Республикасы



бет17/36
Дата01.10.2022
өлшемі166,52 Kb.
#41015
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
лекции ТПП каз 1сем 2022

Саңырауқұлақты сорпа
Кептірілген саңырауқұлақтардан дайындайды. Саңырауқұлақтарды жуады, 2-3сағатқа суға салып қояды, содан кейін суды құйып алып, сүзіп, қайтадан сол суда пісіреді.
Көкөністі пассеровка
Сәбізді орташа соломка формасында, пиязды жартылай сақина формаыснда кеседі. Бірінші пиязды, артынан сәбізді жартылай дайындығына жеткізеді. Мұндай қуырудың нәтижесінде каратиноидтар (А витамині) майға өтіп, пассеровка әдемі түске боялады.
Ұнды пассеровка
Ұнды үздіксіз араластыра отырып майсыз қуырады, себебі ұн жылуды өткізбейді. Ұнды шикі иісі кеткенше қуырады.
Томатты пассеровка
Томатты майда араластыра отырып, шикі иісі кеткенше, түсі қоюланғанша қуырады.

  1. Тұздық көжелер – құрамына кіретін өнімдері бір уақытта дайындығына жету үшін ретпен салынатын көжелер, сонымен қатар бұл көжелерге пассеровка қосылады.

Тұздық көжелерге келесілер жатады:

  • борщтар

  • щилер

  • рассольниктер

  • солянкалар

  • макарон өнімдері мен бұршақтылар қосылған картопты көжелер

Тұздық көжелерді дайындаудың жалпы схемасы 1.сорпа дайындау (алдын-ала)

  1. пассеровка дайындау (алдын-ала)

  2. дайындығына бір уақытта жету үшін өнімдерді рецептура бойынша ретпен салу. 4.әрбір өнімді салғаннан кейін, оны қайнауына жеткізеді.

5.дайындығына 25-30 минут қалғанда пассеровка қосады.
6.5 минут қалғанда тұз, лавр жапырағын қосады.
7.майы бетіне шығып, мөлдірлену үшін және өнімдері өзара ароматтануы үшін бірз уақытқа қойып қояды. 8.подтарельнигі бар тарелкаға ет немесе (рецептураға байланысты) ет өнімдерін салып, үстіне көжені құйып, (рецептурасына байланысты) көктер, қаймақ салады.
4. Борщтар.
Борщтың негізгі қосылатын өнімі – қызылша, оны екі әдіспен дайындайды:

  1. – майы ар сотейникке қызылшаны салып, қуырады, су қосып бұқтырады, соңында сірке суын қосады, осындай қышқыл ортада антациандар, яғни қызылшаның түсі жақсы сақталады.

  2. – қызылшаны қабығымен пісіріп, дайындығына жету соңында сірке суын қосып, салқындатып, аршып, турайды.

Балғын орамжапырақ пен картоптан борщ.
Қайнап тұрған сорпаға үлестеп туралған картоп, таяқшалап туралған орамжапырақ салып, көкөністі, томатты, ұнды пассеровкамен тұздайды. Ұнды пассеровка С витаминінің тұрақтандырғышы болып табылады және борщқа белгілі бір консистенция береді. Осыдан кейін дайындалған қызылшаны салады да, дайындығына жеткізеді.
Етпен және қаймақпен жібереді.
Флот борщы
Бұрышпен, қақталған ет өнімдерімен дайындалады. Орамжапырақ шашка формасында туралады.
Украинша борщ
Шпикпен ысқыланған болгар бұрышы мен сарымсақ қосылады.
Ащшытылған орамжапырақпен борщ
Сорпаға картоп, көкөністермен пассерленген бұқтырылған ашытылған орамжапырақ қосылады.
Асбұршақпен борщ
Борщқа ең соңында пісірілген асбұршақ салып ұсынады. 5.Щилер
Балғын орамжапырақ пен картоптан щи
Қайнап тұрған сорпаға картоп, орамжапырақ салып, көкөністі, томатты, ұнды пассеровкамен тұздайды. Егер борщ қою қызыл түсті және ащы–тәтті дәмді болса, онда щи сары түсті, тұзды болады.
Етпен және қаймақпен жібереді.
Оралша щи
Жарма қосып дайындайды. Қайнап тұрған сорпаға күріш, содан кейін қалған өнімдерді (картоп, орамжапырақ, пассеровка) салады.
Готовят с крупой. В кипящий бульон кладут рис и все остальные продукты (картофель, капусту и пассеровки).
Етпен және қаймақпен жібереді.
Жасыл щи
Шпинат пен щавельді бір-бірінен бөлек бөктіреді, себебі щавель шпинаттың хлорофилін бұзады. Содан кейін оларды үгітеді, қайнап тұрған сорпаға пассерленген пияз, картоп, ең соңында шпинат пен щавельді салады.
Щи салынған тарелкаға пісірілген жұмыртқаның бөлігін, ет (тауықтың іш-құрылысын), қаймақ салып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет