№13 Дәріс ҚР Экологиялық саясаты. Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы.
Дәріс жоспары: Экологиялық саясат
Тұрақты даму концепциясы Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мемлекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық,ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жалпы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялықсаясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы
«Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп
туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
-бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
-суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
-жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Мәселе
Мәселенің қысқаша мәні
1
2
Кедейлікпен күрес
Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін- өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат
ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін
жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту
Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық
пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5
миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
СПИД-пен күреске жұмылдыру;
туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
бала өлімін кеміту;
халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
балалардың денсаулығын қорғау;
қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)
2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде
бірдей.
Атмосфераны
қорғау
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі –
энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану
және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес
Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық
бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес
Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық- түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына
90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың
қауіпсіздігін арттыру
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95%
келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.
Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе
артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою
Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м
төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты
жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі
және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде- жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға
білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру–
адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Экологиялық қауіпсіздіктің концепциясы. Қоршаған орта мен дамуға арналған БҰҰ конференциясының құжаттарында баяндалған қағидаларға сүйене отырып, ҚР тұрақты дамуды жүзеге асыруға мүмкін болды. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы өсіп, тез күшейіп келеді. Экономиканың өсуі қазіргі кезде биосфера мен адамзаттың қиратқыш күші болып отыр. Қаншалық технологияларды қолдансақ та, биосфераның реттеуші механизмдеріне ауыстыра алмаймыз. Сондықтан адамзатқа үлкен қауіп- қатерлер төніп тұр. Пайда болған қайшылықтарды жою үшін тек қана тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды бір деңгейдегі шекте түзетуге болады. Биосфераның шаруашылық сыйымдылық шегі адамның жақсы өмір сүруін тиісті қамтамасыз ете алады. Биосфераның шаруашылық сыйымдылығы дегеніміз адамзаттың биосфераға антропогендік әсері, үнемі қозғалыс жағдайында білінбейтін деградациялық процестің пайда болуы. Энергия көзінің бұзылуынан биосфераның шаруашылық сыйымдылығының артуы биогеннің өзгеруіне, биоәртүрліліктің қысқаруына, биотаның әлсіреуне, қоршаған ортаның глобальді бұзылуына әкеледі. Біз осындай өзгерістерді болдырмауымыз керек. Шаруашылық қызметтер мемлекеттің қатысуымен жүзеге асады. Мемлекет экономикалық жағдайды жақсартуға рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік мемлекеттің басқаруымен бақыланады. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жүйені құрып, тұрақты дамуды жүзеге асыру керек. Қоршаған ортаны келешек ұрпаққа сақтап қалу үшін экологиялық қауіпсіздік концепциясының заңдылықтарына сүйенуі қажет. БҰҰ толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстан да өз үлесін қосуда. Экологиялық қауіпсіздік – ҚР ұлттық қауіпсіздік құрамының бөлігі, адамзат өзінің іс-әрекетімен қоршаған ортаға неше түрлі апаттарды тудырады. Экологиялық қауіпсіздікті мемлекет пен заңгерлер қамтамасыз етеді. Мемлекет экологиялық қауіпсіздік концепциясын ұсынады және сыртқы мен ішкі саясатты
қалыптастырады. Заңға сүйене экономикалық механизмдерді ескертеді. Табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау стратегия негізінде өндірістің дамуы, адамның өміріне қолайлы жағдай жасау туралы айтылған. Экологиялық қауіпсіздіктің мемлекеттік саясаты: - бұзылған аумақтарды, экожүйені және табиғи кешендерді дер кезінде қайта бұрыңғы қалпына келтіру; - экологиялық қауіп-қатер және экологиялық қауіпсіздік туралы азаматтарға дер кезінде ақпаратты қамтамасыз ету; Экологиялық қауіпсіздік стратегиясының мақсаттары мен міндеттері: - қоршаған ортаны бақылау үшін бірыңғай мониторинг жүйесін жүргізу; - табиғи орта сапасын экологиялық және арнайы картографиялаумен бағалау; 68 - табиғатты қорғау туралы заң шығару, қоршаған ортаны реттейтін күзет жүйесін жасау; - қоршаған ортаны қолдану үшін экологиялық жағдайды қорғайтын жүйені іске асыру; - экологияны бақылау және нормалау жүйесін іске асыру; - табиғатты қолдану, экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тұрақты пайдалану. Республикамызда әлеуметтік - экономикалық тұрақты даму мен адамның дамуын қамтамасыздандыру, жинақтаушы қор жасау, экологиялық таза технологияларды енгізу, өндіріс процестерін толық жетілдіру және дамыту бұл концепцияның стратегиясын орындау деп білуге болады. Табиғи ортаны сақтау мақсатында жер қойнауынан алынатын отындарды зиянсыз отын түрлеріне ауыстыру да стратегияға жатады. Зиянсыз отын түріне Күн сәулесін пайдалану жатады. Күн - өте үлкен қуатты энергия көзі. Бірақ, күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны әлі жақсы шешілмеген проблемалардың бірі. Әрине, күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгі. Мысалы, Алматы өңіріндегі Ақпараттық технологиялар орталығы осы тәсілмен күн сәулесін пайдаланып, өзін энергия қуатымен қамтамасыз етеді. Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Жел энергиясы да сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясы кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді. Зиянсыз энергия көзіне геотермалдық энергияны да атап кеткен жөн. Бұл жер қабатында (5 км тереңдікке дейінгі) болатын геотермалдық энергия. Жалпы мұндай энергия қоры Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған. Термалдық сулардың жылуын пайдаланып, электр энергиясына айналдыру геотермалдық энергетиканың дамуының негізгі бағыты. Мұндай энергия көзі бізде де қолданылады. Жылы сулар қоры үйлерді жылытуға қолдануын тапты. Тағы бір энергия көзі бұл биомасса. Одан алынған газды отын ретінде пайдалануға болады. Мұны синтетикалық отын деп те айтуға болады. Оларға метанол, биоэтанол жатады. Олар бензинге қарағанда зиянсыз болып келеді. Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұндай энергияны көптеген елдер қолдануда
Негізгіәдебиеттер:
1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.