Активті бөлігі. Бұған негізгі капиталдың тауар өндірумен қызмет көрсетуге тікелей қатысатын жəне еңбек заттарына əсе- рін тигізетіндер, яғни машиналар мен көліктер, жабдықтар мен құрал-саймандар жəне т.б. жатады.
Пассивті бөлігі. Бұған өндіріс активтерінің дұрыс жұмыс іс- теулері үшін жағдай жасайтындары, яғни ғимараттар мен құры- лыстар, үйлер жəне т.б. жатады.
Негізгі капиталдың активті жəне пассивті түрлеріне жат- қызылуы, ол экономика салалары мен секторларына бөлінуіне жəне олардың атқаратын істері мен кəсіптілігіне байланысты өзгереді. Мысалы, машина жасау өнеркəсібінде – машиналар мен құрал-жабдықтар активті бөлімге, ал мұнай мен газ өндіретін өнеркəсіпте – ғимараттар мен құрылыстар (құбырлар) активті бөлімге жатқызылады. Активті элементтердің үлес салмағының өсуі негізгі капиталдың жақсартылғандығын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |