|
|
бет | 117/184 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 1,16 Mb. | | #11524 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. ОқулықӨндірістік өзіндік құн – жалпы өндірілген өнімге жəне оның бір бірлігіне дайын болғанға дейінгі жұмсалынған барлық өндірістік шығындар жиынтығы.
Өндірілген өнімнің толық өзіндік құны – өндірістік жəне өндірістен тыс шығындарды бірге алғандағы, сол өнімді шығаруға жұмсалынған барлық шығын мөлшері.
Өнімдердің жалпы шығындары – барлық өнімдерді бірге алған- дағы жалпы өзіндік құны, яғни сол берілген кезеңдегі өндірілген жəне өткізуге, сатуға жұмсалынған барлық шығындардың мөлшері, көлемі.
Өнімнің бір данасына кеткен шығын – өндірілген өнімнің бір түріне жұмсалынған барлық шығын мөлшерін заттай өлшем бірлігінің санына бөлу.
Пайда – өндірілген өнімді белгілі бір баға бойынша сатудан түскен түсім (қаржы) мен тауарлы өнімнің толық өзіндік құнының арасындағы айырмашылық.
Сатылған тауарлы өнімдердің рентабельділігі – сатқаннан алынған пайда бөлінген өткізілген (сатылған) тауарлы өнімдердің толық өзіндік құнына.
Рентабельділік – жеке кəсіпорындардың немесе экономика салала- рының табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын көрсететін көрсет- кіш.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|