Республикасы


Табиғатты қорғайтын ұлттық – қоғамдық ұйымдар



бет66/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Табиғатты қорғайтын ұлттық – қоғамдық ұйымдар


Экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маманданған халықаралық ұйымдардан басқа қоғамдық ұйымдар да өзінің маңызды орнын алуда. Осындай ұйымдар халықтың жергілікті мәселелерін, соның ішінде жақын орналасқан территорияларды қолдану, инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық қауіптен сақтандыру т.б. мәселелерді өз мойындарына жүктеуде. Осы шаралар, әрине, халықаралық деңгейді нығайтудан алыс болса да, кейбір ұйымдар халықаралық ынтымақтастықты талап ететін мәселелерін шеше алады. Мысалға, құстардың маусымдық миграциясын басқа көрші елдермен бақыламаса оларды қорғау тиімсіз болар еді. Осы мәселелерді шешуде 1948 жылы құрылған – құстарды қорғаудың халықаралық ұйымы мен Ұлтаралық қоршаған ортаны қорғау одағы күш жұмылдырады.
Әлемдік жабайы табиғатты қорғау фонды (WWF – World Wildlife Fund) өз қызметін 1961 жылы бастады. Өз жұмыстарын олар АҚШ, Канада және бірқатар Еуропа мемлекеттерінен жиналған қаржыны Галапагосс аралы мен Африканың құраып бара жатқан жабайы аңдары мен өсімдіктерін қорғауға жұмылдырды. 1963 жылы WWF Мвек(Танзания) Табиғат Қорғау Колледжінде оқитын 21 африкалық студенттерді стипендиямен қамтамасыз етті. Сөйтіп бүкіл континент бойынша 2000-нан астам түлек табиғатты қорғау жобасының практикалық және басқару іс - әрекеттерінің басты күшіне айналды. Жабайы аңдар мен өсімдіктерді сату мониторингі үшін WWF пен Халықаралық Кеңес бірігіп TRAFFIK атты табиғатты қорғау ұйымы құрылған болатын. Небәрі 25 жыл
ішінде TRAFFIK бүкіләлемдік ұйымға айналды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты құраып бара жатқан флора мен фауна (CITES) саудасының халықаралық конвенциясының сәтті ұйымдастырылуын қамтамасыз ету еді. Бүгінде мұндай тізімге 150 мемлекеттен 30 мыңдай өсімдіктер мен жануарлар түрі кірді. TRAFFIK тек CITES-тің жұмысын ұйымдастыруда ғана емес, сонымен қатар жабайы табиғаттың өнімдерін (піл сүйегі, жолбарыстың органдары, тропикалық балықтар мен құстар т.б.) заңсыз сатуын қысқартуды да қамтамасыз етеді.
1975 жылы WWF бірінші халықаралық тропикалық ормандарын қорғау науқанын бастаған. Нәтижесінде қомақты қаржы жиналып, он шақты қорғанатын шекаралар құрылған. Соның ішінде Орталық және Батыс Африкадағы ұлттық партер мен қорықтар, Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерінде. 1980 жылдың басына қарай WWF елдердің «табиғатқа қарыздарын» реструктуризациялау туралы идеяны ұсынған. Факт жүзінде бұл схема бойынша елдер қарыздарын өтеу арқылы табиғатты қоғау ұйымдарын қаржыландыру дегенді білдіреді. Мұндай схемалар көптеген елдерде, мысалы Польша, Филиппин аралында, Мексикада, Болгария мен Коста – Рикада т.б. болды.
Ресейдегі WWF-тың маңызды жұмысы – Амурлық жолбарысты және оның мекендеген жерлерін сақтау жобалары болды. Бұл жануар Ресейдің және Халықаралық Қызыл Кітапқа енгеніне қарамастан, бұл жануар аңшылырдың қорегіне айналған болатын. Жыл сайын 50-ге тарта өкілдері атылып отырған. 1990ж. ортасына қарай Хабаровск аудандарында 250 өкілі ғана қалған, бұл деген амур жолбарыстарының көз алдымызда жоғалып бара жатыр дегенді білдіреді. Сондықтан, осы себептерге байланысты WWF және онымен бірге бірнеше ұйымдар біріге отырып «Жолбарыс» атты мемлекеттік инспекция құрған. Онда браконьерларға қарсы 9 бригада ұйымдастырылды. Нәтижесі қуантарлықтай болды, енді осы жолбарыстардың 450 өкіліне дейін сақталып отыр.
1994 жылы WWF арқасында Антарктидағы Оңтүстік мұхит киттер қорығы аталынды. Оның шекарасы Үнді мұхитымен шектеседі. Осы қорғауға алынған шекара ауданы 100млн км², яғни әлемдік мұхиттың ⅓ киттер кәсіпшілігінің алдын алды.
Гринпис сияқты (1971ж.) халықаралық ұйымдар басында қоғамды үкімет структураларында шешім таба алмайтын проблемаларға жауапкершілікпен қарату еді. Мысалға, ядролық қарудың сынақтан өткізуді тоқтату және киттерге аңшылық жасауға тиым салу сияқты мәселелер. 1971 жылы экологтардың кішкене тобы Америка үкіметіне Амчиткадағы (Аляска) ядролық сынақтарды тоқтату үшін «соғыс жариялаған» болатын. Кейінірек Гринпис белсенділері осындай шараларды француздарға да қарсы жұмылдырды. Олар 1985 жылы өздерінің кемелерімен ядролық сынақты жүргізуді жоспарланып отырған жерге жүзіп барып (Мурурода), наразылықтар көрсеткен. Сол жердің француз үкіметі олардың талаптарына көнуге мәжбүр болатын. Бірте-бірте Гринпис
жұмыстарының ауқымын кеңейте бастады. Енді олар жабайы флора мен фаунаны қорғау, ормандарды күзету, климаттың жылынуынан сақтау сияқты проблемаларға да көңіл бөле бастады.
1988 жылы Ресейде - Әлеуметтік-Экологиялық Одақ құрылған. Оған табиғатты қорғау үшін көптеген адамдар мүшелік ете бастады. Қазірде бұл ұйым тек бұрынғы КСРО мен соцлагерь елдерінің көлемінде ғана емес, сонымен қатар Европа, Солтүстік Америка, Австралияға дейін тараған. 1992 жылы Рио-де- Жанейрода өткен ООН конференциясының қоршаған ортаны қорғау және дамыту бағдарламасы бойынша 1993ж халықаралық Жасыл Крест Ұйымы құрылған. Басты мақсаттары: экологиялық білім беру, басты құндылықтарды сақтау мен тұрақты дамыту, қоршаған ортаға зиян келтіретін «суық соғыстың» алдын алу. Қазір мұндай бөлімшелер Ресейде де бар (МЗК – Ресейлік Жасыл Крест).
Халықаралық ұйымдар негізінен кеңес және ақпарат беру, табиғат қорғау ұйымдарының қызметін қолдау мен қаржыландыруды іске асырады. Мұнымен олар биосфераны сақтау үшін қоғамдық ұйымдарды осындай қиын проблемаларды шешу үшін жұмылдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет