Макроэкономикалық көрсеткіштер. Мұнда халықтың ішкі өнімі, соның ішінде білім беруге, денсаулық сақтауға, əлеумет- тік қызметтерге арналған шығыстардың үлесі, үй-шаруашылық- тарының тұтынуға жұмсалған шығыстары, тұтыну бағасының индексі, атаулы ақшалай табыстар, əлеуметтік трансферттер қа- растырылады.
Демографиялық көрсеткіштер. Мұнда халықтың тұрақты тұратын саны, туғаннан күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халықтың тууы мен өлім-жітімінің жас коэффициенттері, бала өлім-жітімі, өлім-жітім себептері.
Халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, халықтың экономика- лық белсенділік деңгейі, экономикалық тұрғыдан енжар (белсен- ді емес) халық, жұмыспен қамтылған халық, жалдамалы қызмет- керлер, өздігінше жұмыс істейтіндер, жұмыссыз халық пен оның деңгейі.
Халықты əлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштері. Мұнда барлық зейнетақы алушылардың саны мен тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, соның ішінде жасы бо- йынша, толық көлемде, толық емес жұмыс өтілімімен, көп жылдық сіңірген еңбегіне, мүгедектігі, асыраушысынан айры- лу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы алушылардың саны мен тағайындалған мемлекеттік əлеуметтік айлық жəрдемақылар мен арнайы мем- лекеттік жəрдемақылардың орташа мөлшері, жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері, əлеуметтік қамтамасыз ету-
дің базалық деңгейі, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек, яғни баланың тууына байланысты бір жылға берілетін жəрдемақы.
Достарыңызбен бөлісу: |