«Персоналдар қозғалысы» деп жұмыскерлердің экономи- ка салаларына қосатын еңбектерін ауыстыруын, əрекет түрін жəне өндірістік міндеттерін өзгертуді айтады. Яғни, бір кəсіби мамандықтан екінші кəсіби мамандыққа ауысу немесе жаңа мамандықты игеру. Демек, нарықтық экономикаға байланыс- ты жұмыскерлердің кəсіби мамандықтарының өскендігін жə- не материалдық игілікті дамытуға үлкен əсерін тигізетіндігін байқауға болатындығы.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс күшінің қозғалысы туралы көр- сеткіштерді есептеу үшін мына мысалды келтіреміз:
Өнеркəсіп бірлестігі жыл ішінде 78 адамды жұмысқа қа- былдаса, 43 адамды жұмыстан шығарған. Соның ішінде 18 адам- өз тілегі бойынша, 13 адам-еңбек тəртібін бұзғандары үшін, 8 адам-оқуға кетуіне, ал 4 адам-əскер қатарына шақырылуына бай- ланысты.
Жұмыскерлердің жылдық орташа тізімдік саны-430 адам, жыл басында тізімде тұрғандар саны-463 адам, ал жыл ішіндегі саны-449 адам болды.
Жұмыс күшінің қозғалыс көрсеткіштерін есептеу керек:
Шешуі:
Жұмысқа қабылдау коэффиценті:
ККАБ .
SКАБ . *100
S тіз
78
480
*100 16,3% .
Жұмыстан шығу коэффиценті:
Кшык.
SШЫК . *100
S тіз
43
480
*100 9, 0%.
КТУРАКСЫЗ.
SО.Т .Б . SЕ .Т .Б . *100 18 13
35 *100 6,5%.
КТУРАКТЫ .
SТІЗ
S З.
*100 449 *100 93,5%
480
немесе
100 - КТҰРАҚСЫЗ = 100 – 6,5 = 93,5% .
Орнын басу коэффиценті:
SКАБ . SШЫК . 78 43
*100
К
ОРНЫН . БАСУ
35 *100 7,3%
немесе К ҚАБ. – К ШЫҚ. = 16,3 – 9,0 = 7,3%.
Толықтыру коэффиценті:
КТОЛЫКТЫРУ
SКАБ .
SШЫК .
*100 78 *100 181, 4% .
43
3.4. Жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіштері
Бүкіл экономика салалары жəне Республика бойынша жұ- мыскерлердің құрамы мен санын зерттеп қана қоймай, соныме- нен бірге өнім өндіру мен қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының есебі мен тиімді пайдалану нəтижелері де жеке қарастырылады.
Жұмыс уақыты деп жұмыскерлердің еңбек шартын талап- тарына сəйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға арналған уақыт мөлшерін айтады. Жұмыс уақытының есебін жүргізу
үшін адам-сағат жəне адам-күн өлшем бірліктерін қолданады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының 39-бабын- да көрсетілгендей экономика салаларында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 41 сағаттан аспауы тиіс. Ал жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қолданылады жəне ол:
он төрт (14) жастан он алты (16) жасқа дейінгі жұмыскер- лер үшін – аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегіз (18) жасқа дейін – 36 сағаттан аспайтын;
зиянды немесе ауыр еңбек жағдайларын да істейтін жұмыс- керлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленген.
Жұмыс уақыты қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістер, цехтар, кəсіптер мен лауазымдар тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды немесе ауыр жұмыстар тізбесін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орын белгілейді.
Жұмыскерлер үшін екі демалысы бар бес күндік жұмыс ап- тасы белгіленген. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушінің жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп жəне жұмыс ап- тасына белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс берушінің актісімен немесе ауысым кестесімен белгіленеді.
Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайы бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленген. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс.
Түнгі уақытта жұмыс істеу кезінде ауысым ұзақтығы 1 сағатқа қысқартылады жəне ол 22 сағаттан бастап, таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелінеді.
Жұмыс беруші əрбір жұмыскердің нақты жұмыс істеген уақытының есебін жүргізуі тиіс. Ол үшін барлық кəсіпорындарда арнаулы табельші деп аталатын адамдар бөлінеді. Олар күнделікті жұмыскерлердің жұмысқа келгендері мен келмегендерін табельдік есепке алып отырады. Табельдік есепке алу арқылы жұмыскерлерді кез келген санаттары бойынша нақты жұмысқа келген жəне келмеген адам-күндердің жалпы саны туралы шы-
найы мағлұмат береді. Сонымен бірге жұмысқа келгендері іс жүзінде жұмысқа кіріскендер мен күні бойы бос тұрғандарға бөледі жəне сол арқылы жұмыс істелінген адам-күндер мен жұмыссыз бос тұрған адам-күннің есебі шығарылады.
Əр жұмыскердің жұмысқа келіп, жұмысқа кіріскен күндері жұмыс істелінген адам-күндерге жатады. Оған күні бойы қанша сағат істелінгеніне, яғни сағат ұзақтығына қарамастан жұмыс істелінген адам-күн ретінде есепке алынады.
Егер жұмыскер жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша не- месе үкіметтік міндетті атқаруына байланысты іс-сапарда жүрген болса, онда сол жүрген күндер жұмыс істелінген адам-күндерге жатады.
Егер жұмыскер жұмысқа келіп, түрлі себептерге байланысты сол күні жұмыспен айналыспаған болса, онда оны күні бойы бос тұрған адам-күн деп санайды.
Осы аталынған көрсеткіштердің қосындысы жұмысқа келген адам-күндер деп саналады. Ал оны белгіленген тəртіп бойынша сол кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) жұмыс күнінің санына бөлетін болсақ, онда нақты жұмысқа келген жұмыскерлердің орташа саны анықталады.
Егер жұмысқа келмеген жұмыскерлерді жеке қарастыратын болсақ, онда оларды жұмысқа келмеуге не себеп болғанын анықтайды жəне оны жылдық есептің №1–Е нысанының бесінші бөлімінде бөлек көрсетеді. Жылдық есептілікке жұмыскерлердің жұмысқа келмеу себептеріне:
мереке жəне демалыс күндері;
кезекті еңбек демалысы(барлығын қосқанда);
оқу демалыстары;
ауырғанына байланысты;
əкімшіліктің рұқсатымен;
заңмен рұқсат етілген басқа да келмеушілік;
еңбек тəртібін бұзуы жатады.
Жұмыс уақытының ресурсын зерттеу кезінде оның бірнеше уақыт қорларын жеке қарастырады жəне оған:
күнтізбелік уақыт қоры;
табельдік уақыт қоры;
жоғары мүмкіндікті уақыт қоры жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |