Төменде келтірілген еңбек өнімділігінің индекстерінің ішінде қайсысы өзгермелі құрамды индексті көрсетеді?
1) I W1 T1 : W0 T1
T1
2) I t1q1
t0 q1
T1
3) I W0T1 : W0T0
T1
T0
4) I W1T1 : W0T0
T0
T0
5) I W0T1 : W1T0
T1
T0
Төменде келтірілген еңбек өнімділігінің индекстерінің ішінде қайсысы құрамдас құрамды индексті көрсетеді?
1) I W0 T1 : W0 T0
T1
T0
2) I W1T1 : W0T1
T1
T1
3) I W1T1 : W0T0
T0
T0
4) I W0T1 : W1T0
T1
5) I t1q0
t0 q1
T0
Бақылау сұрақтары:
Еңбек өнімділігі деген ұғымды қалай түсінесіз?
Еңбек өнімділігінің тура жəне кері көрсеткіштерін қалай анық- тайды?
Орташа сағаттық, күндік жəне айлық жылдық еңбек өнімділігін қалай анықтайды?
Еңбек сыйымдылығы деген көрсеткішті қалай ойлайсыз?
Еңбек өнімділігінің динамикасын қандай əдістермен есептейді жəне түрлерін түсіндір?
Еңбек өнімділігінде қолданылатын индекстер жəне олардың ара- сындағы өзара байланыстылығын түсіндір?
5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ СТАТИСТИКАСЫ
5.1. Еңбекке ақы төлеу статистикасы туралы түсінік жəне оның міндеттері
Еңбекке ақы төлеу статистикасы əлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі бір бөлігі болып саналады. Себебі еңбек нарығы кезінде жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, өнім өндіруге жұмсалынған жұмыс күші шығыны. Демек, жұмыс істеп тұрған кəсіпорындар мен ұйымдардағы жалданушы жұмыскерлердің саны мен олардың жұмсаған жұмыс уақыттарына, яғни еңбегіне байланысты тө- ленетін төлемдер. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Ең- бек кодексіне сəйкес жалақы - ол жұмыскерлердің ақша алатын қайнар көзі болып табылады, яғни олардың орындаған жұмы- сының көлемі мен сапасына, күрделілігіне байланысты ала- тын сыйақысы (табысы). Мұнда бір жұмыскерге шаққандағы келетін жалақының орташа деңгейі сипатталады. Бұл ақпарат экономикалық қызмет түрлерінің барлық салаларында, сондай- ақ тұтастай экономикада тең дəрежеде мəнді жəне маңызды рөл атқарады. Орташа жалақының көрсеткіші экономиканың ресми секторындағы зерттеулерге негізделеді жəне бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың табыстары есепке алынбайды.
Егер жалақыны өнім өндіруге байланысты шығындардың бір элементі ретінде қарастыратын болсақ, онда статистиканың ал- дына төмендегідей міндеттер қойылады:
жалақы қоры деген ұғымды анықтау;
жалақы қорының мөлшерін есептеу жəне оның құрамына кі- ретін төлем элементтерін көрсете білу;
жалақы қорының құрамына жəне динамикасына талдау жа- сау;
жоспарланған жалақы қорын нақты жұмсалынған жалақы қорымен салыстыру жəне олардың арасындағы өзгерістерді анықтау, яғни артық немесе үнемделген жалақы қор мөлшерін есептеу.
Егер жалақыны жұмыскерлердің еңбегі үшін оның күр- делілігіне, саны мен сапасына сəйкес алатын ақшалай сыйлығы ретінде қарастырсақ, онда статистика органдары мынадай көр- сеткіштерді есептеуі тиіс:
бір жұмыскерге шаққандағы келетін орташа жалақы мөл- шерін анықтау;
экономика салалары жəне қоғамдық топтары бойынша ор- таша жалақы мөлшерлері арасындағы айырмашылық пен өзара байланыстылықты көрсету;
жоспарланған орташа жалақы мөлшерінің орындалуын жə- не динамикасын қарастыру;
орташа жалақы мөлшері динамикасының өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтау.
Сонымен, қысқа түрде жалақы қоры деген ұғым жұмыскер- лердің еңбегіне ақшалай немесе ақша бірлігіне ауыстырылған заттай ақы төлеу түрінде есептелінген (салық пен басқалай ұсталатын сомаларды шығармағандағы) барлық алашағының (еңбекақы, сыйақы, қосымша төленген ақы жəне т.б. қосқандағы) көлемін, мөлшерін сипаттайтын көрсеткішті айтады.
Ал, кең көлемде жалақы қоры деп Қазақстан Республикасы- ның нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жəне оларды қаржыландыру мен нақты төлеу мерзіміне қарамастан (байла- ныссыз), салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарна- сы) ескерілген, ұйым жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін есептелген барлық ақшалай немесе ақша бірлігіне ауыстырылған заттай нысандағы қаражаттар (лауазымдық айлықақылар, яғни тарифтік мөлшерлемелер, қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар жəне өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер) жиынтығын айтады.
Егер жұмыскерлердің еңбегіне жалақы заттай түрде берілетін болса, онда ақша түрінде құндық бағаны қолдану арқылы ауда- рады.
Достарыңызбен бөлісу: |