Террорлық әрекет қауіпі төнген кездегі іс-қимыл бойынша нұсқаулық 3.Діни экстремизм және радикализм
Діни ағымдар атаулары.Қазақстандағы секталар.
Терроризм– араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту» Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
Терроризмнің мақсаты— мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей
Терроризмнің лаңкестік түрлері
Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.
Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.
Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.