Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
107 
Олардың осы жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып 
қала  бермек.  Сондықтан  да,  қан  майданнан  оралмаған  батыр 
қандастарымыздың  есімі  мәңгі  ел  есінде,  ал,  осы  күнге  жеткен  қазыналы 
қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. 
Осындай айтулы күні біздер құрметті ардагерлеріміздің алдында ерекше бас 
иеміз.  Отанға  деген  сүйіспеншілік  пен  адалдықтың  өлшемі.  Ел  басына  күн 
туып,  ер  басына  мұң  ұялаған  жылдарда  ардагерлеріміздің  Отан  мен  туған 
жердің  намысын  ойлап,  майданда  қан  кешкен  ерліктері  ел  жүрегніде 
мәңгілікке қалады. Сұрапыл соғыстағы аға буынның жан аямас жаужүректігі, 
ерен  еңбегі,  туған  елге,  жерге  деген  патриоттық  ыстық  ықыласы  келешек 
ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз. Ардагерлеріміздің ерен ерліктері 
арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы 
біздің  халқымыздың,  аға  буын  өкілдерінің,  әкелеріміз  бен  аналарымыздың 
биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, 
Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған 
ең қастерлі мереке. Ұлы Жеңісіміздің тарих сахнасында мәңгі қалары хақ. 
Жүгінісова Мөлдір 
10 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай  ахун ауылы  
     Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
      Жетекшісі: Жақанова Майра 
Ерлік мәңгі ұмытылмайды 
Бейбітшілік  тек  қана  тілегенім. 
Бақ  өсіріп, өлкеге  гүл  егемін. 
Тілеймін  мен  баршаның  бағы  жанып, 
Дүниенің  құлпырып,  түлегенін! 
-  деп    ақындар    жырға    қосқандай    барлық    адамзаттың    тілегі    әрине,  
бейбіт    күн.    Осы    бейбіт    күнге    біз    небір    қиын    кезеңдермен,  ата-
бабаларымыздың    қан    төгуімен  яғни    қасық    қандары    қалғанша    жаумен  
арпалысқан  сәттерімен  жеттік.  Яғни  бейбіт  күн  бізге  оңай  жеткен  жоқ.   
Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 
толмақ.  Бірақ  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  
ұмытылмастай  ізін  қалдырды.  Жеңіс  күні  –    бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін 
ортақ  мереке.  Бұл  мереке-бейбітшілік  пен  қайырымдылықтың  мәңгі 
жасампаздығын,  Отанын  қорғаған  жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
108 
айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің 
мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.   
Біздің 
аталарымыз 
бен 
әкелеріміздің 
батырлықтары 
мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 
бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттың қайта 
өрлеуінің  жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні  абыройымыз  бен 
даңқымыздың  мерекесі.  Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген  сүйіспеншілік 
қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  
Сол  бір  сұрапыл  жылдары  Қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 
жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 
Солардың  жанымен,  қанымен,    терімен,  көз    жасымен,    күшімен,  ісімен, 
ерлігімен,  атаның  туын    жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  жердің 
топырағын  жауға таптамай,  еңіреп  жүріп  жауды  жеңіп, тауын  шағып,  туын 
көтеріп, Жеңістің  таңбасын  басқан –  Жеңіс  күні. Сондықтан  бұл  ұлы  мереке 
оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман  оралған  ардагер  
аталардың  өздері  қорғап,  қорған  қамқор  болып  оралған  арттағы  қалың  
елдің  қаймығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ та, тарих  ұмытпайды. Ол 
– өмір  заңы.  Сол  соғыста  қанша  мың  қазақстандық    жауынгер  халқы    үшін
еңбек  сіңіріп  осы  жеңіске  биыл  жетпіс  жыл  сыйлап  отыр. Сол  жеңісті  
бізге  сыйлаған  аталарымыздың  бірі  де  бірегейі  найзағайдай  жарқылдаған 
отты  ойы  бар    қаһарлы  сөйлесе  де  қайырымы  мол,  өз      мүддесін,    ұрпақ  
мүддесін ойлаған, қара қылды қақ  жаратын әділдіктен  жаралған ойы тұңғиық,  
қимылы  қылыш  Бауыржан  Момышұлы  есімі.  Ол  1910    жылдың 
24  
желтоқсанында Жамбыл облысы Жуалы қонысында дүниеге  келген. Мектеп 
бітіріп  біраз  уақыт  мұғалім  болған.  1932  жылы  әскер  қатарына  алынып 
мергендік өнерін  игерді.  Аулына  оралған    соң    қаржы  орындарында  жұмыс 
істеді.  1936  жылы  қайтадан  әскерге    шақырылып  түрлі  әскери  бөлімдерде 
взвод, рота командирі болды. Бауыржан Момышұлы – әскери  педогогика  мен 
әскери  психологияны  байытушы баға жетпес  мұра  қалдырған  дара  тұлға.  
Бауыржан    Момышұлының    шығармалары  бірнеше    шет    тілдерінде  
аударылды.  Соғыстан  кейін  Бауыржан  Кеңес  әскери  академиясын  бітірді.  
Совет армиясына әскери педогогикалық  сабақ берді. «Ер есімі  – ел  есінде»,- 
демекші  бізге жарқын  болашақ, бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар 
ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  бірі  де  бірегейі:  Бауыржан 
Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Баубек Бұлқышев, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген 
Тоқтаров,  Қасым  Қайсенов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  және 
басқалар.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы    шептегі  ұрыстарда  ғана  емес, 
алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан 
миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
109 
эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық- 
түлік  жеткізуші  үлкен  арсеналға   айналды. 
Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға  төнген   ең  ауыр  күндер  болды.  Ананы  
жесір,  сәбиді  жетім  еткен  қанды  шайқастарға  толы  соғыстың  төрт  жыл, 
1418  күн  мен  түн  бойы  өз   жері  мен  отаны  үшін,  келешек  ұрпақ  үшін  
жан  қилы  соғыс  жүріп  жатты. Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік, грузин  
мен  белорус,  қазақ  пен  украин  қарсы  алдындағы  жауға  алмас  қамал  болып  
жұмылды...     
Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген  
жауынгер  халық  болған.  Ұлан  байтақ  даласының  бір  тұтам  жері  үшін  
қорқу деген  сезімді  жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.  Тіпті  арыға  бармай-
ақ  кешегі  Ұлы  Отан  соғысының  әлі  сарғайып  үлгермеген  қатпарлы  
парақтарына    үңіліп    қарасақ,  қазақтардың    қанды    қырғында    қаймықпай  
соғысқанына  анық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал, айқас  алаңдарында  өшпес  
ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл  өткен соң  Бауыржан  
Момышұлы  алды) Кеңестер  Одағының  батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  
жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 миллион қазаққа шаққанда басқа  халықтардың  
алдына  шығып  кетеді  екен. Ердің  ері  шыдайтын  жаңбырша жауған  оқ  пен 
қарша бораған бомбаның  арасында олардың нәзік жүректері тасқа  айналып, 
гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды  тырнағына  ілікті. 
Сол  сұрапыл  соғыс  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  
деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  намысын  дәлелдеді.  Ұлы  Отан  соғысы  
елдің    елдігін,    ердің    ерлігін  сынға    түсірді...  Жер    бетіндегі    барша    адам  
баласын  қатты  алаңдатқан  өткен  ғасырдың  ең  қайғылы  оқиғасы  ретінде  
тарихқа  кірген  Ұлы Отан  соғысының  аяқталғанына  70 жыл  толғалы  отыр. 
9    мамыр  –  бұл  мереке  ғана  емес,  бұл    ауыр    еңбек,    бұл    халықтың  
батырлығы.    Бұл    мейрамды  бұрынғы    кеңес    одағына    кірген    15    одақтас  
республика  халқымен  бірге, кеңес  халқы  неміс  басқыншыларынан   азат 
еткен  Еуропа  елдерінің  Варшава  мен  Прага,  Будапешт пен  Бухарестің,  
София мен  Белградтың,  Париж  бен  Венаның,  жер  шарының  басқа  да  
көптеген  қалаларының  тұрғындары  тойлайды.  
Тарихымызда   қалған  бұл  сұрапыл   соғыстың  кеселінен  өткен  ата-
апаларымыз  аман  болсын!  
Жұдырықтай    жұмылған,    білектей    біріккен    кеңпейіл    Қазақ    елі  
жасасын! 
Ешқашан  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  
ерен    ерліктері    ұмытылмайды.    Бүгінде    біздің    азаматтық    міндетіміз  – 
Отанымызды,  туған  жерімізді  қорғау.  «Елім»  деп  жүрегі    мәңгі  соғатын 
патриот жастар көп болса нұр үстіне нұр болар еді.   

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
110 
Жүнісов Дәуіржан 
8 сынып, №131 орта мектебі 
Сырдария ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Майханова Л. Т. 
Сұрапыл соғыс 
Соғысқа төзе білген майдангерім
Сенің арқаң,тыныш қой мынау жерім. 
Қанша солдат өлсе де сұм соғыста, 
Ешқашан өшпес Ұлы ерліктерің. 
1941  жылы  Гитлер  бастаған  неміс  әскері  КСРО  жеріне  басып  кірді. 
Әскері  тұрақты  емес  бұл  ел  немістер  шабуылына  елдің  түпкір-түпкірінен 
қарапайым халықтардан әскер жинай бастады. Бұл соғысқа отбасының тізгінін 
ұстаған әкелер, ер жігіттер аттанып кетті. Кеңес одағын абдырытқан бұл соғыс 
тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен енді. Ұлы Отан соғысы деген ұғым 
Сталиннің радиоға берген сұхбатынан кейін қалыптасқан. Ол өз сөзінде бұл 
сөздерді бір-бірімен байланыстырмай, бөлек-бөлек қолданды. Содан соң бұл 
ұғым басқа тілдерде жарық көре бастады.   
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан  бір миллион жүз тоқсан алты мың 
адам қару асынып, қанды майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының 
сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.  
Бұл нәтиже майдан даласында ең көп солдаттардан айырылған біздің ел екенін 
көрсетеді.  Майдан  даласында  қантөгіс  шайқас  болса,  ал  тылда  еңкейген 
қарттан  еңбектеген  балаға  дейін  еңбек  етіп  жатты.  Бұл  маңдай  тер  соғыс 
алаңында жүрген сарбаздар үшін екені айдан анық. 
  Немістерге соғыста басымдылық алып берген Гитлердің «Барбаросса» 
атты  жоспары.  Ол  бұл  соғыс  КСРО-мен  болатынын  1930  жылы  айтты.  Бұл 
соғысқа Германияның одақтас  елдерінен  соғысқа  қажет  заттар  келіп жатты. 
Техника  жағынан  әрине  бұл  ел  КСРО-дан  басым  түсіп  тұр  еді.  Бірақ  қару-
жарақ жөнінен КСРО басымдылық танытты. 
  Ұлы  Отан  соғысына  қазақтар  үлкен  ерлік  көрсеткен  деседі.  Біздің 
сарбаздардың  ойында  сатылу  деген  мүлде  болмаған.  Себебі  біздің 
солдаттардың жігерін көтерген өлеңдер. Тағы айта кететіні олар өз отбасына 
күн  сайын  хат  жазып  отырды.  Олардың  басты  мақсаты  Отан  алдындағы 
борышын өтеу. Осы жайында оларға отбасы хат жазып отырды және де өзінің 
еліне  адал  болуды  жазып  отырды.    Мыңдаған  Қазақстандықтар  соғыста 
көрсеткен  ерлігі  үшін  медаль-ордендермен  марапатталды,500-ге  жуық  адам 
Кеңес  Одағының  Батыры  деген  атақ  алды.  Соғыс  кезінде  қазақтар  сатынан 
мылтық асынған қыздар да болды.  Сол батыр қыздарға тоқталып өтсем - Әлия 
Молдағұлова (1925-1944) – Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
111 
Кішкентайынан  жетім  қалған  батыр  қыз  нағашы  ағасының  қолында  өскен. 
Сондықтан болуы керек ол анасының фамилиясымен жазылған. Жетім өскен 
бұл  қыз  адалдық,  шыншылдық,  батылдық  қасиеттерді  бойына  сіңіріп  өседі. 
1942-43  жылдары  Москвадағы  мерген  қыздарды  даярлайтын  мектептің 
курсанткасы болған. Оқуды жақсы ұға алған Әлия соғыста мергендігімен көзге 
түседі. 1944 жылы Псков облысын азат ету үшін болған соғыста ерлікпен қаза 
табады.  Осы  жылы  батыр  қызға  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  беріледі. 
Әлияның  өмірі  қысқа  болғанымен  ерлікке  толы.  Батыр  қыз  ерлігі 
жазушылардың  шығармаларында  сипатталды.  Қазіргі  кезде  Әлия 
Молдағұлова атындағы мектептер, көше, ескертіш бар. 
  Мәншүк  Мәметова  (1922-1943)  –  Орал  облысы  Орда  ауданында 
дүниеге  келген.  Бала  кезінен  жетім  қалған  бұл  қызды  оның  тәтесі  асырап 
алған.  1942  жылы  майдан  даласына  аттанды.  Соғыста  мергенделікпен, 
табандылықпен  көзге  түсті.  1943  жылы  Невель  қаласы  үшін  кескілескен 
шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры 
деген атақ беріледі. Батыр қыздың құрметіне бірнеше жерлерге аты берілген. 
Бұл  екі  батыр  қызды  «Қазақтың  шоқ  жылдыздары»  деп  атайды.  Тағы  айта 
кетер бір жай батыр қыздарға арналған Алматыда «Шығыстың қос жұлдызы» 
мемориалдық кешені бар.  
Хиуаз Доспанова (1922-2008)  – Атырау облысы Ганюшкин селосында 
дүниеге келген. Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрған. Бұл қыздың бала 
кезінен арманы ұшқыш болу еді. Арманына жетудің бір сатысы болар деген 
үмітпен  Мәскеудегі  ұшқыштар  Академиясына  қабылданбай  қалса  да  үмітін 
үзбеді.  Кейін  ұшқыштар  училищесіне түсіп,  көзге  түседі.  300-ден  астам  әуе 
шайқастарына  қатысады.  Соғыста  көрсеткен  ерлігі  үшін  «қанатты  қыз» 
атанады.  Бомбылау  кезінде  14  мәрте  құлап,  арасында  ауыр  жарақат  алса  да 
ұрыс алаңына қайта оралып отырды. Соғыс аяқталған кезде бірінші болып елге 
қайтқан, отбасыларымен қауышқан осы ұшқыш қыздар еді. Хиуаз соғысты 2-
топтағы мүгедек болып аяқтайды. Майдандағы ерлігі үшін бірнеше медаль-
ордендермен марапатталады. Еліміздегі бірнеше құрылыс орындарының бой 
көтеруіне  ат  салысқан  батыр  қызға  Елбасының  жарлығымен  «Халық 
Қаһарманы» атағы беріледі. 
  Қазақ елі қатарынан соғысқа аттанған ер азаматтарының ішінде бірі де 
бірегейлері бар. Соның ішіндегі ең үздігі – Бауыржан  Момышұлы. 
  Бауыржан  Момышұлы  (1910-1982)  –  Жамбыл  облысы,  Жуалы 
ауданында дүниеге келген. 1932 жылы әскер қатарына алынады. Міндетін өтеп 
запастағы  командир  атағын  алады.  1936  жылы  Қызыл  Армия  қатарына 
алынып,  рота,  взвод  командирі  болады.  1941  жылы  генерал-майор 
И.В.Панфиловтың  басқаруымен  316-атқыштар  дивизиясының  қатарында 
майданға  аттанады.  Соғыс  кезінде  батальон,  полк,  дивизияны  басқарады. 
Майданда  өз  әскерімен  бірнеше  мәрте  ерлік  көрсетеді.  Соғыстағы  ерлігі 
ескерілмей қалады. Өзінің тактикасы, идеясы жақсы болса да оны отставкаға 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
112 
жіберіледі.  Бұдан  соң  Бауыржан  Момышұлы  әдебиет  саласына  өз  үлесін 
қосады.  Даңқты  қолбасшы  бірнеше  медаль-ордендермен  марапатталады. 
Өмірден өткеннен кейін 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
  Талғат  Бигелдинов  (1922-2014)  –  Ақмола  облысы,  Ақмола  ауданы 
Майлыбалақ  ауылында  дүниеге  келген.  Бала  кезінен  ұшқыш  болсам  деп 
армандаған.  Балалық  шағы  қазіргі  Бішкек  қаласында  өткен.  Осы  қаладағы 
аэроклубқа  үзбей  барып  жүреді.  Он  алты  жасында  алғаш  рет  парашютпен 
секіреді.  Ұшқыш  болуға  ынтасы  артқан  жігіт  Орынборға  авиациялық 
училищесіне оқуға түседі. Сұрапыл соғыс жұртқа  үрей туғызса, жас ұшқышқа 
өзінің Отанын қорғауға, көзге түсуге үлкен мүмкіндік еді.    1943 жылы 144- 
авиатциялық  гвардияға  қабылданады.  Майдан  шебінде  жүріп  өзінің  жүрек 
жұтқан  батыр  екенін  бірнеше  рет  дәлелдейді.  Тіпті  бір  өзі  соғысқан  кезі  де 
болған.  Әскерлерді  Берлинге  кіргізу  мақсатында  жолды  ашып  береді.  Тіпті 
жолда карта сызып та үлгереді. Осындай ерен ерліктері үшін 1945 жылы Кеңес 
Одағының батыры атағын алады. Бұл батыр ұшқыш   Кеңес Одағының Батыры 
атағын екі мәрте алған.   
  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайынғы  өзінің  жолдауында    келесі  жыл 
Ұлы  Отан  соғысына  70  жыл.  Соған  орай  еліміздегі  ардагерлерге  құрмет 
көрсетуіміз  керек  екенін  айтты.  Еліміздегі  Жеңіс  парктерін  жөндеуге 
тапсырма берді. Бұның бәрі ардагерлерге деген үлкен құрмет. Біздің осы күнге 
жетуіміз  сол  кісілердің  арқасы.  Сондықтан  біз  ол  кісілерге  қарыздармыз.  
Ардагер, батырларға  арналған  өз  шығармашылығымнан өлең шумақтары: 
Отан үшін отқа түсті сарбаздар, 
Жүректе намыс оты болған соң. 
Қиындыққа қарсы тұрды сарбаздар, 
Құдайдың көзі түзу болған соң. 
Қазақтың қос жұлдызы Әлия,Мәншүк, 
Сұм соғыс өмірлерін кетті кесіп. 
Қазақтың бетке ұстары ер Бауыржан, 
Бас болды әскерлерге мылтық асқан. 
     Жүсіп Әлішер 
9 сынып, №66 орта мектебі 
Арал ауданы, Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Анапияева Г. 
Әңгімені менің түп нағашыларым Әлім Ардана,  Ардананың төлесі  осы 
айтып отырған  Омар нағашымның  немересі   Жүгінісов Амандық  ағамнан  
естіген едім. Ескі суреттің  жарқын  тарихы мен  баблардың  өшірілмес өткен 
күндері   мені толғандырады да жүреді. Ойлаймын Бауыржан  атамен дәмдес  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
113 
болған  бірге жүрген  талай адамдардың  үйінде  осындай суреттер  бар шығар 
ау  деп.  Сонымен    Амандық      ағамыздың  айтуынша  сурет  тарихынан  сыр 
шертейік. 
    Марқұм  менің  көкем  Омар  қасиетті  адам  еді.  Өмірден  көрген  мен 
түйгені мол, әңгімешіл тыңдаушыны елітіп әкететін. Балаларына түрлі қисса-
дастандарды, роман, повестерді оқытып, өзі құмарта тыңдайтын. Адамдармен 
тіл табысқыш, кішіпейіл адам болды. 
Мен  Сарыағаштағы  санаторийда  (1969  ж.  көктемде  болу  керек) 
Бауыржан  Момышұлымен  кездестім,  бір  дастарханнан  дәм  татып 
әңгімелестім,-деп  айтып  отыратын.  Момышұлының  «Ұшқан  ұя»,  «Москва 
үшін  шайқас»,  Александр  Бектің  «Волоколамск  тас  жолы»  кітабын  оқи 
отырып, біраз жайға қаныққанмын. Жүзбе-жүз  кездесем деген кімнің ойында 
бар. Осы санаторийде Момышұлы демалып жатырды естіген соң, іздеп барып 
сәлемдесуді жөн көрдім. Өзімді-өзім қамшылап, батыр жатқан бөлменің есігін 
қақтым. Іштен «да» деген дауыс естілді. Жаймен ішке кірдім. 
– Ассалаумағалейкум,батыр!
Ойлана төмен қарап отырған Баукең өткір көздерін маған қадады да: 
– Аманбысың?-деді
– Бауке,сізді осында дегенді естіп,сәлемдескелі келіп едім,-дедім
– Оның жөн болған екен.
Көзін бос тұрған орындыққа қадады. Отыр дегені шығар деп қипақтай 
барып, сол орындыққа жайғастым. 
– Денсаулығыңыз қалай?
– Онша  емес,  -деді  жұлып  алғандай.  Барлық  қарудың  түрінен  мені
нысанаға  алып,  атқылап  жатқан  сияқты  –  Түсіндің  бе?  Дауысы  өктемірек 
шықты. 
Менде  үн  жоқ.  Кетіп  қалудың  есебін  тағы  таппадым.  Үнсіздікті 
батырдың өзі бұзды. 
– Қай жақтың қазағысың?
– Қызылордадағы Арал өңіріненмін, Бәуке.
– Е-е, балықшы екенсің ғой.
– Иә, балықшымын.
– Дұрыс. Мүштегін алып темекі тұтатып, будақтатып тарта бастады.
Елің аман ба? – деді бір кезде. Мен де өзімді сабырға шақырып: 
Аманбыз, батыр, - дедім. Баукеңнің жүзі жылыған сияқты. 
Ныспың кім? 
Омар,  әкемнің  аты  –  Жүгініс.  Балық  аулауды  кәсіп  етеміз.  Осында 
келгеніме он шақты күн болды. Сіздің және  сіз туралы жазылған кітаптарды 
түгелге жуық оқып шықтым. Өте жақсы екен.  
Солай ма, - деді батыр жайбарақаттау. 
Несі ұнады? 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
114 
Айта жөнелдім. Байқаймын, тыңдап отырған сияқты, сөзімді бөлген жоқ. 
Түсі  жылып,  тіпті,  күлімсірегендей  де  болды.  Кейде  басын  изеп  қалып  та 
отырды. Бір кезде:  
– Жақсы екен,-деді.
Мен  түсінбей  қалдым.  Кітап  па  жақсы,  әлде  менің  әңгімем  бе?  Батыр 
соны ұққандай. 
– Түсініпсің, сосын жақсы әңгімелейді екенсің. Қуанып қалдым.
– Бауке, қай жылы туғансыз?-дедім.
– Оныншы жылы,- деді жай ғана.
– Е, батыр менің сізден екі жас үлкендігім бар екен.
– Батырдың мұрты жыбыр ете қалды. Маған шаншыла қарап:
– Мен пәлен жыл армия қатарында болдым. Соғыста пәлен рет қоршауда
қалдым.  Түген рет жауға  қарсы  атакаға  шықтым,  пәлен рет  жарақат  алдым, 
соның бәрін қосқанда  сенен пәлен жас үлкенмін.  
– Понятно!-деді зілденіп. Тіктелгенде бет шыдатпайды екен.
– Түсіндім Бауке, мен қателесіппін,-дедім ығына жығылып.
– Түсінсең шайға кел. Стол үстінде тұрған шәйнекке қол созды.
– Иә, қатысып жарақаттанып қайттым. Аманжол бабамның  ұрпағынан
үш адам барғанбыз. Үлкені – мен, екі інім – Ықылас пен Ахмет қаза тапты,- 
дедім. Батыр м-м-м, деп ыңыранғандай болды. Сосын тағы оқыған кітаптарым 
туралы сұрады. Біраз әңгімелескен соң  мен өз бөлмеме  баруға жиналдым.  
– Рахмет!-деді батыр.-Сау бол!
Күндер  өтіп  жатыр.  Өткендегіден    кейін  кездесудің  де,  сөйлесудің  де 
ретін  таппадым.  Елге  қайтатын  уақытта  жақындады.  Қасымдағы  дем 
алушылармен  бірге  Момышұлымен    қалай  суретке  түссек  екен  деген  ой 
мазалайды. Батырдың  мінезі белгілі.  Суретке түсейік деуге ешкімнің батылы 
бармайды. «Омеке, сен бір жөнін тап»  -дейді  қасындағылар мені қолқалап. 
Сонымен не керек, батыр Бауыржанмен  асханада келе жатып тағы жүздестім. 
Бұл жолғы  кездесуім ұзақ болмады. 
– Бауке, бір-екі күнде ауылға қайтамын. Елге барған соң «сіздей адаммен
кездестім,әңгімелестім, бір дастарханнан дәм таттым»  десем сендіре алам ба? 
Рұқсат болса, сізбен ескерткіш ретінде суретке түссем деп едім. Балаларыма 
да үлкен сыйлық болар еді.     
– Үндеген жоқ, бұрылды да кете берді. Ұнатпады-ау деп ойладым.
Келесі күн. Ертең қайтамыз. Бірінше күн бірге болған азаматтармен тал 
саясындағы  орындықта  әңгімелесіп  отырғанбыз.  «Бауыржан  келе  жатыр» 
деген сөздер естілді. Қарасам, шынымен Момышұлы тура біз отырған жерге 
қарай  келе  жатыр  екен.  Үстінде  ақ  қөйлек,  қара  костюм-шалбар,  үлкен  бір 
жиынға  баратындай  киініпті.  Жақындап  келіп:  «Әй.  Омар,  жүр  суретке 
түсейік»-деді-де, кейін бұрылып жүре берді. Аң-таң болған біз соңынан ердік. 
Суретке  түсуіміз  қызық  болды.  Баукең  орындыққа  жайғаса    беріп  «Омар, 
қасыма отыр»-деді. Отырдым. Бірақ менен екі-үш жас үлкендігі бар етжеңді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет