Атаулыақшалайтабыстар – бұл халықтың ағымдағы уақытта тұтынуға, өндірістік қызметке жəне қор жинауға бағытталатын ақшалай қаражаты. Олардың шамасы – макродеңгейі негізінде есептеу əдісімен анықталады жəне халықтың жалдамалы жəне өз бетінше жұмыспен қамтылуынан түскен ақшалай табыстарын бағалау жəне əлеуметтік трансферттерді төлеуді бірге алғандағы ақша мөлшері.
Нақтыақшалайтабыстар – тұтыну бағаларының өзгеріс- тері есепке алынған ақшалай табыстар. Мұндай табыс еңбектің саны мен сапасына қарай төленетін жалақыдан жекелеп саты- латын бөлшек сауда бағасының дəрежесіне салынған салықтың мөлшерінен жəне мемлекет тарапынан халыққа көрсетілген тегін жəне жеңілдік жасалынған көмектерден құралады. Демек, халықтың тұрмыс деңгейін айқын сипаттайтын көрсеткіш.
Халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу кезінде негізгі бір күрделі мəселе ретінде саналатыны жан басына шаққандағы келетін та- быс мөлшерін көрсету болып табылады. Бұл көрсеткішті статис- тика органдары өңірлер, экономика салалары, меншікті нысан- дары жəне əлеуметтік топтары бойынша жеке қарастырады жəне оның өзгеруін салыстырмалы түрде есептеп көрсетеді. Осыған орай, төменде халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі əлеуметтік
экономикалық индикаторларының динамикасын 8.1-кестеде