Республиканское государственное казенное предприятие


БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЖƏНЕ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43

БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЖƏНЕ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ РОЛІ 
 
Рахметова К.М. 
Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі 
 
 
Білім-қоғамды  тұрақтандыратын,рухани  мұраны  сақтайтын,ұрпақты-ұрпаққа  сабақ-
тастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи, ұлттық тіл қа-
зынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустрия-
сы дамыған,толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ 
өз тілін, өз ділін, ұлттық танымын ғасырлар бойы сақтайды. 
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заман-
ның  өркениетті,  мəдениетті  елдерінің  қатарына  қосу  жолына  арнаған  көрнекті  тұлға.  Ол 
өзінің  ағартушылық,  педагогтік,  ақын-жазушылық  тарихи  қызметі  мен  зор  талантын,  жан-
жақты  терең  білімі  мен  қайрат-жігерін  елдің  "желкілдеп  өскен  көк  шөптей"  жас  ұрпағын 
оқытып, тəрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің 
озық ғылымымен қаруландыруға, кəсіп түрлеріне үйретуге арнаған. 
Ыбырай  бұл  жолда  сан  алуан  кедергілер  мен  қиындықтарды  жеңе  отырып,  үлкен 
жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.  
Қазақ даласына білім нұрын шашқан ұлы кемеңгер ұстаз, оқу-білім саласына ерек-
ше еңбегімен өмірлік мұра қалдырған тұңғыш кемеңгер ағартушы. 
Ыбырай халықтың өміріне,тарихында орны бөлек, аз өмірін халық тағдырымен бө-
ліп қарай алмайтын ерекше нұрлы ғұламалардың бірі. Тарихтың соқпағынан халық өз да-
налығымен ерлігімен мұқалмас үміт арманымен өтеді десек, сол жолға қосқан үлесі ерек-

119 
 
ше тұлғалар, кейінгі ұрпақтың үлгі өнеге мақсатына айналды. Сол ерекше тұлғалардың бі-
рі-Ыбырай  Алтынсарин  десек  еш  қателеспейміз.  Ыбырай  халық  ағарту  жолында  қызмет 
етті. Ыбырайдың педагогикалық қызметі 1860 жылы басталды. Өз халқының тарихи қаже-
тін өтеуді мақсат еткен 19 жасар жас жігітке Торғайда мектеп ашу тапсырылды. Бұл оңай 
еместі. Бұл мектепті ашуға өкімет тарапынан қаражат берілмеді,жергілікті өкімет орында-
ры ешқандай көңіл аудармады. Жəрдем көрсетуден бас тартты. Осыншама қиыншылыққа 
қарамастан, тəуекелге бел байлап өз бетімен мектеп ашу қамына кірісті. Ол халық мекте-
бін ашып қана қойған жоқ,сонымен бірге оларға арнап оқыту мен тəрбиелеудің дидактика-
лық принциптерін дайындап, оқулық жəне əдістемелік құралдар жасады. Ғұламаның əдіс-
темелік  жəне  педагогикалық  мұраларын  тəрбиесі  мен  оқытудың  алғашқы  теориясы  мен 
оны іске асыру тəжірибесінен көруге болады. Ыбырайдың туған халқын алдыңғы қатарлы 
өркениетті қауымға жеткізудің негізгі кілті-мектеп деп: «Барлық үмітіміз,қазақ халқының ке-
лешегі, осы мектепте» деуі соған айғақ. Ал мектепте ұлы атамыз мынадай міндет, мақсат-
тарды жүктеді. 
«Мектеп  жаңа  адамдарды  тəрбиелеуі  қажет», – деді.  Бұл  ойдың  терең  мəні  бүгінгі 
күнде де адамгершілік тəрбиенің нəтижесі боларлықтай. Алтынсарин түсінігінде білім де-
геніміз айналадағы ақиқатты тану. Табиғи ақыл деп жазды Ыбырай Алтынсарин, – ол бізді 
қоршаған айналаны қамтуға қабілетті, ол оны дамытып,біздің көргенімізді білуге мүмкіндік 
беретін дүниелік білім ғана деген еді. Осы мақсатпен «мектеп қазақ халқы арасында жаңа-
ша  өмір  сүрудің  жаңа  əдеп-ғұрып,  тəртіп,  тазалық,  қолөнер  мен  өнердің  үлгісі  болуы 
қажет». 
Бүгінгі  күнде  біз  ағартушының  бұл  қағидасын  жаңадан  ашып,халық  педагогикасы 
деп, халықтың ғасырлар бойы жинаған халықтардың тəрбие көздерін ұсынудамыз. 
Ыбырай жақсы тəрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тəжірибеші, əдістемелік ой пі-
кірі бар озық мұғалім еді. Ол оқыту əдісін, өз түйгенінше орыс мектебінің озық үлгісіне не-
гіздей құруды ойластырды. Ыбырай шəкірттеріне əр кезде əр түрлі əдіспен жəне əр түрлі 
оқулықтармен оқытуға барынша қарсы болды. Ол қандай пəнді болмасын ғылыми негізде 
оқытылуын оның жас өспірімдердің ақыл-ойын, сезім дүниесіне əсер ете алуының маңызы 
аса зор екендігін баса айтты. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты өте қызықты, түсі-
нікті етіп өткізуді ойластырды.Мəселен молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде 
əзер хат таныса, Ыбырайдан оқыған балалар небəрі үш айдың ішінде оқи білетін жəне жа-
за білетін. Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Қазақ мектептерінің бар келешегі 
көбінесе қазіргі бас оқытушыны дүниедегі заттың бəрінен де қымбат көремін дей келе ұлы 
ұстаз мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білді. Мұғалім балалармен істес болады, егер ол 
бір нəрсені түсінбесе онда мұғалім шəкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмаға-
ны  үшін  өзін-өзі  кіналауы  керек.  Мұғалім  балалармен  сөйлескенде  ашуланбай,  күйгелек-
тенбей,  сабырлықпен  сөйлеп,  шұбалыңқы  сөздер  мен  керексіз  терминдерді  қолданбай, 
əрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек деген толғанарлық ой ұшқырлы-
ғы жатыр емес пе? Сөйтіп Алтынсариннің тəрбиеші ұстаздардың жеке басы туралы айтқан 
пікірлерінің негізгі арқауы-педагогикалық іс-өте нəзік, қасиетті іс.Ол өте сезімталдықты, ба-
лаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті бала жанын бірден танытып қырағылықты қажет етеді. 
Шəкірттерді  сүйе  білген  оқытушы  ғана  қатаң  талапты  əрі  өнегелі  беделді  тəрбиеші  бола 
алады. 
Ұлы ағартушы, қаһарман-қайраткер Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларынсыз 
-  қазақ  этнопедагогикасының  қалыптасу  кезеңдерін  елестету  мүмкін  емес.  Ыбырай  тағы-
лымы  жөнінде  профессор  С.Қалиев  өз  еңбегінде  былай  деп  жазды: “..Ы.Алтынсариннің 
педагогикалық көзқарасынан да бүкілəлемдік тəлім-тəрбиенің алтын діңгегі гуманистік көз-
қарас, яғни шəкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық 
принциптерінің  көрініс  тапқанын  байқаймыз.  Ы.Алтынсариннің  демократиялық-ағартушы-
лық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.  
Біріншіден,  бүкіл  өмір  жолын  мектеп  ашуға,  қазақ  балаларын  оқуға  тартуға, 
дүние  ғылымдарын  үйретуге  жəне  соған  оқу  құралдарын  жазып  шығаруға  арнаса, 
екіншіден,  өнегелі  ұстаз-тəлімгер  даярлауға,  оларға  күнделікті  ғылыми-əдістемелік 
басшылық жасауға көңіл бөлді. 
Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде бол-
ған саяси-əлеуметтік мəселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шы-
ғармаларында  шəкірттерді  адал,  шыншыл,  еңбек  сүйгіш,  өнегелі,  өнерлі  азамат  болуға, 
зиянды іс-əрекеттен, ұрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман əдет, жат мінез-
ден бойын аулақ ұстауға шақырды..” [108,172-173]. 
Жоғарыда айтып өткендей Ы.Алтынсариннің қазақ баласының болашағы үшін бой-
ындағы бар күш-жігерін арнағанын көреміз. Ы.Алтынсарин ағартушы-ғалым, педагог болу-
мен қатар тарихшы-этнограф ғалым ретінде танылды. Атап айтсақ, оның 1870 жылы “За-

120 
 
писки  Оренбургского  отдела  Императорского  русского  географического  общества”  атты 
журналдағы “Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомст-
ва” [124,13-25] деген  еңбегімен  таныса  келе,  Алтынсаринның  қазақ  халқының  тарихын, 
мəдениетін жəне салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын жете білетін адам екенін байқай-
мыз.  Ы.Алтынсариннің  өзінің  өмірі  мен  қызметі  кезіндегі  орыс-қазақ  мектептерін  ашу  жұ-
мыстарында, қазақ алфавитін орыс əріптері мен алфавитті нұсқасында жасау кезінде жə-
не  басқа  да  қоғамдық  қатынастардағы  творчестволық  істермен  айналысуда  өз  ұлтының 
тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу-тəрбие 
жұмыстарында  іске  асыру  идеяларын  алдына  мақсат  етіп  қойғанын  оның  еңбектерінен, 
практикалық істерінен көреміз. Ыбырайдың өз ортасындағы үлкен қарама-қайшылықтағы 
шиеленістерге төтеп бере отырып, өз идеясын ғылыми тұрғыда батыл ұсына білген жəне 
нəтиже  шығарған  жеңістері – қазіргі  жас  ғалым-педагогтарға теңдесі  жоқ зор  педагогика-
лық үлгі бола бермек. 
Ыбырайдың  орыс-қазақ  мектептеріне  арнап  қазақтың  ұлттық  бай  мұраларын  орыс 
тіліне  аудару  арқылы  қазақтың  халық  педагогикасын  басқа  ұлт  өкілдеріне  білдірудегі  іс-
əрекетінің нəтижесі деп қарауға тура келеді. 
Оқулық  жасау  жолында  оқулыққа  Ыбырай  мектепте  қазақ  балаларына  білім  мен 
тəрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза жəне ұқыптылық-
пен  үйретеді,  шағын  көркем  шығармалар  арқылы  оларды  жақсы  мінез-құлыққа  баулуды 
көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қы-
зықтыратын  кітаптарды...  қазақтың  өз  тілінде...  басып  шығару  керек  деп  білді.  Өзі 1876 
жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда басты-
рып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының 
алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітап-
тың орыс-қазақ мектептерінде тəрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу 
жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын əңгіме-
новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс 
оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық əдебиетінің үлгілерін 
де іріктеп кіргізді. 
"Қазақ  хрестоматиясы"  арқылы  жеткен  Ыбырайдың  бүкіл  əдеби  мұрасы  оның  көр-
кем  шығарма  жазуды  ағартушылық  идеясына  бағындырғанын  айқын  көрсетеді.  Ол  əде-
биетті  бала  санасына  əсер  ететін,  оны  жақсы,  үлгілі  істерге  үйрететін  күшті  құрал  деп 
ұқты. 
Ұлы  ағартушының  оқушылардың  ой-өрісінің  дамуына  қабілеттеріне  жас  ерекшелік-
теріне сəйкес жазған алғашқы қазақ тіліндегі «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы тақырып-
тың  суреттеу  мен  баяндаудың  жəне  жанрлық  байлығымен  көзге  ерекше  түседі.  Ыбырай 
біріншіден қазақ халқының ауыз əдебиеті асыл үлгілерін балаларға арнап жазған дидакти-
калық нақыл əңгімелері мен мұралары игілікті істер алдында да атқарыла бермек. Өз ұр-
пағы халық ақыны Мариям Хакімжанова ұстаз атасына арнаған ойын былай түйіндейді:  
Жанын сала ұмтылды 
Болашақтың тауына 
Қиялдап қана қойған жоқ 
Май тамызып, от берді 
Ой-сананың жолына 
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан,Ыбырай,Абай көтерген ағартушылық қозға-
лыстың  туын  Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Міржақып 
Дулатовтар жалғастырды. 
Бұлардың  əрқайсысы  өз  зердесіне: «мектеп-қазақтарға  білім  берудің  басты  құра-
лы... біздің барлық үмітіміз,қазақ халқының келешегі,осы тек осы мектептерде» -деп кезін-
де Алтынсарин айтқан ұлағатты сөзді мықтап түйді.Қазақ халқының іргелі ел болуы үшін 
олар ұлттық тілі мен əдебиеті, мектебі мен баспасөздің аса қажет екеніне барша жұрттың 
назарын аударды, ұлттық мектеп болу үшін онда сол халықтың қаны мен жаны рухы болу 
тиіс еді. Расында да қазіргі зиялыларымыз да қайта-қайта айтып жатқандай, ұлт мектепте-
рінің  қай-қайсында  (қазақ,  орыс,  ұйғыр  т.б.)  болса  да  ана  тілімен  атар  сол  халықтың  ру-
хы,оның өсіп-өну тарихы, географиясы мен экологиясы, əдет-ғұрпы, тұрмыс салты, елдік 
дəстүрі  жайында  жүйелі  түрде  білім  берілмейтін  болса,  онда  ол  ұлттық  мектеп  бола  ал-
майтыны хақ. «Қазақтың тағдыры, – деп жазды Мағжан Жұмабаев, – келешекте ел болуы 
да  мектебінің  қандай  негізде  құрылуына  барып  тіреледі..  мектебімізді  таза,  берік  һəм  өз 
жанымызға (қазақ жанына) қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тай-
ынбай-ақ серттесуге болады» деп жазды. Педогогика ғылымы философиялық білімді бас-
шылыққа алып, тəрбиенің теориялық жəне практикалық мəселелерін шешуге үлесін қосты. 

121 
 
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша əліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, 
қазақ  тіл  білімінің  негізгі  терминдерін  жұртымыздың  образды  ойлау  мүмкіндігімен  сабақ-
тастырып  өз  топырағымыздан  тауып,  оларға  тұңғыш  анықтама  бергені,  дыбыс  жүйесін 
«фонетика», қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі екенін көруі-
мізге болады. 
«Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қа-
зақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол ... Əр тілдің айдауында жүрген 
қазақ балаларына  қазақ  тілімен  кітап  жазған,  қазақ  тілінің  негізін жасап,  қазақ мектебінің 
іргесін қалаған алғашқы адамдардың бірі – Ахмет. Ахметтің бұл тарихы еңбегі бағаланбай 
қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды», – деп жазды Сəбит Мұқанов. Ғаббас Тоғ-
жанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ 
еңбекшілеріде қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді». 
Ахмет Байтұрсыновтың жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық жəне ғылым-
ды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, 
бар білімнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды. 
Ы.Алтынсарин халықтың творчестволық күшіне, жарқын болашағына мол сенім арт-
ты. Ол əсіресе жастарды оқытып тəрбиелеу мəселесіне көңіл бөлді, оларды біздің нағыз 
келешегіміз,бар  үмітіміз  деп  жастарды  «Желкілдеп  шыққан  көк  шөпке»  теңестіріп, «біз 
болмасақ  сіз  барсыз,  үміт  еткен  достарым,  Сіздерге  бердім  батамды», – деп  жасөспірім 
қазақ жастарының келешегінен зор үміт күтті. Сол үшін де халқымыз сол кездің өзінде-ақ 
өзінің ардагер аяулы ұлын: «ол біз үшін тек Ломоносов қана емес,сонымен бірге қазақтың 
ағарту саласындағы апастолы»деп жеріне жеткізе бағалаған еді. Қазір де тек қазақ қауы-
мы ғана емес сондай-ақ бүкіл еліміз болып оны ұстаздардың ұстазы деп əркез қастерлеп, 
қадір тұтады. 
Ыбырай Алтынсарин бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағы-
нан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мəн бермейтін ескі 
көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, 
білімге  адамның  қолы  жету  үшін,  ерінбей  оқу,  қажымай  еңбек  ету  керектігін  түсіндіреді, 
уағыздады. Білім мен тəрбие-егіз ұғым. Сол себепті мектептерде білім берумен қатар тəр-
бие мəселесіне жете көңіл бөлінді. Мысалы: «Жаздың бір əдемі күнінде бір кісі өзінің ба-
ласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. Мына ағаш неліктен тіп-тік, 
ана  біреуі  неліктен  кисық  біткен? – деп  сұрады  баласы.  Ата-анаңның  тілін  алсаң,  ана 
ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, 
бағусыз өсерсің.  Мынау ағаш – бағусыз  өз  қалпымен  ескен", – деді  атасы. "Олай  болса, 
бағу-қағуда  көп  мағына  бар  екен  ғой", – деді  баласы. "Бағу-қағуда  көп  мағына  барында 
шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да кү-
тім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, 
орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді. 
Ыбырай "Бақша ағаштары" атты əңгімесінде «Бағу-қағуда көп мағына бар» деп атап 
көрсетті. Яғни тəрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп 
талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық 
мақалы да өмір тəжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақ-
сы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден 
керегіңді ал. 
"Талаптың пайдасы" деген əңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. 
I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет са-
лып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді 
салып  жатырмын!" – дейді.  Петр  суретті  көрсе,  мəз  еш  нəрсесі  жоқ  екен.  Бірақ  ақылды 
Петр  патша  ол  баланың  суретке  талабы  бар  екенің  аңғарып,  сурет  салатын  оқуға  бергі-
зеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. 
Жазушының бұл арадағы көздегені – жас баланың талабын, сол талаптың арқасын-
да неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дəлелдеу. 
Ұлы  ұстаздың  қандай  шығармасын  алса  да  оқушысының санасын  оятып,  жас өспі-
рімдерге үлгі өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-əрекетке үйретіп, өмір 
танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, отанын елін сүю талаптылық, жігерлілік, ізденім-
паздық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тірізді жақсы мінез құлыққа тəрбие-
леуге қажетті мəселелерді қамтиды. Абай атамыз айтқандай:  
“Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”. 
Қазақ ағартушы педагогтардың оқу-тəрбие туралы ойлары, рухани мұралары бола-
шаққа ұлағатты сөз қалдырады. 
 

122 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  С.  Қалиев,  К.  Аюбаев.  Алтынсариннің  таңдамалы  педагогикалық  мұралары. “Рауан” 
баспасы, 1991 ж., 196 бет. 
2.  Серікбай  Оспанұлы  Алтынсариннің  айналасындағы  адамдар.  Қостанай  “Шапақ”баспасы, 
2006 ж., 294 бет 
Дерек көздері: 
3.  Есекешова  М.  Қазақ  ағартушылары  тəрбие  туралы.Қазақстан  мектебі  журналы  №11. 
2008.75 бет. 
4.  Саурықова Ж. Қазақтың тұңғыш ағартушысы. Қазақстан мектебі журналы №10.2003. 14-18 
бет. 
 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – БАЛАЛАР ƏДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ 
 
Сабыкова Г.Қ. 
М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі 
 
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заман-
ның  өркениетті,  мəдениетті  елдерінің  қатарына  қосу  жолына  арнаған  көрнекті  тұлға.  Ол 
өзінің  ағартушылық,  педагогтік,  ақын-жазушылық  тарихи  қызметі  мен  зор  талантын,  жан-
жақты  терең  білімі  мен  қайрат-жігерін  елдің  "желкілдеп  өскен  көк  шөптей"  жас  ұрпағын 
оқытып, тəрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің 
озық ғылымымен қаруландыруға, кəсіп түрлеріне үйретуге арнаған. 
Ыбырай  бұл  жолда  сан  алуан  кедергілер  мен  қиындықтарды  жеңе  отырып,  үлкен 
жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды. 
Өмірбаянына  тоқтала  кетсек,  Ыбырай 1841 жылы  қазан  айының 20-сында  қазіргі 
Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында əкесі Алтынса-
ры қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тəрбиеленеді. 
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билік-
ті қолында ұстаған би, Орынбор əкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. 
Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп 
біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қа-
зақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, əрине, немересінің ба-
ла оқытып, педагог болуы емес, əкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқы-
ған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы.  
Əлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласы-
ның  бірі – тоғыз  жасар  Ыбырай  болады.  Ыбырай  мектепте  сабақты  ынта  қойып  оқиды, 
1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін 
өзінің  туған  елінде  тілмаштық  қызмет  атқарады.  Қалада  оқып,  қазақ  даласына  беймəлім 
жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде 
болуы – қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуі-
не мүмкіндік береді. 
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі – Орынбор-
дағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Гри-
горьевпен  жақын  танысады.  Ол  Ыбырайға  қамқорлықпен  қарап,  оған  өзінің  бай  кітап-
ханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс 
жазушыларының  шығармаларын,  орыс  жəне  дүние  жүзі  ағартушы-педагогтерінің  еңбек-
терін,  ұлы  адамдардың  өмірі  жайындағы  кітаптарды  алып,  бас  алмай  оқыған.  Мерзімдік 
басылымдарды оқып тұрған. 
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш бо-
луды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның 
ынтасы  ағартушылыққа  ауады. 1860 жылы  Жайықтың  шығысындағы  қазақтар  үшін  төрт 
бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға 
рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай 
ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. 
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күт-
кен ісі орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бəрі де жақсы, есті бала-
лар. 
«Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», – деп жазады, 
ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мек-
тептегі сабақ пен тəрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты 
қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пəн негіздерінен білім бе-
руге  тырысады.  Тəрбие  жұмысын  адамгершілігі  мол,  жаңа  ұрпақ  тəрбиелеп  шығаруға 
бейімдейді. 

123 
 
Ыбырай мəдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл 
оны  жігерлендіре  түседі. «Қазақтар  мені  құшағын  жая  қарсы  алды.  Мектепке  балаларын 
беруге ынталы адамдар толып жатыр», – деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Иль-
минскийге жазған əлгі хатында тағы да былай дейді: «Қазақ даласын үш жылдай аралаған 
Сіздің  қазақ  халқы  ұғымтал,  ақылды,  дарынды,  бірақ  оқымаған  халық  дейтініңізге  мен 
сенемін.  Қазақ  халқы  қарапайым,  өнері  жоқ  халық,  бірақ  біз  қарапайымдылықтың  өзінен 
де көп жақсылық табамыз». Туған халқы туралы мұндай ой, Ыбырайдың демократтық көз-
қарасына негіз болды жəне оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге 
Ыбырай  ел  ішіндегі  əлеуметтік  теңсіздік,  əділетсіздікті  де  көре  білді.  Əкімдердің  зорлық-
шыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады. 
Қоғамдық əділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, 
ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жі-
герін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық 
жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жа-
сауды ойлайды. 
1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайында-
лады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгі-
дегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысы-
ның төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Тор-
ғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін 
тұңғыш оқу орны болды. 
Ыбырай  қазақ  қыздарын  оқыту  ісіне  ерекше  көңіл  бөледі.  Бұған  ескішіл  əдет-салт-
тарға  қарсы  күрестің  бір  жолы  есебінде  қарайды. 1887 жылы  Ырғызда  қыздар  мектебін 
ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. 
Қазақ  даласында  мектептер  санының  артуына  байланысты  Ыбырай  мұғалімдер 
даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер 
мектебі ашылды. 
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тəлім-
тəрбие, оқу жұмысына айрықша мəн берді. Оқу-тəрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. 
Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең ке-
ректісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкі-
мет бұйрықтары да, əбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең 
келе алмайды". 
Ыбырай  туған  халқын  ерекше  сүйді,  оның  болашағына  зор  сеніммен  қарады.  Сон-
дықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының əске-
ри  губернаторына  жолдаған  баяндамасында  ол: «Қазақтарға – осы  дарынды,  ақыл-есі 
мол халыққа – кешікпей рухани жəне қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру – 
қалай дегенмен де аса қажет болып отыр», – деп жазды. 
Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, пара-
қорлық  пен  өсек-аяң  оның  жанын  күйзелтті. «Заман  осылай  болған  соң,  амалын  тауып, 
мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздық-
қа қарсы күресе беру керек» деп санады. 
Мəдениетті де, талантты педагог-жазушы əрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық 
қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. 
Оқулық  жасау  жолында.  Оқулықты  Ыбырай  мектепте  қазақ  балаларына  білім  мен 
тəрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза жəне ұқыптылық-
пен  үйретеді,  шағын  көркем  шығармалар  арқылы  оларды  жақсы  мінез-құлыққа  баулуды 
көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қы-
зықтыратын  кітаптарды,  қазақтың  өз  тілінде  басып  шығару  керек, – деп  білді.  Өзі 1876 
жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда басты-
рып шығарды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет