жұмысқа қабылданғандар айналымы, ағымдағы кезеңде сол мекеме, кəсіпорынның бұйрығы бойынша ресми түрде жұмысқа алынған(тіркелген) жұмыскерлер жатады.
Жұмысқа қабылданғандар мен жұмыстан шыққандардың тізімдік құрамына сыртқы қоса қызмет атқарушылар, сондай- ақ азаматтық-құқықтық сипатты шарт бойынша жəне толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны кіргізілмейді. Бірақ, №1–Е жылдық нысанының 3-бөлімін- де жеке көрсетіледі. Демек, еңбекақы төлемдерін жүргізу үшін қолданылады.
Жұмыскерлердің қозғалыс қарқындылығын анықтау үшін қатысты көрсеткіштерді де пайдаланады, яғни жалпы айналым, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығу, тұрақтылық, тұрақсыздық жəне орнын басу (толықтыру) сияқты айналым коэфиценттерін пайыз есебімен жеке есептейді жəне ол төмендегідей: