Республиканское государственное казенное предприятие


ƏДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ƏДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ  
МҰҒАЛІМІНІҢ КƏСІПТІ – БІЛІКТІЛІК ӨСУІ 
 
Əбжанова Г.Қ. 
«Қостанай қаласы əкімдігінің білім бөлімінің № 2 орта мектебі»ММ 
 
Ұстаз, шəкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын атаулар. Мектептің рухани 
өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім- мектептің негізін қалаушы жоғарғы рух иесі. «Бүгінгі 
таңда мұғалім қандай болу керек, оның кəсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» де-


 
ген  сұрақтарға  «Мұғалім,  ең  алдымен,  бала  жанының  тамыршысы  болуы  тиіс»  деген 
жауап айтсақ артық болмас. 
Қазіргі білім беру жағдайында ең өзекті болып, мұғалімнің біліктілігі туралы сұрағы 
қалыптасады. Мұғалімге қоғамның əлеуметтік мəдени ортасының 10 жыл бұрынғы ұыныл-
ған  талабынан,  қазіргі  талабы  жоғары.  Қазақстан  Республикасында  педагогикалық  қыз-
меткерлеріне аттестациялаудың жаңа ережесі мемлкетпен ұсынылатын жоғары талаптар-
ды бекітеді. Жаңа ережеге сəйкес қазіргі мектептің жоғары біліктілік мұғалімі бұл: 
- Педагогикалық зерттеу жүргізетін маман; 
- Сабақты білікті жобалай алатын, білім берудің жоғарғы нəтижесіне жететін маман; 
- Əр  оқушының  жеке  бастылығын,  сынып  ұжымын  қалыптастыру  үдерісін  педагоги-
калық мақсатқа лайықты басқаруды қамтамасыз ететін басқарушы; 
Құзыреттілік  білім  беру  сыныпта  оқу-тəрбиешілік  үдерісін  ұйымдастыруға  жаңа  тə-
сілді  талап  етеді. 12-жылдық  білім  беруге  көшу  сабақ  беру  əдісімен  технологияны  қайта 
қарастыруды қажет етеді. Бұл өз кезегінде əдістемелік жұмысына ықпал етеді, бəрінен бұ-
рын, пəндік əдістемелік бірлестік шегінде мұғалімнің кəсіптілік-біліктілігінің қолдау бойын-
ша  ішкі  əдістемелік  бірлестігінің  жұмысын  құруда  ықпалын  тигізеді.  Қазақ  тілі  мен  қазақ 
əдебиетінің əдістемелік бірлестігінің құрамына 16 мұғалім кіреді. Олардың ішінде: жоғарғы 
жəне I санатты мұғалімдер-6; II санатты – 6; санасыз-2. 
Сондықтан əдістемелік бірлестігінің барлық жұмысы қазақ тілі мен қазақ əдебиетінің 
мұғалімдерінің кəсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Əдістемелік бірлестік жетекші-
лерінің  күшімен  мұғалімдердің  шығармашылық  жəне  кəсіби  өсуі  үшін  жағдайлар  құрыла-
ды.  Ішкі  əдістемелік  бірлестігінде  озық  педагогикалық  тəжірибе  жүйеленеді.  Бұл  бəрінен 
бұрын озық педагогикалық технологияны енгізу мен үйренуге қатысты. 
Мұғалімдердің тəжірибелік жұмысында əдістемелік бірлестік профессор А.Жүнісбе-
ковтың  əдістемесін  нəтижелі  қолдануда.  Компьютерлік  технологияны,  ақпараттық-комму-
никативтік  технологияларды  əдістемелік  бірлестік  мұғалімдері  өз  сабақтарында  жүйелі 
түрде  қолданады.  Қазақ  тілі  кабинетінде  толық  мультимедиялық  жабдықтау  кешені  бар. 
Оқушыларды  интеративті  қашықтықта  оқыту  үшін  тілдік  лабораториялық  жағдайлар  жа-
салған.  Əдістемелік  бірлестік  мұғалімдері  сабаққа  қажетті  дидактикалық  ілеспелі  мате-
риалдарды қолданады. 
Мектептік əдістемелік бірлестік базасында қазақ тілі мен қазақ əдебиеті мұғалімдері-
мен 9-шы сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға даярлау бойынша кеңес бе-
ру  орталығы  ұйымдастырылған.  Осы  орталықтың  жұмыс  жоспарына  сəйкес  дөңгелек 
үстелдің  кеңес  беру  сабағының  отырыстары  өткізілді.  Дөңгелек  үстел  «Мемлекеттік  ара-
лық бақылауға дайындау жұмысының тиімді жолдары» атты тақырыпта. Қазақ тілі мен қа-
зақ əдебиеті мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізіліп, мұғалімдер өз тəжірибелерімен 
бөлісті.  Қалалық  семинар  тақырыбы: «Мемлекеттік  аралық  бақылау-білім  сапасын  бақы-
лау  түрлерінің  бірі»  деген  атаумен  өткізілді.Орталық  базасында  қала  мұғалімдерімен  ай 
сайын кеңес беру жұмысы жүзеге асады. 
2010-2011  оқу  жылы  бойынша  қазақ  тілі  əдістемелік  бірлестігінің  мемлекеттік  ара-
лық бақылауға дайындау барысындағы іс-шаралардың жоспары 
№ 
Іс-шаралар 
Уақыты 

2010-2011 оқу жылы бойынша мемлекеттік аралық бақылауға 
дайындау жұмысының жүйесін жоспарлау
Қыркүйек-қазан 

Қазақ тілі пəнінен қосымша сабақ кестесін құру
Қазан 

Қазақ тілі пəнінен дайындық тесттерін жүргізу
Жыл бойы 

Əр дайындық тесті өткеннен кейін, білім сапасының қорытын-
ды мониторингін жасау 
Қараша-сəуір 

Қиындық  туғызған  сұрақтар  бойынша  талдау  жұмыстарын 
жүргізу 
Үнемі 

Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық жүргізу жөнінде бұ-
рыш жасау 
Жыл бойы 

Тест тапсыру барысында оқушылардың қобылжымауы мақса-
тында мектеп психологімен бірлесіп, психологиялық тренинге-
тер ұйымдастыру 
Қазан-сəуір 

Сынып  жетекшілерінің  мұғалімдерімен  бірлесе  отырып,  ата-
аналармен байланыстарын нығайтуға ұсыныстар жасау
Үнемі 

Мемлекеттік аралық бақылауға дайындау барысында мұғалім-
дердің өзара сабақтарға қатысып, оқушыларды дайындаудың 
тиімді жолдарын анықтау 
Қазан-сəуір 
10  Оқушыларға  оқу  барысында  түрлі  жаттықтыру  тест  жинақта-
рын,  техникалық  құралдарды  өз  беттерімен  қолдануға  ұсы-
ныстар жасау
үнемі 

10 
 
Осы оқу жылында мемлекеттік аттестациялау шегінде тесттілеуге оқушыларды дай-
ындауда тиімді əдістері бойынша семинар өткізу жоспарлануда. 
Əдістемелік бірлестік мұғалімдерге Халықаралық деңгейде біліктілігін көтеруге мүм-
кіншілік береді. Мұғалімдер екінші жыл «21 ғасырдың инновациялық мектебі» атты жоба-
сына Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-мен ұйымдастырылған жəне облыстық БКИ жəне Ха-
лықаралық  институтымен  «Барлық  үшін  білім  беру » жобасына  қатысады. (Торонто,  Ка-
нада). Осы жобаға қатысу мұғалімдерге тек қана құзыреттілік тəсілді меңгеріп қана қоймай 
жəне  оны  оқу  үдерісінде енгізуге мүмкіншілік  береді.  Практикалық  семинарда  педагогтар 
өздерінің біліктілігін оқушылардың оқу құзыреттілігін қалыптастыру көзқарасынан сабақта 
көрсете білді. Мұғалімдер өзінің кəсіби біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмысы тұрақ-
ты білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Осы барлық нəтижелерге қарамастан əдістемелік 
бірлестігінің мұғалімдері үшін ең өзекті болып қалатын мəселелер: 
- аттестацияланатын мұғалімдерді қолдау; 
- əдістемелік тақырыбына мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру: 
- кəсіби сайыстарда педагогтардың белсенді қатысуын ынталандыру; 
Жаңа  оқу  жылына  əдістемелік  бірлестіктің  жұмыс  жоспарында  келесідегідей  өзекті 
сұрақтар анықталады: 
1.  Мемлекеттік аралық бақылау мен Ұлттық бірыңғай тесттілеуге оқушылардың дай-
ындау сапасын арттыру. 
2.  Қазақ тілі жəне қазақ əдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық талабын 
дамыту. 
3.  Оқу үдерісінде тиімді білім беру технологиясын қолдану. 
4.  Əдістемелік тақырыбына мұғалімдерді ілестіру. 
Осы құрылған əдістемелік бірлестік жұмысының жүйесі мұғалімдердің кəсіби арала-
су орны болып қана қоймай, олардың кəсіби жəне жеке басты артуының орны болып та-
былады. 
Барлық мұғалімдер кəсіби портфолио жүргізеді жəне олардың педагогикалық зерт-
теу үшін əдістемелік тақырыптары бар. 
 
 
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАРЫСЫНДА  
Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Ахмадиева Н.М. 
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі 
 
Бүгінгі таңда тəуелсіз мемлекетіміздің білім саласындағы басты мақсаты – білімнің 
жаңа ұлттық үлгісін енгізу жəне оны қалыптастыруға толық негіз қалау. Тарихтың даму бе-
лестерінде əрбір халық, саяси-əлеуметтік, мəдени жəне идеологиялық жағдайына сай ру-
хани-дəстүрлік,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырып,  оны  ұрпақтар  игілігіне  қалды-
рып отырады. 
Жаңа ғасыр-ерекше кезең. Бұл кезеңге ғасырлар бойы жинақталған іс-тəжірибелері-
мізге,  бай  мұраларымызға  талдау  жасалынып,  жіктеліп,  ойларымыз  қорытылып,  нəтиже-
сінде белгілі бір жүйеге келу-өмір талабы. 
Ұлттық педагогикамыздың ірге тасын қалаушы Ы.Алтынсариннің ағартушылық идея-
лары,  ізгі  ойлары,  талғамы  бүгінгі  күні  білім  ошақтарында  жалғасын  тауып  отыр.  Қазіргі 
жастар тəрбиесінде, сонымен қатар жас жеткіншектерді тəрбиелеуде мектептің рөлі жəне 
сол  білім  ұясындағы  біздер,  ұстаздардың,  еңбектерінде  жиі  кездесетін,  сол  идеяларға 
сүйене отырып еңбек жолымызды шыңдаймыз.  
Еліміздің  үлкен  бір  проблемасы  жастар  проблемасы  болып  саналады.  Ендеше  бү-
гінгі алға қойған мақсат Ы.Алтынсариннің еңбек, тəртіп, тəрбие идеяларына тоқталып, қа-
зіргі  заман  талабымен  ұштастыру.  Ыбырай  атамыздың  ізгі  ойлары  мен  педагогикалық 
идеяларында оның ішінде оқушы жастарды имандылыққа тəрбиелеу тəсілдері мен жолда-
рына айрықша көңіл бөлінеді. Данышпан əр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарай-
ды. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бə-
рі табылса біртұтас мінез қалыптастырады. Бұлар мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің 
оқушыларға дұрыс жүйелі, табанды түсіндірумен, балаларға дұрыс талап қоя білулерімен 
жүзеге  асырылады  жəне  ұзақ  уақытты  қажет  етеді  дейді.  Ы.Алтынсарин  шығармашы-
лығының  басты  мəселесі – балаларды  ұқыптылыққа,  мейірімділікке,  əдептілікке  үйрету. 
Осы  идеяның  бəрі  де  баланы  оқыту,  үйрету,  тəрбиелеу  процесі  арқылы  іске  асатынын 
Ыбырай дұрыс түсінген, дұрыс шешкен...  

11 
 
Біздің  мектебіміздің  тəрбие  жүйесі  халқымыздың  салт-дəстүрін,  мəдениетін  өзіндік 
үлгі өнегесін жеткіншек ұрпақ бойына сіңіру, оқушылардың таным қабілетін этнопедагогика 
негізінде тəрбиелей отырып, ұлттық сананы қалыптастыру, оқушыға қажетті жағдай жасау, 
өз бетімен дамуына жетекшілік етеді. Оқушылар арасында жасына қарай «Жас көмекші», 
«Жас ұлан», «Мұрагер» топтары құрылған. Топтардың мақсаты - əр балаға үлкенді  сый-
лау, көмек беру сияқты халқымыздың бойына біткен қасиеттерді ұғындыру. Ауыл тұрғын-
дарымен бірлесе Наурыз мейрамында ұлттық ойындар түрін көрсету, аналар мен қыздар 
арасындағы сайысты өткізе отырып, қыз балаларды инабаттылыққа тəрбиелеу, бата түр-
лерінің  мағынасын  ұғындыру,  қонақжайлығымызды  насихаттау.  Мектеп  ұжымы  Ыбырай 
Алтынсарин атындағы мектептер қатарында «Ыбырайдың аңсаған арманы» атты шеруге 
қатысып облыстық жүлде иегері болды. Осы шеру барысында үлкен бағдарлама бойынша 
мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі «Ыбырай- саған арнала-
ды»  айдарлы  комунарлық  жиын, «Дала  қоңырауы»  атты  театрланған  көрініс, «Ыбырай 
Алтынсариннің гуманистік идеялары» атты мектепішілік конференция.  
Парасатты  педагог  «мектеп-əр  шəкірттің  қабілетін  дамытып,  қамқоршы-жасампаз 
тұлға  тəрбиелеу  міндетін  атқаруы  тиіс»  екенін  өзі-ақ  түсінеді. Ыбырай  Алтынсарин  мұға-
лімнің  бойында  адамгершілік  мінезді,  əдептілік,  имандылықты  қалыптастырып,  ымыра-
шылдыққа, мейірімсіздікке жол бермеу керектігін барлық еңбектерімен тиянақтап кетті.  
Оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, 
Руссо,  Каменский,  Толстой,  т.б.  гуманистік  идеяларын  басшылыққа  алады.  Ыбырай 
Алтынсариннің  көзқарастарынан  бүкілəлемдік  тəлім-тəрбиенің  алатын  діңгегі  гуманистік 
көзқарас, яғни шəкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтас-
тық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің 
меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда 
оқытушы оларды кінəлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінəлау тиіс. Ол бала-
лармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, əрбір нəрсені 
де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай 
сөздер  оқушыларға  түсініксіз  болады  да,  жалықтырып  жібереді...»  Ы.Алтынсарин  демо-
кратиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан 
көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, 
дүние ғылымдарын үйретуге жəне соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екінші-
ден,  өнегелі  ұстаз  тəлімгер  даярлауға,  оларға  күнделікті  ғылыми-əдістемелік  басшылық 
жасауға  көңіл  бөлді.  Үшіншіден,  шығармаларында  қазақ  халқының  ХІХ  ғасырдағы  қоғам-
дық  өмірінде  болған  саяси  əлеуметтік  мəселелерді  жан-жақты  қамтып  жазуға  жұмсады. 
Ол кез келген шығармаларында шəкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат 
болуға,  жат  мінезден  бойын  аулақ  ұстауға  шақырды.  Ұлан-байтақ  қазақ  даласында  мек-
тептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын.  
Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымақтастық идеясын сол кездің өзінде-ақ қалыптас-
тырды. Ұстаз, шəкірт, ата-ана жəне халықтар арасындағы бағалы қасиеттерді мəртебелеу, 
сақтай  білу-оқу  орнының,  педагогикалық  ұжым  мүшелерінің  басты  міндеті  екендігін  жан-
жақты көрсетіп берді.  
Бала  тəрбиелеуде  Ыбырай  Алтынсарин  ананың  роліне  ерекше  көңіл  бөліп,  оның 
аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы 
тəрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені бала ананың бауыр еті, соғып тұр-
ған жүрегі деп бағалаған.  
«Бала, бала, бала деп,  
Түнде шошып оянған.  
Түн ұйқысын төрт бөліп,  
Түнде бесік таянған. 
...  
Қолын қатты тигізбей,  
Кірлі көйлек кигізбей,  
Иісін жұпар аңқытқан».  
Бала тəрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға 
осындай өлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ, қымбат та, қадірлі екенін сонда 
ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана 
еңбегін қадірлемеу, сыйламау болмас та еді.  
Ата-анасын сыйламайтын бала – ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қыз-
мет ете алмайды. Өзін əлпештеп өсірген адамға немқұрайлы қараудан, анаға опасыздық 
етуден ауыр қылмыс жоқ. Ал «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей мұ-
нан да күшті, мұнан да əсерлірек жазылған.  
«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,  
Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.  

12 
 
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,  
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең.  
Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,  
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» – 
 
деп ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді.  
Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен қалғысыздай етіп 
жадында сақтауды міндеттейді. Əдебиет адам тану құралы дейміз ғой. Ыбырай Алтынса-
рин ана құдіретін, ана бейнесін жас өспірімдерге əдебиет арқылы танытып отыр. Бұл жол-
дар  баланы  ананың  жан  дүниесіне  үңілтеді.  Мұнда  аналық  мейірімнен  туған  аналық  қа-
сиеттің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай 
білген бала, оның қадір-қасиетін түсінген бала басқаның да қадір-қасиетін өз ата-анасын-
дай құрметтей алатын боп өседі. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармала-
ры да тəрбие жұмысына бағытталған. 
Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық жəне рухани байлықтың бəрі де адам ең-
бегінің құдыреті арқылы жүзеге асады. «Еңбек-байлық атаулының негізі... Ол бүкіл адам-
зат  өмірінің  алғы  шарты.  Адамның  өзін  жасаған  еңбек»-деп  ғылыми  түрде  тұжырымдап 
көрсеткен.  Сол  адамзат  қоғамы  тарихымен  тығыз  бірлікте  жасап  келе  жатқан  жасампаз 
тəрбие  нысаны – еңбек  пен  кəсіпке  үйрету,  оның  еңбегін  үнемді  ету.  Алтынсарин  қазақ 
жастары арасынан экономика салаларына қажетті мамандар əзірлеу ісіне ерекше мəн бе-
ріп,  қолөнер,  ауыл  шаруашылығы  училищелерін  ашуға  көп  күш  жұмсады.  Торғайда 
қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отыр-
ған  ауыл  шаруашылығы  училищесіне  өзінің  иелігіндегі  жерін  беретіні  туралы  өсиет  қал-
дырды. Қазіргі кезде мектептерді дамыту бағыттарының бірі-бейіндеп оқыту. Осыған орай 
біздің  мектепте  жаратылыстану-математикалық  бағыты  бойынша 10-11 сыныптарда 
бейіндеп оқыту мақсатында «Физика жəне техника», «Химия жəне экология», «Химия жə-
не фармокология» тағы басқа қолданбалы курстары жүргізіліп отыр. Ал орта буын оқушы-
ларына кəсіп таңдауға көмек ретінде «Физика менің болашақ мамандығымда», «Мен жəне 
менің таңдар мамандығым» т.б. факультативті курстар жүргізіледі.  
Еліміздің білім беру жүйесі əлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстанда 
білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасып, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың 
білім,  дағдысын  қалыптастыру  емес,  тұлғаның  ақыл-ойы,  іс-əрекетін  дамытуды  көздеп 
отырғандықтан,  мектепте  жеке  тұлға тəрбиелеп, оның  ақыл-ой  еңбегін  арттырып,  ой  ұш-
қырлығын шыңдап, қоғамда ой-сана алуандылығын жетілдіру, қоғаммен байланыстыру, өз 
ортасымен байланыс жасау.  
«Мұғалім  мектептің  жүрегі”  деп  ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  айтып  кеткен-
дей,  заман  талабына  сай  білім  беруде,  жас  ұрпақ  тəрбиелеуде  ұстаздарға  үлкен  міндет 
қойылып отыр. Былтырғы 2009-2010 оқу жылынан бері Республика көлемінде жүріп жат-
қан «21 ғасырдың  инновациялық  мектебі»  атты  дүниежүзілік  жобаға  қатысып  отырмыз. 
Бұл жоба барысында білім сапасын қамтамасыз ету жолдарында басты мəселелердің бі-
рі: «Оқушыны оқуға қалай үйрету керек?» деген сауалға тоқталады. Демек, оқытуды ұйым-
дастырудың  сапасын  арттыру  мақсатын  жүзеге  асыруда  мұғалім  оқушыларға  өңделген 
оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетінше ойланта отырып, ізденді-
ретін  тапсырмалар  арқылы  бағыт  беруші  болып  саналады.  Оқушыны  ынталандыра  оты-
рып, пəнге деген қызығушылығын арттыратын əдіс-тəсілдерді тиімді қолдану – мұғалім та-
рапынан көп ізденуді қажет етеді. Қазақ əдебиет пəнінен Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» 
шығармасы бойынша Жаланова Гүлжан Байтұрғанқызы 11 сынып оқушыларымен сот тү-
рінде, дəстүрден тыс сабақ үлгісін көрсетті. Сабақ барысында оқушылардың шығармашы-
лығын, дарындылығын, ойлау қабілетін жəне сөздік қорын, белсенділіктерін байқадық. Мұ-
ғалім – ұйымдастырушы,  жоспаршы,  режиссер жəне бірге қатысушы болды. Математика 
пəнінің  мұғалімі  Мұратбек  Рина  өз  сабағында  интерактивті  тақтаны  қолдана  отырып,  үр-
дісті оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырды. Баймолда Лати-
ра  тарих  сабағында ұжымдық  оқыту  əдісін  қолданып,  оқушылардың  жауапкершілігін арт-
тырды. Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін, ойын ашық жеткізе білуге үйретті. 
Сыныптағы  оқушылар  əркім  өз  мүмкіндіктері  шегінде  барынша  əрекет  етіп  жəне  өзі үшін 
пайдалы нəрсе алды. 
Білім беру жүйесін реформалау кезеңінде Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяла-
ры, əдістемесіндегі көтерілген мəселелер өзінің өміршеңдігін танытып отыр. Ұлы ұстаздың 
педагогикалық көзқарасындағы ұсынған балаға еркіндік беру, жүрек жылуын беру, мұғалім 
мен  оқушы  арасындағы  ынтымақтастық,  оқушы  бойынан  жақсы  қасиеттерді  табу  тəрізді 
ұстанымдар  білім  беруді  дамытудың  басты  мəселесіне  айналып  отыр.  Ыбырай  дəстүрі 
осылайша бүгінгі таңда жалғасын табуда.  
 
 
 

13 
 
Ы. АЛТЫНСАРИН ЖОЛЫМЕН... 
 
Баяхметова А.А., Молдахметова К.Б. 
«Қостанай қаласы əкімдігінің білім бөлімінің № 22 орта мектебі» ММ-сі 
 
Бұдан бір ғасыр бұрын халықтың, əрбір адамның жарқын болашағын өнер- біліммен 
тығыз  байланыста  қарастыған.  Ыбрай  Алтынсаринның  педагогикалық  мұрасында  білім 
мен ізгіліқтің негізін қалайтын ұстаз тұлғасы туралы өзінің өзектілігің жоғалтпайтын, қайта 
күн өткен сайын жарқырай түсетін идеялар мол жəне беррі көп. Туған еліне қалтқысыз бе-
рілген, оның болашағы үшін жаны ауырған біртуар азамат Ыбрай Алтынсарин бір өзі бір-
неше əлеуметтік топтар орындайтын ауқымды жұмыстарды өте қиын жағдайда іске асыр-
ды. Мектеп ашу үшін ақша табу, қолайлы үй-жай қарастыру,оларды қажетті құрал жабдық-
тармен қамтамасыз ету, ақыр аяғында балаларын оқуға жіберу үшін ата –анасын қөнндіру 
сияқты ұйымдастыру, шаруашылық мəселелерімен тікелей айналысты. 
Еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, халқына шексіз сүйіспеншілігі оған əр уақытта демеу 
болғандығының  арқасында  қажымай-  талмай  оқу  бағдармаламаларын  дайындады  жəне 
солардың  мағынасын бала  санасына  құюдың,жеткізудің  жолдарын  іздеді.  Бұл  ізденістері 
оқу-əдістемелік құралдарда, сынып жұмыстарын сараптауда, əртүрлі бағыттағы нұсқаула-
рында көрініс береді. 
Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин ақын, жазушы, ғылым, яғни оған шығармашы-
лықтың  бірнеше  түрі  тəн.  Оның  шығармашылығының  ең  бастапқы,  түбегейлі  ерекшелігі- 
педагогикалық, ғибраттық сипатында. 
«Тастан  сарай  салғызатын», «жылдам  хабар  алғызатын»,  адамды  құстай  ұшыра-
тын», «отынсыз тамақ пісіретін», сусыздан сусын ішкізетін» керемет күш білім деген Ыбы-
райдың ой тұжырымы бүгінгі заман үрдісімен үндес. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ға-
лым-педагог  мұндай  бейнелі,  поэтикалық  сөздердің  куатымен  туған  халқын  ұйқыдан  оя-
тып, білім алу жолынва бағыттасыа, ХХI ғасырдың бас кезінде де осы сарындағы ізденіс-
тер  аса  маңызды.  Өйткені,  жаһандану  мен  ұлттық  бірегейлену  заманында  қазіргі  елдер 
мен халықтың күш – қуаты тек өндіріс пен қарулануда ғана емес,өмір сүрудің сапасында 
инновациялық мəдениет, жұмылдырушылық,кірігіп кетуге икемділік, бейімделу қарқынын-
да көрінеді. 
Мұны  іске  асыратын  кəсіптік  дайындығы  жоғары,  білімді,  білікті  мамандар.  Өйткені 
қазіргі уақытта материалдық заттарды тікелей өндіру ығыстырылып, жаңа технологиялар-
дың  негізін  құрайтын  білімді,  ақпаратты,  əртүрлі  символдарды  өндіру  алдыңғы  қатарға 
шықты. Өндіру үрдісінің өзі үлкен өзгеріске ұшырады. 
Өндіру  циклының  əрбір  сатысы  жаңа  қондырғыларымен,  автоматтарымен  жабдық-
тандырылатын болғандықтан оны басқаратын, ұйымдастыратын, жан бітіретін маман ке-
рек. Əрине, мұның бəрі білімнің мəртебесін көтереді. 
Білім – өмір сүрудің жаңа мазмұнын,сапасын қамтамасыз ететін негізгі рухани – ма-
териалдық күш. Əрине, соңғы сөз тіркесінің маңызы аса зор, өйткені білім өзінің болмыс-
тық табиғаты жағынан рухани құбылыс, ал нəтижесі мен салдары тұрғысынан керемет ма-
териалдық феномен. Адам тікелей өз мүмкіндіктерімен іске асыра алмайтын көптеген ма-
ңызды техникалық, ұйымдастырушылық функциялар əртүрлі жетілдірілген, нəзəік қондыр-
ғылар мен тетітер арқылы орындалады. Ал оларды сондай дəрежеде адами əрекеттерді 
толықтыру қабілетіне жеткізіп отырған тылысым қасиет – білім болып табылады. 
Жаһандану мен ұлттық бірегейлену заманында білім алу жəне білім беру үрдісі – қо-
ғамдық прогрестің маңызды өлшемі. Бұл үрдістің негізгі субьектісі – ұстаз бен шəкірт. Осы 
маңызды  əрекет  иелеріні  өара  қарым – қатынасының  тереңдігінен,  жарастылығынан,  тұ-
рақтылығынан, даму қарқынынан білімнің барлық жасампаз қасиеттері мен белгілері туын-
дайды. Бұл білімді жасайтын, тудыратын екі субьектінің өзара сұхбаты. Осы сұхбат нəти-
жесінде тың адами дағдылар мен қызығу жүйелері қалыптасады.Бір қызығу жүйесі екінші 
бір жүйелерді тудырады,сөйтіп білім беру, алу үрдісі жалғаса береді. Өйткені білімі көбей-
ген сайын адам бір биіктіктен екінші бір биіктікке ұмтыла береді. 
Бар мəселе осындай іс – əрекетті бастау, оған бұлақтың көзін ашқандай жан бітіру. 
Жан бітірілген, көзі ашылған бұлақ дарияға айналатыны сияқты дамып, нығайып, жетіліп, 
адам баласын бұрын – соңды болмаған жаңа асуларға, биіктерге жетелейді. 
Ы.Алтынсарин – қазақ  халқының  тарихында  оның  бітім – болмысындағы  осындай 
кəусар бұлақтың көзін ашқан, негізін салған тарихи тұлға. Оның мектеп ашу, ұйымдастыру 
саласындағы жұмыстарының маңызы қазақ өркениеті үшін Я. Коменскийдің бүкіл педаго-
гика ғылымына қосқан үлесімен бара - бар. Я.Коменский тəрбие жұмысын бір жүйеге кел-
тірсе, Ы.Алтынсарин қазақ даласына оның идеяларын əкелді, əкеліп қана қойған жоқ, оны 

14 
 
іс жүзінде көрсетті.Ы.Алтынсарин үшін оқу ісін ұйымдастыруда кішігірім, ұсақ мəселе бол-
ған жоқ. Ол бəріне назар аударды жəне бар нəрсенің тізгінін өз қолында ұстады. 
Мұғалім А.Мозохиннің 1889 жылы 26 қыркүйекте жазған хатында Ы.Алтынсаринның 
жұмыс істеу əдеті туралы мынадай мəлімет келтірілген: «Бізден 700 шақырым жерде тұр-
са  да,  Алтынсарин  мектепке  кəдуілгідей  жылына  бір  рет  немесе  екі  рет  келетін,  келген 
сайын үш күннен артық болмайтын, сол күндері үнемі жұмыспен шұғылданатын: таңертең-
гі сағат 9-дан күндізгі 2-ге дейін кластарда отыратын, кешкісін сағат 6-дан 8-ге дейін кешкі 
сабаққа  да  келетін:  біздің  бос  уақытымыз  түнде ғана,  кешкі 8-ден  түнгі 12-ге  дейін,кейде 
одан кеш болатын. Бұл уақыттарда біз достарша көңілдегі шын сырымызды айтып, əңгіме-
лесумен  өткізетінбіз.  Шынында  да  достарша  сырласатынбыз:  Алтынсарин  мұғалімдер 
үшін  бастық  қана  емес,  əке  де,  ниеттес  қайырымды  дос  та  еді».  Бұл  мəліметтен  біз 
Ы.Алтынсаринның өз жұмысына соншалықты үлкен жауапкершілікпен қарағандығын көре-
міз. Сол үш күннің ішінде ол мұғалімнің сабақ беру барысындағы барлық жетістіктері мен 
кемшіліктерін жіті бақылап, шын қайырымдылық көңілімен талдап отырған. 
Мұғалім Ф.Соколов 1889 жылы 6 қаңтарда жазған хатында Ы. Алтынсарин тұлғасы-
ның  басқа  қырына  мəн  берген. «Менің  далада  болған  кездерімде  марқұмның  бүкіл  өмірі 
өзінің сүйікті қырғыз халқының оқу – ағарту ісіне арналды. Ол халықтың өмірін қарап бақы-
лап, терең түсінді. Ол орыс халқы рухында қырғыздарға білім беріп, сауатын ашу арқылы 
өз ұлтын ислам дініне мейлінше берілген, елге мазасыз молдалардың ықпалынан сақтап 
қалуға бар күш – жігерін жұмсауды алдына міндет етіп қойды» деп жазды ол. 
Ы.Алтынсаринның  дін  туралы  сол  кездегі  пікірін  біздің  кейбір  журналистеріміз  бен 
мешіт қызметкерлерінің қауымы жақсы білсе,онда қоғам өміріндегі руханилықтың барлық 
түрін дінмен байланыстырмаған болар еді. Ғалым - педагог мектепті дін ықпалынан бөліп 
алуға  тырысты,  ал  қазір  біздің  кейбір  азаматтар  діни  уағызды  мектепке  кіргізу  керек  деп 
байбалам салуда. Əрине оқу бағдарламасына дінтану пəнəін кіргізіп, балалрға жалпы дін-
нің мəнін түсіндіріп, əлемдік діндер дəстүрімен таныстыру қажет. Діни уағыз бен дін тура-
лы ғылыми білімнің арасында айырмашылық бар. 
Ы.Алтынсарин осы ақиқатты жақсы түсінген.  
Ғалым еңбектерінде ұстаз тұлғасы туралы құнды мəліметтер бар. Өйткені,оқу үрдісі-
нің нəтижелі болуы əр уақытта мұғалімге байланысты. 
Ұстаз ең алдымен, адамгершілігі зор, кішіпейіл, мейірбан, шыдамды, сабырлы тұлға. 
Əр балаға өзінің адами қасиеттерімен үлгі – өнеге болуы тиіс. 
Өзінің  қарамағында  істеген  Семен  Меркурьевич  пен  Иван  Григорьевичті  өте  қайы-
рымды, бағыты түзу, адамгершіліктері зор нағыз тəуір жігіттер деп  
Бағалай  отырып  «Семендегі  бір  кемшілік – өз  пəнін  оқушыларға  айқын  түсіндіруге 
білім  жетпейді:  дегенмен  қазір  айтарлықтай  жөнделіп  келеді.  Оның  алғашқы  кездегі  көр-
сеткен қызбалығы қазір жойылып келеді» деп жазды. Бұл жерде ғалым – ұстаздың қызба-
лыққа салынуға болмайтынын ескертумен қатар ұстаз білімінің терең болуы қажеттігін де 
еске  салады.  Яғни,  Ы.Алтынсарин  кəсіптік  дайындықтың  жоғары  болуын  талап  етті.  Сол 
уақыттың өзінде – ақ физика, химия пəндерін оқытатын мұғалімдердің белгілі бір жүйемен 
дайындалып, сбақ берудің əдістерін алдын ала белгілеп алғанын қалаған. 
«Орыс  тілін,  жаратылыстану  ғылымын,  географияны  жəне  тарихты  оқыту  жұмысы 
əрбір мектепте күндері белгіленген бір жүйемен, оқу құралымен жүргізілуі керек, өйткені, 
тəжірибеге қарағанда, оқыту, тəрбиелеу жұмысына дəйекті көқарасы бекіп болмаған кей-
бір жас оқытушылар оқу құралдарын беталды жəне халық мектептерінде өтілетін пəндер-
дің оқыту əдістері мен тəртіптерінің өзін де өзгерте береді, сөйтіп оқушыларды біресе бір 
түрлі əдіспен не бір оқуқұралы бойынша, біресе екінші түрлі əдіспен не екінші бір оқу құра-
лы бойынша оқуға зорлайды немесе дұрысын айтқанда, бастаған ешбір пəнін еш уақытта 
түгел тəртіппен өткізбейді» деп жазған Ы.Алтынсарин. Ғалым – педагогтің осы ескертпесі 
əлі де маңызын жоғалтқан жоқ. 
Синергетика, коэволюция ұстанымдарына негізделген қазіргі білім берудегі тың үр-
дістер  Ыбырай  Алтынсарин  нұсқауларыны  ғылыми  негізділігін  жан – жақты  ойластырып, 
адам танымының ерекшеліктерінен туындағанын айқын көрсетуде. 
Синергетикаға сүйенген білімнің ашықтығы туралы ұстаным оны жүйелігіне, логика-
лық  тұрақтылығына,  ұғымдар  мен  ғылыми  тұжырымдамалардың  бір – бірімен  етене 
байланысқандығына сүйенеді. 
Жалпы  оқыту  үрдісіндегі  жүйелілік,  жинақылық,  тиянақтылық  жəне  қатаң  қисынды-
лық білім берудің барлық деңгейіне тəн.Өйткені, пəннің бір ұғымынан ешбір байланыссыз 
екінші ұғымына өтіп кетуге болмайды. Мұндай жағдайда ғылыми ақпараттың мағынасы бұ-
зылады, ақыр аяғында бала санасына пəн рухы мен жаны жетпей қалады.Сөйтіп, санада 
ақтаңдақ пайда болады. Бір ақтаңдақ басқасын тудырады. Соның салдарынан білім сапа-
сы төмендейді. 

15 
 
Ы.Алтынсарин  оқытушының  тек  өзі  оқытатын  пəнді  жақсы  білуінің  аздық  ететінін 
ескерткен. Яғни ол ұстаздың жан – жақты білімді, интеллектуалдық өресі кең, жаңа нəрсе-
лерді қабылдауға икемді болғанын қалаған. Оқушыларға арналған оқу-əдістемелік құрал-
дардан басқа оқытушыларға олардың оқып – біліп, өнеге алуы міндетті кітаптардың атын 
атап  отырған.  Олардың  арасында  Бобровскийдің  «Педагогика»,  Коменскийдің  «Ұлы  ди-
дактикасы», Реклюдің «Жер, құрлық жəне мұхит» сияқты кітаптары бар. 
Əрине, Ыбырай заманынан бері психология, педагогика, жаратылыстану ғылымда-
ры дамып, ілгері кетті. Бірақ ол назар аударған Ян Коменскийдің «Ұлы дидактикасы» əлі 
де маңызды. 
Өкінішке  орай,  қазіргі  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  көбісі  бұл  кітапты  білмеуі 
мүмкін. 
Бала  мен  ұстаз  арасындағы  қарым – қатынас  жақсы  нəтиже  беруі  үшін  олардың 
арасында шынайы əріптестік қатынас орнауы тиіс. Яғни ұстаз бала табиғатын,оның психо-
логиялық ерекшеліктерін жан – жақты біліп, онымен тіл табысуға ұмтылуға міндетті. 
Ы.Алтынсарин қаламынан туындаған хрестоматияға үңілсек, ғалым балалардың на-
зарын аударған бірнеше маңызды этикалық ұстанымдарға тап боламыз. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет