Халықтың табысы мен шығысы жəне оның ақпараттық көздері
А. Халықтың табыстары
Экономикамыздың біртіндеп өсуінің, халықтың іскерлік белсенділігінің артуының жəне мемлекеттің əлеуметтік сала- да жүргізген реформаларының нəтижесінде, соңғы жылдары халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға əсерін тигізетін негізгі
басымдылығының бірі - халықтың ақшалай табыс деңгейінің ұдайы өсуі болып табылады.
Халықтыңтабысыдегеніміз– белгілі бір уақытта олардың өз игіліктері үшін істеген жұмыстары мен көрсетілген қызметтеріне алатын ақшалай еңбекақылары, əлеуметтік қамтамасыз етуден түсетін түсімдер (зейнетақы, жəрдемақы, шəкіртақы жəне басқа төлемдер), тауарды сатудан, пайыздардан, меншіктерден жəне тағы басқалай төлемдерден құралған ұлттық табыстың бір бөлігін айтады.
Статистикада халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу кезінде табыстың бірнеше түрлерінің көрсеткіштері қолданылады жəне соның ішінде негізгілеріне: