Республикасы


Курстың мақсаты мен міндеттері



бет68/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   121

1.Курстың мақсаты мен міндеттері.


«Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты:

  • болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру;

  • табиғи жіне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны, өндіріс мамандарынжәне ауыл шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу, сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білу және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып-үйрену.

«Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері» курсының міндеттері:



  1. халықты бейбіт және соғыс кездеріндегі төтенше жағдайлардан қорғана білу әдістерін және зардабын жоюға үйрету;

  2. зардап шеккен адамдарды құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру;адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіпсіздік шараларын теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;

  3. зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;

  4. студенттерді жарақаттанулар мен қауіпті жұқпалы аурулардың алдын ала білу мен алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуге үйрету;

  5. қазіргі заманғы жаңа қару түрлерімен, яғни жаппай қырып жою қару құралдары мен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғау әдістерін меңгерту.

  6. жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біріктіруі, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;шаруашылық нысандарының төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;

  7. төтенше жағдай мен оның салдарын болжау;төтенше жағдайда халық пен шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;



    1. Алғашқы дәрігерлік көмектің мақсаты, міндеті.


Алғашқы медициналық көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру
Алғашқы дәрігерлік көмектің мақсаты - кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс.

-Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау


-қажетті көлемде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз

ету

-азаматтар денсаулығын жақсарту Міндеттері:


-Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, амбулаторлық-емханалық

медициналық көмек, сондай-ақ амбулаторлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек және алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру;
-Қауіп факторлары және әлеуметтік маңызы бар аурулар, ерте және жасырын формалы ауруларды анықтау, аурулардың алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық шаралар мен медициналық тексерістер өткізу;
-Жүрек-қантамыры ауруларының жоғарғы қауіпімен ауыратын тұлғаларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді жүзеге асыру және ұйымдастыру;
-Жіті және кенеттен туындаған аурулар, жарқаттар, уланулар және басқа да бақытсыз жағдайлар кезінде науқастарға алғашқы жедел жәрдем көрсету;
-Белгіген тәртіпте вакцина профилактикалық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізу;
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша санитарлық- гигиеналық білімін жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет