Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет56/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Ұйымдар мен кəсіпорындарда жалақы төлемдерінің бір- неше формалары мен жүйелері қолданылады жəне оған:

  1. жұмыскерлерге орындалған жұмысына немесе нақты істелінген жұмыс уақытына есептелінген тарифтік мөлшерле- мелер, базалық (лауазымдық) айлықақылар, жұмыскерлердің ак-

циясына жалпы тапқан пайдадан келетін табыстар (дивиденд, пайыздар), ұйымда қабылданған жалақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне байланысты емес төлемдер;

  1. еңбек жағдайлары жəне жұмыс режиміне байланысты тө- лемдер:

    • экологиялық апат жəне радиациялық қатерлі аймақтарында тұрғаны үшін төленетін төлемдер;

    • еңбек жағдайлары үшін төленетін қосымша төлемдер (сусыз жерде, далада, биік таулы жерлерде жұмыс істеген үшін аудандық коэффициенттер, өте ауыр жəне денсаулыққа зиянды жұмыс іс- тегендерге, жұмыс орнына жеткенше жəне қайтқанша кететін уа- қытына);

    • түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін төлемдер (түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір сағатына күндізгі уақыттағы жалақысының бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді);

    • демалыс жəне мереке (жұмыс істемейтін) күндерінде жұмыс істегендерге төленетін төлемақы;

    • тұрақты жұмысы жол үстінде өтетін немесе жол жүру си- паты бар жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнама- ларымен белгіленген мөлшерде тəуліктік ақының орнына жа- лақыға қосылатын қосымша төлемақылар;

    • вахталық əдіспен ұйымдастыру кезінде жұмыс жүргізу орын- дарында болған əрбір күнтізбелік күнге, сондай-ақ ұйымның ор- наласқан жерінен жұмыс істейтін жерге дейінгі жолдағы жəне кері қайту жолындағы нақты күндерге төленетін үстеме төлемдер;

  1. жұмыскерлерге ынталандыру сипатындағы төлемдер:

    • еңбектегі жетістіктері үшін берілетін сыйақылар;

    • жыл аяғына жұмыс нəтижесіне байланысты берілетін сыйақылар;

    • кəсіби шеберлігіне жəне жұмысты жақсы атқарғаны үшін тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақыға қосылатын қосымша ақылар;

    • жұмыс стажына қосылатын қосымша төлем;

    • төлем көздеріне байланысты емес біржолғы сыйақылар;

    • басқа да төлемдер мен көтермелеулер (ғылыми дəрежесіне, мемлекеттік тілді меңгергеніне, дипломатиялық рангісіне жəне тағы басқалар);

  1. заңға сəйкес келетін жұмыс істелінбеген уақытқа төленетін төлемдер:

    • жыл сайынғы еңбек жəне қосымша еңбек демалыстарына ақы төлеу;

    • пайдаланылмаған демалысы үшін ақшалай төленетін өтема-

қы;


  • жұмыс күнінің ішіндегі арнаулы үзілістерге (жас нəрестесі

бар əйелдерге ұзартылған үзілісі үшін) ақы төлеу;

    • 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің жеңілдікті сағаттарына (екі сағатқа қысқартылған) ақы төлеу;

    • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тар- тылған жұмыскерлердің жұмыс уақытына ақы төлеу;

    • жұмыскерлердің кінəсіне байланыссыз бос тұрғандары үшін ақы төлеу;

    • амалсыздан жұмыссыз жүрген уақыт үшін ақы төлеу;

    • жұмыс уақытын амалсыздан толық істемеген жұмыскерлерге ұйым қаражаты есебінен төленетін төлем;

    • ауылшаруашылық жұмысқа шақырылған жұмыскерлердің негізгі жұмыс орнында сақталған жалақысы;

    • білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру, мамандығын жоғарлату үшін оқып жатқан жұмыскерлердің негізгі жұмыс орны бойынша есептелген орташа жалақысы сақталады;

    • əкімшіліктің ынтасымен демалысқа жіберілген жұмыскер- лердің сақталған толық немесе жартылай жалақысы;

    • басқа да осы сияқты төлемдер;

  1. өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені) немесе жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындаған үшін төленетін қосымша ақы сомалары;

  2. еңбек міндеттерін орындауға байланысты алған еңбек жарақатынан, кəсіптік аурудан немесе денсаулығына өзге де зақым келуден еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жағдайда бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақысының арасындағы айырмашылықты төлеу сомасы;

  3. басқа ақша түрінде жалақы қорынан берілетін төлемдер:

    • жылдағы кезекті демалысқа шығу кезінде емделу үшін жалақыға қосымша берілетін ақша;

    • жұмысшының кінəсі жоқ ақаудың төлемі;

    • осыған ұқсас басқа да төлемдер жатады;

  1. заттай түрде берілген жалақыға мыналар жатады:

    • жалақы ретінде заттай берілген өнімнің құны;

    • заңға сəйкес жұмыскерлерге тегін берілген азық-түлік, арнау- лы киім мен аяқ-киімнің жəне басқа жеке қорғану құралдарының, коммуналдық қызметтердің құнын өтеу;

    • бірінші жарна төлеуге (кооперативтік үй салып жатқандарға несиені төлеуге) берілетін материалдық көмек;

    • жалпы пайдаланудағы көлікпен, арнаулы маршруттармен, ведомстволық көлікпен жұмыс орнына бару-келу ақысын төлеу;

    • осыған ұқсас басқа да берілген қаржылар кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет