Статистика органының ресми жарияланған ақпарат беттерінде Ұлттық байлықтың құрамына: негізгі капиталдар, материалдық емес активтер, материалдық айналым қаражаты (қорлары) жəне ұзақ пайдаланатын тұтыну тауарлары, яғни халықтың үйлеріндегі жеке мүліктері сияқты элементтер жатқызылады.
Егер ұлттық байлық элементтерін баланстық құны бойынша экономика секторларына бөлінуін жеке қарастыратын болсақ, онда оның негізгі шамасы қаржылық емес сектор мен үй шаруа- шылығының үлесіне келеді.
Республикамыздың Ұлттық байлығының көлемі құндық көр- сеткішпен, яғни экономика секторларының, меншік капиталда- рының қосындысы ретінде сипатталады.
Ұлттық шоттар жүйесінде Ұлттық байлықты зерттеу кезінде
«экономикалық белсенді» атты жаңа термин қолданыла бастады. Бұл дегеніміз иегерлік құқылығы бар институционалдық бір- ліктердің өз меншіктерін пайдалану арқылы келешекте табыс табу деген ұғымды білдіреді, яғни өзінің «меншік капиталдарын» қорландыру. Осыған орай, 1993 жылдан бастап БҰҰ-да Ұлттық шоттар жүйесін есептеу əдістемелерінде түрлі түзетулер мен толықтырулар енгізілді жəне институционалдық бірліктер немесе экономика секторлары бойынша олардың көрсеткіштері белсенді (активті) – белсенді емес (пассивті) баланста көрсетіледі. Бұл ба- ланс сол зерттеуге алынған кезеңнің басына жəне аяғына жасалы- нады. Оның үлгісі төменде 6.2-кестетүрінде берілген: