Республикасы


Қауіпсіздіктің топтасуы, түсініктеме



бет69/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Қауіпсіздіктің топтасуы, түсініктеме


Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары.

Қауіпсіздік бұл:

  1. қауіп-қатерлерден қорғаныс;

  2. нысанның, құбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, құбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті;

  3. аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы;

  4. қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы;

  5. қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі);

  6. басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" ұғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, құбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.

Қауіп-қатер туралы түсінік


Қауіп-қатер – адамның қандай да жағымсыз факторлар әсеріне ұшырау мүмкіндігі. Қауіптер потенциалдық немесе жасырын сипатта болуы. Энергия бөлетін барлық жүйелер, сондай-ақ химиялық және биологиялық белсенді заттардың (нысандар) түрлі қауіп көздері болып табылу ықтималдығы жоғары.
Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір- бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек.
Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай.

Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:


Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).
Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп – қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар). Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау
органдары жәнет.б. жүзегеасырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет