Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
134 
елін жанындай сүйетін ұлтжанды қыз боламын. Қазақта «Жақсы сөз-жарым 
ырыс»  деген сөз бар. Мен де жақсы нәрселерде айта берейін. Бұның бәрі мен 
армандаған    ғажайыптар.  Армансыз  адам  болмайды.  Сондай-ақ  оның 
орындалатынына сену керек. Сонда ғана ойлаған ісің жақсы нәтижесін береді. 
Оған  бар  күш-жігеріңді  салып,    көп  ізденіп,    талпынуың  керек.    Сонда  біз 
арман болған белестерді бағындырамыз. Мен осылай елімнің «қазіргі заманғы 
батыр  қызы»  болғым  келеді.  Еліміздің  жарқын  болашағы  –  білімдінің 
қолында! 
Мен барша қазақстандықтарды  және соғыс ардагерлерін  алдағы Ұлы 
Жеңісіміздің  70  жылдығымен  шын  жүрегіммен  құттықтаймын!  Әрқашан 
бейбітшілік  заманда  ғұмыр  кешейік!  Біздей  жастарды  ерлік,  патриоттық, 
адамгершілік рух мәңгі тербелей береді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбіт 
өмір үшін  кеудесін от пен оққа  тосқан майдангерлерімізге зор тағзым етеміз!  
Олардың    қайтпас  қайсар  өр  мінездері  мен  ерлік  істері  –  бізге  үлгі!  Осы 
батырларымыздың  алдында  өмір  бойы  қарыздармыз.    Бүкіл  әлемде 
бейбітшілік  заман болсын!  Еліміздің  тәуелсіздігі мәңгі болғай!  Әрбіріміздің 
арайлап  атқан  таңымыз  күлкі  мен  шаттыққа,  өміріміз  күн  нұрындай 
жылылыққа толы болсын!  Соғыссыз-ақ ерлік істеріміз көп болғай. 
Қартабекова Айгерім 
10 сынып, №111орта мектебі Алдашбай Ахун ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда  облысы 
Жетекшісі: Жақанова М. 
Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлікке мың тағзым 
Соғыс десе қатуланам, қиналам, 
Рас, оны көрдік  біздер кинодан. 
Оққа оранып от кешкен арыстардың 
Арқасында аман қалды бұл ғалам.   
Баубек Бұлқышев 
Соғыс!  Ия,  Соғыс  десе  қай  жанның  болмасын  жүрегі  зірк  ете  қалары 
анық. Себебі әлемді дүр сілкіндірген 2-дүниежүзілік соғыстың қасіретін ешкім 
ешқашан да ұмытпақ емес! Бұл оқиға бейбіт, тыныш жатқан елді1941 жылы 
жаздың жайма шуақ күні маусымның 22-інде дүр сілкіндіргені шындық.  Ұлы 
Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсіреді... Жер бетіндегі барша 
адам баласын қатты алаңдатқан өткен ғасырдың  ең қайғылы оқиғасы ретінде 
тарихқа кірген. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жыл жуықтапты.        
Бұл жеңіссіз жер жүзінде қазіргі бейбіт заман болмас па еді?Бүгін егемен 
еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізе алмай қалар ма еді?Жасы үлкен жақсы ағалар, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
135 
соғыс  пен  тыл  ардагерлері,  бұрынғы  Одақ  кезінде  туып,  есейген  ұрпақ  ол 
Жеңістің  қадірін,  Жеңіс  мейрамының  басқа  күндерден  ерекше  екенін  жан 
жүрегімен сезінері анық. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес халқы 
жан-тәнімен  Отанды  қорғады.  Біздің  республикамыздан  1млн.700  мыңдай 
адам қару асынып майданға аттанды. Қаншама адам еңбек армиясында, тылда  
қызмет етті десеңізші?! Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. 
Қанішер  неміс  басқыншыларымен  Кеңес  азаматтары  аянбай  шайқасты. 
Шаңырағымыз құламасын деп, сәбиіміз жыламасын                                                  деп, 
қызыл    гүл  солмасын  деп,  енді  сұм  соғыс  болмасын  деп  өмір  мен  өлімнің 
арасында  шыбын    жандарын  шүберекке  түйіп  қайсарлықпен  шайқасқан  бір 
туар Бауыржан, Рейхстахқа ту тіккен ержүрек Рахымжан, кер маралдай көркем 
шығыстың қос шынарлары Әлия мен Мәншүк, қанатты қыз Хиуаз Доспанова, 
қаруымен  де  қаламымен  де  шайқасқан  Баубек  Бұлқышев  сынды  арда  туған 
алтын десе алтындай жарқыраған жарық жұлдыздарымыздың  ерліктері мені 
биік мақсатқа жетелеп, бойыма үлкен күш қуат себеді. Өйткені бұндай шешен 
десең – шешен, көсем десең – көсем атына лайық хас батырлар қай адамды 
болмасын таң қалдырары сөзсіз. 
Бұлт  түнеріп  аспаннан, 
Талай көзден жас тамған. 
Тұтқиылдан жау тиіп, 
Қырғын соғыс басталған 
Отаным, еркелеймін енді кімге 
Өзіңмен нені болса көрем бірге 
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде, 
-деп талай қазақ баласының көзінен жас тамғаны тарих беттерінен анық 
көрінеді.     
Жеңіс...  Оны    сан  миллиондаған    адамдар  төрт  жыл  бойы  минуттап, 
сағаттап  сарыла  күтті  емес  пе?Сол  Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.  Жеңіс 
жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған  асыл азаматтар мерт болды.Осы 
қан  майданда  мерт  балған  асқар  таудай    аталарымыз  бен  апаларымыздың 
рухын  құрметтеп,  қадір  тұту  болашақ  біздердің  азаматтық  парызымыз  деп 
ойлаймын.     
Бүкіл әлемге қауіп қатер төндірген сұрапыл соғыс отының өшкеніне де 
көзді  ашып-жұмғанша  70  жылдай  уақыт  өтсе  де,  жерін  жауға  таптатпаған 
жеңімпаз  аға-апалардың  қаһармандық  ерліктері  ешқашан  ұмытылмақ  емес. 
Соғыс  ардагерлері  мен  тыл  ардагерлеріне  сүйіспеншілік  пен  құрмет  бүгінгі 
және келер ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Майдан батырлары сол бір 
қаһарлы  жылдары туған елі мен жері, Отаны үшін жанқиярлықпен қан төксе, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
136 
тылда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін, ақ жаулықты аналар мен қыз-
келіншектер  күн-түн  демей  еңбек  майданында    тер  төкті.  Олардың  қайсар 
рухы    мен  қажымас  қайраты  –  біздің  баршамыз  үшін  елжандылықтың, 
отансүйгіштік пен патриотизмнің мәңгілік өнегесі және сарқылмас қайнары.    
Осындай тыныш та бейбіт күнді сыйлаған  ардагерлеріміздің алдында 
басымызды  иіп, ұрыс даласында және еңбек майданында жеңіске теңдесі  жоқ 
үлес қосқан барша азаматтарды зор құрметпен еске аламыз! 
Тарих  қойнауында  ерлік  пен  елдіктің  қайсар  рухын  паш  еткен  Жеңіс 
ешқашанда ұмытылмайды. 
Мен  осындай  жасыл  желегі  жарқыраған,  көк  майсасы  бұрқыраған 
тәуелсіз, дербес, ғажап ордада туғаныма шүкіршілік  етемін. Себебі   мың  өліп, 
мың  тірілген  азап  пен  қасіреттің  талай  тарам  жолдарында  еркіндік  үшін 
күрескен    қайсар  қазақ  ұрпағы  болғаныма,  ертеңгі  таңда  сол  елдің  отын 
маздатар тұлға  болғаным үшін дер едім.  
Соғыс бүкіл әлемнің жүрегіне өшпестей қара дақ салғаны баршамызға 
мәлім.Ендеше  сол  соғыста  қазақ  ұлты  алыптай  арыстары  мен  қылықты 
қыздарынан  айырылып,тар  жол  тайғақ  кешіп,  ұлы  соғыста  жеңістің  туын 
тіккен сәттен естіген сәттен  жүректері қуаныштан жарылардай болып естен 
кеттпейтін  отты  жылдар  болып  тарих  сахнасында  батырлардың  қанымен 
жазылып қала берді.Сондықтанда әр қазақ бабасын қадірлеп, біз үшін жеңіске 
ұмтылып , болашағымызға сенім артып біз үшін бір жеңнен қол, бір жеңнен 
бас   шығарып  соғысқан  асыл  текті баһадүр батырларымыздың дара да дана 
есімдерін  ешқашан  ұмытпай,  қастерлеп,  болашақ  қазақ  жас  балғындарынан 
үлкен үміт күтейік және де қашанда қай кездеде Мәңгілік еліміз Қазақстанның 
гүлденуіне,  дамуына  үлес  қосар  бейбіт  еліміздің  болашақ  батыр  ұл-
қыздарымызды  нағыз жанашыр ретінде сенім артайық! Қазақ еліне Жеңістің 
туын  тіккенімізге  70  жылға  жуықтаған    үлкен  той  қарсаңында  бауырымыз 
бүтін, бай қуатты болайық деп бала жүрегімнен жарып шыққан үлкен тілегімді 
арнаймын!   
Қартаңбаева Гүлнаурыз 
   №107 орта мектебі   Дүр Оңғар ауылы 
 Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан елдердің біріміз. Ұлы Отан соғысының 
аяқталғанына  міне 70  жыл  болды.  Осыдан 70  жыл  бұрын,  дәл  осы  күні  таң 
қылаң  бере  фашистік  Германия  Кеңестік  Социалистік      Республикалар  
Одағына     шабуыл   жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  
Кеңес  Одағы  сияқты,    алғашқы    күннен  бастап    жұдырықтай  жұмылды. 
Республиканың  түкпір-түкпірінде    әскери    комиссариаттарға      еріктілер  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
137 
ағылды.  Кеше  ғана  мектеп    партасында    отырған    бозбалалар    мен 
бойжеткендер де,   қала   мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды. Соғыс 
жылдары  Кеңес  Армиясының  қатарына  1  миллион    200  мың    қазақстандық 
шақырылған,  20-дан астам атқыштар  дивизиясы  мен  басқа да құрылымдар 
жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-
ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы,  
100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 
74-ші  және  75-ші  теңіз  атқыштар  бригадасы,  209-шы  Зайсан,  219-шы 
минометтік,  85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші  авиациялық полктер 
ерекше  көзге  түсті.  Майданға  14  100  жүк  және  жеңіл  автокөлік,  1  500  
шынжыр табанды  трактор, 110 400  жылқы,  16 200  арба жөнелтілді. Біздің  
жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері  
үшін жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса, 500-
дей  адам    Кеңес  Одағының  Батыры,  100-ден    астам  адам  –Даңқ  орденінің  
толық иегері атанған. Төрт қазақстандық  екі  мәрте Кеңес Одағының  Батыры 
атанды,    олар  –  Талғат  Бигелдинов,  Сергей  Луганский,  Иван  Павлов    және 
Леонид  Беда.  Сонымен  қатар  соғысқа  Бауыржан  Момышұлы,  Әлия 
Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов және 
тағы басқа көпетеген боздақтар қатысқан.  Қызылорда жерінен шыққан атамыз 
Тәйімбет Көмекбаев та осы Ұлы Отан соғысына  қатысқан. Осы батырлар жан 
аямай  жерін  қорғаған.  Бауыржан  атамыз  –әскери  жазушы,  дивезия  мүшесі 
болған.  Әлия  Молдағұлова-54  атқыштар  бригадасының  мергені,  Мәншүк 
Мәметова-пулеметші болған. Жаудың тылында  партизандардың  қатарында 
да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  –Қасым Қайсенов.  Рақымжан 
Қошқарбаев-1945 жылы 30 сәуір күні сағат 6:30да Берлинге жеңіс туын тіккен. 
Жерлесіміз  Тәйімбет  Көмекбаев  атамыз  туралы  айтатын  болсақ-барлаушы, 
бригада командирі болған. Бауыржан Момышұлы атамызға-Кеңес Одағының 
Батыры  атағы  берілген.  Ұлы  Отан    соғысы  4  жылға    созылды.  Майдан 
даласында    600  мыңнан    астам  қазақстандық      қаза    тапты.    Соғыста  қаза 
тапқандардың саны  туралы мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді. Жекелеген  
мәліметтер    бойынша,        адамзат  тарихындағы  бұл  ең    зұлмат    соғыс    20 
миллионнан астам  кеңес  азаматтарының өмірін   қиды. 1 710 қала  және  70 
мыңнан    астам  село-деревнялар,  31  850  өнеркәсіптік    кәсіпорын,    65  мың 
шақырым  темір    жол,    4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-телеграф 
мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері  жермен-жексен  
болған  немесе  жартылай  қираған. 40 мыңдай аурухана  немесе басқа да емдеу 
мекемелері,  74  мың  мектеп,  техникум,  жоғары  оқу  орны,  ғылыми-зерттеу 
институттары,  42 мың кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып  
жіберілген,  тоналған.  Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  қазақ  халқы  да 
фашизмге  қарсы  аттанып,  соғысты  жеңіспен  аяқтау  үшін  барлық  жігерін 
тұмсады,  асқан  ерліктер  көрсетті.  Бұл  соғысқа  көптеген  ата-бабаларымыз 
қатысқан. Енді елімізде және дүние жүзінде де еш уақытта соғыс болмасын. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
138 
Қуаныш Жансая 
11сынып, №172 орта мектебі   Қызылорда қаласы
        Жетекшісі: Досмаханова Б. 
Сарғайса да тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады 
«Жеңіс»деген – жақсылықтың сыңары, 
Жігер менен құштарлықтың құралы. 
Күрескердің арманы мен ұраны, 
Қуаныш пен мерекенің бұлағы 
70 жыл. Сонау сұрапыл соғыс басталған шақта дүниеге келген сәбилер 
бұл күндері жетпісті еңсерген ел ағалары. Әйтсе де сол қасіретті жылдар жыл 
сайын қайта жаңғырап өткенді еске салады. Сол жаңғырақ бүгінгі жеткіншек 
ұрпақты бейбітшілікке,патриотизмге үндейді. 
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-
25  миллиондаған  әйелдер  жесір,балалар  әкесіз  қалды,аналар  ұлдарынан 
айырылды,  соғыстың  қайғысы  өртамеген,оның  құрбандығына  шалынбаған 
отбасы қалмады. 
Отан  соғысың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  қатарында  мыңдаған 
қазақстандықтар  шайқасқан  Кеңес  жауынгерлері  барлық  майдандарда 
фашистік  басқыншыларға  қарсы  кескеліскен  ұрыс  жүргізді.  Мәскеу  түбінде 
генерал-майор  И.В.Панфилов  қолбасшылық  еткен  даңқты  316-атқыштар 
дивизиясы ерлікпен шайқасқан. 
Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп,Ұлы Отан соғысының 
аты  аңызға  айналған  қаһарманы  Б.Момышұлы  былай  деп  жазған:«Біздің 
жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, 
күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін қаруымыз бар,ол-Отанға деген 
сүйіспеншілік» 
Ленинград  үшін  шайқастың  ауыр  күндерінде  қазақтың  халық  ақыны 
Жамбыл Ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім»деген жырын арнады. 
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің. 
Нева өзенін сүйкімді, 
Бұлағымдай көремін. 
Көпіріне қарасам, 
Көмкерген су көлемін. 
Өркеш-өркеш жарасқан, 
Шоқылардай дер едім. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
139 
Сыпырылған көк теңіз, 
Шомылдырып,кемерін, 
Шамы күндей жайнаған, 
Аспанға тұтып алыста, 
Айбыным деп ойлаған. 
Теңдесі  жоқ  ерлігі  үшін  500  қазақстандық  жауынгер  Кеңес  одағының 
батыры  атағын  алды.  Олар-екі  рет  батыр  атағын  алған  Т.Бигелдинов, 
Н.Әбдіров, Шығыстың қос жұлдызы, бүгінде жырға қосып жүрген «Ерліктің 
қос қанаты деп біліемін Әлия менен Мәншүгімді» деген батыр апайларымыз 
және  Қасым  Қайсенов,  Бауыржан  Момышұлы  сынды  ерекше  батыр 
ағаларымыз еді. 
Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз 
әкелеріміздкен  кем  түскен  жоқ.  Уақытпен  санаспай,  ыстыққа  күйіп,  суыққа 
тоңа  жүріп  Ұлы  Жеңіске  өз  үлестерін  қосқан  еді.  Жауға  атылған  үш  оқтың 
екеуі  Қазақстанда  жасалғанды.  Жеңіс  жеңілдікпен  келген  жоқ.  1418  күнге 
созылған  бұл  қатерлі  айқастағы  халқымыздың  жанқияр  ерлігі  мен  жеңіс 
тарихын  ешкім  де,  ешқашан  да  ұмытпақ  емес.  Соғыс  өрті  қашан  да  халық 
есінде. 
Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып 
кірді. Неміс фашистері күшті армия жинақтап,халықты құлға айналдыру үшін 
майдан ашты. 
Қара түнек серпілді, 
Ұйқысынан ел тұрды. 
Аңсаған атты алтың таң, 
Майданға,майданға. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  Кеңес  халқы  жан-тәнімен 
Отанын қорғады.Әрбір ауыл,әрбір қала үшін кескеліскен ұрыс болды. 
Тас-талқын ғып фашисті, 
Қиратқан біздің ер күшті. 
Москва,Ленин қаласын, 
Ағы мен көздің қарасын
Отанын,гүлді даласын. 
Қорғап жатқан ерлерім, 
Жауға қарсы аттанды, 
Борасан қардай оқтарын. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
140 
Ұлы  Отан  Қазақстаннан    1  миллион  700  мыңнан  астам  жауынгер 
қастысты.Олардың  басым  көпшілігі  ұрыс  даласында  қаза  тауып,  хабар-
ошарсыз кетті. 
Қазақстаннан  құрылған  әскери  дивизия  ең  қауіпті  жерлерде  соғысты. 
Генерал  Панфилов  бастаған  24-дивизия  жауынгерлерінің  аттары  Ұлы  Отан 
соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. 
Өршеленіп соқты боран, 
Орман шулап тартты қобыз. 
Қарды қуып құйындаған, 
Келе жатыр жиырма сегіз. 
Жиырма сегіз жау тобырын, 
Алға адым жер бастырмады. 
Сақтамаққа ел өмірін
Қорғап жатты Москваны. 
 Ленинград, Волгоград, Новороссийк, Тула, Керчь, Одесса, Севастополь, 
Брест қалаларына «Батыр Қала» атағы берілді. Отанымызды қорғау жолында 
халық қаны қалғанша шайқастан Кеңес Одағы батырларына басымды иемін. 
Жанымдай сүйем халықты, 
Ерлері мәңгі даңқты. 
Өнеге тұтып өсемін, 
Әлия, Мәншүк, Мәлікті. 
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады, 
Ақ сүт берген анасын қорғады. 
Ақ самал ескен даласын қорғады, 
Пәк жүзді баласын қорғады. 
Соғыс-қиратушы  күш.  Барды  жоқ  ететін  апат.Қасіретті  соғыста  70 
миллион  адам  құрбан  болды,  соның  20  миллионы  Кеңес  Одағының 
азаматтары, ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын. 
Мыңдаған  қазақстандықтар  Кеңес  үкіметінің  орден,медальдарымен 
марапатталды.  Фашистік  Германияны  жеңген  күн  тарихтағы  ең  әсерлі 
күндердің бірі ретінде адамзаттың есінде сақталып келеді. 
Міне, осынау елімізге лаң салған апаттың аяқталғанына 70 жыл толып 
отыр. Қасым Аманжоловтың:«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»дегендей содан 
бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 
Ұлы соғыс-төрт жыл адам төзгені, 
Дерт пен ыза тірі дене сезгені. 
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
141 
Екі аяқты елдестен өзгені. 
Ет қызыуы енді бір сәт басылған
Бақсаң егер,ажалына бас ұрған. 
Ел зұлматы жер астында өртеніп, 
Күн көзімен,күн сүйегін жасырған. 
-Жеңіс!Жеңіс! 
Бір сыбаға баршылық! 
Қуаныңдап қалды жуық алып! 
Осылайша отты салют берген-ді, 
Біздің еліміз жаңа  тарих жыр салып. 
Біз  бейбітшілікті  жақтаушы,  достықты  жырлаушы,тыныштықты 
сақтаушы  елміз.  Елімізде  және  жер  бетінде  мәңгілік  тыныштық  сақталсын. 
Қазақстанның көк туы аспанымызда мәңгілікке желбіресін! 
Мақсұт Жазира 
 9 сынып, №103 орта мектебі «Жалаңтөс батыр» ауылы 
      Қазалы ауданы Қызылорда облысы, 
Жетекшісі: Оралова З. 
Қаһармандық ерлікпен келген Ұлы Жеңіс 
Сұрапыл соғыс жылдары, 
Оралып қайта соқпасын. 
Шырқалып  жеңіс жырлары, 
Кернесін шаттық отбасын. 
Сондықтан бейбіт өмірдің, 
Қорғайық ашық аспанын 
Күйлерін шертіп  көңілдің, 
Шырқайық бақыт  дастанын. 
З. Шілдебайұлы 
Бізден бұрын қаншама ұрпақ ауыспады, нелер қилы  кезеңді  халқымыз 
басынан  кешпеді?  Ал    енді,  осынау  іңкәр    еткен  заманды,  мына  еркіндікті 
Жасағанның дәл біздің маңдайымызға  жазуы неткен бақыт, тірліктің  неткен 
ғажайып  сыйы!  Осы  бейбіт  заманға  жеткізген  арыстарымызды  ұмытпау,  
ерліктеріне    тағзым    ету  –  осы  күндерді    көзбен  көру    бақытына    ие болып  
отырған  біздердің, бақытты  ұрпақтың, борышымыз. 
Соғыс.  Бұл  –  жойқын,  қырғын,  алапат,  апат  әкелетін  жан  түршігерлік 
оқиғалар жиыны. Қасиетті  жұмыр жер-ана қаншама рет  соғыс азабын тартты. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
142 
Әлем тарихы беттерінде өзінің сұрапыл зұлматтылығымен өшпестей із 
қалдырған ең қанқұйлы соғыс – Ұлы Отан соғысы. 
Бұл  соғыс    күллі  әлемде  1418  тәулік  бойына  үрейлендіре  сілкіндіріп, 
жиырма жеті миллион  адамның өмірін жалмады да, зорға тынды. 
Міне, Рейхстаг күмбезіне  қаhармандарымыздың  қандары түстес Жеңіс 
туы тігілді. «Соғыстың да  өзіне тән рахаты бар»-деп ұлы Пушкин айтпақшы, 
сол сәттегі сарбаз  қуанышында, жалпы кеңес халқының  қуанышында  өлшем  
болды    дейсіз  бе?  Бұл  қуанышты  өзгеден  гөрі    Рейхстаг  шатырына    бұрын  
көтерілген Рақымжан  Қошқарбаевтардың  молырақ сезінгені даусыз.    
Әрине, біз қанды  соғысты  көрген жоқпыз, көрмей-ақ, білмей-ақ қоялық. 
Соғыс қаншама адамдарды  бақытсыздыққа ұшыратты. Баланы жетім, ананы 
жесір  етті, баласынан айырды, жастарды  қыршынынан қиды. Соғыстан аман 
қалғандарының  өзін  қол-аяқтарынан,  көз    жанарынан  айырып,  мүгедектікке  
ұшыратты 
Соғыстың  салған  лаңын  әкелеріміз    бен  аталарымыздың    кешегі    қан 
майданда  жасаған ерлігін  көркем шежіредей  баян еткен халқымыздың сүйікті 
перзенті,  батыл  да  шыншыл  жауынгер  Бауыржан,  партизан  жазушы  Қасым 
мен Әли  аталарымыздың  шығармаларынан  оқып,  қанды  қырғын  соғысты  
бейнелеген    кинофильмдерден  көріп,  аталар  естелігінен  естіп,  есте  бекітіп, 
санамызға сіңірдік. Сұрапыл  жылдарда  қар жастанып, мұз төсеніп,  белуардан  
қан кешіп, жеңістің  жарық күнін  сыйлап  кеткен  аталарымыздың  ерлік ісі 
біздің    де    ерік-жігерімізді  әрдайым  жанып,  елді  сүюге,  халқымызды  
қадірлеуге,  тәуелсіздігімізді    қорғауға    борышты    екенімізді  сезіндіріп, 
санамызды  сілки түседі. 
Бұл  күнде    Ұлы    Отан  соғысы  ардагерлерінің    қатары  сиреп    барады. 
Ақырын-  ақырын  жылжыған  жылдар  легі  кешегі  1941-1945  жылдары  он 
сегізінде  от  кешкен  өрімдей  жастарды  бүгінде  сексенннің  сеңгірі    мен 
тоқсанның    тақымына    іліктірді.  Міне,  биыл  осындай  қаhармандықпен    қол 
жеткізген  Ұлы  Жеңіске  –  70  жыл.  Ғажайып  ерлік  жасаған  Талғат  пен 
Бауыржан,  шығыстың    қос  жұлдызы    Әлия  мен  Мәншүктер  ерліктің  ерен 
үлгісін  көрсетсе,  Рақымжан  ата  батылдық  пен  батырлықтың  өрнегін  жасап, 
Рейхстагқа ту тікті. Ал, Мәлік Ғабдуллин батырлықтың  серкесі атанды. Міне, 
бұлар – нағыз қамал  бұзған батырлар.     
9  мамыр  –  Жеңіс  күні.  Аға  ұрпақтың  жанқиярлық  ісін    ел  жадында  
сақтауға  арналған  ең  қастерлі мереке  
Адамзат  тарихында  жеңістер  көп.  Солардың  ішінен  мән-маңызы 
жөнінен  шоқтығы  биігі  –  Ұлы    Отан  соғысындағы  Жеңіс.  Ол  –  біздің  
аталарымыз бен апаларымыздың ерлік пен қаhармандыққа толы биік рухын 
күллі әлемге  танытқан  отансүйгіштік символы. 
Иә,  1941-1945  жылдардағы    алапат  отқа  оранып,  қан  кешу,  тылдағы 
еңбеккерлердің  жанқиярлық  еңбегі  –  қасиетті  ел-жұртымыздың,  жалпы 
тарихымыздың  бір бөлігі. Өйткені аталарымыздың  сол сұрапыл  сынға түскен  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет