Республикасы


№15 Дәріс Тұрақты даму мақсатында ғаламдық ынтымақтастық. Дәріс жоспары



бет64/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

№15 Дәріс Тұрақты даму мақсатында ғаламдық ынтымақтастық. Дәріс жоспары:


  1. Табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ролі.

  2. Қоғамдық халықаралық табиғат қорғау ұйымдары.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат





  1. Халықаралық ынтымақтастықтың іс-әрекеті қоршаған табиғи ортаның жағдайын экологиялық тұрғыдан бақылау мен бағалаудың әдістері мен методологиясын үйлесімдендіру арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру бойынша күштерді біріктіруге бағытталады.

Экологиялық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропа Кеңесі, ЮНЕСКО, табиғат қорғаудың Халықаралық одағы (ТҚХО), жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қоры, мониторинг бойынша Бүкіләлемдік орталық, ДБҰ (ВОЗ) сияқты және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың іс-әрекеті шеңберінде дамиды.
Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешу тек елдердің халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың жағдайында мүмкін. Тек барлық елдің және халықтың бірлескен күшімен Жердегі адамзат тіршілігіне төніп тұрған қауіпті жеңуге болады.
Ол үшін не қажет? Ең алдымен бізге экология саласындағы бүкіләлемдік экологиялық саясат қажет.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзіне тән тарихы бар:

  1. кезең: халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың қалыптасуы – 1913 жылдан 1948 жылға дейін;

  2. кезең: экологиялық катастрофа қауіпі өскен жағдайдағы экологиялық ынтымақтастықтың нығаюы – 1948 жылдан 1968 жылға дейін;

  3. кезең: қазіргі замандағы халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың жағдайы – 1968 жылдан басталады.



Халықаралық қатынастардың экологиялық мәселелерді шешудегі маңызы


Халықаралық қатынастар мен басқа мемлекеттердің көмегі жергілікті үкімет пен мемлекет халқының ішкі мәселелерді шешуге ұмытылысымен тең келе алмайды. Су, ауа, жер, қоректену тауарларының ластануының азаюы жергілікті үкіметтің прерогативасы деген көзқарас әділ болып саналады, ал жергілікті тұрғындар өз талаптарын ойластырып, оларды іске асыруға ұмтылуы тиіс. Сонымен қатар табиғи ресурстар қорының азаю мәселесін шешу де мемлекеттің ішкі саясатына тиесілі.
Алайда, қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстар қорының азаюы басқа мемлекеттердің де мүдделерімен ұштасуы мүмкін. Бұл мәселелер қазіргі таңда әлемдік қоғамдастықтың талқылауында. Негізінен халықаралық табиғатты қоғау құқығы мұхит жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық аудандарынан тыс әлемдік мұхиттық ресурстарын қолдану жайындағы дауларға байланысты пайда болды. Бұдан кейін Антарктида, кейінірек Ай сияқты
«бейтарап» территорияларға мемлекеттердің қатысына байланысты түсініспеушіліктерді жою қажеттілігі туды. Ядролық қаруды сынау, жарылыстар жүргізілетін мемлекет территориясы немесе акваториясынан тыс жерлерде радиоактивтік ластану қаупін төмендету мәселесін тудырды. Химиялық заттармен уланған ауаның шекаралық тасымалдану мәселесі де осыған ұқсас.
Халықаралық табиғатты қорғау құқығы уақыт өте келе қарастырылатын мәселелерін кеңейтуде. Қазіргі кезде биосфера тұрақтылығын жоғалту тәуекелін азайтумен байланысты күрделі мәселелерді шешу керек. Ол, алдымен, жер атмосферасының озон қабатының азуы мәселесі мен антропогендік ықпал әсерінен климаттың күрт өзгеру қаупінен көрініс тапты. Биологиялық әртүрлілік, яғни мыңдаған миллион жылдар бойы биологиялық эволюция нәтижесінде жиналған тірі табиғаттың генетикалық байлығының азаю мәселесін де бұл категорияға жатқызуға болады.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған халықаралық қатынас мемлекеттердің ішкі экологиялық мәселелерін шешуге ұмтылмағанына қарамастан, көп жағдайда олар бұл саладағы прогресстің бастаушысы мен үдеткіші болады. Егер халықаралық құқық бойынша ластанған ауа массаларын тасымалдау салдарынан көрші мемлекеттерге келтірілген зиян үшін өтемақы талап етілсе, ластаушы мемлекет өздерінің тазарту құралдарын жетілдіріп, не өндіріс технологиясын қазіргі заманға сай, таза технологияға ауыстыруға мәжбүр.
Мүлдем жойылу қаупі бар биологиялық ресурстарды қорғау мәселесі де осындай жағдайда халықаралық әрекеттер мемлекеттерді қорықтар ашып, табиғатты қорғауды жетілдіру, халық арасында қоршаған ортаны қорғау жайындағы білімді белсенді насихаттауға итермелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет