-ақ қоялық! Бірақ өсіп келе 
жатқан  елдің  келешегі  соғыс  ардагерлерінің  өмірі  жайлы  көп  білетін 
болса,олардың  жасаған  ерлігін,  Тәуелсіздіктің  қандай  қиыншылықпен 
келгенін  түсінетін  болады.  Ата-бабаларымыз  сыйға  тартқан  бақытты 
өмірімізді    қорғау-  әрбір  азаматтың  борышы,  елі  үшін  аянбай  еңбек  етіп,ел 
азаматы болу бұлжымас абыройлы міндет екенін білетін болады. 
    Жеңіс күні – достық пен бірлікті жырлайтын, халықтың ержүректілігі 
мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Міне, осы жылы 
Жеңістің жетпісінші жылын тойлағалы отырмыз. Ешқашан елімізде соғыс өрті 
болмасын дегім келеді. 
Ең  әуелі  ардақты  ардагерлерге  рахмет  айтқым  келеді.  Біздің  өз 
қалауымызбен  еркін  өмір  сүруіміз,  бейбіт  өмірде  алаңсыз  білім  алып 
жатқанымыз,  шаттана  күлгеніміз,  жайраңдап  жүргеніміз  бәрі-бәрі 
ардагерлеріміздің  арқасында.  Елімізге  жау  тигенде  елі  үшін,  кейінгі  ұрпақ 
үшін деп қарсы тұрып күрескен де ардагерлеріміз. Біз оларға бас иіп тағзым 
етеміз. 
Жарекеева Ақерке 
9 сынып,   №111 орта мектебі Алдашбай Ахун ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Жақанова М. 
Ешкім де,еш нәрсе де ұмытлмайды 
Өмір сүрем тек қана өз елімде
Туған тілім – қорегім өзегімде. 
Тәуелсіздік Қазақстан ұланымын, 
Еліме қызмет етем кезегімде. 
Көлеңкемді түсірмей қазағыма, 
Арашаға жараймын азабына. 
Менің ұлтым өз елі,өз жерінде, 
Айналмайды өзгелер мазағына. 
Біз, қазақ, иен даланы мекен еткен құдды қыран құспыз. Туғаннан еркін, 
туғаннан кең, құдай несібемізді молынан берген ерекше халықпыз. Біз бодан 
болуға  жарамағанбыз.  Ал  құлдық  санадан  арыла  алмай,  өз  тілін  ардақтай 
алмай, өз тілін ардақтай алмай жүргендерді кімге теңесем екен? Біреулердің 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
96 
есігінде  жүруге  көкіп  кеткен  ойсыз  құлға  ма?  Өжеттік  пен  ерлікке  бару 
кездейсоқтық емес, Отан алдындағы жауынгерлік  борышты өтеуде болаттай 
берік  тәртіпке  бойұсыну  еді,  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған 
Т.Бигелдинов,  Л.Беда,  С.Луганский,  И.Павлов.  Кеңес  Одағының  батырлары 
Ә.Молдағұлова,  М.Мәметова,  И.Панфилов,  М.Сеңгірбаев,  Т.Тоқтаров, 
М.Ғабдуллин, Н.Әбдіров т.б есімі мәңгі сақталады. Отан жерін жау табанына 
бастырмау  үшін  қасық  қанын  аянбай  ерлікпен  қаза  тапқан.Төлеген 
Тоқтаровтың «Өлімге тіке қадала қара,сонда өлім сенен қашады,сен жеңесің»,-
деген  жалынды  жүрек    жарды  сөздері  де  ауыздан-ауызға  ауысып,  сол 
қалпында  өзгермей  бізге  жеткен.  Зұлым  жаумен  шайқаста  әке,  аға, 
бауырларымыз  қанын  төгіп,  қолымыз  жеткен  Жеңіс  шапағы  кейінгі 
ұрпақтарға жетпек. Ұлы Отан соғысында коммунистер «ұран-жеңіс,не өлім»,-
деп ұран етті. Өз басын кейінгі ұрпақ алдында қарыздар санаған ардақты ақын 
атамыз Асан Қайғы елі үшін мәңгілік мекен-жақсы жайды желмаямен желіп 
іздеген. Талмай кезіп,ерінбей шарлап, таппай тынбай, таңдап тоқтап, түйесін 
шөктірген жері-осы күнгі Кеңестік  Қазақстан аталды. Қысқы аязы мен жазғы 
ыстығына ұлы-қызым бірдей шынықсын дегендей, еліне арнаған жердің бір 
шетін  солтүстіктегі  аязға  апарып  тіресе,  бір  шетін  күннің  көзі  найзадай 
қадалатын  оң  бүйірге  теңеген.  Біздің  жерлестеріміз  майдан  даласында 
ерлікпен шайқасқан. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес 
Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың 
түкпір-түкпірінде  әскери  коммисариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана 
мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл 
тұрғындары да соғысқа сұранды. 
Менің өзімнің нағашы атам – Бекмырзаев Жөкебай  1921жылы қаңтар 
айында Алдашбай Ахун ауылында дүниеге келген. Ол кісі ауыл мектептерінде 
мұғалім  болып  жұмыс  атқарған.  Сөйтіп  жүріп  соғысқа  қатысқан.  Соғысқа 
1941жылы  кеткен.  Оның  жұбайы  –  Ажар.  Ол  кісінің  8  баласы  болған.  1998 
жылы  дүниеден  өткен.  Мен  осы  кезде  нағашы  атамды  еске  алып  отырмын. 
Мен атамның жолын қуғым келеді. Себебі ол кісі елін, жерін қорғаған – батыр. 
Қазіргі  таңда  70  жыл  толуда.  Жеңіс  күні-барша  қазақтар  үшін  үлкен 
мереке. Бұл күнді есте сақтау біздің парызымыз. Ұлы Жеңіс ұмытылмайтын 
сияқты,  бірақ  соғыста  ұмытылмастай  із  қалдырды.  Жеңіс  мерекесі  – 
қайырымдылық пен жасампаздықтың белгісі. 
Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың  екі  қызы-мерген 
Ә.Молдағұлова  мен  пулеметші  –  М.Мәметова  бар.  Ата-бабаларымыз 
армандағандай,бүкіл қазақ жұртын дархан дала төсінде, бір таудың астында, 
бір тілде-ана тілінде сайрайтын күн туса ғой деп күтудеміз. 
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып
Жеңіс келді қуандық көңіл тойып. 
Жауды жойып батырлар елге оралып, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
97 
Ата-анамен қуанышты құшақ жайып. 
ССРО-Германия  соғысы...  Ол  біздің  ақ  шашты  аталарымыз  бен 
әкелеріміздің  ерлік  пен  қаһармандыққа    толы  биік  рухын  күллі  әлемге 
танытқан сындарлылық рәмізі болса, 9 мамыр – жеңіс күні аға ұрпақтың сол 
жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған қастерлі мереке. Біз 
Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған әкелеріміз 
бен аталарымыздың ерлігіне, бас иеміз. 
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары, 
Жігер менен құштарлықтың құралы, 
Күрескердің арманы мен ұраны, 
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 
Араға  азғантай  уақыт  салып,  адамзат  өз  тарихындағы  қаһарлы 
соғыстағы  Жеңістің  70жылдық  мерекесін  тойламақ.  Ұлы  Жеңіс  Тәуелсіз 
мемлекеттер  достастығы  елдері  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  әлем 
халықтары  үшін  де  үлкен  оқиға.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы 
халықтарының теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр қайратының, бірлігінің дәлелі. 
Жеңіс  мерекесі  –  бейбітшілік  сүйгіш  бүкіл  адамзат  қауымының 
мерекесі.Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар 
ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. 
Жарқынбекова Перизат 
  7 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі : Шаймерденова А. 
Жеңіс – ерлік жемісі 
Қанды майдан, қызыл өрт борандаған ... 
Талай боздақ сол өрттен оралмаған. 
Мен бүгінде бақытты болып жүрсем, 
Бұл солардың қызығы көре алмаған 
Уақыт тұлпар күндерді ала қашып,  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
98 
Жеңістен соң жетпіс жыл ара қащық, 
Қашқан сайын уақыт олар жақын, 
Ұлы істерге бізбен жүр араласып. 
Ұлы Жеңістің 60 жылдығын күні кеше ғана тойлаған едік. Енді міне тағы 
да 10 жылды артқа тастадық, сынаптай сырғыған уақыт қанша жүйрік болса 
да  оны  көпшілктің  ұмытуы  мүмкін  емес.  Соғыс  миллиондаған  адамдардың 
өмірін  қиып,  жүздеген  қала  мен  елді  мекендерді  қиратты.  Сөйтіп  соғыс  әр 
үйге, отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Бұл соғыс Кеңес 
Одағы  тарихындағы  қасіретті  бет  қана  емес,  сонымен  қатар  халқымыздың 
теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайраты және бірлігінің дәлелі.  
1941  жылы  ССРО  территориясына  неміс  –  фашист  басқыншылары 
опасыздықпен  басып  кірді.  Қауіп  төнген  шақта  жерлестеріміз  ерлік  пен 
қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Қанды майданда кеудесін оққа тосып Отан 
үшін жанын пида етті. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам қатысты, 
12-атқыштар  дивизиясы,  4  ұлттық  әскер  дивизиясы,  7  атқыштар  бригадасы, 
50-ге  жуық полк  пен  батальон  құрылып  майданға  аттанды.   Тарихта теңдесі 
жоқ    қаһармандық көрсеткен  Брест  қорғаушыларының  қатарында  3  мыңдай 
қазақстандық шайқасты.  
«Соғыс» деген суық сөз аға ұрпақтың жан – жүрегін тітіркендіріп, сыз 
окопта,  оқ  пен  оттың  арасында,  жетім  мен  жесір  жылаған  қаралы  күндерде  
өткен  жастық  шағын  еске  түсіреді.  Бұл  зұламатты  санадан  сызып  тастау 
мүмкін  емес.  Кеңестер  одағы  дейтін  ортақ  үйіміз  болғаны  да,  сол  ортақ 
шаңырақтан  миллиондаған  боздақтың  қан  майданға  аттанғаны  да  тарихи 
ақиқат.  
«Ешкім  де  ұмытылмайды,  еш  нәрсе  де  ұмытылмақ  емес».  Бұл  сөздің 
астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін  құрбан 
болған  қаһармандарымыздың  асқақ  рухы  елімізде  мәңгі  сақталады.  Атап 
айтсақ:  Қасым  Қайсенов  (партизан),  Бауыржан  Момышұлы    (қолбасшы), 
Рахымжан Қошқарбаев (Рейхстагқа ту тіккен), Төлеген Тоқтаров (барлаушы), 
Әди  Шәріпов  (саяси  нұсқаушы),  Нүркен  Әбдіров,  Мәлік Ғабдуллин,  Талған 
Бигелдинов (ұшқыш), Мәншүк Мәметова атанды. 
Қанша  ғасыр  өтсе  де  адамзат  тарихында  елі  мен  жерін  қорғаған 
батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Кешегі өткен от ауызды, орақ тілді 
шешен билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды іс-әрекетімен 
аман  сақталып,  бүгін  Тәуелсіз  Қазақстан  аталып,  жаңа  ғасырға  иек  артқан 
атамекенімізді  мәңгі  қастерлеу  –  бәріміздің  қасиетті  борышымыз.  Қанша 
ғасыр өтсе де адамзат тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі  
мәңгі  есте сақталады.  
Жеңіс күні біздер үшін ерекше мейрам болып саналады. Осыдан жетпіс 
жыл бұрын фашисті тас – талқан қылып қиратпағанда осындай бейбіт өмірде 
тәуелсіз  күн  кешуіміз  екіталай  болатын.  Сол  тыныштықты  күзетіп  ұрпақ 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет